Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»



Дата31.12.2019
өлшемі50,35 Kb.
#54252

Алма Қыраубайқызының «Сенім» авторлық бағдарламасы



Автордан

Қазіргі қазақ баласының бойындағы бір кемшілігі – өзіне сенімсіздік, жасықтық мінез. Баяғы Қазтуған мен Шалкиіз заманындағы қазақ мінезінен «Буыршынның бұта шайнар азуы» деп сезінген өрлік пен өр рухты көреміз. Сенімсіздікті қалыптастырған екі ғасырлық құлдық психология мен әміршіл жүйе болатын. Енді дәстүрлі қазақы тәрбиеміздің өміршең үрдістерін қазіргі заман ағымына үйлестіре алмай жатырмыз. Дәстүр құндылығы бір басқа да, уақыт құндылығы бір басқа. Бала санасында қазіргі қазақ азаматының рухани моделі қалыптаспағандықтан, сенімсіздік комплексіне ұшырайды.

Ал өзге тілде тәрие алған балада ұлттық мәдениетін білмеуден туған сенімсіздік бар. Сондықтан, ендігі тәрбиенің алдында тұрған зәру мәселе – қазіргі қазақ азаматының мінезін қалыптастыру. Өркениет әлеміне Қазақ құбылысы болып кіретін азамат дайындау. Ол, ең әуелі, өзіне сенімді адам. Өркениет әлеміне шығуға дайын адам ғана өзіне сенімді бола алады. Біздің бағдарламамыз хал-қадарынша осы мақсатқа қызмет етеді.

Бұл бағдарлама бойынша тәрбие ұлттық негізде жүреді. Ұлт ретінде қалыптастырған жақсы қасиеттерімізді сіңіріп, оны заманға қарай дамыту. Бірақ ұлттық шеңберден қамал соғып алып, өркениет жаққа қарай жасқана көз салғаннан гөрі, көтеріле түсіп, әлемдік деңгейден ұлтымызға көз салуымыз жөн дейміз.

Мектебіміздің оқытудағы ескі авторитарлық қалыптардан шығатын да кезі келген секілді. Ол үшін мектептің ішкі жүйесі мен мазмұны өктем қатынастарды қажет етпейтіндей болып құрылуы керек. Сонда нағыз еңбекқор мұғалімнің жұмысы жарқырай түспек.

Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін».

«Мектептің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі – баланың ықыласы» деп білеміз. Шәкір пен ұстаз арасындағы қарым-қатынас адамгершілікке құрылады.

«Сенім» бағдарламасы бойынша мұғалімге көзқарас.

Мұғалім тергеуші емес, үйретуші. Тәртіпке салып қоюшы емес, рухани өсіруші. Баланы қызықтыру арқылы ерте білетін адам балаға нені үйреткісі келсе, соны өзі көрсетеді. Баланың қазақ деген ұлы халықтың ұрпағы екеніне, қазақ жерінде тұратындығына мақтаныш сезімін қалыптастыру – мұғалімнің абыройлы ісі.

Шәкірттің ой-өрісі мен сезімін тәрбиелеуде ертегі-аңыз, ән-күй, хаттың рөліне үлкен мән беріледі:



  • ертегі-аңыздарды толассыз құлаққа құйып отыратын арнайы сабақтар болады: «Тілашар», «Елтану», грек-рим мифологиясы, қазақ аңыздары, ұлы адамдар өмірі;

  • сабақ, үзілісте ән-күй, жыр, әлемдік музыка кеңінен қолданылады;

  • ұстаз бен шәкірт арасында «Үшбу хат» жазылады.

Тәрбиенің негізі үш саладан тұрады:

  1. Еңбекке үйрету

  2. Жауапкершілікке үйрену

  3. Ой-қиялын шарықтату

Адамның бүкіл өмірі – еңбектену. Тіпті демалғанда да еңбектенеді. Алдағы еңбекке күш жинау үшін еңбектенеді. Баланы еңбектенуге үйрету – тәрбиенің өзегі. Бағдарламадағы рейтинг жүйесі осыны көздейді. Қазіргі бағамыз бала еңбегін толық бағалай алмайды деген ойдамыз. Ол алға ұмтылдырудан гөрі, сын мен қорқыныш таразысына салады.
Бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мектептің мақсаты:

  • Баланы жасытпай оқыту, бұйығылықтан құтқару, сенімсіздік комплекстерін жою;

  • Адамның ішкі еркіндігі мен әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту;

  • Мектеп ішіндегі өміршілдік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдану;

  • Саясаттандыруға ұмтылмайтын, мәңгілік құндылықтарды меңгеруге тәрбиелейтін мектеп.


Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

  • Мемлекеттік базалық білім мазмұнын беру;

  • Культурологиялық бағыттағы пәндерді тереңдете оқыту.


Қазақ және әлем мәдениеті

  • Шәкірттің өз идентативін дамытуына жағдай жасау;

  • Ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту;

  • Белсенді қызығуын дамыту.

Жан тәрбиесі

  • Баланың өзіндік «Мен»ін анықтауына көмектесу;

  • Қарым-қатынас мәдениетіне үйрету;

  • Кісілік, парасаттылық;

  • Жан-жақтылыққа;

  • Салауатты өмірге;

  • Имандылыққа тәрбиелеу;

  • Дене мәдениеті – жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылады.


Баланы сенімсіздік комплекстерінен шығару құралдары
Хат жазысу. Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады.

Практикалық бейнелеу сабақтары сандық түсініктен – сапалы түсінікке әкеледі. Көркем өнерге, шығармашылыққа тәрбиелейді. Көркем бейнелер арқылы оқыту бала қиялын дамытады. Жан сезіміне әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән мұғалімі, драма жетекшісі, музыка, қолөнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері бірдей қатысады.

Музыка – мектеп өмірінде мәнге ие. Үзіліс, практикалық-бейнелеу сабақтары, жалпы сабақтар музыкамен тығыз байланыста болады. Баланың ашылуына көмектеседі.

Мектепбала шығармашылығын дәріптейді. Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылығы көп алдында күнделікті шығарылып отырады.

Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін үйрету. Пікірталастар, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстар қорғау – негізгі мәнге ие. Әдеп сабағы да осы мақсатқа қызмет етеді.



Шығармашылық және «Би мәдениеті» кештерінде баланың өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап үйренуіне қолайлы орта жасалады.

Киіну мәдениетін қалыптастыру. Талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі.

Ырғақ, дене мәдениеті, би мәдениеті сабақтары баланың денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жою.

Бала және табиғат

Жекелеген сабақтардың табиғат ортасында өтуі жоспарланады. Бір күні түгелімен табиғат аясында өтетін «Көшпелі сабақтар» болады. Мектеп ауласы тек үзілісте уақыт өткізетін орын ғана емес, баланың табиғатпен араласуына қызмет ететін орын. Аула – шағын өсімдіктер және хайуанаттар әлемінің рөлін атқарады.



Баланың «мен»-ін сыйлау

Баланың өзін-өзі тани білуіне көмектесу және ішкі «мен»-іне құрметпен қарау – міндет. Шәкіртпен қарым-қатынастағы сыйластық сөздер: мырза, бикеш. Мысалы: Айдар мырза, Ләйла бикеш. Ұстаздарға: бике, бибі, мырза. Мысалы: Болат мырза, Сәуле бикеш, Алма бибі.



Топтық басқару

Онда әртүрлі жастағы шәкірттер қызығуы, психологиялық сыйымдылығы, мінез ерекшеліктеріне қарай бөлініп, аға-інілік қарым-қатынаспен жұмыс істейді. Бұл ұялшақ, әлсіз балалардың өзін сенімді сезінуіне көмектеседі. Басқаруға, маңындағы жасы кішілермен санасуға үлкенге – құрмет, кішіге – ізет мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Топтағы балалар белгілі бір мерзімде орын ауысып отырады. Субъективті қатынастарға көп мән беріледі.


Мектеп – тәрбиелі отбасының үлкейген моделі

Мектеп ішінде тәрбиелі отбасындағы қатынастар моделі жасалады. Отбасының тәжірибелі басшысы бар. Отбасы сол басшылыққа жүгінеді. Сыйластықты, жылы ұя. Ұяның әр мүшесі өз жұмысын біледі. Әрқайсысы отбасының тыныштығын сақтауға мүдделі болады.



Бала еңбегінің бағалануы

Бала еңбегін бағалауға рейтинг жүйесі қолданылады. Ол демократиялық қатынастарды орнатуға қызмет етеді. Мақсаты: бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Рейтинг жүйесі бойынша:



  1. сабаққа қатысуы; 2) даярлығы; 3) тапсырманы орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы.

«Екі» деген баға болмайды. (Бірінші қосымшаға назар аударыңыз)

Үш сатылы бағдарлама

Шәкірттердің білімді меңгеру мүмкіндігіне қарай үш сатылы бағдарлама жасалады.

1) Базалық білім бағдарламасы. 2) Жоғары бағдарлама. 3) Өте жоғары бағдарлама.

Еңбектену арқылы жоғары өрлеу перспективасы ашық.



Мұғалімнің жұмыс нәтижесі

Шәкірттің:



  • өзін еркін сезінуі;

  • сабаққа қызығуы;

  • білімі;

  • жоғары және өте жоғары бағдарламаны меңгерген оқушылардың көп болуы, олармен:

  • адамшылық қарым-қатынасы;

  • мәдениеттілігімен бағаланады.


Мұғалімге қажетті қасиеттер:

  • жылылық;

  • түсінгіштік;

  • сезімталдық;

  • кең ойлай алуы;

  • баланы шабыттандыра білуі;

  • балаға адам ретінде қадірлі болуы;

  • сабағының қызықты әрі пайдалы болуы;

  • шығармашылық ізденісі.


Мұғалімнің түпкі мұраты: баланың рухани өсуіне басшылық жасау. Рухани өсіру дегеніміз:

  • кісілік қасиетін дамыту;

  • шығармашылық қабілетін дамыту;

  • дүниетанымын кеңейту.


Мүғалім еңбегінің саралануы

Әр тоқсан сайын шәкірттерге сауалнамалар беріліп, қорытындыланып отырады. (Екінші қосымшаны қараңыз)

Мұғалім келісім-шарт арқылы қабылданады.

Келісім-шарт бір, үш, бес және одан ары қарайғы уақытқа жасалады. Қабылдау кезінде ауызша және жазбаша сауалнамалар қолданылады. (Үшінші қосымшаны қараңыз)


Жиырма тоқтам

Мектепке қабылданған мұғалімге жиырма тоқтамнан тұратын нұсқау беріледі. (Төртінші қосымшаны қараңыз)


Мұғалімнің сабақты жоспарлауы

Күнтізбе жоспары ғана талап етіледі. Күнбе-күнгі сабақ жоспары міндетті емес. Шығармашылық ізденісіне жол беріледі.


Адамгершілік қарым-қатынас – мектеп өмірінің өзегі

Мектеп басшылығы мен ұстаздар арасында және ұстаз бен шәкірт арасында адамгершілік қатынас, түсіністік, мәдениетті орта жасалады. Әміршілдік пен өктемдікке қажеттілік жойылады.


Әр жылдықтағы шәкірт саны 15-20-дан аспайды

Бастауыштағы сабақтың 30 минуттан болу мүмкіндігі қарастырылады.



Қазақ және әлем мәдениетін тереңдете оқыту І – XІ жылдық дәстүрлі емес және тереңдетілген сабақтар.

«Әлем және мен» бағдарламасы (бастауышта).

Мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, заман және тарих ұғымын қалыптастыру, ел-жер-әлем-ондағы өз орнын белгілеу. Білу мен сенімділік жан дүниесін жасауға арналады. Төрт бағдарламаның басын біріктіреді:

Тілашар.


Елтану.

Әлемтану.

Әдеп.

«Тілашар»: 1-2 жылдықтарда ертегі, мысалдар, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер. 3-4 жылдықтарда – аңыздар, Құран сүрелері арқылы ақылақ, әлеуметтік қарым-қатынас, жауыздық пен әділет ұғымы қалыптасады.



Бұл ұғымдар 5-6 жылдықтарда Грек-Рим, Шығыс мифологиясын оқыту және одан жоғары жылдықтарда ұлы адамдар өмірінен алынған хикаялармен таныстыру арқылы жалғасады.

«Елтану» - қазақ тарихының әліппесі

«Әлемтану» - дүние-жаратылыс әліппесі

«Әдеп» - ақылақ әліппесі. Адамдармен қарым-қатынас, ортадағы өз орнын белгілеудің алғышарттары.

Бастауыш сынып баласы білгеніне ғана емес, қолынан не нәрсе келгеніне қуанады. Сол себептен «Тілашар» сабағындағы сюжеттер интеграция арқылы сурет, қолөнер, театр сабақтарымен бірге жүреді. Образдың суретін салып, қолымен жасап, ойнап көрсетеді. Осы практикалық бейнелеу сабағында әр жеке тұлға өз дәрежесінде нәтижелерге жетуі керек.

«Ислам мәдениеті». Ислам дінін үлкен мәдениеттің көрінісі ретінде таныту. Ислам тарихымен, пайғамбарлар өміріне қатысты аңыздармен таныстыру. Құран сүрелерін талдау. Мұсылманның қырық парызын үйрету. Жекелеген сүрелерінің мән-мағынасын түсіндіре жаттау. Ислам дінін имандылыққа тәрбиелеудің жолы ретінде оқыту.



«Ежелгі қазақ мәдениеті»:

Ежелгі тарих және дүниетанымы.

Ежелгі әдебиеті.

Ежелгі жазулары (орхон-араб жазуы)

«Ежелгі қазақ әдебиеті» - біздің заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн, үйсін, көк түріктер, Түрік қағанаты, Оғыз, Қарахан, Алтын Орда мемлекеттері тұсындағы әдеби ескерткіштерді оқытады.. Текст – мәтінмен таныстырады.

«Шығыс мәдениеті». Бұл сабақта Қытай, Иран, Араб, Жапон және Үнді елдерінің мәдениетімен танысады. Қазақ мәдениетімен сабақтастықта қарастырады.

«Европа мәдениеті».

«Славьян мәдениеті»

«Ағылшын-Аамерика мәдениеті»

«ГРЕКИЯ МӘДЕНИЕТІ»

«СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ». Бұл сабақтың мақсаты – шәкіртті тартымды сөйлеуге үйрету.

«ӘДЕП» сабағы І-XІ жылдықтар арасын түгел қамтиды.

ӘДЕП ӘЛІППЕСІ (1-4).

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕБІ (5-7).

ҚАЗІРГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ (8).

«ҰЛ-ҚЫЗ ӘДЕБІ». 9 ЖЫЛДЫҚ. (ҰЛ-ҚЫЗ БӨЛЕК ОҚЫТЫЛАДЫ.)

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ. (10)

ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІ. (11)

Заң негіздері және қазақ заңдары.

«Қолөнері»: ҰЛ САБАҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЗ САБАҒЫ.

Сабақтың мақсаты – болашақ өмірге қажетті дағдыларды үйрету. Ұл дағдысы отбасындағы ер адамға жүктелетін жұмыстарды үйретуге негізделсе, қыз бала үй шаруасына қатысты еңбек дағдысын біледі. Қыз балаға көзқарас: оған қайраткер дайындау тұрғысынан емес, болашақ Ана ретінде қарау.



Бейіміне қарай оқыту

Шәкірттер жоғары жылдықта бейім-қабілетіне, қызығуына қарай бөлініп, жеке пәндерді тереңдей оқиды:

Қазақ тілі мен әдебиеті-тарих-география (Филология, журналистика, шығыстану мамандықтары бойынша).

Тарих-қазақ тілі мен әдебиеті-география (Заң, шығыстану, тарих-философия мамандықтары бойынша).

Ағылшын тілі-тарих-қазақ тілі мен әдебиеті-география (халықаралық қатынас, халықаралық заң, халықаралық журналистика мамандығы бойынша).

«ӨНЕР»: саз өнері

Драма-Кино

Қолөнер суреті (Актерлық, әнші-күйшілік, суретші, қолөнер мамандықтары бойынша).

Спорт түрлері.

«АЛҒАДАЙ» ТОБЫ

Ата-анасы жоқ балалардан іріктеліп алынады. Қазақ және шығыс жекпе-жегінің философиясы мен техникасын үйретеді. Дене тәрбиесі мен жан тәрбиесі жалпы МӘДЕНИЕТ тәрбиесінің компоненттері ретінде ұйымдастырылады.
Дәстүрлі емес және тереңдетілген сабақтардың сыйымдылығы

Бастауышта сағатты толық жүктемеге дейін жеткізу және сабақты 30 минуттан жүргізу арқылы үнемделген 15 минуттардың есебінен сыйысады. Жоғары және орта буында факультатив есебінен және сағат санын толық жүктемеге дейін жеткізу арқылы сыйысады.

Ең негізгісі – сабақта жанға жайлы орта жасау. Шаршатпауда. Сабақтың қызықтылығы мен пайдалылығын арттыруда.
Шәкірт


  • Өзіне сенімді адам. Сенімді адам: еңбектенуге үйренген, білім ізденудің жолын білетін адам.

  • Өзін ортада ұстай білетін, пікірін мәдениетті айта білетін адам.

  • Өз елі туралы мақтаныш сезімі қалыптасқан адам.

  • Өрелі, мәдениетті адам.

  • Адамға құрмет сезімі қалыптасқан, адамдардың тумысында әр түрлі екенін мойындайтын және сыйлайтын адам.

БІРІНШІ ҚОСЫМША



Рейтинг схемасы

Шәкірттің аты-жөні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

1. Алмас мырза

4

1

2

5

5

1

18

2. Сәуле бикеш

К

1

1

3

4

1

10

3. Сабыр мырза

4

1

-

-

-

1

6




  1. Сабаққа қатысы 2. Даярлығы 3. Үй тапсырмасын орындауы. Жақсы еңбектенген оқушы бір күнде әр сабақтан 18 балға дейін жинайды. Тоқсанның соңында көркем әдебиет оқығаны үшін қосымша балл беріледі.

«К» - «кешікті» деген белгі. Сабаққа келмесе, «жоқ» немесе «сырқат» деген белгілер қойылады.

Тапсырманы жартылай орындаса, 1 балл ғана қойылады.

Даярлығы. Жинаған балын ата-анасына көрсетіп, күнделікке қол қойдырып келуі, керекті құрал-жабдықтарының болуы.

Рейтинг қорытындысы екі немесе үш апта сайын шығарылып, бағаға айналады. Ең жоғары балдың жартысынан төмен балл алған жағдайда баға шығарылмайды. Тапсыра алмаған болып есептеледі. Балын толықтыру үшін «минус» тұрған тақырыптарын ізінше тапсыруға өзіндік жұмыс жасап, балл жинауға толық мүмкіндік беріледі. Әр екі-үш аптаның қорытынды бағасынан тоқсандық баға шығады.

«5»-тен басқа бағалар қарындашпен қойылады. Оны шәкірт тоқсан аралығындағы кез келген уақытта жөндеуге құқы бар.

Баға жаза ретінде қойылмайды, баланың еңбектенуінің көрінісі ғана.

Журнал бетінде «минустың» аз болуы мұғалімнің шәкірттерімен жеткілікті жұмыс істеуінің көрсеткіші болып есептеледі.

Шәкірттің сабаққа келмеуі себепті болса да, балл қосылмайды. Тоқсан соңында сынақ апталығы болып, қосымша балл жинауға мүмкіндік беріледі. Жылына екі немесе үш рет емтихандар қоюға да болады. Ол баланың білімін жинақтауға өзін жақсы жағынан көрсетуіне көмектесу мақсатында ұйымдастырылады. Емтихандарды сынақты тест түрінде де, әңгімелесу түрінде де алуға болады.


ЕКІНШІ ҚОСЫМША

Шәкірттерге арналған сауалдама

№1. Сізді қай сабақтардың оқыту тәсілі қызықтырады? (Тұсына «+» таңбасын қойыңыз.)

№2. Қай сабақтарда дұрыс бағаланбай қаламын деп қорықпайсыз?

№3. Қай сабақтарда мұғалімнен қорықпай сұрақ қоя аласыз?

№4. Сізді қай сабақтардың мұғалімі түсіне біледі деп ойлайсыз?

№5. Қай сабақтарда уақытыңыз пайдалы әрі қызықты өтеді деп ойлайсыз?

№6. Қай сабақтар көп бола берсе деп ойлайсыз?

№7. Сіздің ең жақсы көретін сабағыңыз?




Пәндердің аты

1

2

3

4

5

6

7

  1. Қазақ тілі

  2. Қазақ әдебиеті

  3. Ислам мәдениеті





















ҮШІНШІ ҚОСЫМША



  1. Аты-жөніңіз?

  2. Мұғалімдік стажыңыз?

  3. Мамандығыңыз қандай? Қай оқу орнын, қай жылы бітірдіңіз?

  4. Тәрбиелеу дегенді қалай түсінесіз:

  • тәртіпке салу,

  • қатал талап қою,

  • т.б.

  1. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау деген не?

  2. Баланы рухани өсіру үшін мұғалім не істеу керек?

  3. Сіздіңше ең жақсы мұғалім кім:

  • өз пәні бойынша ақпаратты жақсы айтып беруші мұғалім;

  • дайын әдістемелерге сүйеніп, сабақты өткізе алушы мұғалім;

  • әртістік қабілетті пайдаланушы мұғалім;

  • рухтандырушы мұғалім;

  • тағы кім?

Таңдауыңызды дәлелдей кетсеңіз.

  • Қатал мұғалім жақсы мұғалім бе?

  1. Өз сабағыңызды өнермен байланыстыру қажет деп есептейсіз бе? (Иә, жоқ, себебі?)

  2. Бала не себептен тентек болады деп ойлайсыз? Тентек бала неліктен жаман бала?

  3. Сабақ үстінде баланың тыныш отырмауы неліктен? Қалай тыныш ұстауға болады?

  4. Мұғалімге қандай қасиет керек деп ойлайсыз?

  5. Өзіңізде қайсысы бар деп ойлайсыз?

  6. Қандай өнеріңіз бар?

  7. Қандай шығармашылық еңбектеріңіз бар? (Басылғаны немесе қолжазба күйіндегісі)

  8. Өз сабағыңызда қолданып жүрген қандай қызықты әдіс-тәсілдеріңіз бар?

  9. Ішімдікке көзқарасыңыз?

  10. Қандай ортада жұмыс істегіңіз келеді?

ТӨРТІНШІ ҚОСЫМША



Жиырма тоқтам

  • Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.

  • Баға құнды емес, бала құнды.

  • Ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: Ол – адамды жасаушы адам.

  • Сабақ – ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы.

  • Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.

  • Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

  • Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға білсін.

  • Әр баланың өмір тіршілігі - өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара: сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағына қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.

  • Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.

  • Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

  • Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.

  • Баланы таң қалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады».

  • Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң ықыласын өлтіресің. Жеңісін ізде.

  • Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.

  • Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа.

  • Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.

  • Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.

  • Импровизация – сабақтың жаны.

  • Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.

  • Әр бала- табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала – Ханзада және Ханша

БЕСІНШІ-СЕГІЗІНШІ ҚОСЫМШАЛАР


«Әлем және мен»

(Бастауышқа арналған бағдарлама)

«ТІЛАШАР»
Бірінші жылдық

«Ай көрдім, аман көрдім». Жаңа ай туғанда айтылатын тілек өлеңінің мағынасы. Жаңа ай. Жарты ай. Толған ай. Қырынан, шалқасынан, етпетінен туған айдың мәнісі.

Жаңа киім кигенде не айтамыз?

«Дастарханың тоқ болсын!». Бата үйрету.

Бейсенбі-жұма - әруақтарды еске алатын күн. Құран оқудың мәнісі. «Ықылас» сүресін үйрену.

Кім қалай дауыстайды? Аңдар мен құстардың дауысын ажырату. Наурызға тілек. «Наурыз» жырын үйрену.

Жарапазан айтамын. «Жарапазан» үйрену.

Жаңа сөздер үйрену: Киіз үй. Шаңырақ. Уық, Білезік. Бөрік.

Сырға. Шолпы. Алқа. Сақина.

Бес қару. Жақ-садақ. Айбалта. Найза. Шоқпар. Дойыр қамшы. Дулыға.

Балпанақ қайда өмір сүреді? Балпанаққа байланысты сөздер. Жұмбақтар үйрену.

Жаңылтпаштар үйрену.

Мақал-мәтелдер үйрену.

Ертегілер: «Мысық пен ит неге араз?»

Не дәмді? «Не дәмді?» ертегісі бойынша.

Жалқау түлкі. «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі бойынша. Менің қойым ақылды. «Қой мен қасқыр» ертегісі. Әтеш неге шақыра береді? «Әтеш пен тоты» ертегісі. «Айлакер қоян» ертегісі.

Арыстан мен маймылды қорқытқан түлкі. «Арыстан» ертегісі. Көкек неге ұя салмайды? Еріншек көкек. «Сауысқан мен көкек» ертегісі бойынша.

Ең үлкен алып кім? «Жеті алып» ертегісі бойынша.

Ойдан ертегі шығарамын. «Менің ертегім» (Шәкірт шығармашылығы).
Екінші жылдық

Бата – тілек үйрену.

Құран оқуды үйрену. «Фатиха» сүресі.

Құлаққа су кіргенде не айтады?

Күн шыққанда не айтады?

Малды қалай шақырады? Малдың төлін қалай айтады? Оған байланысты өлеңдер.

Жаңа сөздер үйрену: Жеті ата, оны талдау.

Құстар, аңдар: Лашын. Тұрымтай. Ұлар. Керік. Қолтырауын т.б.

Үй жануарларының аттары: Құлыншақ. Бие. Тұлпар. Сәйгүлік. Буыршын. Атан т.б.

Жұмбақ үйрену.

Жаңылтпаш үйрену.

Мақал-мәтел үйрену.

Ертегілер: Түлкі, қараторғай және қарға».

Үш жалқаудың оқиғасы. «Үш жалқау» ертегісі бойынша.

Торғайдың екі өсиеті. «Торғай мен адам» ертегісі. Аңқау есек. Мұсылман аңызы бойынша.

Кірпі шешеннің оқиғасы. «Кірпі шешен» ертегісі.

Бес ешкі қасқырдан қалай құтылды? «Бес ешкі» ертегісі.

Алдар Көсе әңгімелерімен таныстыру.

«Түлкіден өткен қу қаз» ертегісі.

«Бұлдыр мерген» ертегісі.

«Бөгелек» ертегісі.

«Сүлеймен патша мен байғыз» ертегісі.

Абай ата туралы әңгімелеу. Өлеңдерін жаттау.

Жамбыл ата туралы әңгімелеу. Өлеңдерінен үзінді жаттау.

Қорқыт ата қобызының сыры.

Қорқыт ата әңгімелері: «Төбекөзді өлтірген Бисат батыр».


Үшінші жылдық

Қорқыт ата өлімді қалай жеңді? Қорқыт ата пен Әзірейілдің оқиғасы.

«Зергердің Әзірейілді алдағаны». Аңыз.

Қасиетті көк бөрі. «Көк бөрі» аңызы.

Оғыз батыр. Аю кеуделі, бұлғын жауырынды бала. Қатпен соғысы. Оқу іздеген бала. Әл-Фарабидің Бағдадқа сапары.

Түркістанда – Қожа-Ахмет Иассауи баба.

Айла мен адалдық. Лұқпан хакімнің әңгімесі.

Саран мырзалар. Мұсылман аңызы.

Асан ата желмаяға мініп не іздеді?

Қожанасыр айтыпты...

Абай ата айтыпты: Аристотель мен Ескендір оқиғасы.

Жамбылдың жолбарысы.

Шахерезада «Мың бір түн» кейіпкерлерімен танысу.

Қаңғыбас Сандыбадтың оқиғасы. «Мың бір түн» кітабынан.

Мұхаммед пайғамбар. Таныстыру.

Мұсылманның бес парызы.

Ойдан ертегі шығарамын. (Шәкірт шығармашылығы).

Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар.


Төртінші жылдық

Құран Кәріммен таныстыру. Құран оқиғалары.

Жиренше шешен аңыздары.

Қожанасыр айтыпты...

Домалақ ене аңызы.

Ертегілер: «Алтын сақа».

«Ер Төстік» ертегісі.

Самұрық құс пен Залдың оқиғасы. «Шаһнамадан».

Зохках қалай жылан патша болды? «Шаһнама» оқиғасы.

Қобыланды батырдың Тайбурылы.

Алпамыс пен Қаражан батырдың достығы.

Мұңлық пен Зарлықтың оқиғасы.

Бұхар жырау айтыпты. Толғауларынан үзінді жаттау.

Махамбет айтыпты. Толғауынан үзінді жаттау.

Абай ата айтыпты. Өлеңін жаттау.

Ыбырай Алтынсарин кім? Өлең-әңгімесімен таныстыру.

Сұлтанмахмұт кім? Өлең-әңгімесімен таныстыру.

Ахмет Байтұрсынов кім? Өлеңінен үзінді жаттау.

Ақ кемені іздеген бала. Ш. Айтматовтың «Ақ кемесі» бойынша.

Құрмаш пен Көксерек оқиғасы. М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі.


«ЕЛТАНУ»

Үшінші жылдық

Карта деген не? Ол ненің суретін сызады?

Менің Отаным – Қазақ елі. Картадан көріп, танысу.

Қазақстан Президенті.

Қазақ тілі қандай тіл? Түркі тілдес елдерге саяхат.

Мұсылман елдеріне саяхат.

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрген? Үңгірдегі адамдар.

Киіз үйлі, шошақ бөрікті сақтар.

Тұмар патшаның оқиғасы.

Күн адамдары. Ғұн тайпасы туралы әңгіме.

Мөде – ғұн патшасы.

Білге қаған мен Күлтегіннің ерліктері.

Абылай хан кім? Ол қандай ерлік істеген?

Кенесары – Наурызбай батырдың ерліктері.

Бөгенбай батырдың ерліктері.

Қабанбайдың басынан кешкендері.

Сырым батырдың ерліктері.

Өтеген батырдың ерліктері.

Қараш батыр.

Қазақстан мейрамдары: Республика күні, тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік алған күн.

Кел, Жаңа жыл, Наурыз! Наурыз мейрамын тойлау салты.

Аналар күні. Апама жыр сыйлаймын.

Отыз күн Оразаның мағынасы.

Құрбан айт.


Төртінші жылдық

Қазақ елі – бай өлке. Мағлұмат.

Қазақстанның ежелгі қалалары туралы әңгімелер. Түркістан.

Ер Түріктің бесігі.

Қорқыт ата мекені – Жанкент.

Отырар - Әл-Фараби туған жер.

Ежелгі Тараз - Әулиеата – Жамбыл.

Ұлы Жібек жолы туралы мағлұмат.

Би-шешендер өмірінен әңгімелер: Төле би.

Қазыбек би.

Әйтеке би.

Өнер адамдары өмірінен әңгімелер. Қобызшы Ықылас ата.

Құрманғазы өмірінен әңгіме.

Тәттімбет өмірінен әңгіме.

Ақан сері өмірінен әңгіме.

Біржан салдың өмірінен әңгіме.

Күй анасы – Дина туралы әңгіме.

Бұлбұл Күләш.

Қос Розаның өнері.

Бибігүл.


Әлемді жеңген Қажымұқан.

Бауыржанның батырлығынан сыр.

Әлия мен Мәншүктің жанқиярлығы.

Жер-ананың сырын тапқан Қаныш аға.

Әлемге қазақты танытқан жазушы – Мұхтар Әуезов.
«ӘЛЕМТАНУ»

Бірінші жылдық

Жер – біздің үйіміз. Табиғат ана және оның балалары. Аңдар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер және біз.

Мен қайда тұрмын? Қазақ жері – ата жұрт. Астана, облыс, аудан, ауыл. Мектеп.

Қазақ жерін бізге кім сыйлады? Біздің бабаларымыз. Мен оларды мақтан етемін.

Астана – жүрек. Ол неге керек? Онда кімдер тұрады? Республика астанасы. Астаналар жайлы әңгіме. Менің Лицейім (мектебім). Лицейдегі оқу және ол нені үйретеді? Пушкин оқыған Лицей және одан кімдер шыққан?

Жеті ата. Аталар әлемі. Олардан маған қандай сый қалды?

Тіл, жер, дін, шежіре.

Адамдар әлемі. Олар неге әр түсті? Жер шарындағы балалар маған ұқсай ма? Менің шетелдік достарым қандай?

Аспан. Ол неге көк түсті. Күн мен түн. Түнгі аспандағы жұлдыздар. Ғарышкер. Зымыран.

Менің жұлдызым. 12 шоқ жұлдыз. Жұлдызым жоғары. Өмір. Ол туралы ақындар не айтқан? Өмірді қалай сүру керек? Ұлы адамдар өмірі.


Екінші жылдық

Сәлем, табиғат! Қайырлы таң, Күн! Ай неге әр түрлі? Ағаштар, гүлдер, шөптермен сырласу. Құстармен сөйлесуге бола ма? Тастар мен суларды сөйлетсек...

Қазақ – менің ата-тегім. Тектілік деген не? Абылай – Уәлихан Шыңғыс – Шоқан.

Жануарлар әлемі. «Қызыл кітапқа» кімдер кіреді?

Жыл мезгілдері неге байланысты ауысады?

Жыл мезгілдері барлық жерде бірдей ме? Жердің күнді айналуы. Тәулік, күн, түн.

Ғарыштан қарағанда жер қандай? Ғарыштағы планеталар. Олардың қазақша атаулары. Құйрықты жұлдыздар. Метеориттер. Ғарышкерлер. Жұлдыздар әр адамның өмірінде. Жұлдызың жансын! Жұлдыздың орналасуы арқылы бағыт пен уақытты анықтау.

Заман. Жыл аттары, ай аттары, апта аттарының шығу тарихы. Менің заманым. Бақытты бол, замандас!


Үшінші жылдық

«Мен де бір кірпіш дүниеге...» Жер, Жұлдыз, Адам – үшкілі. Мүшел. Жыл қайыру. Мүшелдегі хайуанаттар аты.

Уақыт. Адамдар уақытты қалай айырған? Қазақтың уақыт атаулары: қас қағым сәт, ет пісірім, бие сауым, сүт пісірім т.б. Аспан сағаты. Күн сағаты. Құм сағаты. Жұлдыздар сағаты.

Аспан әлемін зерттеген Шығыс ғұламалары. Әбу Райхан Бируни, Ұлықбек обсерваториясы.

Күнтізбе. Шығыс күнтізбесі. Григориан күнтізбесі. Хижра жыл санауы. Кішкене Дионисий. Ай циклі.

Дүние – сыры мол жұмбақ. Жердің жаралуы: ғылым тілінде. Жаратылыс аңыздары. Ғарыш және оның ауа қабаттары. Өзге планетада тіршілік бар ма? БҰО – беймәлім ұшқыш объектілер.

Жер бетіндегі өзгерістер. Тоңдардың еруі. Жер сілкінісі.

Жер – тірі шар. Ішкі қабатында не бар? Таулар, қыраттар, ойпаттар, тегістіктер, сулы аңғарлар деген не? Ауада су айнала ма?

Әлемде талай қызық бар. Каникул – менің өз кереметім.
Төртінші жылдық

Жүрегімде – жұмыр жер. Жер – ғарыш – Адам. Адамдар қиялы қалай шарықтады. Ұлы саяхатшылар.

Қарлы өлкеге барған саяхатшылар.

Американы кім ашты? Колумб па? Америкадағы тайпалар мен біздің аталарымыз – түріктер арасындағы ұқсастық.

Жерде белбеу бар ма? Экватор. Меридиана. Мемлекеттер. Олар қандай құрлықтарға орналасқан?

Европа. Жер бедері. Жануарлары. Адамдары қандай? Байлығы.

Шығыс. Табиғат әлемі. Жануарлары.

О, Африка! «Чунга-Чанга – ғажайып арал». Экватор. Халық. Жануарлар әлемі.

Хелло, Америка! Солтүстік Америка. Оңтүстік Америка. Жері қандай? Суық па, ыстық па? Адамдары. Жануарлар әлемі.

Таңғажайып Австралия! Онда кімдер тұрады? Кенгуру өлкесі.

Мұхиттар терең бе? Ең терең қазаншұңқыр. Балықтары. Інжу-маржандары. Өсімдік әлемі.

Әлемдегі 7 керемет және 37 керемет.

Жердегі кереметтердің аспанмен байланысы. Жерге планеталардың әсері. Айдың адамға әсері.

Ғарышпен соңғы байланыстар. Біз және Болашақ!


«ӘДЕП»

Бірінші жылдық

Мәдениетпен достасу. Сүйкімді бала қандай бала. Жақсы қасиеттермен танысу.

Сиқырлы сөздерді іздеу. Қарым-қатынастағы сиқырлы сөздердің құдіреті: «Кешіріңіз», «Мүмкін болса»,... Мейірім. Мейірімнің достары. Жақсылық жасау.

«Тұра тұр, бәлем!» Сөз таластыру.

Сөз жекпе-жегі және қол жекпе-жегі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

Сұлу боламын десең, таза бол. Сабын – сумен достасу.

Мырза мен Бикеш арасындағы сыйласым. Кешірімділік. Көтерме сөз. Игі тілек айту. Сүйкімді және ізетті сөйлесу.

Еркелеудің де жөні бар. Бата алу. Кішіге қамқорлық. Жүріс-тұрыстың жөнді болғаны дұрыс. Ортада өзін-өзі ұстау. Үлкеннің сөзін орынсыз бөлмеу. Әдемі жүріп-тұру сырлары. Сурет және жазу әдемілігі.

Әріппен шын дос бол. Жазу не үшін керек?

Әдемі киінген сұлу көрінеді. Киімің жараса ма? Киіміңнің түсі үйлесе ме?

Көшедегі танысыңды көріп сұқ саусақты беземеудің себебі. Дауыс көтеріп, адамды алаңдатпау. Жол ережесін сақтау.

Отбасы. Мен кімді жақсы көремін? Қалай сыйлаймын? Жақсы көргенді қалай жеткізеді?

Қонақ келді, алақай! «Қонақ кеткенше, мен құтырамын. Қонақ кеткен соң апам құтырады». Қонаққа сәлем беру, төрге шығару, құрмет көрсету.

Біз – қонақтармыз. Құдайы қонақ. Арнайы қонақ. «Сыйға - сый». Сыйлық таңдау.

Қонаққа барғандағы ізеттілік әліппесі. «Қыздың жолы жіңішке».

Мақтанған дұрыс па, мақтаған дұрыс па? Ең нашар қасиет. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!

Пышақ, шанышқы, қасық. «Біздің өз орнымыз бар. Дұрыс ұстамаса, түсіп қаламыз». Сенің досың – орамал.

Дос қандай болуы керек? Дос таңдау. «Шын дос шыңға шығарар». Реніш. Өкпе, Кешірім. Реніш, өкпе – жақсылықтың жауы. «Жақсы адамның өкпесі – жібек орамал кепкенше».

Хат жаза білу - өнер. Хат – хабаршы. Хатты жаза білу – сіздің әдемілігіңізге қосылған бір ұпай.
Екінші жылдық

Адамгершіліктің алты қағидасы.

1. Аналарды сыйлау. 2. Әкелерді құрметтеу. 3. Үлкенге ізет көрсету. 4. Кішіні көтермелеу. 5. Таза, әдемі жүру. 6. Үйде, ортада өзін жақсы ұстау.

Біздің достарымыз кімдер? Ақыл, шындық, әділет, намыс, батылдық. Олар қандай кезде көмекке келеді?

Отбасындағы қарым-қатынас. Үлкен кісіге көмек беру. Тетелестің аты төбелес емес. Өзің кіші болсаң да жүрегің үлкен болсын.

Мырза мен Бикеш. Қол жүгін көтерісу. Орайы келгенде айтылар көтерме сөздер.

Киіне білеміз бе? Қонаққа не киіп барамын? Қуыршақтың көмегі.

Дастархан басындағы әдеп. Пышақ, шанышқы, қасық, сусын және тамақ құюға арналған ыдыстардың қойылу тәртібі. Бикешке қызмет көрсету. Тағамды төкпей-шашпай алып үйрену. Шай, кофе ішу. Лимон, қант салу тәртібі. Шай ыдыстары қалай тұрады?

Көтерме сөздердің айтылу орны, айтылу интонациясы.

«Бес нәрседен қашық болу». Жақсы мен жаманды айыра білу.

Мен қандай боламын? Тест сұрақтарымен жұмыс. Кемшіліктер. Оны жою үшін тапсырмалар.
Үшінші жылдық

ӘДЕМІЛІК СЫРЫ - ӘДЕПТІЛІКТЕ. Әдептің жақын достары: ақыл, білім, іздену.

Отбасындағы әдептілік. Сіз ата-анаңызды сыйлайсыз ба? Әлде қорқасыз ба? Қорқудан құтылуға бола ма?

Әңгіме-дүкен құру. Қандай жағдайда қандай әңгіме айтуға болады? Әдемі сөйлеу. Ойды түйіп ұстау. Қимыл-қозғалыс арқылы ажарландыру. Диалог.

«Сіз өте әдемісіз!» Шынында солай ма? Бикештің дене бітіміне, өз жүрісіне, ибалылығына назар аударуы.

Қазақ қызы. «Қыз өзін үкідей қызғануы керек». Ол қасиет менде бар ма? Бикешке нәзіктік керек. Ержүректілік пен өжеттік ше? Есті бикеш – ең сұлу бикеш.

Сегіз қырлы, бір сырлы мырза. Жігітке қажет қасиет – намыс.

Дөңгелек үстел басындағы сұхбат: асыл қасиеттерді қалай түсінемін. Сәнді киіну керек пе? Мектеп, оқу және сәнді киім. Ұлттық үлгі. Адамдарды түсіне білу. Жағдайға қарау, жанын түсіну. Жанына батса, жәрдемдес, қуаныш болса, ортақтас.

«Болар елдің баласы бірін бірі батыр дер».

Сыйлық. Ең бағалы сыйлық - өз қолыңмен жасалған бұйым, кітап, гүл.

Сіз ресторанға бардыңыз. Құрал-жабдықтарды пайдалану. Салфетканы пайдалану.

Мен қандай адаммын? Тест сұрақтарымен жұмыс. Олқылықтардың орнын толтыру.


Төртінші жылдық

Мәдениеттілік неге қажет? Адам өміріндегі мәдениеттің орны.

Қазақ халқының әдеп әлемі. Ата мен бала. Ананың орны. Әкелер жолын сыйлау. Бала мәдениеті.

Европа – ертеректе. Ағылшындар мен немістер бойындағы тамаша қасиеттер.

Орыс мәдениеті. Өзіне тән ерекшеліктері.

Еліктеу. Қарапайым Мария мен Қыз Жібек. Пір тұту. Менің пірім. Бидегі бикеш пен Мырза.

Туған күн. Қонаққа шақыру және сый қабылдау.

Концерт залында күлкілі көрінбеу.

Менің серіктерім: «Өтінемін», «Ғафу етіңіз», «Қапа болмаңыз!»...

Сұхбат, әңгіме-дүкендегі орным. Қисынсыз қыстырма сөздерден арылу.

Күнделікті киім және сәнді киім. Ұлттық киім. Оны қазіргі заманға үйлестіруге бола ма? Киім, сөмке, әшекей заттардың үйлесімі. Бикеш және мырза. Сыртқы келбеті. Мінезін сынау.

/«Әлемтану» және бастауыштағы «Әдеп» бағдарламасын жасаған А. Қасымбекова/.


ТОҒЫЗЫНШЫ ҚОСЫМША

«Ислам мәдениеті» (6-7-жылдықтар)

Ислам тарихына шолу.

Мұсылман елдеріне саяхат

Құран Кәрім. Түсінік.

Астан кейін құран оқудың мәнісі.

Құран сүрелерінің мағынасы, айтылуы, жаттау.

Адам Ата мен Хауа Ана туралы мұсылман аңыздары.

Қабыл мен Абыл оқиғасы.

Сезім мен ақыл туралы Құранда не айтылған?

Қызғаныш не нәрсе?

Адамдарды жауыздықтан құтқару үшін Салих пайғамбар не істеді?

Сенімі жоқтар қалай жазаланды?

Періштелерге түсінік: Жәбірейіл, Мекайыл, Ысрафыл, Әзірейіл.

Әзірейілді зергер қалай алдады?

Зәмзәм суы. Сымайыл.

Ибраһим пайғамбар, Сымайыл және Құрбан айт.

Босаға. Екі келін оқиғасы.

Жүсіп пайғамбардың оқиғасы.

Мұса пайғамбардың хикметтері.

Қарынды жер жұтқаны.

Дәуіт пайғамбардың хикаясы.

Сүлеймен пайғамбардың оқиғасы.

Ғұзайырдың өліп-тірілуі.

Иехуза мен Гутерустың оқиғасы.

Мәриям ана. Иса пайғамбардың дүниеге келуі.

Лұқпан хакім.

Қайталау.

Пайғамбарларға түсінік.

Мұсылманның бес парызының мағынасы.

Шаһадат айту.

Бес уақыт намаз.

Зекет беру.

Оразаның мән-мағынасы. Үш шарты. Ораза тұтпауға болатын бес жағдай. Ораза ниетін жаттау.

«Ауыз ашар» батасын жаттау. Қажылық жасаудың мән-мағынасы мен жөн-жосығы.

Мұсылманның қырық парызы.

Қиямет қайымға түсінік.

Исламның шарттары.

ОНЫНШЫ ҚОСЫМША



Ежелгі әдебиет (9 жылдық)

Сіз – ұлы халықтың ұрпағысыз! Кіріспе.

Скиф-сақтар мәдениеті. Тарғытай аңызы.

«Тұмар патша» аңызы.

«Зарина сұлу» аңызы.

Афрасияб – Тұран көсемі. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау».

Көкбөрі туралы екі аңыз: Елжау би. Ашина.

Ғұндар. Мөде батырдың көршілеріне жауабы.

«Оғыз қаған жырының» мазмұны.

Қорқыт ата аңыздары. Өліммен күрес.

«Қорқыт ата» кітабы: «Темірұл». «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр».

«Бұқаш туралы жыр», «Алып Бамсы». Нақыл сөздері.

Орхон ескерткіштері. Түрік қағанатының мән-жайы. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк бейнесі. Тәуелсіздік туралы ойлар.

Ислам дәуірі. Әл-Фараби. Қысқаша өмірбаяны, еңбектері, көзқарасы. Өлеңдері.

Махмұт Қашқари. «Түрікше сөздік». Өлеңдері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары.

Жүсіп Баласағұн. Қысқаша өмірбаяны. «Құтты біліктің» қысқаша мазмұны.

Ахмед Иассауи. Өмірі. «Хикметтеріне» түсінік.

Ахмед Иүгінекидің өмірі. «Ақиқат сыйы» кітабына түсінік.

Алтын орда мемлекетінің мәдениеті. Шолу.

«Махаббатнамаға» түсінік.

«Қисас – ул әнбия» кітабына түсінік.

«Жұмжұма сұлтан» кітабына түсінік.

Сәйф Сарай ақын. «Гүлстан».

Қазақ хандығы дәуіріне түсінік. Жыраулар поэзиясына шолу.

Сыпыра жырау. Асан қайғы. Өмірі, өлеңдері.

Қазтуған жырау.

Шалкиіз жырау.

Қайталау.


ОН БІРІНШІ ҚОСЫМША

«Қыз әдебі»

ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА (9 жылдық)

Сезім құпиясы. Жақсы көру. Ұнатып қалғанның бәрі махаббат па? Сезімге жарнама жүрмейді. Мектептегі жігіт. Махаббат уақыт талғайды. Адам өміріндегі әр уақыттың өз мақсаты бар.

Ол және Мен. Жар таңдау – жауапты жұмыс. Менің жарым қандай болсын? Таңдаудың тоғыз шарты.

Ақылдасу. Үлкендермен ақылдасқан дұрыс па? Кіммен ақылдаса аламын? Анам. Жеңгем. Құрбым. Ұстазым. Қайсысы?

Мария ма, Қыз Жібек пе? Тағы кім? Қазіргі қазақ қызының образы қандай?

Сезімді сыпайы жеткізудің жолдары: хат мәдениеті, сұхбат мәдениеті т.б. Маған хат келді. Ұнатпасам не істеймін? Хаттар, хаттар. Қыз хаты. Қамар сұлудың Әбдірахманға, Татьянаның Онегинге хаттары.

Қыздың күші – нәзіктігінде. «Ер азамат атаулының жек көретіні еркек сияқты қыздар».

Адам мінезіндегі сәйкестіктер. «Жұлдызы жарасты», «жұлдызы қарсы» сөздерінің мағынасы. Он екі жұлдыз. Мінездегі сәйкестік дұрыс па, қарама-қарсылық дұрыс па? Өзіңді тани біл. Өзгені тани біл!

Қыз өтімділігі. Мінез. Бой күту сырлары. Тазалықтың рөлі. Бояну дұрыс па, әлде жастықтың өз бояуы бар ма?

Қылықты қыз қандай қыз? Қылықтың сиқырлы күші: жүріс-тұрыс, көзқарас, «флирт» «Табиғилықтың» магниті.

Кеудесі ашық көйлекті неге киген? Қазір кию айып па? Мұсылмандар неге қыздарын қымтай ұстаған? Заман мен дәстүрдің үндестігі мен қайшылықтары. Батыс және шығыс әдебіндегі ерекшеліктер. Сезімнің құлы болу - әлсіздік. «Мен - мықтымын, Мен – сабырлымын, Мен - мейірімдімін». Сабыр және жауапкершілік. Оның тағдырын ая!

Кісінің даналығы - әр істің аяғы немен тынарын болжай білуде. Махаббат трагедиясы: махаббатын қорғап құрбан болғандар. Өзін-өзі құрбан еткендер. Көзқарас.

Қыз қадірі неден? «Қыдыруға қыз жақсы, үйленуге жар жақсы». «Айтпай да болмас әлгі, айтып та болмас әлгі». «Жүз рет өлшеп, бір рет кескен ұтады».

«Асығыс арты - өкініш». Жұқпалы аурулар. СПИД-тен тірі қалу жоқ! Қыз бойындағы түрлі өзгерістер. Не істеу керек?

«Сізбен танысқым келеді». Таныстық: көшеде, қонақта, мектепте. Қыздың іс-әрекеті. Сөзі.

Көшеде кездескен жігіт. Пиғылы қандай? Дөрекілікке не жауап? Сөз – үлкен қару. Қорғаныс қимылдары.

«Қызға жігіт құмар-ай». Кездейсоқ кісінің көз сүзуі қауіп әкеледі. Не істеген дұрыс?

Ер адамда кездесетін лас сезімдер. Одан қорғану.

Зорлық. Жан жарасы жазылады. Алдын алған бәрінен жақсы. Отбасын қай жаста құрған дұрыс. Отырып қалған бойжеткен. «Көкек махаббат» мәңгілік пе? Махаббаттан кейін махаббат бола ма? Сезім тұрақтылығы не үшін қажет?



Жеңіл жүріс. Оған не себеп? «Пайдасы» мен «зияны».

Отбасы бақыты деген не? Тұрақты қарым-қатынас отбасын бақытты қылады. Бала уайымы неден?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет