Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Техникалық-экономикалық дамудың альтернативтік үлгісі



бет26/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

3.4 Техникалық-экономикалық дамудың альтернативтік үлгісі
Қазақстанды технологиялық жаңғыртудың тапсырмаларын орындау барысында экономикалық өсудің негізгі екі үлгісінің біреуі қолданылуы мүмкін.
Әлімнің технологиялық және экономикалық прогресстұрғысынан көшбасшы мемлекеттері пионерлік даму үлгісіне сүйенеді. Бұл үлгі шеңберінде олар, өнідіріс технологиясы жағынан әмбебап және экономикалық жағынан ең тиімді (ұлттық байлықтың өсу қарқыны тұрғысынан алып қарағанда) механизмдерді жасайды.
Келесі үлгі ол қуып жетуші. Бұл әлемдік техникалық-экономикалық прогрестің «артыңғы» эшелондарында, кейде тіптен оның түпкірінде орналасқан елдерге тән. Бұл үлгінің басты ерекшелігі болып, көшбасшы елдерде құрылып қойған технологиялар мен экономикалық механизмдерді игеруге негізделген даму.
Көшбасшы мемлекеттерден экономикасының дамуы мен халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейі алшақтықты қысқарту мақсатында дамудың қуып жетуші стратегиясын ұстануы керек деп қарастырылады. Аталған стратегияға сәйкес өзінің шаруашылығының прогрессивті құрылымдық-технологиялық өзгерулер жолына шыққан мемлекеттер, жүйелі түрде сатылардан өтеді:

  • Шікізатты табу және өңдеу;

  • Материалысыйымды және еңбексыйыымды тауарларды өндіру;

  • Капиталсыйымды тауарларды өндіру;

  • Зерттеу және әзірлеме.

Қазақстанға басқа елдер сияқты барлық осы сатыларды аталған жүйемен қайталаудың қажеттілігі жоқ. Қазіргі таңда республикада әлемдік тауар нарығында (алғашқы сатылы тауарлар мен шикізатты есептемегенде) бәсекеге қабілетті тауарларды өндірмейтініне қарамастан, Қазақстанда жоғарыда атлған барлық сатылар бар, ал олар өз кезегінде жаңа құрылысепн бірге жандандыру жағдайында экономикалық өсудің көзі бола алады. Сонымен қатар, ұлттық өндірістік аппаратты қайта құру мен жаңғыртудың қаржылыландыру көзі болып экспорттан түскен пайда мен шетелдік инвестициялар болуы керек.
Шетелдік технологияларды сатып алудың нәтижесінде бәсекеге қабілетті материалсыйымды және еңбексыйымды тауарларды (болат прокаты, құрылыс материалдары және т.б.) бір уақытта айтарлықтай тез ұйымдастырып және өндіруге болады.
Техикалық сыйымды бұйымдарды өндіру саласы бойынша да мүмкіндіктер бар – станоктар, бақылау және өлшеу құрығылары.
Ғылымисыйымды бұйымдарды өндіру саласында шетелдік капиталмен қатар (жинақтау өндірісі) өзінің жеке іздеулері болуы мүмкін. Кіші бизнес пен біріккен кәсіпкерлікті айырбас жолы арқылы құрылғыларды, автоматоматтандыру және радиотехника құралдарын қолда бар ұяшықтар базасында ғылымисыйымды өндірістің өзегін құруға болады. Технологиялар импортын ғылымисыйымдылығы жағынан салыстырмалы түрде күрделілігі жағынан анағұрлым төмен (мысалы, тұрмыстық техника) жинақтау өндірісімен айналысатын кәсіпорындар үшін қолданған жөн. Сонымен қатар, республикада ғылыми іс іргесі бар радиациялық, лазерлік технологиямен биотехнология саласында өндірістік жүзеге асыруды іздеу. Сонымен бірге, тауарлардың көп бөлігі бойынша оларды экспорттауға басым көңіл аудару керек.
Қуып жетуші үлгісіне бұлжытпай сүйенуден бас тарту, технологиялық сатылардың баспалдағынан бір мезетте шикізаттан ғылыми сыйымды тауарларға дейін өтуге ғана байланысты емес. Жеке позициялар бойынша көшбасшы елдермен тең жағайға тұру үшін қазіргі таңдағы әлемдік экономика үшін озып отырушы салалар болып табылатын биотехнология, ғарыштық технология, жұқа химиялық технологияларды дамытқан жөн. Бұндай алғы шарттарға құрылуы мүмкін келешегі бар алтыншы технологиялық құрылыстың, қажетті квалификациясы бар кадрларды дайындаудың ғылыми зерттеулерінің таңдамалы концентрациясы жатады. Қазақстандағы ғылым және білім әлеуеті аталған бағыттар бойынша жетістіктерге жетуге сенуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның технологиялық даму стратегиясы дамудың бірнеше типтерін (қарқындарын) үйлестіруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет