Сахмиденова Нэйля Оразовна
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Сабақтың тақырыбы: ЖЕМІС - ЖИДЕКТЕР БАҒЫ
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Тақырыпқа байланысты сын есім, етістіктермен сөйлем құруға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беруді талап ету. Жақты, жайылма, толымды сөйлем құруға дағдыландыру.
Ә) Түзету: Сөздік қорларын байыту. Ұсақ моторикаларын дамыту. Көру және есту зейіндерін қалыптастыру. Қозғалу іс –әрекеттерін дамыту. Есту, зейін салу қабілеттерін дамыту. Ұжымда өздерін еркін ұстап, жұмыс істеулерін қалыптастыру. Бойларында ырғақ сезімдерін қалыптастыру. Дем шығару, тыныс алу жолдарын қалыптастыру.
Б) Тәрбиелігі: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Жеміс пен көкөніс дастарқанға маңдай терімен келетінін түсіндіру. Жеміс-жидектердің суретін бояған кезде, эстетика ұстанымын негізге алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: электрондық логопед құралы, »Жемістер» тақырыбына байланысты презентация. Галкинаның көру гимнастикасы, 6 дана күзгі жапырақ, сиқырлы қап, жеміс-жидектердің муляждары, жемістерді бояуға арналған карточкалар, ұсақ моториканы дамытуға арналған құралдар.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы, СТО технологиясы, сұрақ-жауап.
Түрі: саяхат сабағы
Сабақтың барысы.
І Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Қалдерің қалай?
Психогимнастика мимика жаттығуымен қоса.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.
-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).
- Қонақтар бізге неге келген екен?
Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.
- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?
-Кәне, қабағымызды түйіміз.
- Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.
Кәне, жымиямыз, күлеміз!
-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз.:
Біз таңғалуды білеміз!
Біз күлкіні жақсы көреміз!
Біз қабақ түйюді білеміз!
Біз күлкіні жақсы көреміз!
ІІ Қозғалу жаттығуын орындайық
- Ал, балалар сабағымызды бастамастан бұрын, қозғалу жаттығуын орындайық.
Міне, күз де келіп қалды,
Қолын былғап шақырды.
Бір кезде баяу жел соқты,
Жапырақтар билей бастады.
Бір кезде қатты жел соқты,
Терезенің пердесі қозғала жөнелді.
Жел басылып қалды,
Енді өкшемізді көтеріп, тез орнымызды табайық.
ІІІ Мағынаны тану. Жаңа сабақ.
-Балалар, мына үстелдің үстінде себет бар. Ал бұл себеттің ішінде не бар екен?
-Әрине. Жемістер бар.
-Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жеміс- жидек бағы
Презентация «Жеміс – жидектер» (Приложение № 1)
-Мынау не?
-алма, алмұрт, шие, алхоры, , жүзім, лимон, шабдалы, апельсин.
-Алма қандай?
-Жеміс – жидек бағындағы дәрігердің кеңесіне құлақ салайық, балалар.
- Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р – дәрумендері (витаминдер) бар. Бұл витаминдер сендердің ағзаларынызға өте пайдалы. Жеміс- жидектерді көбірек жесеңдер, әрқашан көңілді болып жүресіңдер. Тістерін ауырмай, берік болып өседі. Денсаулықтарын мықты болады. Тез өсесіңдер. Тамаққа тәбеттерін жақсы болады.
А) Артикуляциялық жаттығулар (Электрондық логопед)
-Балалар, айнаға қарап, біз қандай жаттығуларды орындайтын едік?
-әрине әріптерді дұрыс айтып үйрену үшін, арналған жаттығулар.
1. «Тіс тазалау» жаттығуы. Қақпа езуімізді тартып, тістерімізді көрсетейік. Енді тіліміздің ұшымен жоғары тістерімізді және төменгі тістерімізді тазалаймыз.
2. «Әткеншек» жаттығуы. Аузымызды ашамыз, тіліміздің ұшымен алдымен, жоғары ерінге тигіземіз және төменгі ерінімізге тигіземіз.
3.«Сырлаушы» Аузымызды кеңейтіп ашамыз, тіліміздің ұшымен таңдайымызды алға-артқа жүріп қыттықтаймыз.
4.«Сағат» Аузымызды ашамыз, тілімізді алға шығарамыз және оңға-солға қозғалтамыз.
Ә) Бес жолды өлең жазу (Приложение № 2)
Б) Артық затты тап ойыны (Приложение № 3)
В)Жұмбақ жасыру (Приложение № 4)
IV Галкинаның көзге арналған жаттығуы
V Сергіту сәті
Жел соғады бетіме,
Теңселеді ағаштар.
Жел басылады, басылады,
Ағаш бойын жасады.
VІ Ұсақ моториканы дамыту
А) Ас бұршақ үстінде дөңгелек, таяқшаларды жасау.
Ә) Бауды алмұрттан өткізу.
VІІ Айналадағы заттардың орны туралы түсінік беру (Приложение № 5)
VІІІ Дидактикалық ойын «Себетке жемістерді сал».
ІX Саусақ жаттығуы.
Ағаштағы бұтақта дөңгелек, сопақ жемістер өседі.
Жаңбыр жаумастан бұрын,
Жел құлатпастан бұрын,
Құстар жем қоймастан бұрын
Тәтті жемістерді теріп аламыз.
X Сиқырлы қоржыннан жемістерді қолымен ұстап, сезу түйсігі арқылы сезіп, жемістің атауын атау.
XІ Жеміс-жидектерді бояу.
XІІ Қорытындылау
-Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады?
-Қандай жеміс- жидектерді білесіңдер?
-Алма қандай?
-Лимон қандай?
-Олар қайда өседі ?
-Оларды біз не істейміз?
Не үшін жейміз?
Бойымыз өсу үшін, тістеріміз қатты, берік болып ауырмау үшін.
XІІІ Үй тапсырмасы.
1.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы- сүйек қатты.
(алма)
2. Түрі шар сияқты,
Түсі қып-қызыл.
Дәмі бал сияқты.
(шие)
|