3-тапсырма Ал енді бес топқа бөлініңіздер. Әрбір топ бизнестің көтеретін жауапкершілігін сипаттап, мысалдар келтіруге және пайдасын айтуы керек. 1-топ: әріптестердің алдындағы; 2-топ: тұтынушылардың алдындағф; 3-топ: қызметкерлердің алдындағы; 4-топ: мемлекеттің алдындағы; 5-топ: қоғамның алдындағы. Оқушылар тапсырма орындағанда курс барысында жұмыс жасаған стартаптарды үлгі ретінде ала отырып, жауапкершіліктің түрлері туралы айтып бере алады. Бұл оларға жалпылама жауапкершілікті емес, әлеуетті бизнестерінде туындауы мүмкін нақты жауапкершілік туралы ойлануға көмектеседі.
Құрметті студенттер! Міне, біз "кәсіпкерлік қызметтің негіздері" курсын аяқтадық. Енді сіздерге өз бизнес-жобаларыңызды оқытушы (комиссия) алдында қорғау және сертификаттарды тапсыру қалады. Сізге бизнесте табыс тілейміз!
БИЗНЕС-ЖОСПАР ШАБЛОНЫН ТОЛТЫРУ ___________________________________________ Жобаның атауы
1. Жобаның түйіндемесі: