5.5 Халықаралық ақпараттық алмасу
Халықаралық ақпарат алмасу – дегеніміз, ақпарат өнімдерін (пайдаланушылардың қажеттеріне орай дайындалған және пайдаланушылардың қажеттерін қанағаттандыруға арналған немесе сол үшін қолданылатын құжаттық ақпаратты) елдің шекарасы арқылы беру және алу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсету (субъектілердің, меншіктенушілердің, иеленушілердің ақпаратты пайдаланушыларды ақпарат өнімдерімен қамтамасыз ету жөнінде іс-қимылдар жасауы). Халықаралық ақпарат алмасуға қатысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметін лицензиялау тәртібі Үкіметтің тиісті заңнамалық актісімен айқындалады [1].
Халықаралық ақпарат алмасудың объектілеріне құжаттық ақпарат, ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызметтер, халықаралық ақпараттық алмасу құралдары жатады [1].
Құжаттық ақпарат – бұл, оны теңестіруге м.мкіндік беретін реквезиттері көрсетілген материалды тасымалдаушыда бекітілген құжат.
Ақпараттық ресурстар – бұл, кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
Ақпараттық өнімдер – бұл, қолданушыларының қажеттіліктеріне сәкес өңделген және осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған құжатталған ақпарат.
Ақпараттық қызметтер – бұл, ақпараттық өнімдерді алу және оны тұтынушылар құзырына пайдалануға беру.
Халықаралық ақпараттық алмасу құралдары – бұл,халықаралық ақпараттық алмасу кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелер, желі және байланыс желілері.
Замануи халықаралық ақпараттық алмасуға келесі ерекшеліктер тән:
ақпараттқа деген сұраныстың айтарлықтай өсуі;
ұлттық және халықаралықақпараттық жүйелерді құруға көмектесетін компьютерлік техника негізінде жаңа технологияларды енгізу;
жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелердің негізін құрайтын бағдарламалық қамтылуды жылдам кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |