Тау-кен металлургия кешеніндегі ғылыми база: Деректерді талдау қазіргі уақытта металлургиядағы ҒЗТКЖ-ның жалпы санынан 65 %-ды 10 ұйымға жатқызуға болатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл топты мыналар бастайды:
олардың жалпы санынан жұмыстардың шамамен 20,7 % орындаған «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы»;
«Әбішев атындағы химия-металлургия институты» - жұмыстардың 12,1%;
«Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті» -ҒЗТКЖ-нің 6,25%;
металлургиядағы ҒЗТКЖ-нің тиісінше 4,7 % және 4,2 %-ын орындаған «Шығыс түсті металдарды ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты» және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты».
Агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми база:Жаңа білім алу, технологияларды әзірлеу және трансферттеу, кадрларды даярлау аясында аграрлық ғылымның қазіргі заманғы жүйесін құру ел экономикасының аграрлық секторын жедел дамытуға және оның бәсекелестік қабілетін арттыруға жәрдем көрсетудің негізі болып табылады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми ұйымдарын біріктіру жолымен АӨК-нің дамуының тиімді бәсекеге қабілетті ғылыми және инновациялық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру мақсатында жарғылық капиталықда мемлекеттің 100% қатысуымен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы құрылды. ҒЗТКЖ нарығындағы және Қазақстанның АӨК-гі «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның ғылыми-техникалық сипаттағы қызметтер үлесі 90% құрайды.
Қазіргі уақытта «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы жүйесінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында 26 филиалы бар 23 ҒЗИ және 14 тәжірибелік-өндірістік шаруашылықгар, Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы, Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы, АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы, сондай-ақ «Асыл-түлік» асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық орталығы» АҚ жұмыс жүргізуде.
Жаңа агротехнологияларды және инновацияларды енгізуге ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін оқыту үшін Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында АӨК-де білім тарату 5 орталық жұмыс істеуде; 2015 жылға дейін осы сияқты 9 орталықтар республиканың басқада өңірлерінде құрылады.
Сонымен қатар, АӨК-нің ғылыми қамтамасыз етуге:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемалырының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны ықпал етеді.
Басқа бағыттар бойынша салыстыратын ғылыми база Қазақстанда жоқ.
Жоспар шеңберінде барлық экономикалық өлшемдерді, салалық басымдықтарды қолдана отырып, ұсынған салаларды талдау негізінде мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп салалары таңдалған болатын.
Соңғы жылдары еліміз космос саласына да айтарлықтай көніл бөле бастады. 2006 жылы «Казсат-1» жер серігі ұшырылды. Ол кепілді 10 жылға дейін қызмет жасайды деген, бірақ 2 жыл ғана жұмыс атқарды. Қазіргі таңда Қазақстан республикасының ұлттық ғарыш агенттігі екінші «Казсат-2» жер серігін ұшыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, қазақстандық екі ғарышкер 2009 жылдың күзінде ғарышқа ұшу үшін барлық оқу-дайындық жұмыстарынан өтіп қойды.
Сайып келгенде, зерттеу мен жасап шығарудың басым бағыттарын негізінен мемлекет анықтайды. Ал бұл басым бағыттар елдің даму бағыты мен экономикалық жағдайына сәйкес келеді.