6.2. Инновациялық жобаны ресімдеу және инновациялық грантты иелену Кез келген инновациялық жоба қаржылануда мұқтаж болады. Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Жобалар мемлекеттің ғылыми-техникалық бағдарламаларына сәйкес, гранттерді иелену («Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Даму» қоры, Қазақстанның даму банкі, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің қоры, «Самрұқ» ҰӘАҚ және т.б.) жолымен немесе шетелдік компания (мемлекетінің гаранті және т.б.) арқылы қаржыландырылуы мүмкін.
Әрбір жобаның нақты аты және қысқаша аннотациясы болуы тиіс. Жобада орындаушылар саны; орындалу мерзімі (басталу жылы мен аяқталу жылы); бір жылға арналған қаржыландырудың көлемі көрсетіледі. Жоба жетекшісі, негізгі орындаушылары туралы, қаржыландырылу жүріп жатқан мекеме; жұмыс жүргізіліп жатқан мекеме туралы толық ақпарат берілудің маңызы зор. Жоба жетекшісі мен негізгі орындаушылары туралы ақпарат (Т.А.Ә. толылығымен, туған жылы, ғылыми дәрежесі, ғылыми дәреженің берілген жылы, ғылыми атағы, ғылыми атағы берілген жыл, ұйымның толық және қысқартылған атауы, лауазымы, ғылыми қызығушылығының саласы, жарияланымдардың ) әр адамға жеке берілуі тиіс.
Инновациялық гранттар [2]: 1) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды (ТКЖ) немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға;
2) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауға;
3) шет мемлекеттерде және халықаралық патент ұйымдарында зияткерлiк меншiк объектiсiн патенттеуге;
4) инновациялық технологияларды сатып алуға берiледi.
Инновациялық гранттарды беру шарттары [2]:
1) ТКЖ немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға инновациялық грант беру инновациялық гранттарды алуға үмiткер инновациялық жобалардың мемлекеттiк ғылыми-техникалық, экономикалық және, қажет болған жағдайда, экологиялық сараптамаларының, сондай-ақ патенттiк зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
2) ТКЖ және қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға арналған инновациялық гранттар нәтижелердi үш жыл iшiнде енгiзу шартымен берiледi.
3) Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауға арналған инновациялық грант инновацияға мүлiктiк құқықтары бар тұлғаға берiледi.
4) Шет мемлекеттерде және халықаралық патенттiк ұйымдарда зияткерлiк меншiк объектiсiн патенттеуге арналған инновациялық грант қорғау құжаттарын алуға құқықтары бар тұлғаға берiледi.
5) Инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант уәкiлеттi органға технологияларды енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы кезеңдiк есептер табыс ете отырып, инновациялық грант туралы шартта айқындалған мерзiм iшiнде грант алушының кәсiпорнында инновациялық технологияны мiндеттi түрде енгiзу шартымен берiледi.
Өтiнiм берушiнiң ТКЖ-ға және қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға берiлген инновациялық грант қаражатын игеру нәтижелерi болып табылады [2]:
1) өндiруге ұсынылатын өнiмнiң эксперименталдық немесе тәжiрибелiк үлгiсi;
2) ұсынылатын өнiмнiң өндiрiсiне жобалық-конструкторлық құжаттама пакетi;
3) өндiруге ұсынылатын өнiмнiң эксперименталдық немесе тәжiрибелiк үлгiсiн сынаулар туралы есеп;
4) қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi жүргiзу туралы есеп;
5) селекциялық жетiстiктер;
6) технология (техникалық құжаттама, есеп, техникалық регламент);
7) қорғау құжаты.
Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға арналған инновациялық гранттың игерiлу мерзiмi мен сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшелiктерiне сәйкес айқындалады, бiрақ мыналардан:
1) мерзiмi бойынша - 24 айдан;
2) сомасы бойынша — 20 миллион теңгеден аспайды.
Шет мемлекеттерде немесе халықаралық патенттiк ұйымдарда зияткерлiк меншiк объектiсiн патенттеуге арналған инновациялық гранттың игерiлу мерзiмi мен сомасы патенттiк ұйымның талаптарын ескере отырып, нақты инновациялық жобаның ерекшелiктерiне сәйкес айқындалады, бiрақ мыналардан:
1) мерзiмi бойынша — 3 жылдан;
2) сомасы бойынша - 10 миллион теңгеден аспайды.
Инновациялық грант қаражатын оның нысаналы мақсатына сай пайдалану үдерiсiн тиiмдi бақылау мақсатында сенiмгер уәкiл осы есеп нысанына сәйкес нысан бойынша өтiнiм берушi ұсынған аралық есептерге сәйкес iс-шаралардың iске асырылуының тұрақты мониторингiн жүргiзедi. Грант алушы сенiмгер уәкiлге есеп нысанына сәйкес нысан бойынша инновациялық грант туралы шартпен айқындалатын тәртiппен және мерзiмдерде аралық әрi қорытынды есептердi ұсынады. Қорытынды есеп инновациялық грант туралы шартта көзделген барлық iс-шараларды орындау қорытындылары бойынша ұсынылады. Барлық есептер қағаз және электронды тасығыштарда ұсынылады. Сенiмгер уәкiлдiң грант берушiнiң аралық есептерiн қарау мерзiмi бiр айдан, ал қорытынды есебiн қарау - оны берген күнiнен бастап екi айдан аспауы тиiс. Аралық және қорытынды есептердi қарау қорытындылары бойынша сенiмгер уәкiл грант берушiге инновациялық гранттарға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану туралы тұрақты есеп бередi.
Қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, қолданбалы және инновациялық сипаттағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, бастамашылық және тәуекелді зерттеулер бойынша жобалардың бизнес-жоспарының үлгісі [3]: