Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
1.3 Технологиялар мен инновациялар типі Технология - бұл материалдарға, хабарға немесе адамдарға қажетті өзгертулерді жүзеге асыруға арналған жабдықтардың, инфрақұрылым, аспаптардың және оған сәйкес техникалық білімнің квалификациялық дағдылаудың үйлесуі.
Өнімнің тіршілік ету циклын салыстырғанда технологиялардың үш үлгісін айырып көрсетуге болады:
- тұрақты (өнімнің тіршілік ету циклы ішінде технологияның практикалық өзгермеуі);
- жемісті (технология барған сайын неғұрлым жаңа өнімдердің пайда болуына әкеледі, демек, өзара алмастыратын өнімдердің бірнеше тіршілік ету циклында кездеседі);
- құбылмалы (өнім тіршілік ету циклы ішінде өзгеріп отырады);
Төмендегілерді айыра білу қажет:
- өнімдерде және технологиялық процестердегі аса байқалмайтын түр өзгертулер мен инновациялар (мысалы, эстетикалық өзгерулер, яғни түсі және т.б.)
- өнімдердегі шамалы техникалық немесе сыртқы өзгертулер, материалдар мен компоненттердің параметрлеріне, қасиеттеріне және бұйым құнына жеткілікті ықпал ететін және өзгертпей қалдыратын конструктивті атқару;
- өнім номенклатурасын кеңейтуін аталған кәсіпорында бұрын шығарылмаған өндірісті игеруі арқылы, бірақ, ағымдағы сұраныс пен кәсіпорын табыстылығының артуын қанағаттандыру мақсатымен қазіргі уақыттағы белгілі өнімдердің нарығында игеру.
Инновациялардың жаңалығы технологиялық параметрлермен, сонымен қатар нарықтық позициямен бағаланады. Осыны есепке ала отырып инновациялардың таптастыруы құрылады.
Инновация технологиялық параметрінің байланысты өнімдік және процестік болып бөлінеді.
Өнімдік инновациялар құрамына:
Жаңа материалдардың қолдануы,
Жинақтайтын жаңа жартылай фабрикаттардың қолдануы;
Ұстаным бойынша жаңа өнімдерді алу.
Үрдістік инновация жаңа өндірістік әдістерді ұйымдастыруды білдіреді (жаңа технологиялар). Үрдістік инновация кәсіпорын (фирманың) құрамында жаңа ұйымдық құрылымдардың жасалуымен байланысты болуы мүмкін.
Инновация нарығына арналған жаңалық үлгісімен байланысты былай бөлінеді:
Әлемдегі салаларға арналған жаңалық;
Елдегі салаларға арналған жаңалық;
Берілген кәсіпорындарға (кәсіпорындардың топтары) арналған жаңалық.
Егер кәсіпорын (фирманы) жүйені деп қарастыратын болсақ, оны былай ерекшелеуге болады:
1. кәсіпорынға енгізілуші инновация (шикізат, материалдар, көлік және құрал-саймандарды, ақпаратты және т.б. таңдаудағы және қолданудағы өзгерулер);
2. кәсіпорыннан шығарылған инновация (өнім, қызмет, тезнологиялар, ақпарат және т.б.);
3. кәсіпорынның жүйелік құрылымының инновациясы (басқармалық, өндірістік, технологиялық).
Енгізілетін өзгертулердің тереңдігіне байланысты инновацияларды төмендегідей бөледі:
Радикалдар (базалық немесе негізгілері);
Жақсартатындар;
Модификациялық (жекелер).
Аталған инновациялардың түрлері тіршілік ету циклы сатыларының қамту дәрежесімен бір-бірінен айырылады.
Ресейдің жүйелік зерттеулердің ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен (РНИИСИ) кәсіпорын қызметінің сфераларын есепке ала отырып, инновациялардың кеңейтілген классификациясы әзірленді, және онда инновацияларды келесідей бөліп қарастырады:
Технологиялық;
Өндірістік;
Экономикалық;
Саудалық;
Әлеуметтік;
Басқару облысында.
А. И. Пригожин инновациялардың айтарлықтай толық классификациясын ұсынды:
Таралғандығы бойынша: