Біздің отбасымыз



бет5/5
Дата13.02.2017
өлшемі1,48 Mb.
#9019
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі


— Балалар, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

— Сәлеметсіз бе! Денсаулық тілейміз!



Сөзұйқастарды атқызу:

Ла-ла-ла
Бүгін күн тамаша!


Ар-ар-ар
Келді қонақтар!
Ле-ле-ле
Сен сөйле!
Ет-ет-ет
Бәріне рақмет!

Ауызекі сөйлеу:

— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

— Бір жылда төрт мезгілі бар.

— Олар қандай?

— Олар:қыс, көктем, жаз, күз.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қазір күз мезгілі.

— Күз айлары қай айлар?

— Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

— Күз айлары туралы қандай тақпақты білеміз?

Сентябрь — Қыркүйек,
Көкөніс жүрміз тиеп.
Октябрь — Қазан,
Дала — тозаң.
Ноябрь — Қараша,
Ақ қара алаша.

— Күзде қандай өзгерістер болады?

— Күзде ауа райы салқын. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, түседі.Гүлдер солады. Күзде жиі жаңбыр жауады. Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Бау-бақшада жемістер мен көкөністер піседі.

ІІ. Сабағымызды мына фонетикалық тапсырмадан бастайық


Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.

Яблоко,    шабдалы,    малина,    груша.
     А              П               Т             А

Қандай сөз шықты?


Апта (орыс, ағылшын тілдерінде айту)
Екі буынды сөз
Жуан сөз
А-жуан дауысты дыбыс

Апта апай туралы түсінік беру. (1 слайд)

Петропавл қаласында Апта деген апай турады екен. Оның жеті баласы бар екен. Барлығы № 1 Ленинград орта мектебінде оқиды. Әр баланың өз қызметі бар. Әр баланың әдемі есімі бар. Апта апайдың балаларымен танысайық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы Апта күндері (дни недели)

Апта күндерін орысша, ағылшынша айту.



1. Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Апта күндерін хормен айту.

2. Дәптерлерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашып,
Әдемі етіп жазайық. (апта күндерін ретімен жазу)

3. Апта апай өз балаларымен бізге қонаққа келді. Олардың бізге беретін сыйлықтары бар екен. Жақсы жауап үшін жетілері бар. Апта апайдың сұрақтарына жауап берейік

1. — Жеті саны қандай сан?


 — — Жеті саны — «киелі сан»

2. — Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?



Жеті қазына (7 сокровищ)
Жеті ата (7 поколений)
Жеті ырыс (7 изобилий)

— Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

— Кемпірқосақтың жеті түсі бар.

3. Орыс әдебиетінен 7 санына байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

— Семь раз примерь, один раз отрежь...

4. Аптаның бірінші баласын қарсы алайық (слайд)

Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі

Дүйсенбі ұлының грамматикалық тақырып бойынша тапсырмасы бар екен.

Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді? Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

«Араларды гүлдерге дұрыс қондыр» ойыны.

5-інші, 7-нші, 9-ыншы, 12-нші,10-ыншы, 16-ншы, 6-ншы

5. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі (слайд)

«Ханталапай» ойыны.

Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып.оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.

№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?


№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?

6. Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі (слайд)

Сәрсенбі-сәтті күн болып саналады (среда считается счастливым днем)


Сәтті күні қазақтар жолға шығады.

Сергіту сәті

7. Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі (слайд)

Оқулықпен жұмыс


119 бет, 2-тапсырма. Сандарды сөйлет.
Бір жылда 365 күн бар.
Бір жылда 12 ай бар.
Бір айда 4 апта бар.
Бір аптада 7 күн бар.
Бір тәулікте 24 сағат бар.
Бір сағатта 60 минут бар.

8. Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті

Жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті күн.

Осы күні күрделі жұмыс істемейді. Мұсылмандар мешітке барып, аруақтарға құран оқиды.

Осы аптада жұма күні Құрбан айт басталады. (Религиозный прздник)



9. Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі

Сөйлемдерді толықтыр.

Бүгін ... . Біз отбасымызбен ... барамыз. Сенбі күні ... күн.

Керекті сөздер: театрға, сенбі, жақсы.



10. Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі

Славян халқы үшін ерекше күн-қасиетті күн.


Жексенбі —демалыс күні. Демалып, мына сұрақтарға жауап береміз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Апта күндері.
Сәрсенбі қандай күн? Сәрсенбі-сәтті күн.
Жұма қандай күн? Жұма қасиетті күн.
Саған аптаның қай күні ұнайды? Неге?

Балалар, сендер бүгінгі күнге ризасыңдар ма?


Ризамыз, ризамыз
Бүгін күнге ризамыз!

№ 1
№ 2


№ 3
№ 4
№ 5
№ 6
№ 7

№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?

№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?

№ 3 Сен қай күні демаласың?

№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?

№ 5 Бүгін аптаның қай күні?

№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?

№ 7 Ертең қай күн болады?

Апта-ананың жеті баласы (Семеро детей Матушки недели)

Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі


(Самый спокойный, умный сын Понедельник)

Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі


(Серьезный сын Вторник)

Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі


(Умница и Матушкина помощница Среда)
Сәрсенбі-сәтті күн (счастливый день)

Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі


(Ответственный сын Четверг)

Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті


(Младшая любимая дочка Пятница)
Жұма-қасиетті күн (святой день)

Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі


(Весельчак сын Суббота)

Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі


(Любящий отдыхать маленький сын Воскресенье)

Сүт тағамдары


Жарияланды 31-03-2014, 13:06 Категориясы: Ұстаздарға 

3 - сынып


Сабақтың тақырыбы: Cүт тағамдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сүт тағамдарын түсіндіре отырып, ненің қайдан алатындығын пайдасын, технологиясын, сүт атауларын үйрету.
2. Дамытушылық: Топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сүттің пайдасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы жетілдіру, сөйлесім сабақ.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша, ауызша, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тапсырмалар, жауапшалар, көрнекілік тағамдар суреттері
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, орыс тілі, математика.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті. Оқушының іс - әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!


Сәлеметсіз бе, мұғалім.
1. Тілдік орта қалыптастыру:
Халдерің қалай?
Сабаққа әзірміз бе?
1. 2Сұрақ - жауап:

1. 3Сабақ мақсатымен таныстыру.


- Балалар бүгін біз сабағымызды жаңа модульдің тақырыбы - «Сүт тағамдары.» атты қызықты тақырыппен танысамыз. Бұл сабақта біз сендермен өз ойымызды айтып, сүт тақырыбына қатысты қызықты суреттермен, жаңаша жаңалықтармен танысамыз. Модуль бойынша сүт технологиясының ерекшеліктерін айқындаймыз. Грамматика бойынша сөз тіркесі, сөйлем түрлеріне тоқталамыз.
2. Фонетикалық жаттығу: Есіңде болсын, балам
Нан - қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа
Жерге түссе баспа
Дейді атам маған.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен қайталайды. М/Ы: әр оқушы бір сөзден алып, буын бөліп, дауысты - дауыссызын ажыратады.
2. 1 Лексикалық жаттығу:
Мынау нелер, балалар? Бұл заттар қай дүкенде сатылады? Мынау - азық - түліктер. Ол азық - түлік дүкенінде сатылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 3мин Суретті диктант


Нан
Ет
Жұмыртқа
Шұжық
Май
Ірімшік
Сүт
Тоқаш
Тосап
Ботқа
Балмұздақ
балық

ІV. Жаңа сабақ:

Сын - тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша сүт тағамдарын еске түсіреді.(тақтаға орындалады.)
- Осы балалар, сүтті қайдан аламыз?

Сөздік (тақырып бойынша)


Балмұздақ - морожное
Қымыз - кумыс
Шұбат - верблюжонное молоко
Суық - холодный
Ыстық - гоячий
Жаңа - свежый
Қаймақ - сметана
4. 2Жазбаша жұмыс: Өздік жұмыс: 3 - тапсырма. Мәтінді оқы, жаз.
Мынау –«Эмиль» фирмасы. Мұнда сүт тағамдары әзірленеді. Ол сүт тағамдары азық - түлік дүкендеріне сатылады. Сүт тағамдары өте пайдалы, кальцийге бай. Сүт тағамдарына: май, айран, ірімшік, балмұздақ, қаймақ, құрт, сүзбе жатады. «Эмиль» фирмасының тағамдары үнемі жаңа, жұмсақ, таза, пастерленген болады. Маған сүт тағамдары қатты ұнайды.

Сергіту сәті: Мульти кейіпкер арқылы жаттығу жасау.


4. 3. Ауызша жұмыс: 3 - тапсырманы топпен мәтінді оқимыз. аударамыз. сұраққа жауап береміз.

V Сабақты бекіту:


Ойын әдісі: Азық - түліктер атауымен сөз моншақ дайындау.
Сергіту сәті:
Алма кетті домалап
Көше бойы жағалап,
Кім алманы табады,
Сол ойыннан шығады.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен, қандай сүт тағамдарын білесің?
Үй тапсырмасын беру: Жаңа сөздерді жаттау. Мәтінді мазмұндау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Бүгін барлығын тиісінше өз бағаларыңды алдыңдар.
Рахмет!

Жемістер мен көкөністер


  • karahash

  • 14 наурыз 2014

  • 40516

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты:
Білімділік: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу.
Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
1. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
2. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері, қиылған түрлері, төл дыбыстар, себет.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіремін
Алма қызанақ
Алмұрт пияз
Өрік қияр
Шие сәбіз
Алхоры орамжапырақ
Анар картоп
жүзім
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1 - тапсырма. Сурет бойынша жемістер мен көкөністерді атаймын, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды.
2. Оқушылар сурет бойынша жемістер мен көкөністерді тізбектеп айтып шығады.
2 - тапсырма.
1. Үстелдің үстінде тұрған жемістер мен көкөністерді көрсете отырып атап шығады.
Мынау - алма. Мынау - алмұрт. Мынау - анар. Мынау - сәбіз. Мынау - орамжапырақ. Мынау - қызанақ. Мынау - жүзім. Бұл - жемістер мен көкөністер.
2. Сөздерді оқимын, оқушылар суреттен көрсете отырып қайталайды.
3. Үстелдің үстіндегі жемістерді көрсете отырып атайды, оқушылар қайталайды.
Үлгі: Мынау - алма.
4. Көкөністерді көрсетіп, атайды, оқушылар қайталайды.
Үлгі: Мынау — қызанақ.
Топтық жұмыс.
1. Оқушыларды 2 топқа бөлемін.
2. Тапсырма беремін.
1 - топ. Жемістерді көрсетеді, атайды, себетке салады.
2 - топ. Көкөністерді көрсетеді, атайды, себетке салады.
Дұрыс атап көрсете білген топ жеңімпаз тол атанады.
3 - тапсырма.
1. Көрнекілік бойынша түстерді атаймыз.
қызыл
қара
сары
қоңыр
ақ
жасыл
көк
2. Түстерді атаймын, оқушылар қайталайды.
3. Кітап бойынша жұмыс жүргіземін. Сурет бойынша сөз тіркестерін атаймын, оқушылар кеспе қағаздарынан сол түсті тауып көрсетіп, қайталайды. Дұрыс жауап берген оқушылар белсенді оқушы атанады.
4 - тапсырма.
Оқушылар сурет бойынша сөйлеп үйренеді.
1. Алманың суретін көрсетіп, алма туралы айтамын. Оқушылар тыңдап отырады.
Мынау - алма.
Мынау - қызыл алма.
2. Оқушылар кезекпен айтып шығады.
Сергіту сәті.
1. Мұғалім сергітуді оқиды, оқушылар мұқият тыңдап отырады. Оқушылар ойланып жауап береді.(Екі алмұрт).
2. Сергітуді оқимын, оқушылар қайталап отырады.
3. Сергіту сәтін орындатамын.
Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан
Қанша қалды алмұрттан.
VI. Сабақты бекіту.
1. Көрнекілік бойынша жемістермен мен көкөністерді атау.
2. Кеспе қағаздары арқылы аталған түстерді дұрыс көрсете білу.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Жемістер мен көкөністерді білу. Түстерді ажырата білу. Сергітуді жаттап алу.

Сыныбы: 3-сынып

Тақырыбы: Азық-түлік дүкенінде

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөздік қорларын байыта отырып, дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру. Фонетикалық талдау жасауды үйрету.

Қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстауға тәрбиелеу.

Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, есте сақтау, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім:

1. Үй тапсырмасын тексеремін.

2. Сөздікпен жұмыс: Керек-нужно

Дауыссыз дыбыстардың түрлері:

Ұяң:

Үнді:

Қатаң:

Б,в,г,ғ,д,ж,з

Р,л,м,н,ң,й

П,к,қ,т,с,ш,щ,ч,,һ



Фонетикалық талдауға мысал:

Ал-ма, 1б.-т.б.,2б.-а.б.

А-дауысты, жуан, езулік, ашық

Л- дауыссыз, үнді

М- дауыссыз, үнді

А-дауысты, жуан, езулік, ашық

4 әріп, 4 дыбыс

III.Тапсырмалармен жұмыс:

1-тап. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, аударады.

2-тап. Диалогті жұптасып оқиды, аударады.

Азық-түлік

Жемістер


Көкөністер

Нан, сүт, қант, май

Алма, жүзім, алмұрт, шие

Қияр, сәбіз, қызанақ, пияз

4-тап. Диалогті толықтырып сөйле.


  • Бұл не?

  • Бұл – азық түлік дүкені.

  • Азық-түлік дүкені қандай?

  • Азық-түлік дүкені үлкен.

  • Дүкенде қандай азық-түлік бар?

  • Дүкенде нан, сүт, ет, жемістер, көкөністер бар.

  • Дүкен қай көшеде?

  • Дүкен Абай көшесінде.

IV. Сабақты бекітемін.

V. Үйге тапсырма беремін: 5,7-тап.

VI. Оқушыларды бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өткен алған білімін есіне түсіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдеп

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

1. Фонетикалық сәті. Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.

2.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

2)Бүгін неше сабақ болады?

3) Бірінші сабақ қандай?

4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)

ІІ. Жаңа материал.

а) Сөздік жұмысы.

қабат –этаж

терезе-окно

есік-дверь

тақта-доска

парта-парта

орындық-стул

үстел-стол

әдемі –красивый

жарық –светлый

1-тапсырма.Тыңда оқы.

Мынау менің сыныбым

Менің сыныбым үлкен

2- тапсырма сұраққа жауап бер.

Сергіту сәті. Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

«А» -деді, «Б» -деді,

«Р»-ға тілі келмеді.

3-тапсырма. Аударма жұмыс. Два этажа, красивая школа, светлый класс, первый звонок, третий класс, большая книга, весёлые дети, хорошо учатся.

Сұрақ-жауап

1 Сенің сыныбың нешінші қабатта?

2 Сен нешінші сыныпта оқисың?

3 Қандай пән саған үнайды?

4 Сен мектептен не аласың?

Қорытындылау

Сұрақ –жауап арқылы қорыту.

IV. Үйге тапсырма. 5-6 тапсырма

-сабақ аяқталды!

-сау болыңыздар!

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақ 2- сабақ

Сабақ өтілетін күн: 07 .04.2013

Орны: 6-дәрісхана

Барлық оқушы саны: 8 Жасы: 8-9

Қатысқаны: 8

Сабақ тақырыбы



«Біздің үшінші сыныпта»

Жалпы мақсаттар

Өтіліп отырған жаңа тақырып бойынша сөздік қорды қалыптастыру. Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жету.

Түйінді идеялар

Сынып мүліктері

Стратегиялар

«Кірпілер», «Мозайка», «Микрофон», «АҚА артық, қосу,алып тастау», «Конверттегі сұрақ», «Венн диаграмма», «Баспалдақ», «Рифма», «Парашют», Ойын «Ойлан тап»

Көрнекіліктер

интерактивті тақта, маркерлер, А3, презентация, қима қағаздар, смайликтер, компьютер.

Дереккөздер

Қайырбекова А. Қазақ тілі, 3 сынып, Оқулық. Алматы «Атамұра», 2014.

Жақсылықова Г.И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әдістемелік құрал. Өскемен 2014

Оқыту нәтижелері

Сөздік қорлары қалыптасады, оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін қолданады.

Сабақ кезеңдері

Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

7 мин

Мұғалім сыныпты «Мозайка» арқылы топты шағын топқа топтастырады.



Қосымша 1.

«Кірпілер» стратегиясы арқылы ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастырады.

Топқа мозайка арқылы бөлінеді.

Кірпілерді жасыл аланға орналастырады

Оқушылардың үй жұмысын орындағанын тексеру мақсатында «Конверттегі сұрақ» стратегиясы бойынша тексереді Қосымша 2

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: «Нысана» 2 мин

2-кезең. Мағынаны ажырату:

17 – 20 мин

Қабілеті жоғары оқушылар «Менің сыныбым» тақырыбы бойынша эссе оқиды және слайд көрсетеді «Микрофон» стратегиясы Қосымша 3

Эссені тыңдайды. Бағдаршам арқылы бағалайды.

«АҚА артық, қосу,алып тастау» сөздік жұмысы мұғалім жаңа сөздердермен таныстырады

Оқушылар жаңа сөздерді хормен айтады, сөздік дәптерлеріне жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрайды.

Бағалау: «Нысана»

Айтылым. Мұғалім диалог бойынша видео ресурс көрсетеді. Қосымша 4

Диалогті оқиды, аударады, әр топқа берілген тапсырманы орындайды.

2-тапсырма Ойын «Ойлан тап»

«Венн диаграммасы»

Оқушылар сурет бойынша «Венн диаграммасын» толтырады.

Бағалау: «Нысана»

3-тапсырма «Баспалдақ» стратегиясы

Баспалдақ бойынша сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрайды.

Жазылым. Интерактивті тақтаға сандар мен жұрнақтарды шығарады. Тапсырма 4

Деңгейлік тапсырма

Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды. Деңгейлік тапсырманы орындайды.

Критериалды бағалау

3-кезең. Ой- толғаныс:

«Рифма» стратегиясы

Оқушылар сөздерді рифма бойынша айтады.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

2 мин

Үй тапсырмасын тақтаға жазып, түсіндіреді. 190 бет № 5, білім туралы мақал-мәтел жазып келу.



Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.

Бағалау


Мұғалім жиынтық баға қояды.

Рефлексия

«Парашют»

Оқушылар сабақ бойынша ойларын толық жазады.

Қосымша 1.

«Мозайка» бойынша оқушылар топқа бөлінеді.



Қосымша 2.

«Конверттегі сұрақ» стратегия арқылы үй жұмысы тексеріледі. Сөздерді аудар. Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. Сөйлемдердердің ішінен сан есімді теріп жаз.Сөйлемдерді толықтырып жаз.



Қосымша 3.

«Микрофон» стратегия арқылы қабілеті жоғары балаға сөз беріледі.



Қосымша 4.

Тақтаға үш оқушы шығады. Екі оқушы өзара әңгімелесіп тұрады. Бір оқушы ешкіммен тілдеспей жалғыз өзі тұрады. Оқушылардан не байқағандарын сұрау.

Не байқадыңдар?

Бір оқушы неге үндемей тұрды?

Бейне материал көрсету. (Балалар)

Екі тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын айтады. Келесі тапсырма топ ішінде жұптаса отырып диалогті оқиды.

Қосымша 5.



«Венн диаграмма»

Қосымша 7.

«Рифма» ойыны арқылы оқушылар

Доска – тақта, вата – мақта, стул – орындық, светло – жарық,

Қосымша 8.

«Парашют» стратегия бойынша оқушылардың бүгінгі сабақта қандай әсер алғандарын байқау.



Реттік сан есімдер. Біздің сынып.

Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есімдер. Біздің сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сан есімнен алған білімдерін пысықтау. Сан есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру. Цифрмен берілген сан есімдерді жазумен жаза білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөз таптары туралы ой өрісті дамыту. Аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірек-сызбалар.



Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденіс

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу, балалардың көңіл- күйлерін жинақтау. Сабаққа деген құлшылықтарын ыңғайландыру.

-Сәлеметсіздер ме, балалар.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Сейсенбі аптаның нешінші күні?

-бүгін ауа райын қандай?

Тақтаға назарларыңды аударыңдар.  Сөздерді мәнерлеп оқимыз, аударамыз.



Бір, мектеп, алты, жаңа, шырын, алғыс, күнде, спортзал, жылқы,  мысық, ағаш, парта, айран, үзіліс, сүт, кітап, он, қалам, гүл,  сегіз, дәптер,  доп, терезе, жеті, қатар, үш.

ІІ. Жаңа сабақ

Тапсырма:

Сөздерді қалауларың бойынша бірнеше қатарға топтастырып жазыңдар, не себептен солай топтастырдыңдар, түсіндіңдер.

(Сгруппируйте  слова, разделив на столбцы)

Бір

алты


он

сегіз


жеті

үш


мектеп

 парта


спортзал

кітап


терезе дәптер

үзіліс


қалам

гүл


қатар

 Айран

шырын


сүт

мысық

жылқы


доп

алғыс

жаңа


ағаш

күнде





 

ІҮ. Бір, алты, он, сегіз, жеті, үш (тақтада жазылған сөздерді оқиды, орыс тіліне аударады)

Тапсырма:

Бұл қандай сан есімдер? Оларды реттік сан есімдерге айналдырыңдар.

Жұрнақтарын белгілеңдер. Сан есімдермен сөйлемдерді құрастырып, орыс тіліне аударыңдар.

Какие это числительные? Преобразуй их в порядковые. Составьте предложения.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

 

Ү.      Жаттығуларды орындау:



  1. 30 бет, 3-тапсырма

  2. 31 бет, 2-тапсырма

ҮІ.    Шығармашылық жұмыс.

1.Бір ғасырда ... жыл бар.

Бір тәулікте ... сағат бар.

Бір жылда ... ай бар.

Бір айда ... күн бар.

Бір аптада ... күн бар.



ҮІІ.   Сергіту сәті

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Сабақта біз не істедік?



  • Топпен жұмыс жасадық

  • Сөздерді топтарға бөлдік

  • Есептік және реттік сан есімдердмен жұмыс жасадық

  • Сурет бойынша әңгіме құрастырдық

  • Жаттығуларды орындадық.

 

 

 



  •  

Тема и основные цели и результаты урока

Сабақтың негізгі мақсаты мен нәтижелері



Активные формы работы (ГР, ПР, ИР)

Белсенді жұмыс түрлері (ТЖ, ЖЖ, ЖДЖ)



Использование ОдО

ОО қолдану



Вовлечение всех учеников  в классе  (талантливых и одарённых)

Сыныптағы барлық оқушыларды жұмылдыру (дарынды балалар)



Помощь в преодолении языкового барьера

Тілдік кедергілерді жеңуге үйрету



Установление, что все ученики научились тому, что запланировано и что от них ожидали

Барлық оқушылардан жоспарлағанын және алған білім-біліктерін айқындау






  1.  

Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есімдер. Біздің сынып.

Тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету, реттік сан есімдерді өз орнымен пайдалана білуге машықтандыру.

Аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.

Сынып ішіндегі жабдықтарды ұқыпты пайдалана білуге, оларды сақтауға баулу.

 


Пішіндер арқылы топтарға бөлініп отырғызу

Мәселені шешуге жағдай туғызу.

Тақтаға назарларыңды аударыңдар.  Сөздерді мәнерлеп оқыту, аударартқызу.

Тапсырма:

Сөздерді қалауы бойынша бірнеше қатарға топтастырып жаздыру

Бір, алты, он, сегіз, жеті, үш.

Тапсырма:

Бұл қандай сан есімдер? Оларды реттік сан есімдерге айналдыр.

Жұрнақтарын белгіле. Сан есімдермен сөйлемдерді құрастырып, орыс тіліне аудар.

Сурет бойынша әңгіме құрау

Өз жұмыстарын ұсынып қорғау

 

Жаттығуларды орындау:



  1. 30 бет, 3-тапсырма

  1. 31 бет, 2-тапсырма

Сергіту сәті

 

 



 

 


Оқушылардың арасынан экспертті сайлап,  бағалау.

 

Презентация жасаған кезінде мұғалім өз пікірін  ұсынады



интербелсенді жұмыс түрлері барлық оқушыларды оқу үрдісіне жұмылдырады.

 

Дарынды балалар басқа оқушыларға көмегін көрсетеді



Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауға тапсырма беру

 

Сөздік жұмыс



Жасаған презентациялар арқылы өз байқағандарын әңгімелеу, сабақтың жаңа түріне көзқарастарымен бөлісу

 

 

 



 
Каталог: uploads -> doc -> 0a71
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a71 -> Сабақтың мақсаты : Сабақтың білімділік мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту
0a71 -> Xv-xviii ғ. Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты
0a71 -> Диктанттар (2 сынып) І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет