Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет37/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді.
Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.
Проприетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кез келген қызмет барысында, соның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде, интеллектуалдық өнімді жааушы субъектінің осы өнімге мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарының қосындысын «интеллектуалдық меншік» деп атауды ұсынады. Нәтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында «интеллектуалдық меншік» ұғымы мен оның құрамдас бөліктері болып табылатын «әдеби меншік» және «өнеркәсіптік меншік» ұғымдары әлемнің көптеген елдердің заңдары мен маңызды халықаралық конвенцияларда кеңінен қолданыла бастайды.
Мәселенің бұлай шешілуіне және «интеллектуалдық меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше құқықтар» теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларның құқықтары әуел бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қоғауға арналған виндикалық және басқа да талаптардан өзге құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан «интеллектуалдық меншік» терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті.
ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екіқырлы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады. Шынында да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін-еркін беріле алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес (моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады.
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «интеллектуалдық меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шыртты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты тек «ерекше құқықтар» терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ең болмағанда, синоимдер ретінде қатар қолдануды ұсынушылар қатары әлі де аз емес.
Кеңес өкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде пайдаланудан бас тартылып келген интеллектуалдық меншік ұғымы «қайта оралған атаулардың» бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы «КСРО-дағы меншік туралы» заңда қолданыла бастады.
Осы саланы зертеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның субъектілері мен объектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық субъектісінің өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының кешені (жиынтығы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125-бабында «интеллектуалдық меншік» пен «ерекше құқықтар» категорияларын теңестіру орын алған [5].
Бұлайша теңестіруді себептерге байланысты қателік деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандай, интеллектуалдық меншіктің мүліктік құқықтармен қатар өзіндік мүліктік емес құқықтардың да жиынтығы болып табылатындығы белгілі. Ал, Азаматтық Кодекстің 964-бабына сәйкес, ерекше құқық – интеллектуалдық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы болып танылады және зерттеушілердің барлығы дерлік бұл құқықты интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтардың ішіндегі ең бастысы деп таниды. Әйтсе де, ерекше құқық «интеллектуалдық меншік» ұғымы қамтитын құқықтар кешенінің бір бөлігін ғана құрайтындықтан, бұл құқықтық конструкциядан өзіндік мүліктік емес құқықтар тыс қалады.
Осы айтылғандардың негізінде АК-тің 125-бабы 2-тармағының редакциясынан «Ерекше құқықтардың...» деген сөз тіркесін алып тастап: «Интеллектуалдық меншік объектісі болуы мүмкін интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мен дараландыру пайдалану ...» деп беруді ұсынамыз [5].
Бұл орайда, «интеллектуалдық меншік» және «ерекше меншік» ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ерекше құқық Ресей мен Өзбекстанның азаматтық заңдарында құрамына интеллектуалдық меншік объектісіне өзіндік мүліктік емес құқықтармен қатар, мүліктік құқықтар да енетін категория ретінде түсіндіріледі. Дәл осы секілді позиция ТМД елдерінде Модельдік Азаматтық Кодексінде де бекітілген. Ал, Қазақстан заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бұл категорияға тек мүліктік құқықтар енеді.
Сонымен бірге, ерекше құқық деп тек мүліктік құқықтың танылатындығы туралы Азаматтық Кодексте бекітілген ережемен Қазақстан Ғалымдарының бірдей келісе бермейтіндігін айта кету керек. Бұл орайда, біз Т.Қаудыровтың: «... мәселен, мүліктік емес авторлық құқығының ерекшелік сипаты бар (осы туындыға немесе өнертабысқа басқа бір тұлғаның осы тәрізді құқығы жоққа шығарылады). Кейбір субъективті құқықтардың кешені ретіндегі ерекше құқық конструкциясының болуы бұл конструкцияға енбеген өзіндік мүліктік емес құқықтардың ерекшелік қасиетінің болуына бөгет болмайды» деген пікірімен келісе отырып, терминологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында республикамыздың азаматтық заңдарына «интеллектуалдық меншік» және «ерекше құқықтар» терминдерін тең мағыналы ұғымдар ретінде қолданбауды ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет