Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет27/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Бірінші тип –әлемдік экономиканы өзегі болып табылатын авто және трактор жасау, синтетикалық материалдар, органикалық химия, мұнайды өндіру және өңдеуді, яғни төртінші технологиялық құрылыстың таңдамалы дамуының тапсырмаларына бағындыруды көздейді.
Екінші тип – әлемдік экономиканы өзегі болып табылатын авто және трактор жасау, түсті металлургия, ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды өндіру, синтетикалық материалдар, органикалық химия, мұнайды өндіру және өңдеуді, агроөнеркәсіп кешенін, телекоммуникация, оптикалық тал жіптер, робот жасау, газды өндіру және өңдеу, ақпараттық қызметтер, яғни бесінші технологиялық құрылыстың жоғары таңдамалы мүддесінде қолдану қажет.
Үшінші тип – өзегі нанотехнология, биотехнология, космостық технология, жұқа химиялық технологиялар болып табылатын, болашақта алтыншы технологиялық құрылыстың өскінінің пайда болуының алғы шарттарының қалыптасуына бағытталған.
Эксперттердің пайымдауы бойынша Қазақстан экономикасында әлі талай уақыт бойы құрылыстың үш типі өз орнын алады. Осы орайда, өмірлік циклдің алғашқы сатыларындағы технологияларға көңілді көптеп бөлуге көшу маңызды, ал өзегі болат балқыту, электроэнергетика, ауыр машина жасау, органикалық емес химия болып табылатын үшінші технологиялық құрылыстың технологияларын таратуды тежеу керек, себебі олар экономиалық дамыған елдермен технологиялық алшақтықты ұлғайтады.
Төртінші технологиялық құрылыстың таңдамалы даму стратегиясы, ұлттық экономикада оған қатысты барлық өндірістің болуы керек екендігін білідрмейді. Басым сипаттағы дамуды ішкі немесе сыртқы нарықта өткзу мүмкіндігі жақсы тауарлар, яғни, мұнайды өндіру және өңдеу, кейбір түсті металдар өндірісі алу керек. Әлемдік экономика деңгейінде аталған құрылыс бойынша шекті өсуге жеткен соң, импорттан келетін пісіп жетілмеген технологияларды дамытуға бас буру керек. Осы орайда, төртінші технологиялық құрылыс дамуының басым болуы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жалпы түрде жақсара түспейді, ал Қазақстан экономикалық дамыған елдердін көшінде қала беруін сақтап қалады.
Технологиялық дамудың деңгейін көтеру, ұлттық өндірістік күштердің технологиялық өздігінен күшеюіне, жоғары таңдамалы бесінші технологиялық құрылыстың дамуы анағұрлым жағымды әсер береді. Осы орайда, қолда бар ғылыми-техникалық іс іргелерін қажет жағдада шетелді «ноу-хау»-ды қолданумен материалдандыруға басымдылық берілуі керек. Аталған даму бағыты өзіне жартылайөткізгіштік материалдарды, комплектеуші және дайын электроника бұйымдарын, байланыс құралдарын, есептегіш техникалаларды, ақпараттық-өлшеуіш құрылғыларды, тұрмысқа арналған құралдарды, лазерлік техникаларды, аса таза заттарды, берілген қасиеттегі материалдарды, биотехнологияның жоғары тиімділікті катализаторларын біріктіруі мүмкін. Сонымен қатар бесінші технологиялық дамуы шетелдік трансұлттық корпорациялардың капиталын тартумен, және жинақтау өндірісін ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік әріптестікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Дамудың басты бағыты болып алтыншы технологиялық құрылыстың негізгі өндірісінің басып озушы материалды-техникалық алғы шарттың құрылуы табылады. Ал олардың қатарына, заманауи коммуникациялар, өндеуші өнеркәсіп, инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы жатады. Алтыншы технологиялық құрылыстың инттелектуалдық алғы шарты болып білім мен ғылымның дамуы табылады.
Шынын айтатын болсақ, Қазақстан басқа жас тәуелсіз мемлекеттер сияқты бесінші технологиялық құрылыстың әлемдік көшбасшы елдерімен теңесе алмайды, бірақ ол 2015 жылдан кейін алтыншы технологиялық құрылыстың базистік өндірістерін бірінші болып игеретін елдердің қатарына қосылуына мүмкіндігі бар. Бұның алғы шарты болып, космостық технология, жіңішке химия, нанотехнологиялар, биотехнологиялар саласында ғылыми-тезникалық әлеуетінің болуы табылады.
Қазақстан Республикасы жоғары технологиялар саласы бойынша көшбасшы елдер қатарына кірмегендіктен, оған қандай даму стратегиясын ұстану керек екендігін анықтау керек? Бұл сауалға жауап бір мәнді емес, себебі жоғары технологиялар әлемі біркелкі емес. Оның компоненттері әртүрлі даму стратегияларын иеленеді. Мысалы үшін, микроэлектрониканы алайық, оның орнына наноэлектроника келді. Наноэлектроникада екі институт бар: дизайн-орталық және өндіріс. Дизайн-орталық – бұл өндірушінің тапсырысы бойынша чиптің конструкциясын және оның жасалу технологиясын ойлап табатын компьютерлері бар өте жоғары сатыдағы инжерлер. Нақты (қатаң) айтар болсақ, дизайн-орталықтар – бұл нанотехнологиялар емес, бірақ нанотехнологиялардың даму стратегиясы өндірісте месе, ал дәл осы жерде туындайды. Қазіргі таңда Қазақстан наноэлектроника саласы бойынша 180 нанометрден 130 нанометрге ауысып жатыр, ал сол уақытта әлем 60-40-20 нанометр деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Ситуациялық талдау нәтижесі бойынша Қазасқтанда 20-нанометрлік өндірісті дамыту мүмкін деп танылған жағдайда, мемлекет осы жолмен жүруі керек, өйтпеген жағдайда, елде тек дизайн-орталықтарын қалдырып, өндірістің өзін Тайваньда орналастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет