Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет31/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Жобаның бюджеттік тиімділігі
Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің сәйкес бюджеттің (республикалық, аймақтық, жергілікті) табыстары мен шығындарына әсерін білдіреді. Жобада қарастырылған республикалық және аймақтық қаржылық қолдау шаралары үшін қолданылатын бюджет тиімділігінің негізгі көрсеткіші бюджет әсері (эффектісі) болып табылады.
Инновациялардың экономикалық тиімділігін арттыру әдістері
Инвестициялық жобаның алғашқы үш кезеңі маңызды болып табылады, сондықтан оларды толық қарастыру қажет. «Инвестициялық ойдың (идеяның) қалыптасу» кезеңі деп іс-әрекеттің алдын-ала ойланған жоспарын айтамыз. Бұл кезеңде ең алдымен инвестицияның субъектісі мен объектісі, формасы мен көзін анықтау қажет. Инвестиция субъектілері инвестицияны қолданушы, коммерциялық ұйымдар мен басқа шаруашылық субъектілері болып табылады.
Инвестиция объектілеріне төмендегілер жатуы мүмкін:
- жаңа өнімдер мен қызметтер өндіруге арналған салынып жатқан, қайта құрылып жатқан, кеңейтілген кәсіпорындар, ғимараттар, құралдар (негізгі қорлар);
- бір міндетті шешуге бағытталған, салынып жатқан немесе қайта құрылып жатқан объектілер кешені; бұл жағдайда инвестициялау объектісі деп бағдарлама, яғни - әрекет етуші өндіріс пен ұйым шеңберінде бар өндіріс аумағында жаңа бұйымдарды өндіру табылады.
Инвестициялық жобада инвестицияның келесі формалары қолданылады:
- ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсатты салымдар; айналым қорлары; бағалы қағаздар, мысалы: акциялар мен облигациялар; несиелер; қарыздар және т.б.);


Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Кәсіпорынның инновациялық саясатының негізгі жағдайларын құжаттық тұрғыда қарастыру формасын атаңыз.

  2. Инновациялық жобаларды іріктеу әдістерін атаңыз.

  3. Таза дисконтталған табыс дегеніміз не және оның мәні?

  4. Интегралды эффект дегеніміз не және оның мәні?

  5. Табыстылық индексі дегеніміз не және оның мәні?

  6. Табыстылықтың ішкі нормасы дегеніміз не және оның мәні?

  7. Өзін-өзі ақтау мерзімі дегеніміз не және оның мәні?

  8. Жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

  9. Коммерциялық тиімділік дегеніміз не және оның мәні?

  10. Жобаның бюджеттік тиімділігі дегеніміз не және оның мәні?

  11. Инновациялардың экономикалық тиімділігін арттыру әдістерін атаңыз?

  12. Инвестиция объектілеріне нені жатқызуға болады?

  13. Кестеде көрсетілген мәндер бойынша капиталдық салымдардағы ең ұтымды нұсқасын көрсетіңіз.




Көрсеткіштер

1 нұсқа

2 нұсқа

Бір уақыттағы шығындар мың тг

180000

200000

Бөлінген эксплуатациялы шығындар мың тг

40

38

Тауардың бірлік бағасы, тг

70

72

Шығарылған өнім көлемі, бірлік

2000

2000

Капиталды салымдар эффектісінің коеффициенті

0,15

0,15

  1. Кестеде көрсетілген мәндер бойынша өндірістік тиімді нұсқасын көрсетіңіз

Нұсқа

1-ші

2-ші

3-ші

Бір уақыттағы шығындар

50

70

40

Өзіндік құн, млн. тг.

12

10

13




  1. капиталдық салымның пайда табу мерзімін дисконтерлеумен анықтаңыз

    Жылдар

    1

    2

    3

    4

    5

    Инвестиция мың. тг

    6000

    6600

    7800

    8400

    9000

    Кірістер мың тг

    2000

    4000

    8000

    11200

    13600

    Пайыздық көрсеткіш

    18

    18

    18

    18

    18

  2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында өндіріс тоқтатылуынсыз реконструкция жасалады. Егер Ен=0,15 болса, онда бұл таблицада көрсетілген мәліметтер бойынша эффектілік пен капиталдық салымдардың өзін өзі ақтау мерзімін анықтаңыз.




Жылдар

1

2

3

4

5

6

Бір уақыттағы шығындар мың тг

52000

56000

63000

71000

82000

95000

Пайданың толық түсімі мың тг

19000

22000

31000

42000

50500

56000

Пайданың инвестиция арқылы өсімі, %

-

-

-

57,1

61,6

68,3




  1. Инвестициялық мақсаттар мен жобаларды жүзеге асыруға 2,5 млн тг бар.

Жоба

Инвестиция көлемі мың тг.




А

600

940

Б

900

1300

В

300

390

Г

700

770

Д

1200

1260

Пайда табу коеффициентінде кеткен қаражат , реализацияға жоба таңдаңыз



  1. Капиталдық салымдар мен 810 мың тг соммасында ақшалай табыс пен капиталдықсалымдардың 600 мың тг соммасын қажет ететін жоба бар. Сонымен қатар қосымша өндірісті дамытуға 100 мың тг салу керек, ол тек 60 тг соммасында табыс әкеледі. Осы критерилерге сәйкес табыс коеффициенттерін салыстыра отыра бұл жобаны жүзеге асыру керек, керек еместігін анықтаңыз.

  2. Үш инновациялық жоба бар. 1 ші жобадағы шығын 500 млн тг құрайды,бұл жобаны жүзеге асыруға кететін мерзім 3 жыл, ал 2 ші бойынша кететін шығын 480 млн тг және 5 жылды қамтиды, 3 ші жоба кететін шығын 550 млн тг және жобаны жүзеге асыруға 3 жыл аралығындағы мерзімді қамтиды. Кесте бойынша үш инновациялық жобаны жылдар бойынша орналастырыңыз.




Жылдар

Инвестиция млн тг

1 жоба

2 жоба

3 жоба

1

150

200

-

2

100

130

-

3

100

50

100

4

75

50

200

5

75

50

250




500

480

550

Ең жақсы жоба мен инвестицияны тоқтатудан болатын салдарды анықта.
20. егер сіздің қолыңызда 1050 мың тг болса кестедегі инвестицияның ең ұтымды нұсұасын таңдаңыз.



Көрсеткіштер

1 нұсқа

2 нұсқа

Бір уақыттағы шығындар мың тг

1050

350










1 ші

150

125

2ші

375

150

3 ші

525

175

4 ші

750

190

Пайыз анықтамасы

18

18

21. 3 жылға есептелген жобаға арналған ДТ, ТДТ, ТИ, ТІН-ның мағынасын анықтаңыз. Инвестицияның қажет етілетін сомасы 20 млн тг және жылдар бойынша ақшалай түсімдердің келесі сомасы: 1 жыл- 6 млн тг, 2 жыл- 8 млн тг, 1 жыл – 14 млн тг, дисконттық норма 15 %
22. 3 Жылға есептелген жобаға ДТ, ТДТ, ТИ, ТІН-ның түсінігін есептеңіз және егер диконт нормасы 10% болса ең ұтымды жобаны таңдаңыз.



Жобалар

Кіріс млн тг

Инвестиция, млн тг

1 жыл

2 жыл

3 жыл

Бірінші

60

30

40

100

екінші

36

16

28

60



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кайгородцев А.А. Инновационный менеджмент: Учеб. Пособие. – Усть-Каменогорск, 2009.

  2. Экономика мамандықтары бойынша бакалаврлар үшін “Инновациялық менеджмент” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен / Құраст.: Қазбеков Т.Б, Амирова Г.К. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010 ж. – 105б.

  3. Инновационный менеджмент учебник под ред. Ильенковой С. Д.: Москва. 2001.

5. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМ


5.1 Технологиялар трансферті
Экономикалық әдебиетте технологиялар әдетте өзінің ұтқырлығымен ерекшеленетін дамыған өндіріс факторы қарастырылады, ал «технология» деген түсінік тауар мен қызмет көрсету кезінде қолданылатын ғылыми- технологиялық білімдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Технология деген ұғымға технологияның үш тобы кіреді: азық- түлік технологиясы, үрдістер мен басқару технологиясы.
Технологияларды трансферттеу дегеніміз – технологияларды бір кезеңнен екіншісіне өткізу болып табылады. Жаңадан құрылып жатқан өнеркәсіптің көрсетіп жатқан қызметін қызметтің қай түріне жатқызуға болатындығы, технологияларды өткізіп беру тәсілдерімен байланысты. Егер технология қайтарым шартымен өткізілсе ол, инновациялық қызмет болып табылады. Құрылтайшы технологияны жарғы капиталына үлес ретінде өткізіп берген жағдайда оны инновациялық- инвестициялық қызмет түріне жатқызуға болады.
Трансферттің қандай жағдайда, отандық немесе шет елдік сатып алған технология болсын, технологиялық стратегияның үш маңызды элементін анықтап алған маңызды, атап айтқанда: алу басқару мен қолдану.
Осы технологияларды жүзеге асыруда көптеген факторлардың бірлігі қажет, олардың негізгілері [1]:

  • Технологиялық жағынан жүзеге асырылуын- технология элементтерінің бар екендігі кәсіп деңгейі.

  • Жоғары деңгейдегі персоналды оқытып дайындау

  • Сәйкес қаржылық ресурстардың болуы- қажетті капитал үшін

  • Заманауилығы- нарық талабына сай болуы.

  • Мемлекеттік қолдау- инновациялық қызметтімемлекеттік органдар арқылы қолдау

  • Стратегиялық көріпкелдік- осы бағдарламаны жүзеге асырудағы технологиялар, тұтынушылар арасындағы бірлескен инновациялық қызметтер

Осы жерде шет ел трансферттеріне көңіл аударуғаболады. Фирманың жаңа технологияны қабылдауға дайындығы жаңа нарыққа кәсіптік деңгейде кіріп, қалыптасуы. Белгіленген аймаққа тән, тиімді лицензиялар сатып алу. Нарықтың талабына сәйкестігін анықтап алу керек. Өндірісті меңгеру нарықта сатыптарату қиын үрдіс, ол тек кәсіптілік, білімділік жағдайда ғана жүзеге асады. Осыларды кәсіптік сапалы, жаңа технологияларды қолдану деңгейде жүзеге асыру үшін инновациялар жобаның бизнес жобасын жақсарту керек. Бизнес жоспар инвестордың өзінің жұмысының мақсатына жетіп жатқандығын білу үшін қажет. Сондай ақ осы жоспар нәтижені тексертіп, инвестиция салып, кедендік жеңілдік ұсынатын инвестиция жөніндегі индустрия және сауда министрлігіне қажет болады. Технологияларды өткізіп берудің технологиясы әр түрлі мемлекеттер арасындағы фирманың ғылыми техникалық жетістіктердіпайдалануға экономикалық қатынастар жиынтығы. Кең мағынасында бұл термин ғылыми техникалық өндірістік тәжірибиемен өзара алмасу болып табылады. Мағынасы «технологияларды өндіріп берудің халықаралық алмасуы» деген термин өндірістік үрдістерде ғылыми техникалық білімдерді практикалық қолданылуы мен берілуі дейміз. Халықаралық технология мен коммерциялық, сондай ақ коммерциялық емес каналдар арқылы жүзеге асады. Кейіннен тараған коммерциялық емес технологиялар мен алмасу түрлерін ғылыми- техникалық тақырыптарға байланысты мақалалар мамандар конференциясы, студенттерді оқыту формалары кіреді. Халықаралық технологиялар алмасу технологияларының негізгі нарықтық формалары: Технология нарығының агенттері ғылыми техникалық білімді сату не сатып алатын алатын ірі өндірістік компаниялар немесе кіші инновациялық фирмалар болып табылады.
Нарық технологиялары субьектісі мен қызмет көрсету нарығы коммерциялық негіздегі халықаралық алмасу деп білеміз. Әлемдік шаруашылықта технологияларды коммерциялық түрінде өткізіп берудің 3 каналы бар [1].

  • Технологияларды зат түрінде тәжірибелі шет ел инновациялары арқылы экспорттау.

  • Тауар болып есептелетін таза технология түрінде шетке шығару- лицензия, басқару, бағалау, техникалық көмек көрсету.

  • Техникалық капитал бере отырып, технологияларды капитал мен өндіріс күштерді қоса экспорттау.

Көптеген елдер ғылыми- техникалар дамуын осы жолмен жүзеге асырады, ғылыми техникалық білімдерді сатып алып, өз елінде қолданады. Бұл тек баяу дамыған елдерге қатысты емес, дамыған Жапония өзінің әлемдік нарықтағы лицензиясы 16% асады. Ғылыми техникалар білімді сатудың белгілі бір мерзімде қайтарымы болу керек.Әдеттегң тауар саудалаудан айырмашылығы осы. Интелектуалды меншіктің даму жүйесі олардың шаруашылық обьектісіне патент арқылы жасанды монополия тағайындалмауына қарамастан, ғылыми техникалық азық- түліктің тауарға айналуына әсер етеді. Мұндай жағдайда негізгі ролді ноу- хау патенттелмеген ғылыми техникалы білім мен шаруашылық тәжірибеге өз монополиясы бар атқарады. Жаңа технологияға көпшілік қол жеткізе алмайтын коммерциялық құпиялар, потенттелмеген технологиялық үрдістер т.б. өндірістік саудалық маңызы бар хабарламалар кіруі мүмкін. Бұл хабарлама патенттерге қатысты тәуелсіз болуы мүмкін мекеме оны қолдану қажеттігі болғанда. Жаңа технологияның элементтері болып қолдану туралы түрлі басшылықтар мамандануы, формула мен рецептуралар өндіріс ұйымдастыру құжаттары мен сызбасы, технологиялық әдістердің айқындалуы мен параметрлері жатады. Технологиялардың нарығы бірыңғай емес. Ол лицензия мен патент инжинирингке қызмет көрсету нарығын қамтиды.


5.2 Инжиниринг
Өндіріс үрдістік дайындау мен құрылыс нысандарына өндірістік инфраструктуралар, ауыл шаруашылық т.б. құрылымдардың өнімдерін өткізуді жүзеге асыруда көрсетілетін өзіндік ерекшелігі бар коммерциялық қызмет көрсетудің жиынтығы. Бұл инвестициялық жобаларды әр кезеңде жүзеге асырудағы оптимизациялауға бағытталған интеллектуалды қызмет түрі. Халықаралық инжиниринг қызметін саудалау деп бір мемлекеттің екінші мемлекетке түрлі инженерлік есептер, шет елде өндіріс т.б. нысандарда жобалау мен тұрғызудағы нұсқаулар мен инженерлік құрылыс қызмет көрсету жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет