«Біз бір отбасы,бір халықпыз» (Отбасылық сайыс)



бет5/5
Дата19.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#40495
1   2   3   4   5

1 оқушыға

  1. Еліміздің президенті кім?

  2. Жылқының төлі қалай аталады?

  3. «нағашы» деген кім?

  4. Балды жақсы көретін аң?

  5. Өзен сөзінде неше буын, неше әріп бар?



2 оқушыға

  1. Н.Ә.Назарбаев кім?

  2. Қойдың төлі қалай аталады?

  3. Қорқақ аңды ата.

  4. «көл» сөзінде неше буын, неше әріп бар?

  5. Бақа не істейді?

3 оқушыға

  1. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)

  2. Ұлыс күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)

  3. Алтын жұмыртқаның анасы. (Тауық)

  4. «капуста» қазақша қалай аталады?

  5. Мұғалімді басқаша қалай атайды?



4 оқушы

  1. Қымыз неден жасалады? Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. 

  2. Мейіз тауып алған қыз. (Мақта қыз)

  3. Алдар алдап кеткен байдың аты. (Шықбермес Шығайбай)

  4. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? 
    (Әліппе) 

  5. Президент күні қай күн? 
    (1 желтоқсан) 



Жүргізуші:4 кезең

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал- мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті отбасылардың мақал-мәтел айту,яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.
1Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.

2Әкесін сыйламаған кісіні,


Баласы сыйламайды.

3Жақсы ата – орман,

Жақсы бала қорған.

 4Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.
5Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

6Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.



7Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.
8Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.



9Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

10 Жылы-жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.
11 Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

12 Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

13 Аға әдепті болса, іні әдепті,


Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

14 Жас жемісті жұлма,


Жас баланы ұрма.

15Ағадан – ақыл,


Ініден – ізет.

16 Баланың бас ұстазы – ата-анасы

17 Ата – бәйтерек, бала – жапырақ

18 Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.

19 Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

20 Жақсы бала - еліне бас болады,


Жаман бала - еліне қас болады.

21 Астың дәмін тұз келтірер,


Ауылдың сәнін қыз келтірер.

 

Сайыста бірі озар,бірі қалар,



Әділдігін дәл тапса би қазылар.

Сөз сөйлейтін шындықтың бетін ашып,

Әділдіктің туын биік ұстағандар.

-демекші сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Марапаттау жүргізу.
Сайыс аты сайыс емес пе,

Бұған ешкім ренжімес те.

Қатысқанның өзі мәртебе емес пе

Бұл да алар бір қамал емес пе.



Құрметті ата- аналар ,ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Біз бір отбасы,бір халықпыз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

Жеңістеріңіз құтты болсын!Келер мерекеміз құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет