«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет9/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
be 2

Мәдениет мәйегі.
Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой- сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң- сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту -рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі.
Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі.
Тіл табыса білу- өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті.
Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу мәдениеті
Сөз мәдениеті
Жазба тіл мәдениеті
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің де, жазба тілдің де бастау негізі- белгілі бір ұлттың ұлттық дағды- дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтық тіл.
Ауызекі сөйлеу тілі – бетпре- бет көріп отырған екі не одан да көп дамдардың өзара пікір алуысуы, түсінісуі.Сөйлесу кезінде жеке адам өзінің мінез- құлқын, бүкіл адамдық болмысын көрсетеді, сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттілік белгісі.
Пікір алысу, түсінісу сөз арқылы ғана жүзеге аспайды, бет- ауыз, қас- қабақ, қол қимылдары да қатысып отырады.Сөйлеуші айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіру үшін, тыңдаушының назарын аудару мақсатында дауыс ырғағын құбылта сөйлейді.сөздердің айтылу заңдылықтары сақталуы тиіс, бірақ адам жергілікті тіл ерекшелігіне сай халықтық нұсқаны қолдана сөйлейді.
Бұл айтқандардан ауызекі сөйлеу тілінің мынадай стильдік ерекшеліктері бар екендігі анықталды:
Қолдану аясы таныс кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
Сөйлеу мақсаты- қарым- қатынас жасау.
Өзіндік стильдік ерекшелігі:еркін, даярлықсыз өткізілуі, сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдануы, айтушының көзқарасы қолданған сөздерінен анық көрінуі.
Тідік құралдары: қарапайым сөздер, көңіл күйін білдіретін сөздар, сұраулы, лепті сөйлемдер, диалог, қыстырма, қаратпа сөздер.
Әңгімелескенде, сөйлескенде, пікір айтқанда сөздің де, мінездің де сыпайы болғаны дұрыс,сөйлеушінің сөзін бұзып, қарсылық білдіру ыңғайсыздыққа соқтырады.
Ең негізгі нәрсе- сөздің айтылу заңдылықтарын, сөзді орынды қолдануды сақтау, сөздік қордың мол болып, сөзді іріктей қолдана білу.
Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойын жүйелі жеткізе алады. Ауызекі сөйлесуде тыңдау, сөйлеу мәдениеті басты орын алады, бұларды қалыптастыру – мәдениеттілік белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет