Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің факторы ретінде



бет20/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

2.4 Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің факторы ретінде
Ғылыми-техникалық прогресс – бұл ғылым мен техниканың бірегей, бір мезеттен бастап дамуы. Бұл шаруашылықтағы, өндірістегі өндірістік процесстердің нәтижелілігі мен сапасын жоғарылату және адамдардың сұранысын анағұрлым жақсы қанағаттандыру мақсатында ғылым, техника және технологияның үздік жетістіктерін қолдану [1].
Экономикалық өсу дегеніміз - қоғамдық өндірістің ұлғайып, дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.
Экономикалық өсудің көрсеткіштері:
- ЖІӨ өсуі;
- жан басына шаққанда ЖІӨ- нің ұлғаюы.
Экономикалық өсудің өлшеуісі болып, t кезеңі ішіндегі нақты ЖҰӨ (∆Yt) өсу қарқыны саналады:
Yt=Yt-Yt-1/Yt-1,
Мұндағы:
Yt – t кезеңі ішіндегі ЖҰӨ көлемі.
Yt-1 – алдыңғы кезеңдегі ЖҰӨ көлемі.
Экономикалық өсу сөзінің астында әдетте экономикадағы реалды табыстың ұлғаюын ұғады (ЖҰӨ, ЖІӨ немесе ҰТ), сонымен қатар реалды шығарудың (өндірістің) тұрғындардың жан басына шаққандағы бөлінісінің өсуі (кейде табыстың өсуін бір жұмысбастыға есептеуді де бөліп шығарады).
Бұл көрсеткіш тұрғындардың жан басына шаққандағы есептеу бойынша табыстың өсуі көрсеткішінен айырмашылығы болуы мүмкін, себебі ол экономикалық белсенді халықтың динамикасы мен деңгейін көрсетеді. Соған сәйкес, экономикалық өсуді есептеу үшін абсолютті өсім және реалды шығарылым көлемінің өсім қарқыны немесе тұрғындардың жан басына шаққандағы көрсеткіштері қолданылады.
Экономикалық өсудің жалпы тарихта белгілі үш түрі бар [5]:
1. Экстенсивті өсу дегеніміз –тұрақты қоғамдық еңбек өнімділігі жағдайында қосымша ресурстарды қолданудың негізінде болған экономикалық өсуді айтамыз. Мұнда өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалып, ал өндіріс процесінде қосымша ресурстардың көп көлемін пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін экономикалық өсім. Мысалы, КСРО экономикасына тән.
Алдыңғы формулаға сүйене отырып экстенсивті өсуді келесі формула түрінде көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет