Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және оларды арттырудың әдістері



бет30/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

4.2 Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және оларды арттырудың әдістері
Жаңа техникалардың экономикалық тиімділігі - халық шаруашылық нәтижелерді сипаттайтын жаңа құрал-жабдықтарды, құрылғыларды қолданудың абсолюттік немесе салыстырмалы экономикалық тиімділік [3].
Жоба тиімділігінің келесідей негізгі көрсеткіштерін бөліп қарайды (8-сурет):

8-сурет – жоба тиімділігінң негізгі көрсеткіштері



  • қатысушылары үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесін ескеретін коммерциялық (қаржылық) тиімділік;

  • республикалық, аймақтық және жергілікті бюджет үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесін көрсететін бюджеттік тиімділік;

  • инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүмкіндіктерінен шығатын, жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді ескеретін халықшаруашылық экономикалық тиімділік.

Ірі масштабты жобалар (бүкіл республика, қала, аймақ мүдделерін ескеретін) үшін халық шаруашылығы экономикалық тиімділікті бағалау ұсынылады.
Коммерциялық тиімділік, яғни жобаның қаржылық негізделуі, табыстылықтың қажетті нормасын қамтамасыз ететін қаржылық шығындар мен нәтижелер қатынасымен анықталады. Коммерциялық тиімділік жоба үшін және жеке қатысушылар үшін олардың ереже бойынша салымдарын ескере отырып есептелінеді. t қадамындағы әсер ретінде (Әt) нақты қаражаттар ағымы шығады.
Қызметтің әр түріне ақша қаражаттарының Аі(t) ағымы және Ші(t) шығыс болады. Олардың айырмасын Фі(t) деп белгілейміз:


Фі(t) = Аі(t)-Ші(t)
Мұндағы і = 1,2,3....
Нақты ақшалар ағымы Ф(t) деп жобаның әр мерзімінде (есептеудің әр қадамында) операциялық және инвестициялық қызметтен ақша қаражатының ағымы мен шығыс арасындағы айырмасы аталады:


Ф(t) =[ А1(t) – Ш1(t)] + [А2(t) – Ш2(t)] = Ф1(t) +Ф1(t)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет