Деквалификация сценарийі. Спецализация және экономикалық күрделілік ата заманнан экономистердің көңілін өзіне аударған. Дәлірек айтқанда, бұған негізінен Адам Смит пен Карл Маркс көп көңіл бөлген. К.Маркс технологиялар мен құрылғыларды жетілдіру жағдайында машиналық өндірістің өсуі еңбек күшінің квалификация деңгейінің төмендеуіне әкеледі деп сенген. Көптеген ғалымдар мен фантаст-жазушылар болашақтың жоғары технологиясын адамды білім алуға деген басым ұмтылысы ретінде сипатталады. Олардың шығармаларында өндірістік үрдістерді адамдар емес, жасанды интелекті иеленген машиналар басқарады. Технология экстенсивті түрде қолданылады, яғни адамның қызметтік күшін жоғарылату мақсатында емес, керісінше оны ығыстыру мақсатында қолданылады. Экономикалық өсу орын алады, бірақ ол адам қызметініің нәтижесі ретінде емес.
Мұндай сценарий бойынша тұрғындардың көп бөлігі мейрамдатып өмір сүреді. Тек кейбір адамдардың жолы болады (немесе жолы болмайды): жұмасына бірнеше сағат адаммен деген қарым-қатынасты бағалайтын клиенттерге ресторан мен дүкендерде қызмет көрсетеді. Белсенді өмір салтын ұстанатын тұрғындардың кіші бөлігі жүргізеді: жоғарғы менеджерлер мен өнер адамдары. Ұндай қоғамда байлықтың басты көзі болып «ақылды» м-шиналарға деген меншік құқығы табылады. өндірістен бас тарту және ойын-сауықтың адекватты ұсынысының және материалды игіліктің толып кетуі жағдайында адамдардың жалпы мәдениеті өндірістік қызмет саласына қарағанда көп мөлшерде абыройлы шығындар саласындағы жарысқа ұмтылады. Адамның беделі оның еңбегінің жемісі мен шығармашылық табысына емес, ал оның тұтынушылық қызметі негізінде қалыптасады. Деквалификация сценарийінің бір жақсысы, ол меншік иесінің өндірістік үрдісті бақылауды айтарлықтай бәсеңдетпейді және меншік құқығы жүйесін деградацияламайды.
Дегенмен, деквалификация сценарийнің болу мүмкіндігі аз. Барлық мәліметтер экономикалық дамыған елдерде еңбектік квалификация деңгейі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында төмендемеді, ал керісінше ұлғайды деп көрсетеді [1].
Білім прогресі сценарийі. Егер алдыңғы алғышартқа тағы екеуін қоссақ онда мүлдем басқа мүмкіндіктер ашылады:
- Бірқатар өндірістік тапсырмаларды орындау үшін барған сайын көбірек білім мен еңбек қабілеті қажет. Квалификацияның өсуі экономиканың айтарлықтай көп саласындабайқалады. Ал бұл өндірістік тапсырмалардың күрделілігі мен кешендігінің ұлғаюына себепші болады;
- Тұтынушы өнімнің диверсифицирленген ассортименті жағдайында ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы мен жарамдылық дәрежесін бағалаудағы одан әрі тапсырмаларға тап болады;
Осы үш алғышарттан келесілер шығады:
- жалпы мінезді қабілетпен қатар аса үлкен дәрежеде ерекше мамандандырылған машық қажет;
- ақпаратты қолдану және беру (алмасу) кеңейеді. Ол барған сайын экономикалық және қоғамдық қызметте аса үлкен рол атқара бастайды;
- экономикалық және әлеуметтік өмірге барған сайын анықсыздық баса көптеп кіреді [1].