Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Интеллектуалды меншіктің құқықтық қауіпсіздігі



бет36/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

5.6 Интеллектуалды меншіктің құқықтық қауіпсіздігі
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген.
Патенттік құқық жуырдан бастап қана дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілдірілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, себебі өндіріс пен тауарларды үлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады. Бұл нарықтық жүйедегі жаңадан тауарды қалыптастырғанда, бәсекелестердің дәл мұндай тауарды шығарып, оған жұмсалған қаражатты оның өндірістік шығынына теңестіреді де, нәтижесінде табыстың деңгейі қалыптастырған өнімнің ары қарай дамуына мүмкіндік болмаған жағдайындағы деңгейге әкеледі.
Нарықтық жүйеде, егер шығарылған кітап аса елеулі табыспен сатылатын болса, бәсекелес баспалар бірден дәл сондай кітапты шығарады. Мұндай бәсеке тауар құнының төмендеуіне әкеледі де, авторлар мен баспагелердің кітапты шығаруға кеткен уақыт пен қаражатты жұмсамау ынтасына әкеледі. Автор мен баспагердің құқықтарының қорғауын қамтамасыз етіп, авторлық құқық жаңа шығарманың туындауына талпыныс туғызады.
Тауарлық белгінің қызметі мүлдем басқа. Сауда ауылдық сипатқа ие болған кезде, сатып алушылар сатушыларды басыбайлы таныды да, тауардың сапасын құнын бірден анықтай алды. Уақыт өте келе нарықтар ұлттық және халықаралық деңгейіне жетіп, тауардың жаппай өндірісі пайда болды және де белгілі бір тауар өндірушіні анықтау аса маңызды сұраққа айналды.
Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма, қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі. Кейінне авторлық құқық деп аталатын екі құқықтық институттың бірігуі сабақтас құқықтың пайда болуы мен қамсыздандырылуында автордың шығармашылық құқықтарына бағыныштылығымен сипатталады, сонымен қатар жоғары аталған құқықтарға байланысты қатынастар бір заңмен реттеледі.
«Интеллектуалдық меншік құқығы» саласына кіретін тағы бір институты болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты нарықтық экономиканы дамыту барысында оның элементтері болып табылатын фирмалардың атаулары, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары сияқты өндірістік меншік объектілері аса маңызды элементтері болып табылады.
Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті ескертеді. Мұндай құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл құқықтық институт патенттік құқық сияқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет көрсету т.б. байланысты. Қарастырып отырған интеллектуалдық меншік институтының негізгі функциясы өндірушелірдің және олардың тауарлар, жұмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ғылым, әдебиет пен өнердің өнімі болып табылатын шығармалар, сонымен бірге өндірістік үлгі мен модельдер шығармалары шығрмашылық әрекетінің нәтижелерінің әртүрлілік қабілеттерін таусылтпайды. Солармен қатар адамдардың шығармашылық қабілеті нәтижесінде пайда болатын басқа да объектілер бар, олардың қоғам үшін аса зор маңызы бар, және де оларды қоғамның тануы мен құқықтық корғауда мұқтаж болады. Авторлық құқық пен патенттік құқықпен қорғалатын қарапайым объектілер, сонымен қатар азаматтық айналым қатысушылардың дербестік құрал институтымен қатар, қазақстандық азаматтық құқық селикциондық жетістіктердің, интегралды микросхемалардың топологияларының, коммерциялық құпия ақпараттарының және интеллектуалдық әрекеттің басқа да нәтижелерінің қорғауын қамтамасыз етеді. Аталған интеллектуалдық әрекеттің нәтижелерінің дәстүрлі интеллектуалдық меншік объектілерінен айырмашылығына сүйене отырып, оларды біртұтас құқықтық институтына, яғни интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институтына жатқызуға болады.
Сонымен, азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы – интеллектуалдық меншік құқығы – жоғарыда аталған төрт институт көлемімен сипатталған, олар: авторлық құқық, патенттік құқық, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты және интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет