Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Технологиялық құрылыс дегеніміз не?
Технологиялық құрылыстар өзара байланысқан ба? Иә болса, онда қалай байланысқан?
Технологиялық құрылыстың ауысуына не себепкер болады?
Әрбір бес технологиялық құрылысқа сипаттама беріңіз.
Қазақстанның қазіргі уақыттағы экономикасына қандай технологиялық құрылыстар тән? Өзіңіздің қозқарасыңызды дәлелдеп түсіндіріңіз.
Алтыншы технологиялық құрылыс туралы сіз не айта аласыз?
Қазақстанның техникалық-экономикалық дамуының келешегі жайлы не ойлайсыз?
Экономикалық эволюцияда екі қарама-қарсы диалектілік үрдіс болатынын кімдер айтқан?
Техникалық-экономикалық дамудың альтернативтік үлгісі туралы не айтасыз?
Пионерлік және қуып жетуші даму стратегияларына сәйкес өзінің шаруашылығының прогрессивті құрылымдық-технологиялық өзгерулер жолына шыққан мемлекеттер, жүйелі түрде қандай сатылардан өтеді?
Қазақстанның технологиялық даму стратегиясы дамудың қандай типтерін (қарқындарын) үйлестіруі қажет.
Дуйсенбаева К.Т. Развитие инфраструктуры производительно-технологических укладов// Вестник университета «Туран». – 2007. - №3-4. С. 173-176.
4. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
4.1 Инновациялық жобалардың құрамы мен құрылымы және оларды іріктеу әдістері Кәсіпорынның инновациялық саясатының негізгі жағдайларын құжаттық тұрғыда қарастыру формасы - бағдарлама болып табылады. Онда жақын немесе алыс болашаққа мерзімдер, ресурстар, орындаушылар бойынша өзара байланысты негізгі мақсаттар, міндеттер және өткізу кезеңдері көрсетіледі. Бағдарлама тауар өндірушінің инновациялық саясаттың жалпы үрдістеріне сәйкес бөлшектенген іс-шаралар тізімінен тұрады. Оларды орындаудың не инновациялық менеджменттің мақсатқа жетуінің тиімді жолы болып әр шаралар немесе мазмұны, мөлшеріне байланысты нақты жиынтық бойынша өндірістік, технологиялық, зерттеулік жобаларды жасау және орындау табылады. Бұл жерде менеджменттің қазіргі заманғы әрекет етуші құрамы ретінде бірінші орынға жобаларды басқару шығады.
Капитал салымының экономикалық тиімділігі оларды жүзеге асыру, яғни игеру кезіне экономикалық нәтижесінде ретінде шығарылады. Экономикалық нәтижелілік болып өндірістік қуаттылық пен негізгі қорлардың өсуі табылады [1].