Бизнес-ойлау психологиясы


"Сатушы" посттарды қалай жазуға болады?



бет71/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

"Сатушы" посттарды қалай жазуға болады?

  • Негативпен жұмыс істеу;

  • Таргетингтік жарнама;

  • Медиа-жоспар;

  • Посттардың мерзімділігі.




    1. SMM МАРКЕТИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

    Өткен сабақта біз Интернет-маркетинг және оның ерекшеліктері туралы айттық. Бүгін біз Интернет-маркетинг түрлерінің бірін, атап айтқанда – SMM егжей-тегжейлі талдаймыз.
    SMM-бұл Social Media Marketing ("Әлеуметтік желілердегі маркетинг") ағылшынша сөз тіркесінің аббревиатурасы.
    Statista аналитикалық агенттігінің хабарлауынша 2018 жылы Facebook аудиториясы 2 млрд астам пайдаланушыны, YouTube - 1,5 млрд, WhatsApp-1,3 млрд, ал Instagram-700 млн-нан астам пайдаланушыны құрады. Яғни жердің әрбір үшінші тұрғыны Facebook-те тіркелген! Адамдар әлеуметтік желіні неге және не үшін қолданады деген мәселені ашық қалдырайық та, оның бизнес үшін қандай мүмкіндіктер беретіні жағынан қарастырайық.
    Сонымен, жердің әрбір үшінші тұрғыны Facebook-ке кіріп, онда біраз уақыт өткізеді. Демек, бизнес парақшасы клиенттерді қызықтырған жағдайда, өз клиенттеріне әлеуметтік желі арқылы шығуға мүмкіндік алады. SMM дұрыс стратегиясы бизнес үшін маңызды мынадай мәселелерді шеше алады:

    • сату деңгейін арттыру;

    • компанияның және оның өнімінің танымалдығын арттыру;

    • компанияның қызметтеріне / өнімдеріне мақсатты аудиторияның ниеттестігін арттыру;

    • компаниялардың сайтына кіруді ұлғайту (әсіресе интернет-дүкендер үшін өзекті).

    Және де осының бәрі күрделі қаржылық салымсыз, үлкен қызметкерлер штатынсыз, арнайы кеңсесіз және т. б.! Кез келген адам SMM-ші бола алады, ол үшін тек компьютер және аудиториямен өзара іс-қимылдың кейбір тетіктерін түсінсем деген ниет керек.
    SMM басқа жарнама түрлерінің алдында қандай артықшылықтары бар екенін қарастырайық.

    • Барлық әлеуметтік белсенді адамдар әлеуметтік желілерде көп уақытын өткізеді. Ал кез келген заманауи бизнестің клиенттері – әлеуметтік белсенді адамдар.

    • Төмен баға (SMM-менеджерді өзі жүргізу немесе жалдау мүмкіндігі). Теледидар, радио, билборд және т. б. жарнама орнының құнын салыстырсақ, бұл - айқын артықшылық .

    • Күн сайын жаңа посттар жазу мүмкіндігі. Егер бизнесмен теледидарға жарнама берсе, ол белгілі бір уақыт ішінде өзгертілмей беріледі. Әлеуметтік желілерде қоғамдағы кез келген оқиғаларға дереу жауап беруге болады.

    • Мақсатты аудитория кеңірек қамтылады. Сіз теледидардағы жарнамаңызды көрермендердің қарайтынына сенімді бола алмайсыз. Әлеуметтік желілерде сіз пайдаланушылардың жасы, жынысы, тұрғылықты жері және тіпті қызығушылықтарын көрсете отырып, жарнаманы сұрыптай аласыз! Осылайша, сіздің нақты өз клиенттеріңізге шығу мүмкіндігіңіз артады.

    • Клиенттермен кері байланыс. Сіздің жарнама қызықты болды ма, ақпарат пайда әкелді ме, сізге нені жақсарту керек? Егер сіз пайдаланушылардан кері байланыс ала алмасаңыз, бұл сұрақтарға жауап беру қиын. Әлеуметтік желілер пайдаланушылармен онлайн режимінде қарым-қатынас жасауға көмектеседі - сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізге олардың реакциясын біліп қана қоймай, сонымен қатар сұрақтарға жауап беруге, мәселелерді шешуге болады және т. б.

    Оған қоса, әлеуметтік желілер клиенттер мен компаниялар арасындағы шекараны жояды. Шағын бизнес субъектілерінің көпшілігі бүгінде әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды тартудың негізгі арнасы ретінде қарастырады.
    Көрнекілік үшін, бүгінгі сабақта біз OQICO компаниясының бизнес-кейсін қарастырамыз және олардың үлгісі бойынша әлеуметтік желілердегі жұмыстар бойынша тәсілдерді көрсетеміз.

    Нұр-Сұлтан қаласының ағылшын тілі және IELTS OQICO дайындық мектебін Наргис пен Динара деген серіктестер құрды, олар алдында өз бетінше жұмыс істеген. Бірлескен бизнес ашуға бел байлап, қыздар өздерінің оқыту тәсілдерін біріктіріп, сынақтар мен қателер әдісімен ағылшын тілін нөлден бастап еркін меңгеруге дейінгі немесе IELTS тапсыруға дейінгі өз әдістемелерін жасады. Мектеп Cambridge немесе Oxford баспаларынан шыққан стандартты жинақтарды пайдаланбауымен ерекшеленеді: оқыту материалдары мен әдістері әр топтың немесе студенттің қажеттілігіне қарай жеке-жеке іріктеледі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   185




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет