«Біз бір отбасы,бір халықпыз» (Отбасылық сайыс)
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі:нақыл сөздер,шарлар,гүлдер.
Сайыс барысы:
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына орай «Біз бір отбасы,бір халықпыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
(1слайд)
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп «Біз бір отбасы,бір халықпыз» атты сайысымызды бастаймыз.
Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық.
Отбасын қошеметпен ортаға шақыру.
1.Дүлділдің атағы шабысында,
Бұлбұлдың атағы дауысында.
« Жармағамбетовтар » жанұясы келіп жетті.
Бұлардың бар өнері болмысында
Үміттің биігіне қолын созып
Дайындықпен келген екен сайысуға.
2.Жанұяға өнерпаздық жарасады
Жеңу үшін әркімде таласады.
« Карбозовтар » өнерлі отбасы ғой
Риза болса мына жұрт қарасады.
Ортаға қошеметпен шақырып ап,
Өнеріңді көруге асығады.
3.Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
«Бекеновтар» отбасы ортамызда.
4.Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
«Адраковтар» отбасы таласады.
Осы қатысушылардың бәріде бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке, бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар мен әкелер. Қошемет көрсетейік./Реттік нөмірлерін алу арқылы сайысты кім бірінші бастайтынын анықтайық.
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.
Өнер бірлестігінің жетекшісі- Сауле Шәріпқызы
Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі – Рая Теміртасқызы
Ана мен әке бар өнерін салары анық
Өнегелі тәлімді алған қанып
Ал ендеше таныстырып өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.
1 бөлім-Таныстыру.Мен және менің отбасым
2 бөлім- Үй тапсырмасы.Өз өнерлерін көрсету( екеуі бірігіп)
3 бөлім- Ситуациялық сұрақтар.
4 бөлім - Бала тілі-бал
5 бөлім- Мақал- мәтел аукционы. Мақалды аяқтау.
(2слайд)
Мұғалім:
Отбасымыз келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға- әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.
Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |