Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
82
Нарықты талдау жҽне маркетингтік
стратегия
Химиялық тазалау тұрмыстық қызмет кӛрсету саласына жатады және болашақта
дамуының үлкен әлеуеті бар табысты бизнес болып есептеледі. Әдетте, химиялық
тазалаудың пайдасы кәсіпорынның кӛлеміне тікелей байланысты. Нарықтық экономикаға
ӛткеннен кейін химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары коммерциялық кәсіпорындарға
айналды және кәсіпорын иелерінің компанияны табысты етуге байланысты проблемалары
пайда болды. Бірақ, қатардағы тұтынушылардың кӛпшілігінде химиялық тазалау қызметіне
деген тұрақты сенімсіздік қалыптасты. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметіне
тек бұйымды үйде тазалау мүмкін болмаған жағдайда ғана жүгінеді.
Қазіргі уақытта химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары қонақ үй, әскери мекемелер,
ауруханалар, сияқты ірі ұйымдардың компоненнтері түрінде, ірі кәсіпорындардың қосалқы
ұйымдары ретінде жұмыс істейді. Химиялық тазалау және кір жуу қызметтерін кӛрсететін жеке
кәсіпорындарға келетін болсақ, жағдай келесідей: бір жағынан тұрғындардың белгілі бір бӛлігінің
қымбат киімдерді сатып алуға және оларды қалпына келтіру үшін химиялық тазалау қызметін
пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Екінші жағынан тұрғындардың бір бӛлігі киімді химиялық
тазалауға немесе жууға бергеннен жаңа киім сатып алу оңай деген пікір қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанда, мысалы Европамен салыстырғанда, химиялық тазалау қызметін
тұрғындардың кӛп пайызы пайдаланбайды. Бірақ Қазақстан халқының ӛмір сүру деңгейі мен
мәдениет деңгейі ӛсіп келеді. Яғни химиялық тазалау қызметіне деген сұраныс та тұрақты ӛседі.
Технологиялық процесс
Бұйымдарды жуу және химиялық тазалау үшін «Aquatex» маркалы жабдықты пайдалану
жоспарлануда.
Жабдықпен жұмыс істеу үшін персоналды оқыту қажет. Оқыту құны жабдықтың құнына
енгізілген.
Инвестициялық жоспар
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар келесілерден тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: