Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет33/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

5.4 Франчайзинг
Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse – жеңілдік; ағылш. franchіsіng – артықшылық) – ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс [1].
Негізінен екі нысанда – бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.
Франчиздың екi нұсқасы болады. Франчайзи бiр кiшкене территорияға құқық сатып алады немесе генералды лицензия (франшизу) үлкен аймаққа алады да сол географиялық аймаққа суб-франшизаны бөлiп бередi.
Франчайзинг – өндiрiстiң эксклюзивтi құқын басқа өндiрiске беру (франчайзи). Ол өнiмдi шығарып сатуға белгiлi бiр жерде эксклюзивтi құқық беретiн лицензия беру арқылы iске асады.
Әдеттегiдей франшиза жүйелерi өте өнiмдi бизнеске негiзделген, бастапқыда белгiлi бiр территорияда ұйымдастырылған. Сонан соң өндiрiстiк франчиздер басқа территорияда ұйымдастырылған. Әр территорияда бiр ғана компанияның атын, жұмыс жүйелерiн, сатып алу процедураларын басқару жүйелерiн және жарнама компаниялардың артықшылығын пайдаланады. Әрбiр франшиза-өндiрiс әртүрлi дәрежедегi және түрдегi франшиздi қолдау алады. Бизнеске франшиз берiлген кезде жақсы ұйымдастырылған бизнеспен (франшайзор) мүмкiн деген сатып алушы (франчайзи) әдейi әзiрленген көшiрмеге келiсiм қарым-қатынастар жасалады.
Жақсы ұйымдасқан бизнесте сату жөнiнде және арендаға тапсыру жөнiнде келiсiм болады. Бұл көшiрме оригиналды концепцияның маңызды элементтерiне негiзделген, және бастапқы бизнестiң табыстарын кез келген территорияда көшiрме жасауға әзiрленген.
Бұл көшiрмелер әрқашан жинақтың iшiнде: Территорияға субаренда мекеменiң сыртындағы тез көзге түсетiн өзгерiстер, арендатордың жолдаған мүлкiн жақсартып – жаңартатын толық пакет, жиһаздар жинағы, керек жарақтар (сауда маркасымен, бәрi логотиппен), бастапқы тауар запасы, үйренуге және жүйенi ұстап тұруға арналған пакет. Пакет iшiнде есептеу, сауданы күшейту және жалпы бiлiм мен бизнестi басқару саласындағы тәжiрибе бар. Осы табысты екенiн көрсеткен пакеттi кiлтiмен бергенi үшiн франчайзор жауап ретiнде франшиза үшiн төлем күтедi, және бизнестiң күнделiктi табысына қатынасамын деп есептейдi (әдетте 2% тен 50% дейiнгi сатылып таза пайда бизнестiң түрiне және дәрежесiне қарай франчайзордың пайдасы). Теория түрiнде Франшиз пакетiн сатып алушы өз бизнестiң қожасы, ал iс жүзiнде франшиз туралы келiсiм бұл бизнестiң шығармашылық еркiнен айырады.
Патенттеген дизайн немесе процесс бойынша өнiм шығару құқына лицензия алу - өндiрiстiк франшизоның кең таралған формасы. Франчайзингтiң табысты түрiне мысал “МакДональдс” компаниясы США, “Елки-Палки” трактирлер жүйесi Ресей, туристiк салада, қонақ үй қызметтерiнде, әдемiлiк салондарында франчайзинг жүйелерi кең таралған.
Франчайзингтің халақаралық Ассоциациясы келесі анықтамаларды ұсынады: Жеңілдікті кәсіпкерлік – бұл франчайзермен кәсіпорын – операторларының арасындағы келісімді өзара қатрым – қатынас, ноу -хау және оқыту сияқты облыстарды қолдауға міндетті немесе франчайзинг шеңберінде ұсынады. Сонымен бірге оператор сауда маркасын және технологияны пайдала отырып өз жұмысын жүргізеді және капиталдың белгілі бір бөлігін өз қаражаты есебінде инвестирлейді. ҚР азаматтық кодексіне сәйке кешенді кәсіпкерлі лицензия – бұл келісім, ол келісім бойынша бір жақ екінші жаққа марапат үшін басты кешен құқығын соның ішінде, лицензиар фирмасының атауын пайдалануға және коммерциялық ақпаратты сақтауға құқылы. Сонымен қатар басты құқықтың (тауарлы белгі, қызмет көрсету белгісі, потент және т.б.), келісім шартта қарастырылған лицензияттың кәсіпкерлік қызметін пайдалану үшін құқылы.
Франчайзинг нарығының субъектілері:

  • тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. құқық иеленушілері (франчайзинг);

  • тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. пайдаланушылар (франчайзи);

  • қаржылық ұйымдар: бюджеттік қаржыларды және несиелік ресурстарды қамтамасыз ету;

  • консалтингті компаниялар: құқықты және бухгалтерлік кеңес берулер, ақпаратты қызмет, методикалық қызмет, маркетингті қызмет көрсетулер, ұйымдастырушылық қызмет көрсетулері;

  • заңды компаниялар: франчайзерлердің құқығын және мүдделерін қорғау, франчайзилердің мүдделерімен құқығын қорғау, қаржылық ұйымдардың құқығын және мүдделерін қорғау.

Франчанзингті қолданушылар франчайзилар үшін артықшылықтары:

  • бизнес ашу алдында мамандандырылған оқыту бағдарламалары және франчайзи өткізетін басқару жүйесін дамыту үшін бағдарламалар бойынша франчайзилерді даярлау;

  • капитал салудың аздығы өз ісіңді ашумен салыстырғанда, жарнамаға деген шығындардың азаюы;

  • инвестицияны қайтару периодының аздығы;

  • франчайзердің тауарлы белгісін және репутациясын пайдалану, нарықта белгілі өнімді ұсыну мүмкіндігі;

  • франчайзер жағынан техникалық және басқарушылық қолдауды алу мүмкіндігі;

  • бизнес – процестердің және істелген технологиялардың пайдаланылуы;

  • кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;

  • бизнес жүргізуде аймақтық шектеуді анық территориялды шектеу, ал бұл осыған ұқсас франшызаларды пайдаланушылар жағынан бәсекелестік мүмкіндігін алып тастайды.

Құқық иеленуші франшызалардың франчайзингтегі артықшылықтары:

  • кәсіпорын жүйесінің кеңеюі, франчайзер тауар белгісінің қарамағында жұмыс істейтін, капитал үшін аз шығындармен минималды тәуекелмен;

  • жаңа нарықта тез кеңею және жұмыс істеп тұрған нарықта позицияның қатаюы;

  • бизнестің дамуы үшін қосымша қаржыларды өзіне қарату;

  • франчайзиден қосымша төлемдер алу, көрсетілетін қызметті жетілдіру және қолдау үшін.

Республикада алғашқы жоба Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы және АТФ банкпен - «Франчайзинг Қазақстанда» жобасы таратылуда. Берілген франчайзингтерді қаржыландыру бағдарламасы шағын және орта бизнес ортасын жаулап алуға бағытталған. Оның маңызы дамыған және тәжірибесі бар кәсіпкерлерге көмектесу және өз потенциалын озық технологиялар пайдалану көмегі арқылы кеңейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет