Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет19/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

2.3 Г. Менш теориясы
Инновацияларды енгізудегі мәселерді зерттеген экономист-ғалымдардың ішінде елеулі орынды неміс ғалымы Герхард Менш алады. 1975 ж. Г.Менш өндірістік революциядан кейін жүретін кезеңді қарастырып, техникалық инновацияларының базалық толқындар сериясын анықтады. Ол келесіні көрсетті, өнертабыс ұзын толқынның сипатымен байланысты емес экзогенді фактор болып табылады және ол ғылым дамуының кездейсоқ нәтижесі болып табылады. Бірақ өнертабыстарын жүзеге асыру, яғни инновациялық процесс толқулар кезеңінде тоқыраушылықта болады, ол кезде технологиялар мен технологиялық ережелердің құрылғандары тиімді болады. Бұл инновациялар экономиканың стагнация жағдайларында жоғарғы нарықтық құндылыққа айналады. Г.Менш еңбегі тиімді ұзақ толқынды эффектіні қалыптастыруда инновациялар рөлін жаңадан ұғынуға мүмкіндік берді. Бірақ, соңғы он жылдықтың тәжірибесі көрсеткендей, принципиалды жаңа типтің технологиялық инновациялары нарықтық факторлардың тығыз өзара әрекеттесуімен экономикалық өсімге анықтаушы әсерін тигізеді, дәстүрлі салалардың жеделдетілген ескіруін ынталандырады [4].
Г.Менш базистік жаңалықтардың пайда болуынан кейін жаңа кәсіпорындар пайда болады дейді. Ал олардың даму циклдары көп жағдайда тығыз байланысқан. Сонымен қатар, басталу кезеңінде жаіа тауарларға деген сұраныс ұсыныстан асып тұрады. Сол себепті, бұл кезеңдегі өндіріс жоғары өсу қарқынын көрсетеді. Г.Менш экономиканың циклдығын жаңалық енгізу циклдығымен және жаңа кәсіпорындардың даму фазаларымен байланыстырады. Ол жаңа тауарды өндіру сұраныстан көп бола бастаған уақыт туралы айтады. Бұл уақыттан бастап, кәсіпорындар сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздей бастайды, табыс нормасы құлай бастайды және инвестицияларға деген қаражаттар барған сайын аз бағытталады. Капиталдар нарықты қаржыландыру үшін ұмтылады. Ерте ме кеш па әтөуір спекулятивтік ақшалық опреациялар алып көлемге ие болады, және ақша-несие саласындағы табыс нормасы өндірістегі табыс көлемінен де төмен тұседі. Бұл Г.Менштің пікірі бойынша, аталған сала нақты секторды қаржыландыруға дайын деген сөз.
Г. Менш жаңалықтардың классификациясын ұсынды. Ол ірі үш топты атап көрсетті – базистік, жақсартатын және жалған инновациялар (псевдоинновации). Базистік инновациялар технологиялық (жаңа салалар мен жаңа нарықтарды қалыптастырады) және технологиялық емес (мәдениеттегі, басқарудағы, қоғамдық қызметтегі өзгеристер) деп болінеді. Жаңалықтардың арасында ресурстар үшін бәсекелестің болады, өйткені жаңалалықтардың әрбіреуі қандай да бір еңбек пен капиталға деген шығындарды қажет етеді.
Технологиялық паттан басқа патқа қарай қозғалысы базистік жаңалықтардан жақсартылғанға және одан әрі жалған инновацияларға ауысу арқылы жүзеге асады.
Г.Менш, технологиялық пат ұзақ толқынның рецессиясы кезінде болатынын атап өтті. Депрессия кезеңінде экономика жаңа базистік жаңалықтарға ауысуға құрылымдық тұрғыда дайын болады. Дәл осы кезеңінде базистік жаңалықтардың кластерлері қалыптасыды. Бұл Г.Менш теориясының негізгі моменттерінің бірі.
Жаңа технологиялардағы революциялық жарылыс Г.Меншпен жасалған бесінші толқынның экстрополяциялық жобасын мәнді трансформациялады. Осыған байланысты ұзын толқындардың инновациялық теориялардың дамуында жаңа орам пайда болды. Г.Менш зерттеулерінен кейін Кляйнкнехтінің әйгілі жұмыстары пайда болды, оларда технологиялық инновациялардың кластерлеріне экономикалық өсімнің ұзын толқынына қуат беруге басты орын беріледі. Қолданбалы жүйелі талдаудың Халықаралық институттың зерттеушілер тобы, С.Марчетти басшылығымен, көздік технологиялар және оларды қолданбалы қолдану сфералары бойынша мәліметтер банкісін қалыптастырды. Олар бастапқы ресурстар мен инновацияның толқындары арасындағы тығыз корреляциялық байланыстың болуын дәлелдеп, мұндай тәуелділік әсердің экономикалық өсім динамикасының әсерін бағалауға қол жеткізді.
Г.Менш жасаған концепцияларының көбі сыни тұрғыда қарастырылып басқа ғалымдармен ары қарай дамытылды. Айтар болсақ, неміс экономисті А.Кляйнкнехт депрессия кезеңінде жаңалық енгізу кластерін қалыптастыру туралы тезисті нақтылай түседі. Оның ойынша, өнімді-жаңалықтар (нововведений-продуктов) кластерлері расымен де депрессия фазасында, ал үрдісті-жаңалықтар (нововведений-процессов) кластерлері ұзын толқынның көтерілу фазасында қалыптасады деген. Кляйнкнехтің Р.Кумбспен бірлесіп жазған еңбегінде ол өнім-инновациясы мен үрдіс-инновацияларының нақты ажырату үшін жаңалық енгізудің келесі классификациясын ұсынады:

  • «Таза» нақты, соңғы тұтынушыға арналған өнім-жаңалықтары;

  • Жаңа медициналық процедуралар, аппараттар мен дәрілер;

  • Тұтыну тауарлары мен қызметтерін өндіруге арналған жаңа инвеситициялық тауарлар;

  • Инвестициялық тауарлар мен тұтыну тауаларында қолдануға болатын жаңа техникалық құрылғылар мен материалдар;

  • Лабораториялық зерттеулерге арналған, бірақ кейін өнеркәсіптік мақсаттарда қолдануға болатын, ғылыми құрал-жабдықтар;

  • Өндіріс факторларын үнемдеуге арналған «Таза» үрдісті-жаңалықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет