«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет19/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
be 2

Керi байланыс

2 сурет - Корпоративтi мәдениеттiң типологиясы


Жетекшiлермен қатардағы қызметкерлер iс әрекетiнiң этикасын жетiлдiру мақсатында келесi шаралармен әдiстер қолданады. Этикалықкодекстер, этика қарттары, этика жөнiндегi комитетер, әлеуметтiк ревизялар, этикалық iс әрекетке үйрету, этикалық экспертиза этикалық кеңес беру.


Персоналды адаптациялау.
Адаптация – жалданған жұмысшыларды ұйымға және ұйым бөлімшелеріне ұйым олардан ие күтетінін және мұнда қандай еңбек жақсы бағаланатынын түсінілері мақсатымен таныстыру.
Адаптация – бұл тұлғаны ол үшін қабылданған нормалары мен ережелері бар жаңа өндірістік және әлеуметтік ортаға енгізу үрдісі.
Адаптацияның негізгі мақсаты – жұмысшының жеке білімі, тәжірибесін және құндылықтарын ұйым құндылықтарымен және дәстүрлер мен байланыстыру, жұмысшыны нақты формада қарым-қатынасқа үйрету.
Адаптацияның алғашқы (оқу орыйын аяқтаған тұлғалардың жұмысқа орналасуы кезінде, жастардың еңбекке кіруі кезінде) және екінші түрін (еңбек жағдайынын өзгеруі кезінде, жұмыс орнын адыстыру, жаңа технологиялар еңгізу, т.б.) ажыратады.
Адаптация – бұл күрделі үрдіс. Мұнда келесі элементтерді бөпіп көрсетеді:
– профессионалды адаптация;
– әлеуметтік-психологиялық;
– психо-физиологиялық;
– экономикалық;
– ұйымдастырушылық.
«Корпоративті мəдениет» термині – бизнес – пəн мұғалімдерінің, басқару мамандықтарында оқитын студенттердің жəне басшылардың аузынан жиі айтылатын сөз. Термин танымал бола бастады, тек оның соңында келесідей мəн жатыр. Өзімнің тренингтерімде мен осы тақырыпқа жиі назар аударамын. Жəне мен оны «Мəдениет деген не?» деген сұрақтан бастаймын. Егер де білімді оқырман бірден жауапты құрастыра алатын болса, онда ол кісінің алдында басымды иемін.
Қанағаттандыратын анықтаманы бере алатын адам өте сирек кездеседі. Оның үстіне біз өз «мəдениетімізбен» мақтанамыз. Алайда біз «мəдениетке» анықтама бере алмасақ, ұйымдастырылған мəдениет жəне ол қалай «жұмыс істейтіні» туралы əңгіме қозғай аламыз ба. Сонымен, алдымен анықтамалардан бастайық.
А. Кребер жəне К.Клакхон жеткілікті көлемді анықтама береді: «Мəдениет эксплицитті жəне имплицитті шамалардан тұрады, ол белгілердің көмегімен меңгерілетін жəне ортаға байланысты мінез – құлықтарды анықтайды; ол бір топ адамдардың іс - əрекеті нəтижесінде пайда болады, соның ішінде оның амалдарға айналуы да жатады. Мəдениеттің мазмұнды өзегін дəстүрлі тарихи қалыптасқан жəне ерекше идеялар құрайды, соның ішінде ерекше құндылық белгіленген идеялар. Мəдени жүйелер бір жағынан адамдар іс - əрекетінің нəтижесі ретінде, ал екінші жағынан – оны реттеушілері ретінде қарастырылуы мүмкін».
1Шынымен де анықтама көлемді, алайда оны қарапайым деп айта алмайсың.
Г. Ховштед мəдениетті «адамдардың бір дəрежесін екіншілерінен ажырататын ойларды біріктіріп бағдарламалау» ретінде анықтайды. Осы анықтамада негізгі түйін – ұжымдық бағдарламалау.
2 Бұл анықтама анағұрлым қарапайым жəне түсінікті. Тек бағдарламалаушылар кімдер деген бір ғана сұрақ қою қажет. Мəдениеттің субъектілері жəне мəдениеттің объектілері бар екендігі туралы сөз қозғау əбден ықтимал.
А.И. Пригожин мəдениетті адамзатпен жинақталған ең құнды нəрсені білдіретін ең жалпы түсінік ретінде анықтайды, басқаша айтқанда адамдар өздері құнды деп санайтындар: материалдық, рухани, əлеуметтік құндылықтар.
3Тағы да бір анықтаманы əлемет тану пəні бойынша Халықаралық Бизнес Академиясында (Алматы) профессор Гуревичтің дəрісінде естідім: «Мəдениет – бұл біздің түйсіктерімізді шектейтін жүйе». Сірə, мен осы анықтамамен де келісемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет