Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет43/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Қаржылық тәуекелдер

  • Күтілетін қаржы тәуекелдерін сипаттау: қауіп факторлары, ықтимал тәуекелдерді сараптау.

  1. Жобаны басқару құрылымы

  • басқару сызбасы;

  • менеджмент (топ-менеджмент, негізгі қызметкерлер) сипаттамасы;

  • ұйымның ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау.

  1. Әлеуметтік аспектілер

  • Жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігі (ЖЕШ: саны мен біліктілігі, жұмыскерлер: саны мен біліктілігі);

  • Жобаны іске асыру өңірінде талап етілетін жұмыс күшінің бар-жоғы;

  • Жобаның халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, біліктілікті, білімді көрсетуге және т.б. әсері.

  1. Қоршаған ортаны қорғау

  • Жобаның қоршаған орта жағдайына әсері (Жоба технологиясының халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсер етуі бойынша нормативтерге сәйкестігі, қоршаған ортаға қолайсыз әсер ету әсерлерін анықтау);

  • Жоба құнына қоршаған ортаға зиянды әсер етулерді шектеу бойынша іс-шаралармен байланысты шығындарды енгізу;

  • Жоба шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі.



6.3. Зерттеу мен жасап шығарудың басым бағыттарын таңдау
Зерттеулер мен жасап шығарудың басым бағытын таңдау мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты басым ролді ойнайды. Зерттеулер мен жасап шығарудың басым бағыттары ірі салааралық жобаларды игеру және экономианың технологиялық базисінде кардиналды түрде өзгерістерге жағдай жасайтын технологияларды тарату, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламалардың ғылыми-техникалық камтамасыз етліуіне, халықаралық ынтымақтастық түрінде жүзеге асырылады.
Ғылым мен техниканың дамуының басты бағыттары критикалық технологиялар тізімінде нақтыланады. Бұл технологиялар салаарлық сипатта болады және ғылым мен техниканың көп саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатындай маңызы зор. Критикалық технологияларды іріктеу кезінде олардың тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілеттілігіне, өмір сапасына, экологиялық жағдайдың жақсартуына және т.б. деген ықпалын ескереді. Облыс деңгейіндегі ғылым мен техниканың дамуының басым бағыттары және критикалық технологиялар үкіметтік ғылыми-техникалық комиссиямен бекітіледі.
«Елдің 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысы шықты. Бұл жоспар елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамыуының салааралық және Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатына барынша қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ әлемде туындап жатқан жаңа ғылыми білімдер мен технологиялардың негізінде экономикадағы жаңа салаларды дамытуға арналған іргетас қалау үшін экономиканың дәстүрлі салаларын пайдалану үшін бірінші дәрежелі мәнге ие. Соған сәйкес, қазіргі таңда еліміздегі зерттеу мен жасап шығарудың басым бағыты болып үдемелі индустриялық-инновация табылады. Барлық зерттеу лер елімізді индустрияландыруға бағытталады. Себебі еліміздің, ірі индустриялық потенциялы әлі күнге дейін қолданылмаған, ал бұл потенциялды қолдана білген жағдайда еліміз тек шикізат экспортына ғана қарап қалмай, шетелге тұтынушыға дайын өнімдерді шығара алады. Ал бұл экономиалық пайданы анағұрлым жоғарылатады [4].
Қазіргі кезде ҒЗТКЖ-нің барынша көп саны аграрлық-өнеркәсіп кешенінде - 3040, металлургияда - 790 және мұнай-газ саласында - 79. Ал патенттердің абсолюттік саны бойынша басым бағыттарды саралау кезінде мынадай көріністерді байқауға болады: ең үздік нәтижелер агроөнеркәсіп кешенінде (бұдан әрі - АӨК - 221, металлургияда - 77 және ең аз деңгей мұнай-газ өнеркәсібінде - 7. Соған сәйкес қазіргі таңда еліміздегі зерттеулердің негізгі басым бағыты болып: мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия кешені, агроөнеркәсіптік кешені, атом саласы және химия саласы болып табылады.
Қаржылық ресурстарға тоқталатын болса, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы ішкі өнімге пайызбен санағанда зерттеулер мен әзірлемелерге кететін ішкі шығындардын салыстырмалы көрсеткіштері әлемдегі ғылыми-техникалық және технологиялық дамуды бағалау үшін маңызды көрсеткіштердің бірі деп санау қабылданған. Бұл көрсеткіш 2009 жылы АҚШ-та 4,71%-ды, Ресейде 1,07%-ды құраса, Қазақстанда 0,24%-ды құрады. Бұл ретте ғылымды қаржыландырудың маңызды көзі барлық экономикалық дамыған елдерде бюджет қаражаты болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттен бөлінетін қаржыландыру көлемінің ЖІӨ-нің 0,10 %-ы деңгейінде сақталуы (2009 жылғы деректер бойынша) жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейді [4].
Негізгі салаларды таңдау Қазақстан экономикасының ішкі мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда Қазақстан экономикасының жүйе құраушы салалары қазақстандық материалдық және материалдық емес ғылыми-техникалық және технологиялық өніміне тұрақты сұранысын жасау есебінен республиканың технологиялық құзыреттігі өсімінің негізгі ұйтқысы болуы тиіс.
Ғылыми-технологиялық саясат, өз кезегінде перспективалық технологиялық әдіске арналған қажетті ғылыми-технологиялық негіз құруды қоса алғанда, ұлттық экономика үшін жеткілікті түрде технологиялық тәуелсіздікке және бәсекеге қабілеттілікке негізделуі тиіс. Бұдан өзге, ғылым мен технологиялардағы әлемдік үрдістерді, әсіресе соңғы жылдары күшейіп келе жатқан конвергенция мен жаңа технологиялық көріністерді (био, нано, ІТ) және оларды дәстүрлі салаларда ауқымды пайдалануды назардан тыс қалдырмау қажет.
ҮИИДМБ-да бекітілген салалық басымдықтар тізбесі жеткілікті түрде ауқымды болып табылады. Өнеркәсіптің нақты салаларынан басқа, онда биотехнология, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар сияқты дамудың кейбір технологиялық бағыттары да бар. Жоспарды іс жүзінде іске асыру көзқарасы бойынша салалық бағдарламалардың ауқымын тарылтып, өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті салаларының өсімі мен экспортты ұлғайтуға қабілетті ғылыми-технологиялық сипаттағы нақты бағыттарды айқындау қажет.
Жоспар шеңберінде салалық басымдықтарды ашық және негізді айқындау үшін мынадай экономикалық өлшемдерді пайдалану ұсынылады:

  • саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

  • ұлттық экспорттағы үлесі;

  • саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

  • сала дамуының ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті.

ҮИИДМБ-ның (үдемі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы) салалық басымдықтары тізімінде жазылған өлшемдер негізінде Қазақстан Республикасының экономикасына қолданылатын Жоспардың мынадай салалық басымдықтары анықталды:
4-кесте – ҮИИДМБ бойынша ҚР-ның экономикасына қолданылатын салалық басымдылықтар [4].

Сала атауы

ЖІӨ-дегі ұлесі мен өзгеру серпіні

Экспорттағы үлесі мен өзгеру серпіні

Әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі мен өзгеру серпіні

Көмірсутегін өндіру мен оларды қайта өңдеу

2000 ж.- 10%
2009 ж.-15%

2000 ж. - 47%
2009 ж. - 60,7%

2000 ж. - 8%
2009 ж. - 9%

Тау-кен металлургия саласы мен қайта өңдеу

2000 ж.- 9,8%
2009 ж. - 2%

2000 ж. - 29%
2009 ж.-13,3%

2000ж.-1,5%
2009 ж. - 2%

Агроөнеркәсіп кешені

2000 ж. - 8,2%
2009 ж.-6,2%

2000 ж. - 7%
2009 ж. - 3,8%

2000 ж. - 8%
2009 ж.-10%

Жаһандық технологиялық үрдістер көзқарасы бойынша бұл салалар барынша перспективалы болып табылады. Жоспардың негізгі идеясы Қазақстан экономикасын жаңа технологиялық негізде оңалтудың және жаңғыртудың локомотиві ретінде бұл салалардың басымдығын, басым рөлін ескеру болып табылады.
Басым салаларды таңдау кезінде ғылыми әлеуетті айқындау өте маңызды. Мәселен, талдау көрсеткеніндей, тандап алынған салалар бойынша ғылыми базаның айтарлықтай деңгейі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет