«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет11/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
be 2

Қарым- қатынас түрлері.
Әлеуметтік- тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы тілдік қатынасты, сөз қолданысын екі түрге бөлуге болады:
1.Әлеуметтік тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер.
2.Іскерлік қарым- қатынасқа байланысты қолданылатын сөздер.
Отбасы ортасындағы, дос-жар, құрбы- құрдас, құда- жекжат ортасында және күнделікті тіршіліктегі тілдесулер, пікірлесудегі сөздер тұрмыстық- әлеуметтік қатынастағы сөздерге жатады.Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
1.Отбасы аясында қолданылатын сөздер.
2.Дос, құрбы- құрдастардың арасында қолданылатын сөздер.
3.Құда- жекжат, ағайын- туыс арасында қолданылатын сөздер.
4.Күнделікте өмірде, көлікте, көпшілік т.б. орындарда қолданылатын сөздер.
Сәлемдесу- сөз басы.
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу-тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оған мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы.
Кішінің үлкенге сәлем беруі- үлкенге көрсетілген құрмет, кішінің ізет көрсетуі. Сәлемдесу- ағайын мен туысты, дос- жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата жалғастыру, алысты жақындату.Адамның кейіп- кескініні тану, болмысын байқау, көңіл күйін білу әрі өз ниетіңді ұқтыру.
Сәлемдесу әдебі.
Әр адам сәлемдесу әдебін, қас- қабақ, бет- жүз, дауыс құбылысын байқап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.Қойылатын талаптар:
1.Сәлемдесудің ең басты шарты- жылы лебіз.
2.Қабақ түю, түнеру, тыржию, естілер- естілмес сәлем беру- әдепсіздік, кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылық.
3.Сәлемді селқос қабылдау, кекірею, жақтырмау- инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, көргенсіздіктің белгісі.
Қазақ халқының салт- дәстүрі бойынша адамның үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.Үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады.Туыстық, жақындық ақтынасқа байланыстыағайын, туыс, жекжат, жұрағат, құландалы деген сөздер қолданылады. Қазақтар бірін- бірі бөтен санамайды, “Қарға тамырлы қазақпыз” деп отырады.
Ата- әкенің әкесі, төрден орын беріп, құрметтеу керек.Жолын кесіп өтуге болмайды.
“Аулыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең”дегендей, ата- ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры. Атаның айтқаны- кейінгіге заң. Дәстүр бойынша ең алдымен сәлем атаға беріледі.
Іскерлік қарым- қатынас, ондағы тілдік ерекшеліктер, сөз орамдары.
Біздің заманымыз- іскер, белсенді, өздігінен жол таба алатын адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба бьілетін іскерлік адамды көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл адамның ортаман іскерлік қарым-қатынас жасай білуіне, сөйлеу этикасын меңгеруіне байланысты. “Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма”,- деп ұлы Абай айтқандай, адам сөзі арқылы танылады.
Іскерлік қарым- ақтынастың негізгі түйіні- тілдік ерекшелікті білу, сауаттылық, сөйлеу мәдениетін меңгеру.
·Іскерлік қарым- қатынас- мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің қызмет бабында пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажет құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.
·Іскелік қарым- қатынас әдебі сөйлеушінің өз өзіне жауапкершілікпен қарауынан, өзін ұстауынан, мінезінен, батылдығынан, тартымды, жағымды сөйлеуінен көрінеді.
·Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау, сәлемдесу, ұлттық дәстүрді сақтау- қалыптасқан нормалар.
·Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, білікті қолдану, тапқырлықпен, нақты, жүйелі сөйлей білу іскерлік әдебін танытады.
·Іскерлік қатынаста тіл табысуға зиянын тигізетін нәрселер:тақырыпты жетік меңгермеу, мағынасын түсінбеу, ойды дамытып әкете алмау, көпсөзділік, айтқанынан қайтпау, жігерсіздік, ұялшақтық.
·


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет