Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Патенттік жүйе және университеттер Біршама уақытқа дейін классикалық американдық университет жаңа білімдерді құру мен жинақтау функциясын атқарды. Олар қоғамға студенттер мен мамандарды оқыту, мақалалар ман монографияларды жариялау, конференциялар мен семинарлардағы ғылыми дискуссияларға қатысу жолымен берілді. Сонымен бірге, университет құрастыруларының тек қана аз бөлігі өндіріске түсетін. Ғалымдардың зерттеулері мен қатынастары жеке ортада тұйықталғандығы сонша, тіпті ғылыми жетістіктерді «таза ғылымға» айналдырды, ал өнеркісіппен байланыс толық дерлік болмады. Әрине, мұндай жағдайларда университетпен жасалған технологиялар өндеркәсіпке тек кездейсоқ түсуі мүмкін еді.
Қатаң халықаралық бәсекелестік жағдайында өндірістік компаниялардың өміршеңдігі олармен шығарылған ғылыми сыйымды өнім үлесімен анықтала бастағанда жағдай айтарлықтай өзгерді. Дәл осы себеппен фирмалар университеттік құрастыруларды коммерциализациялауды қолдана бастады. 1980-1990жж. 168 университтерді, колледждерді және университеттердің ғылыми орталықтарын енгізетін АҚШ университеттік жүйесі жаңа технологиялардың негізгі жеткізушісі және ірі лицензиарына айналды. Университеттер жүргізетін интенсивті лицензиялық сауда олардың табыстарын айтарлықтай өсіреді.
Дәстүрлі түрде патенттік-лицензиялық жұмысты үш американдық жоғарғы оқу орындары жүргізді. Осылайша, Калифорниялық университет, Массачусестік технологиялық институт және Стэнфордық университетінің үлесіне ¼-тен және 1/3-ке дейін барлық лицензиялар және табыстар келеді. Тек Калифорниялық университетте соңғы 15 жылда (1978-1992) олар 78,3 есе өсті және 1993ж. 44,6 млн.долл. құрады (1978ж. – 0,6млн.долл.). Әрине, бұған айтарлықтай дәрежеде федералды үкімет және университеттердің жеткілікті тиімді патенттік саясаты, сонымен қатар олардың патенттік бөлімдерінің белсенді қызметі әрекеттесті.
Инновацияны нарық талаптарына бейімдеу: Жапондық өндірістік капитал бас кезінен бастап нарықтық стратегияда бағалық бәсекелестікке емес, өнімнің ассортименті, сапасы және жаңарту облысында артықшылықтарға жетуге басымдықты беруге мәжбүр болды. Бұған ол соғыстан кейінгі әлемдік нарық коньюктурасын терең, бөлшектеп зерттеуден кейін келді. Сондықтан барлық күштер ұлттық экономиканың көптеген салаларында жоғары сапалы өнімнің арзан жаппай өндірісін дамытуға шоғырланды. Нәтижесінде Жапония қысқа мерзім ішінде басты өндірістік дамыған державаға айналды. Бүгін мұнда экономиканың барлық дерлік салалары табысты дамуда, бірақ ерекше мәнді жетістіктер автомобиль құрылысында және халықтық тұтыну заттарын өндіретін салаларда, әсіресе электрлік және электрлік тұрмыстық тауарлар өндірісінде байқалады.
Жапондық микроэлектрониканың дамуы бұл саланың АҚШ-ғы әскери бағдарына қарағанда, электрондық тұрмыстық тауарлар өндірісінен басталды. АҚШ экономикасының азаматтық секторы үшін жартылай өткізгіштер өндірісі технологиясының дамуына жете көңіл бөлмеу әлемдік нарықтарда жапондық электрондық тұрмыстық құралдарды тез өткізуге әрекеттесті.
АҚШ фирмалары бұл нарықтарды тастады деуге болады. Ал Жапония тұрмыстық қажеттіліктерге бағдарланған өндіріс үшін жартылай өткізгіштермен мақсаткерлі жұмыс істейді. Жартылай өткізгіштер өндірісінің жапондық өнімінің жартысындай дерлік ұзақ қолданыстағы электронды тауарлар өндірісі үшін бағытталады, АҚШ-та бұл көрсеткіш 15-20, Батыс Еуропада – 30%.