Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет46/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

6.4. Жобаны басқару
Жобаны басқару күрделі тапсырма болып табылады. Жобаны орындау мақсатымен құрылған жұмысшы топ бар функционалдық бөлімшелермен шешілетін тапсырмаларға қарағанда жаңа тапсырмаларды шешеді.
Жұмысшы топ пен бүкіл ұйымның арасында тұрақты байланыс болады, себебі жобаны орындау бар бөлімшелермен ынтымақтастықпен (бірлесіп) жүзеге асыру керек және нәтиже бар құрылымға интеграциялануы тиіс. Мыс.: ЖОО-на қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу үшін деканаттармен, кафедралармен және басқа бөлімшелермен бірлесіп жүргізілуі керек.
Әдетте жұмысшы топтың әрбір мүшесінің екі жетекшісі болады. Жобаны басқару үшін жетекші бөлінуі мүмкін. Жоба бойынша құрылған топтың құрылымы туындаған жағдайларға тәуелді. Мысалы, егерде жоба осы қиын болмаған жағдайда (өнім модификациясы), онда шектелген жұмысшы тобы құрылады, ал оның құрамына жаңа өнімді өңдеу, өндіріс, маркетинг және қызмет көрсету бөлімдері енеді. Бұндай топ өзіне қатысты бөлім жетекшісіне бағынады.
Ал енді радикалды жаңалық енгізу туралы сөз болса, онда топ құрамына келесілер енуі мүмкін: қызметкерлер нені және қашан орындау керек екенін шешетін техникалық («жұмысшы») жетекші; орындалатын жұмысының сапасына жауапты ғылыми («профессионалды») жетекші; қызметкерлердің жеке қызығушылықтарын қамтамасыз ететін (жалақы және т.б.) ұйымдастырушы жетекші.
Жетекшілер үйлестік (координациялық) топты құрады. Оның міндеттеріне келесілер жатады [1]:

  • жобаның мақсатын айқындау;

  • жұмысшы топтардың жетекшісін тағайындау;

  • жұмысшы топты құру;

  • жоспарларлар мен міндеттерді орнату;

  • жобаның орындалуын бақылау (сапасын, уақыт, шығындар);

  • жалғастыру туралы шешім қабылдау;

  • жұмысшы топты тарату.

Жұмысшы топ жобадағы тек өзіне тиісті тапсырмаларды орындауға жауапты; жоспарлау немесе қадағалау, үйлестік топ пен бүкіл ұйымның жұмыс нәтижесінің есебін құрастыру.
Жұмысшы топқа үміткерлерді іріктеу кезінде келесі критерийлерге жүгінеді:

  • жете білушілік (компетенттілік) және тәжірибе;

  • проблемалы облыстағы арнайы білімнің болуы;

  • жұмысқа тарту мүмкіншілігі;

  • ұйымдағы билігі мен беделі;

  • дау-жанжалдық жағдайларды шеше білу қабілеттілігі немесе іс-әрекеті;

  • іске деген қарым-қатынасы;

  • жеке қызығушылығы мен мотивациясы.

Жоба жетекшісі жұмысты ұйымдастыруда шешуші рольді атқаратынын ескеру керек. Сол себепті ол өзінің жеке қасиеттерімен және өкілеттігімен функционалды бөлімшелердегі жетекшілердің көзінде беделді болуы керек.
Менеджменттің тәжірибесінде жұмысшы топты басқарудың көптеген методикалары қолданылады. Олардың ішінде: жоспарлау (әсіресе бюджетті жоспарлау мен шығындарды бақылау; ақпараттық ағындарды басқару және т.с.с.). Дегенмен, бұл әдістер арнайы жұмысшы топқа арналмаған, олар кез-келген процестерді басқаруға қолданылады. Әмбебап методика ретінде жоба бойынша кеңес (совещание) ұйымдастырып өткізу, шешім қабылдау және т.с.с. процедуралар қолданылады.
Жобаны басқарудағы спецификалық аспаптар (құралдар) ретінде:

  1. жобаны анықтау және мақсаттарды орнату;

  2. аралық кезеңдерді құру (жобаны жеке фазаларға бөлу).

Олар өзара байланысқан және бір бірінен бөлек, нәтижелі жұмыс істей алмайды.
Проблеманы айқын қалыптастыру және мақсаттарды орнату келесілер үшін маңызды:

  • жобаны ұғып түсіну және орындалу кезеңдерін құру;

  • өте маңызды проблемаларды айқындап көрсету;

  • ақпарат алмасудың үлгісін дайындау;

  • күтілген нәтижелерді айқындау;

  • жұмыстың аяқталу кезеңінде ұсыныстарды дайындап құрастыру.

Заманауи менеджментте келесі іспеттес ұрандар қолданылады: Жеті рет өлшеп, бір рет кес! Істемес бұрын, ойлан!
Жобаны орындау кезеңдерінде келесі шешімдер қабылданады:

  • тапсырманы жалғастыру немесе түзету керек екендігі;

  • соңғы кезеңдегі есепке алудың керек емес (не керек) екендігін анықтау;

  • соңғы кезеңді аяқтаудың формасы.

  • Кезеңдерге бөлу жобаның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Көрнекі түде жобаның өту кезеңдері 8-ші суретте көрсетілген.

Жобаның кезеңдерге бөлініуі мұқият ойластырылуы керек. Жобаның жүзеге асырудағы сәтсіздіктердің бірі ол жұмыс тобының ішіндегі ынтымақтастықтың дұрыс ұйымдастырылмауы мен келіспеушілік немесе ұйым мен жұмыс тобының арасындағы түсініспеушіліктен болуы мүмкін.



8-сурет – Жобаның өту кезеңдері [1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет