Ғылыми зерттеу мақсатында пайдаланатын жабдықтардың кейбір түрлерін күнделікті шығын көзіне жатқызу.
Тапқан пайдаға салық салынбайтын арнайы қорлар құру.
Шағын инвестициялық мекемелерге салықты төмендеткен ставкаға сәйкес салу.
Негізгі құйылған қаражаттарға салықтық жеңілдіктер жиі инвестициялық салықтық несие түрінде көрсетіледі. Заң бойынша мұндай жеңілдік жаңа техниканың, жабдықтардың, технологиялардың т.б.енгізу өз инвестицияларын жұмсайтын компанияларға беріледі.
Компанияның табысына деген есептелген салықтан бұл қаражат сомасы алынып тасталады.
Жаңа техника қолданысқа кірген кезден ғана бастап инвестициялық салықтық жеңілдік беріледі. Салықтық жеңілдік алу құқығына компания автоматты түрде ие болады, оны дәлелдеп, негіздеп қажеті жоқ, өйткені ол заңды түрде бекітілген.
Жеңілдік мөлшерін енгізіп жатқан техниканың құнының пайызы мөлшерінже анықтайды: Жапонияда (электронды техника мен жабдық)53%, Ұлыбританияда 50% (жаңа техника, технология және материалдарды бірінші жыл пайдалану кезінде), Канадада10- 15% (компанияның орналасқан территориясына байланысты - елдің меңгерілген немесе меңгерілмеген аймағы), және Ирландияда - 100%. АҚШ-та инвестициялық салықтық жеңілдік тек энергетика жабдықтарына байланысты қолданылады. Шет елдерде жаңа ғылыми жобалауларға деген жеңілдіктер теккомпаниялардың сол мақсатқажұмсалған қаражатына ғана беріледі. Салықтық жеңілдіктің екі түрі болады, жалпы көлемді және өсімді. Түрлеріне 100% салық енгізді, өйткені Жапониядан әкелінетін электрондық өнімдер осы тауардың америкалық экспортталынғанынан 16% ға асып кеткен.
Францияда инновацияларды экспортқа шығару ісін ынталандыратын әдіс- тәсілдер қолданылады. Шет елдерде бөлімшелер ашып, тәуекелге баратын фирмалар 6 жыл ішінде салықтық жеңілдіктерге ие болады.
Сонымен, шет елдік тәжірибе ұлттық мүддені қорғау мақсатында инновациялық іс-шараларға түрлі қолдау шаралары қолданылатын және үкімет тарапынан реттелетінін көрсетеді.