«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» Аналитический интернет-журнал Власть


Шетел әдебиетімен шұғылданатын маман екеніңіз белгілі. Мұның отарсыздану



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.11.2023
өлшемі5,66 Mb.
#191007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть

Шетел әдебиетімен шұғылданатын маман екеніңіз белгілі. Мұның отарсыздану
тақырыбына келуіңізге әсері болды ма?
Бұл ұзақ жол. Менің кандидаттық диссертациям Мария Эжуорттың (1767-1849)
ирландиялық романдарына қатысты болды. 1800 жылы Ұлыбритания және Ирландия
Біріккен Корольдігі одақ туралы актіге қол қойылды. Ғасырлар бойғы отарлаудан кейін
Ирландия осы акт арқылы саяси тәуелсіздігінен де ресми бас тартты. Эжуорт отарланған
Ирландияда болып жатқан процестерді сипаттады.
Әрине, мен Ирландияның осы кезеңдегі тарихын зерттедім және отарланған Қазақстанмен
көп ұқсастық көрдім. Атап айтқанда, өз тілінде оқытуға тыйым салу, 1845-1849 жылдардағы
алапат ашаршылық, зиялы, көзі ашық ирландтардың ұлттық тарихты, мәдениетті, тілді,


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
5/15
бірегейлікті және тағы басқасын сақтау үшін күресін көрдім. Параллельдер айқын. Бәрі
содан басталды.
Отарлау дәуірі аяқталса да, «постколониализм» сөзі оғаш естіледі, өйткені отарлау мен
отарлық жады дүниені түсінуімізге әсер етіп жатыр. Постотар әлемде неоколониялар
да бар. Қазақстандағы отарсызданудың қазіргі кезеңін қалай сипаттар едіңіз?
Бұл анықтамалар әртүрлі ұғым мен кезеңді білдіреді. Отаршылдық бәріне түсінікті, бірақ
қоғамда кеңестік кезең отарлық болып есептеле ме деген сұрақ әлі де бар. Халықтың бәрі
кеңестік кезеңді Қазақстанның патшалық отарлауының жалғасы ретінде қабылдауға әлі
дайын емес. Логикалық тұрғыдан постотар кезең отарлау аяқталған соң туады. Алайда бұл
жерде «Отарлау қашан аяқталады?» дейтін негізгі мәселе туындайды. Ел тәуелсіздік
жариялаған қандай да бір нақты күні ме? Постотар кезең сол кезде бастала ма? Менің
ойымша, біз постотар кезеңге отарлаудың проблемаларын, зардабын, жарасын
зерттегенде; отаршылдықтың салдарын еңсеріп, қайта туғанда; тәуелсіздігіміздің айқын
нышанын тапқанда ғана аяқ басамыз.
Айнаш Мұстояпова (Керней)


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
6/15
Отарлау мен елдің постотар даму кезеңіне дейін отарсыздану процесінің белгілі кезеңі өтуі
керек. Біз бұл жолдан әлі өткен жоқпыз. Біз отарсыздану жолындамыз және постотар
Қазақстан туралы айтуға әлі ертерек, өйткені біз бұрынғы метрополияға әлі де тәуелдіміз.
Ақпараттық, идеологиялық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет бола алмадық. Отарсызданудың
қай сатысында екенімізді анықтау қиын, өйткені әлеуметтік өлшемдер жоқ, бізде
Қазақстанды отарсыздану жөніндегі мемлекеттік саясат жоқ. Біз жеке салаларды алып,
отарсыздану дәрежесін немесе кезеңін анықтай аламыз.
Отарсыздану деген міндетті түрде отарсызданған идеяларды
қайта тарату деген сөз емес, бұл Қазақстанның шынымен
тәуелсіз болуына жол сілтейтін ұсыныстар мен әрекеттер
болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет