Жалпы ақпарат
Ұсынылатын жұмыстар туралы ақпаратқа қысқаша шолу келтіріледі:
Жобаның мақсаты;
орындаушылар, қосарлас орындаушылар және қосарлас инвесторлар;
Жобаның жалпы құны (теңгемен): шикізаттар, материалдар, еңбекақы және өзге шығындар. Инвестициялық шығындардың нақтылы таратылып жазылуы;
Қордан сұралатын, қаржыландырудың қажетті сомасы;
Жобаның іске асырылу мерзімі;
өтелу мерзімі.
Жобаның қорытынды нәтижесінің сипаттамасы
Жоба бойынша қорытынды нәтиже (ноу-хау, патент, басқа да құжаттамалар; технология, технологиялық кешен немесе оның жеке құрамдастары; дайын бұйымдар, тораптар мен агрегаттар, сервистік және өзге қызметтер, өзгелері);
ұсынылып отырған жаңа өнімнің нақтылы өлшемдерін нарықта бар баламалармен техникалық көрсеткіштермен және құнымен салыстыру кестесі;
сертификаттау қажеттілігі нақтыланады (немесе оның бар-жоғы).
Өнім рыногын талдау және маркетинг бағдарламасы
сериялық өндірісін ұйымдастыру болжана ма немесе сату нысаны жаңа технологияның өзі бола ма және Жобаны орындау қорытындысы бойынша сатушыларға және/немесе тапсырыс берушілерге сатудың нысаны не болады;
осы өнімнің қажеттілігін сипаттау (өнімге сұранысты бағалау табиғи санаумен және ақшалай баламада беріледі);
негізгі тұтынушыларды сараптау;
бәсекелестікті сараптау;
баға және маркетингтік саясат (нарықты сараптау, нарыққа кіру, нарықты кеңейту факторлары), сатудың ықтимал көлемдерін бағалау;
Жоба бойынша қорытынды нәтижені іске асыруға әлеуетті тұтынушымен бекітілген келісімдерді, әлеуетті тұтынушы атауын көрсету және әлеуетті тұтынушылардан жасалған келісімшарт немесе келісімдер (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 390-бабына сәйкес бекітілген алдын-ала келісім) немесе хаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |