Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ жауап,ой түйіндеу



Дата25.12.2016
өлшемі34,38 Kb.
#5109
түріСабақ
Сабатың тақырыбы: Оқышы дана Абайды.

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың табиғат туралы, өлеңдерін меңгергенін тексеріп. Өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекіту.2.Өздігінен жұмыс істеу,өз пікірін,ойын жүйілі түрде айта білуге,шешен сөйлеуге,ізденуге,өз білімін тексеруіне баулу. 3Ақын өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ жауап,ой түйіндеу.

Көрнекіліктер:Ақынның ғибратты сөздері,Абай өлеңдері,мақал-мәтелдері,сүреттері,Абай портреті,кітаптары.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.

Өлең-ақыл,өзі-аңыз,

Абай-біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан,

Санамызға жазамыз.



2.Үй жұмысын тексеру.

Күз өлеңі жатқа айту.(Абай)



1.Күзгі аспан,жер беті қандай?

2.Ақын ауыл тіршілігін қалай сүреттеген?

3.Абай кураган ағашты неге теңеген?

4.Күзеу,қыстау,жайлау,көктеу деген не?

5.Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен жатқа үзінді оқу.

-Балалар мына кезендерден сүрінбей өтсек жаңа сабақты меңгергеніміз.Кезеңдерді мұқият қарандар.Кезеңдермен жұмыс жүргізу.


Кезеңдері:

1.Ой толғау(Танымдық сұрақтар)

2.Абай өлеңдерін оқу.

3.Абайдың балалық шағын әңгімелеу.

4.Абайдың аудармалары.

5.Абайдың қара сөздері.

6.Абайдың әндері.

Жаңа сабақ:Оқушы дана Абайды.

Кіріспе:-Абай-ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы өшпес ерекше тұлғасы. «Атымды адам қойған соң,қайтып надан болайын» дегендей адам болған соң көрсоқырлықтан,рухани надандықтан аулақ болайвқ. «Сәулең болса кеуденде,мына сөзге көніл бөл»деп ақын өзі айтқандай,Абай дана,дана Абай демекші Абайды жасымыздан оқып үйренейік.

1.Кезең Ой толғау.(Сандықтағы сұрақтарға жауап беру.)

1.Абайдың шын аты кім?

2.Адамды адам еткен не...................(Ол туралы мақал.)

3.Абай жолы романның авторы кім?

4.Абайдың неше өлеңін білесін?(Үзінді оқу мәнерлеп айту)

2.кезең Абайдың өлеңін оқу.

1.Неше,қанша?өлеңін білесің?

3.кезең Абайдың балалық шағын әңгімелеу.

1.Балалық шағын әңгіме айту.

2.Абайдың өмірінен әңгімелеу.

4.кезең Абайдың аудармалары.

1.Қандай аудармаларын білесің?

5.кезең Абайдың қара сөздері.

1.Жатқа қара сөздерін айту.

2.Қайсы қара сөзде надандық,еңбек туралы айтылған?

6.кезең Абайдың әндері.

1.Абайдың қандай әндерін білесіндер?

2.Абайды сазгер,композитор ретінде қарастырсақ.30-дан астам әні,3күйі бар екен.Күйлерін білеміз бе?(Май түні,Абайдың желдірмесі,Торжорға)



Сергіту сәті

-Балалар оқулықтарыңды ашып,кітапқа қараймыз.


Оқулықпен жұмыс:

Оқушылардың мәнерлеп оқуын тапсырады.

-Өлеңін бірінші шумағында ақын не дейді?

Шалса да қырау самайды,

Үйретер саған талайды.

Оқы сен,оқы жылықпай,

Данышпан,дана Абайды.Нені түсіндің?

-Екінші шумағында не дейді?

Ашатың көніл-сарайды,

Сазгер деп халқын санайды.

Тыңдасаң әрбір әндерін,

Танисың ұлы Абайды.

-Балалар дәптерлерімізді ашып,бір шумақ Абай атамызға өлең шығарамыз.

-Кез келген бір шумағын айтып бер.



Қорытындылау:

-Ақын дана Абайды қандай сөздермен сипаттаған?

Абайдың ақандығымен қатар,тағы қандай өнер болған?

Абайдың қанша өлеңін білесін?Бір неше өлеңін оқып бер.



Өлеңді әр түрлі етіп оқу.Күлдіріп,жылап,іштей,дауыстап оқу.(мәнерлеп)

Үйге тапсырма: «Оқимын мен де Абайды» тақрыбына өлең құрастыр.

Бағалау:Оқушылардың білімдерін жеке бағалап жинаған ұпайларын айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет