Біздің отбасымыз


Сабақ №35. Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем. Бөлме заттары



бет3/5
Дата13.02.2017
өлшемі1,48 Mb.
#9019
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақ №35. Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем. Бөлме заттары

Сабақтың мақсатты: 1. Білімділік оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Ол мақсаттарды түрлі әдістермен қолдану.  Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту.

2. Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында тәртіптілікке, бір-біріне көмек

қолын беруге даярлыққа тәрбиелеу.



3.Дамытушылық. Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту.

 

Сабақтың барысы:



1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Модульдің құрамын түсіндіру.

3.      Сабақтың мақсатын, барысын айту.

4.      Бекіту

Сөздік

Менікі – мой, моя, моё

Тұрамын - живу

Орындық – стул

Айна – зеркало

Шам – лампа

Үстел – стол

Айтылым. 2. Тапсырма (сурет бойынша айт)

Сөйлесім. 3. Тапсырма (сөйлеп үйрен)


 

Жазылым. 4. Тапсыма (Жұмбақты оқы, шешуін тауып,дәптеріңе жаз)

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны  (теледидар)

Сергіту сәті

5.      Тапсырма (суретке қарап, бөлме ішіндегі заттарды біліп ал)

 

Қорытынды: сұрақ-жауап



Үй тапсырмасы: 4 тапсырма, 113 бет

Сабақтың тақырыбы: Мен бөлмемді жинаймын

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру

арқылы білім сапасын арттыру. Білім деңгейлерін оқылым,

тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы көтеру.

Тәрбиелік:оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алуға төселдіру. Тазалық

тақырыбында әңгімелер жүргізу.



Дамытушылық: тақырып бойынша оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, суретпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, тақта, сөзжұмбақ, кеспе қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:



І .Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу, түгендеу

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.1-тапсырма . Мәтінді әңгімелеу.

2.5-тапсырма. Сөйлем құрап келу.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ.Сөздік жұмысы.


  1. Жаңа сөздермен таныстыру.Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.Оқушыларды сурет бойынша өз заттары туралы саналы түрде әңгіме айтады.

2- тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындайды.Әр оқушы өз заттары туралы айтады.Сұрақ-жауап арқылы арқылы оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасалынады.

3-тапсырма. Тапсырмадағы Ә.Дүйсенбиевтің өлеңін оқушылардың оқу техникасын жетілдіру үшін мәнерлеп және тез оқу сайысын өтілді.

Сергіту сәті.

4-тапсырма.Оқушылар тақтаға шығып сөйлемдерді жазды. Ол сөйлемдегі сөзден табыс септігінің жалғауын тапты.

ҮІ. Сабақты пысықтау.

1.Сурет бойынша сұрақ-жауап.

2.Сөзжұмбақты шешу.

3.Табыс септігінің ережесін еске түсіру.



ҮІІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

1-тапсырма. Әңгіме құрастыру.

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.

Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Бөлме тазалығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін толықтыру, өз отбасы мүшелері жайлы әңгімелей білуге баулу.

Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру

Тәрбиелік. Еңбексүйгіштікке,бір бірінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІҚызығушылықтарын ояту



  1. л, 2-е, 3-ғ 4-б, 5-м , 6- а 7-ө 8-ы, 9-з 10-т

ІІІ. Жаңа тақырып:

Сөздік: көмектесемін -помогаю,үлкендерге-взрослым,шаң-пыль, жуу-мыть

сыпыру-подметать,шаңсорғыш-пылесос, жинау-убирать,сыпырғыш веник

сүрту-вытирать, гүлді суару- поливать цветы,кілем ковер,еден- пол

Сөздермен сөз тіркестер,сөйлемдер құру,ауызша т әуелдеу,жіктеу,септеу

Тәуелдеу:

І ІІ


сыпырғыш шаңсорғыш

ойыншық доп

Жіктеу:

көмектесу жинау



сүрту жуу

Сұрақтар

Сенің атың кім?

Сенің пәтерің неше бөлмелі?

Сенің бөлмең бар ма?

Бөлмең қандай?

Сен бөлмеңді жинайсың ба?

Не істейсің?

Үйге: Сөздерді жаттау.Сұрақтар бойынша әңгіме құрастыру

Қазақ тілі "Сағат неше?" 3 сынып

Сабақ мақсаттары:


Білімділік: Оқушыларды уақыт тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру,сағаттардың өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Міндеттер: -ойларын жинақтап айтуға үйрету;
-оқушыларды саналылыққа,ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: оқулық,видеокамера, фотоаппарат, үлестірме А-4 парақтар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары, қабырға сағаты, дәптер, интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, фломастер.
Әдіс-тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс,диалог, АКТ, қалай оқу керектігін үйрету,өзіндік реттелу әдісі,мозаика құру әдісі, «Топтастыру» стратегиясы.
Оқыту нәтижесі: -мәтін құрастыра біледі;
-өздері ұнататын жыл мезгілдері туралы әңгімелеп береді;
- ауызша тілдесімде жаңа сөздерді қолдана біледі.
Сілтеме: 3- сынып , А.Қайырбекова «Атамұра» 2010ж.
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин Сәлемдесу:
Салем достым! (амандасады)
Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (құшақтайды) Оқушылар көрсетілген іс-қимылдарды қайталайды.
Қағазға жазылған сандарды таңдап алуларына байланысты «Құм сағат» алғандар 1-топқа «Су сағат» алғандар 2-топқа, «Қол сағат»алғандар 3-топқа орналасады.
3 топқа оқушылар топтасады.

ОүБ.
Білу 8 мин

Аудиотаспаны қосу. Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты ашу.
Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі.
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.
Дұрыс балалар.Бұл-сағат.Сағаттың пайда болу тарихынан не білесіңдер? Аудиотаспадан жұмбақты тыңдайды,ойлайды, шешуін табады. Бұл-сағат.Сағат уақытты білу үшін керек.

АКТ, ДО, СТО


Жаңа сөздермен таныс-
тыру,айтылуын,жазылуын үйрету
Сағат – часы
Сағат неше? – Который час?
Таңертең – утром
Түсте – в полдень
Қол сағат –наручные часы
Кешке – вечером
Ертең – завтра
Бүгін – сегодня
Кеше – вчера
Уақыт қанша, айтыңызшы? –скажите,пожалуйста, который час?
Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?
Көрсетеді – показывает (о времени) Сөздерді айтады,жазады.Сөз тіркестерін құрастырады.
Сұрақ:
Сендер сөйлемді құрастыру үшін жаңа сөздерді қалай қолданар едіңдер?Как бы вы могли применить новые слова для составления предложений? Үш сөйлем жазыңдар (+,?,-) Напишите три предложения (+,?,-)
Өлшем:
-тақырып бойынша жаңа сөздерді білемін.
-қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйренемін.
-мен жаңа сөздермен сөйлем құрастыра аламын.
Топтар өзара бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды.

ОүБ, СТО, ДО


Түсіну 5мин Мозаика құрастыру.
Мозаиканы дұрыс құрастырсақ С дыбысының элементін жазамыз.
1. «С» дыбысын қай сандыққа салдық? – сары
2. «С» дыбысы қандай дыбыс? –дауыссыз
3. «Са» буынынан басталатын адам атын ата – Саша,Самал
4. Біздің сыныпта С дыбысынан басталатын оқушы аты бар ма?- Сергей,Санжар
5. Сүт сөзіне дыбыстық талдау жаса – с-дауыссыз,қатаң, ү- дауысты, жіңішке, т-дауыссыз, қатаң
6. «Сағат» сөзіне сөйлем ойла:
7. «С» дыбысынан келетін сандарды ата: - сегіз, сексен
8. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? –Уақыт
9. Біз уақытты неге қарап білеміз? –сағатқа - Жұппен жұмыс

ОүБ, СТО, ТжД, ОмОЖТ

Қолдану
8 мин Топпен жұмыс
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында 1-топқа «Топтастыру стратегиясы» беріледі. Сағаттардың түрлерін және олардың қасиеттерін жазу қажет.
2-топқа Кестемен жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой. Менің дәптер... , үй... терезесі, Абзал... сұрақ қой, Асан... шақырып кел,Мен үшінші сыныпта оқи...
3-топқа Мәтіннен қанша? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. Дүкенде жейде сатылады. Жейде екі мың теңге тұрады. Көйлек үш мың теңге тұрады.Түрлі түсті қарындаштар жүз елу теңге тұрады.Дәптер он сегіз теңге тұрады. Оқушылар жазғандарын жұбына береді.Қателерін түзетеді.
Сұрақ: Сендер оқытылып жатқан материалдан негізгі ақпаратты ұсына және таңдау жасай аласыңдар ма? Смогли бы вы выбрать и представить ключевую информацию из изученного материала?
Өлшем:
- мен сөйлемді қалай құрастыру керектігін білемін.
- ақпараттың негізгісін таңдай білемін.
Топтар өзара бір-бірлерін бағдаршам арқылы бағалайды.

СТО,ОүБ, ДО, ОЖЕСОжО,


ОмОЖТ
Сергіту сәті 2 мин Баяу музыка қойып мен жасаған қимылды оқушылар қайталайды.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
Орнымыздан тұрайық
1,2 деп бастайық,
Топ-топ басайық
Сәл дем алып болған соң
Орнымызға барайық.
Талдау

8 мин Құм сағаты мен қол сағаттың айырмашылығын мен ұқсастығы қандай? Флипчарт жасайды.

Жеке орындап сосын жұбына,тобымен талқыға салады.Ойланады,салыстырады,
талқылайды.Флипчарт жасайды. - Топпен жұмыс.
Сұрақ: Ненің көмегі арқылы құм сағаты мен қол сағаттың айырмашылығы мен ұқсастығын бейнелей аламыз?
1. Суреттерді қарайды.
2. Жоспар суретін салуда қажет болатын белгі (шарттарын) ауызша сөйлеседі.
3. Жоспар құру.
Өлшем (критерии) :
- Мен белгі (шарттарын) білемін.
- Мен жоспарға сәйкес сурет сала аламын.
Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс.

ОүБ, СТО, ОЖЕСОжО,АКТ,БжК, ТжД


Жинақтау 8 мин «Менің бос уақытым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар. Бағалау қағазындағы өлшемдер бойынша жұп жұмысын бағалайды.
ОүБ, СТО.
Бағалау 4 мин Өзге елдердің сағаттарындағы уақыт айырмашылығын салыстыру. Осы тақырып бойынша не білді және сабақ барысында жауап ала алмаған сұрақтың жауабын алу үшін бір сұрақ әзірлейді. Бағалайды,талқылайды.
СТО,ОүБ, ДО

Сынып 3 сабақтың тақырыбы "Сағаттың түрлері"

Сынып

3 б




Мерзімі

15.10.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы

Сағаттың түрлері

Оқып үйренудің мақсаттары

- Сағаттың кварцты,

электронды, маятникті түрлерімен таныстыру;

- Уақыттарын үнемдеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

- Әртүрлі  ойындар арқылы оқушылардың сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын  молайту.



Табыс критерийлері

Сағаттың 3 түрін бір-бірінен ажырата алуы;

Сұрақтарға дұрыс жауап беруі;

Тапсырмаларды орындау барысында уақытты үнемді пайдалана алуы.


Күтілетін нәтиже

 -Сағаттың түрлерімен танысады;

- Уақыттарын үнемдеуді үйренеді;

- Ойын барысында сұрақтарға сауатты жауап беруге тырысады


                                                              Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Сағаттың 3 түріне қарай топқа бөлемін (электронды

,маятникті, кварцты).

3.Ынтымақтастық атмосферасын құрамын;

4. Бағалаудың шартымен таныстырамын


1 Сәлемдеседі

2. Топқа бөлінеді,топқа ат қояды,топ мүшелерін сайлайды;

3. Шаттық шеңберін құрады


Топтасады

Пәнге деген  қызығушылығы артады



5 мин

Үй тапсырмасын сұрау

5-тапсырма, 50-бет

 


Берілген сөйлемдерді толықтырып жазады,оқиды.

Өтілген тақырып бойынша білімдерін пысықтайды

3  мин

Жаңа сабақ

Сөздік жұмысы

Бір оқушы тақтаға шығып,жаңа сөздерді орыс тілінде жазып тұрады, ал сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушытақтаға келіп, аудармасын жазады.

 Оқушылар диалогтік қатынсқа түсе, жаңа сөздерді жаттап сабақтан тыс уақыттада қолданады.

5 мин

Тапсырмалармен жұмыс

Сағат неше?сұрағы бойынша жұптық жұмыс жүргізіледі

1-тапсырма



Екеуара отырған оқушылар бір-бірінен уақытты сұрап мысалдар келтіреді.

Жұптық жұмыс арқылы қазақ тілінде

тілдерін жаттықтырады.



5 мин

 

Сергіту сәті

2-тапсырма бойынша

берілген Б.Қошым-Ноғайдың өлеңін кез-келген әуенге салып айту

топтық жұмысын тапсырамын.



Топпен ақылдаса келе, өлеңді әуенге салып шырқайды

Әуенге салып шырқау арқылы өлеңді жаттап алады.

8 мин

 

3-тапсырма бойынша уақыттың жалғасуы мен уақыттың нақтылығына 3-топқа мысалдар келтіру тапсырылады.

Топпен ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырманы орындау барысында диалогтік қарым-қатынасқа түседі.

8 мин

 

6-тапсырманың үлгісі бойынша 4- тапсырмадағы жаңа сөздерді кіріктіріп сөйлем құрауды тапсырамын.

Тізбектеп сөйлемдер құрайды.

 

4-мин

Сабақты қорытындылау

Түрткі сұрақтарды қою :

1.Қандай жаңа сөздермен таныстық ?

2. Қазір сағат неше болды?


Сұрақтарға жауап береді

Шапшаңдыққа ұмтылады.

2 мин

Бағалау

Сабақ барысындағы жазба жұмыстарын сағат тілі арқылы өзара бағалау шартымен таныстырамын

Сабақ барысындағы жазба жұмыстарын сағат тілі арқылы өзара бағалайды.

Бағалау арқылы  пәнге деген қызығушылығы артады.

3 мин

Үйге тапсырма

1-топ: Жаңа сөздермен сөйлем құрау

2-топ: 5-тапсырма,51-бет



3-топ:7-тапсырма,52-бет

Күнделікке жазып алады.

 

1 мин

Рефлексия

 

 

 

1 мин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет