«Бизнестегі коммуникациялар» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен

«шағын бизнес негіздері және ұйымдастыру

бет4/8
Дата14.10.2019
өлшемі1,47 Mb.
#49905
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнестегі коммуникациялар

«шағын бизнес негіздері және ұйымдастыру»

ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс тақырыптары

Мақсаты

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1

Шағын бизнес: түсінігі,негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.

1. ҚР-да кәсіпкерліктің дамуы

2. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттрі.

3. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары.

1. Кәсіпкерлік мен саясат арасындағы өзара байланыс. Политикалық императивтер.

2. Экономикадағы кәсіпкерліктің ролі туралы түсініктердің эволюциясы

2

Шағын бизнес қызметті жоспарлау.

1.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі.

2.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.

3.Бизнес-жоспар-кәсіпкерлі жобаларды жүзеге асыру жоспарлары

1. Кәсіпкерлік іс-әрекетін қысқаша сипаттама беріңіз

2. Кәсіпкерліктің мәнін және оның нарықтағы негізгі белгілерін атап шығыңыз

3. Кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет пе?

3

Шағын бизнес қызметті қаржыландыру.

  1. Кәсіпорынның қаржылық ортасы

  2. Кәсіпкерлік келісімдерді несиелеу және лизингтік операциялар.

1. Қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздеріне жасаңыз

2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың басқа да көздеріне сипаттама беріңіз

3. «Даму» кәсіпкерлік дамыту қорының қызметіне толыққанды тадау жасаңыз

4

Шағын бизнес қызметті кадрлік қамтамасыз ету.

1. Кадрлық қамтамасыз ету мәні

2. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау

1. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда персоналды басқарудың рөлі қандай?

2. Персоналды басқару әдістерінің әрқайсысына кысқаша тоқталып, артықшылықтары мен кемшілік-теріне сараптама жасаңыз.

3. Еңбекакы төлеу нысандарының әркайсысы бойынша мысалдар келтіріңіз.

4. Кәсіпорында еңбекті ынталандырудың қажеттілігі мен маңыздылыгын түсіндіріңіз.

5. Мотивацияның негізгі теорияларына тоқталып, сараптама жасаңыз.

5

Шағын бизнес шаруашылық серіктестіктерімен келісімдік қатынастары.

  1. Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері.

  2. Келісімшарттардың негізгі нысандары және оның мазмұны.

1. Мәміле мен шарттыц өзара байланысы мен айыр-машылығын аныктаңыз.

2. Коммерциялық мәмілелердің әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз.

3. Коммерциялық мәмілелердің өзге де түрлеріне тоқталып кыскаша сипаттама беріңіз және мысалдар келтіріңіз.

4. Міндеттеме түрлерінің әрқайсысына кыскаша тоқталып, түсініктеме беріңіз.

5. Әр түрлі жағдайлар бойынша жеке-жеке шарт дайындаңыз және оны талкылаңыз.

6

Шағын бизнес мәдениет.

1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.

2. Бизнесменнің негізгі ерешеліктері.

1 Кәсіпкерлік мәдениет туралы анықтамалар

2. Кәсіпкерлік мәдениетті сақтау негіздері

3. Іскерлік қатынас

7

Шағын бизнес құпиясы және бәсекелестігі

      1. Кәсіпкерлік құпияның мәні.

      2. Кәсіпкерлік құпияның шекаралары.

      3. Құпияның жариялануына әсер ету шаралары.

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бәсекенің рөлімен қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Бәсеке және бәсекеге қабілеттілік бойынша анықтамаларга өзіндік ой-пікіріңізді білдіріп, толықтырыңыз.

3. Бәсекенің қарастырылмаган өзге де түрлеріне тоқталып, сипаттама беріңіз.

4. Бәсекенің түрлерінің негізгі белгілерін, айырмашылықтарын анықтаңыз және әрбір түрі бойынша мысалдар келтіре отырып талқылаңыз.

5. М.Е. Портердің бәсекенің жағдайын сипаттайтын 5 бәсекелік күштің әрқайсысына қысқаша түсініктеме беріңіз.

6. Елдің, экономиканың, саланың, кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі түсініктеріне аныктама беріп, олардың өзара башанысын түсіндіріңіз.

7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін барлық факторларды жүйелеп, кесте түрінде көрсетіңіз және талқылаңыз.

8

Шағын бизнес қызметтегі тәуекелдер.

        1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні.

        2. Тәуекелді бағалау әдістері.

        3. Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері.

          1. Тәуекел және кәсіпкерлік тәуекел түсініктерін сипаттаңыз

          2. Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болу себептерін атаңыз

          3. Кәсіпкерлік тәуекелге ішкі және сыртқы факторлардан басқа тағы қандай факторлар әсер етеді.

9

Шағын бизнес қызметтің инфрақұрылымы.

1. Кәсіпкерлк қызметтің инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері.

2. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамассыз ету.

  1. Кәсіпкерлік қызметін инфрақұрылымы

  2. Оның ерекшеліктері

  3. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет

10

Шағын бизнес қызмет субъектілерінің жауапкершілігі.

1. Кәсіпкерлер жауапкершілгінң мәні мен түрлері.

2. Міндеттемелерді орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

3. Кәсіпкерлердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі.

1. Кәсіпкерлік қызметті талдау мен тиімділігін бағалау қандай мақсатпен жасалады?

2. Кәсіпкерлік қызметті талдаудың қандай әдістерін білесіз, олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Кәсіпкерлік қызметті кешенді талдау кезінде қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

4. Активтің өтімділігі мен баланстың өтімділігінің айырмашылығын түсіндіріңіз.

5. Рентабельділік дегеніміз не және оны қандай көр-сеткіштер арқылы анықтауга болады?

11

Шағын бизнес қызметтің тиімділігі талдау мен бағалау.

1. Экономикалық талдаудың мақсаттары мен міндеттері.

2. Кәспкерлік қызметтегі бәсекелестік табысты талдау.

3. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.

  1. Экономикалық талдаудың мақсаттары мен міндеттері

  2. Баға саясаты көбінесе төмендегі мақсаттарды көздеуі

  3. Нарықта бағаның қалыптасуы

12

Шағын бизнес қызметтің салық салу жүйесі.

Қазақстан Республикасында Шағын бизнестің инновациялық түрлерін дамытудың нарықтық механизмі

  1. Франчайзингтің қалыптасуы және тиімді қолданудың жолы

  2. Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері

  3. Оффшорлық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты, мәні мен принцптері

  4. Оффшорлық бизнестегі құпиялық проблемасы

  5. Лизинг-инвестициялаудағы қолайлы әдіс

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Тақырып 1. Кәсіпкерлік: түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.

Жоспар:

1.ҚР-да кәсіпкерліктің дамуы

2.Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттрі.

3.Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары.

Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады.

Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде биснестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың модельді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызды құрылымдық және бәсекелестік нарықтық механизмінің маңызды интеграциялық элементіне жатады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен тлтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. әсіресе, жұмыссыздық деігейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуге оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады.

Кәсіпкерлік – қызметпен айналысатын құрылымдарды жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлуметтік шиеленістерді азайтады. Қазақстан Республикасында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру және нарықты отандық тауарлар мен қызметтерге молықтыру мақсатында кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық-өндірістік және әлеуметтік-экономикалық потнциалын толығырақ пайдалану үшін оның пайда болуы мен дамуына үлкен мән берілуде.

Елде оның тәуелсіз дами бастаған әр алуан түрлері мен формаларының, Қазақстанның қайта қалыптасушы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу үрдісін қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарға өту жағдайларында әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда, олардың рөлін жоғарылату үшін 20-дан астам заң және нормативтік актілер қабылданды. Сонымен бірге инфляция деңгейіе төмендету, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, тіркеу процедураларын қарапайым түрге келтіру және нарықтық жұмыс істеуіндегі бәсекелестік режимді күшейту бойынша жалпы экономикалық шаралар дайындалды олар іс-жүзінде жүзеге асырылу кезінде кәсіпкерліктің пайда болуы мен жер-жерлеріне таралуына және дамуын ынталандыруға қолайлы мүмкіндіктер туғызды.

ҚР-да кәсіпкерлік алғаш рет кооперативтік бастамада шағын кәсіпорындар түрінде 1992 ж. пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар санының 6%-ы және ЖІӨ 7%-ы тиді. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті құру мен дамыту үшін 1990 жылы желтоқсанда қабылданған «ҚССР-да шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы» заң маңызды мәнге ие болды, келесі жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, және 1992 жылы шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» жаңа заң қабылданды. Аталмыш заңда жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері бекітіліп мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласуына тыйым салатын құқықтық нормалар да қамтылды.

Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан осындай іс-шараларға қарамастан, кәсіпкерлік қызмет саласындағы белсенділік әлі де болса арта қойған жоқ. 1994 жылдың бас кезінде жеке кәсіпорындардың саны 15,7 мыңға жетіп, осы кәсіпорындарда жаплпы саны 164 мың адам жұмыс істеді.

ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады, оларда негізгі құқықтық экономикалық және әлуметтік жағдайлар мен кәсіпкерлік қызмет пен айналысушыларға қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз ететін кепілдемелер көрсетілген.

2. Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың құрамдас және негізгі бөлігі болып табылады. Нарықтық экономиканы кәсіпкерліксіз, кәсіпкерлікті нарықтық экономикасыз елестету мүмкін емес. Дәл осы текті өзара байланыс кәсіпкерлікпен бәсеке арасында да болады, деп тұжырымдаған жөн. Себебі кәсіпкерлік пен бәсекені біртұтас деп қарастырады және олардың жеке дара дамуы мүмкін емес.

Кәсіпкерлік іс-әрекет деп – тұлғалардың пайда табуға немесе жеке табысына бағытталған және өзінің атынан мүліктік жауапкершілігіне немесе заңды тұлғалардың (кәсіпорынның) мүліктік жауапкершілігіне тәуекел негізінде жүзеге асырылатын, іс-әрекетін айтамыз. Кәсіпкерлік іс-әрекет бағытында мыналарды бөліп көрсетуге болады: жеке ісінің (табыстылығы), шығын мен баға арасындағы нақты қатынасты қамтамасыз ету; бәсекелестік күрес негізінде пайда табу; және бір уақытта түскен пайдаға ең төменгі тәуелділікке ұмтылу.

Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты ең жоғары пайда табу болғанымен, бастаған ісін сақтап қалу, яғни кәсіпорынның өміршеңдік циклын неғұрлым ұзақ мерзімге ұзарту, нарықта тұрақтап қалу маңыздылығы, болып табылады.

Кәсіпкерліктің мәнін, оның негізгі белгілері неғұрлым нақтырақ көрсетеді:

Бірінші белгісі – шаруашылық субъектісінің тәуелсіздігі және олардың экономикалық еркіндігі. Не, Қалай және кім үшін өндіру қажет, деген мәселелерге қатысты өндірістік еркіндік, экономикалық тиімділікпен нарықтық жағдайға байланысты шешіледі. Коммерциялық еркіндік өз өнімін сату әдісі мен жолын, серіктестіктерін таңдау еркіндігіне негізделген.

Екінші белгісі – жеке экономикалық мүдде. Кәсіпкер максималды пайда табуға ұмтылады. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектісі бір уақытта, өз мүддесін көздей отырып, "көрінбейтін қол арқылы" қоғамдық мүддеге бағытталады, яғни қоғамдық мүддеге сәйкес жұмыс атқарады. Осылайша, жеке және қоғамдық мүдде өзара үйлеседі.

Кәсіпкерліктің үшінші белгісі – кәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесіне жеке жауап-кершілікте болуы. Қаржылық және экономикалық жауапкершілік жоғарғы органдарға емес, нақты кәсіпкерге жүктеледі. Сондықтан шығындар мен өндіріс нәтижелерінің арасындағы өзара тығыз байланыс туындайды. Себебі, нарық жағдайында артық шығын шығару тоқырауға әкеп соғатындықтан, өндіріс нәтижесі барлық шығын түрлерінің жиынтығынан көп болуы қажет.

Төртінші белгісі – жаңашылдық және ғылыми қатынас. Кәсіпкерлік іс-әрекет шаруашылық субъектісінің әлеуетті мүмкіндігін ашумен үздіксіз байланысты.

3. Кәсіпкер ретінде кез-келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қоғам құрып, ұйымға бірлескен (серіктестікке) бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Кәсіпорын мүлкіне иелік жүргізуді, оның шаруашылық қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды немесе басқаруды жүзеге асырушы-бұл кәсіпкер.

Кәсіпкерлік субъектісі резиденттермен қатар, резиденттер емес, шетел азаматтары да бола алады. Ал, мемлекеттік басқару және билік ұйымдарында, прокуратурада, сотта қызмет ететін лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысуға тыйым салынған. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің төмендегідей нысандарын атап өтуге болады: жеке кәсіпкерлік, жеке меншік негізінде жүзеге асырылады; ұжымдық меншік негізінде жүзеге асырылатын ұжымдық кәсіпкерлік; ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру құқықтық нысандарына: акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, сондай-ақ жалға берілген, бірлескен, кооперативтік кәсіпорындар жатады. Кәсіпкерлік заңды тұлға болып құрылу немесе құрылмау арқылы, жалдамалы еңбек күшін пайдалану немесе пайдаланбау арқылы да жүзеге асырыла береді.

Кәсіпкер статусы заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу арқылы беріледі. Ал заңды тұлға құрылмаған жағдайда, кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу олардың мекен жайы бойынша аудандық, қалалық салық комитеттері арқылы жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынаста кәсіпкерлік, біріншіден экономика, саясат, техника, заң, психология, этика негізінде, екіншіден осы құрамдас бөліктердің өзара тәуелділік жүйесінде жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынас жүйесінде орталық орынды негізгі тұлға кәсіпкер алып отырғандықтан, ол міндетті түрде мыналарды білуі қажет: кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтық негізін, негізгі заңдар мен өзінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін; шаруашылық заңдылықтар шегінен аспайтын, мемлекет тарапынан кепілдік берілген кәсіпкерлік еркіндігін; кәсіпкерлік іс-әрекет жағдайларына және қабылдаған шешімдердің нәтижесіне болжам жасай білуі және ортада қалыптасқан жағдайды бағалай білу қажет; нарықта кәсіпкерлік іс-әрекетті мақсатты ұйымдастыра және бақылау жүргізе алу үшін тиімді даму стратегиясын және ағымдағы іс-әрекетті жүргізу тактикасын құра білу қажет;

Кәсіпкер құқықтары оның міндеттері мен жауапкершіліктерімен сабақтасады. Ең алдымен кәсіпкер, отырған келісім шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті. Себебі, нарықтың қадағалануы тиіс негізгі шарттарының бірі – «келісімдер, орындалуы тиіс» принципі.

Кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі төмендегідей жағдайда туындайды: заңдылықтар бұзылған жағдайда; келісімшарттарды орындамаған жағдайда; басқа субъектінің құқығын бұзған жағдайда; қоршаған ортаны ластаған жағдайда; тауар сапасына, пайдалану әдісіне қатысты тұтынушыларды алдаған жағдайда немесе жалған ақпарат ұсынған жағдайда; бәсекелестері туралы жалған ақпарат таратқан жағдайда; басқа тауар өндірушілердің логотиптерін, яғни тауар белгісін немесе өндірістік маркасын рұқсатсыз өз өнімі үшін пайдаланған жағдайда; бәсекелестіктің коммерциялық құпиясын заңсыз жолмен анықтау немесе оны жариялау жағдайында; міндеттемелерін атқара алмайтындығын біле тұра, келісімшарттарға отырған жағдайда және т.с.с.

Кәсіпкерлікті таңдау және ұйымдастыру мәселелері

Жеке өз ісін ұйымдастыру барысы төрт кезеңнен тұрады: кәсіпкерлік аясын таңдау, нарықты анықтау, кәсіпкерлік құрылымының қызмет етуі және қаржыландырылуы. Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру төмендегі бес қағидаға келіп тіреледі:

Ең алдымен өз ісін бастау кәсіпкерлікті дамыту және жалғастыру үшін капиталқажет. Кәсіпкерлік тиімді әрі пайдалы болуы үшін, онымен кәсіби түрде айналысу қажет. Яғни, кәсіпкер не, қалай өндіру қажет, сондай-ақ өңделген өнімді қалайша пайдалы әрі жылдам өткізуге болатындығын білуі қажет.

Бәсекелестік заңы – кәсіпкердің ең жоғарғы қағидасы. Себебі, ол арқылы сұранысты қанағаттандыру бойынша нарықтық қатынастар механизмі қамтамасыз етіледі.

Кәсіпкер ұдайы-тұтынушы (сатып алушы): адам, ұйым, басқа кәсіпорын немесе корпорация екендігін әрдайым есте ұстануы қажет. Нарық – бұл кәсіпкерліктің даму және қызмет ету ортасы. Нарықтық қатынастар тұрақтылығы; біріншіден, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен екіншіден, тұтынушы мүддесіне және кәсіпкерліктің нарықтық бәсеке
қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған бағаны, несиені, салықты мемлекеттік реттеу нәтижесімен анықталады.

Болашақ кәсіпкер кәсіпкерлік іс-әрекет аясын таңдау барысында төмендегі сауалдарға жауап беруі қажет:

- кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар ма?

  • кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет?

  • қайсысы тиімдірек - жаңа фирма ашу ма, әлде істегі кәсіпорынды сатып
    алу ма?

Нақты мәселе бойынша шешім қабылдау барысында үш маңызды факторды ескергені жөн:

-жеке әлеует пен тәжірибе. Бұл жағдайда кәсіпкердің білімі, жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі.

- тұтынушының бүгінгі таңдағы және болашақтағы қажеттіліктері.

Тұтынушылар басқа экономикалық жағдайда да, ұзақ уақыт ағымында, сіздің өніміңізді тұтынуды жалғастыра бере ме, әлде басқа өнімді таңдайдыма, сол себепті анықтап тұтынушының масштабын бағалауыңыз қажет.

- Бәсекелестік деңгейі. Оны анықтау бәсекелес кәсіпорындардың өнім және қызмет көрсету саласын объективті түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалаулар нәтижесі, сізге болашақтағы бәсеке жағдайына болжамдар жасауыңызға ықпалын тигізеді.

Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.

Бағаны анықтау үшін келесі факторларды ескеру шарт: шығын деңгейі, сұраныс көлемі, бәсекелестер саны, тауардың бағасы. Өнім бағасын тым көтермеу (немесе төмендетпеу) үшін, кәсіпорын шығындарын бәсекелестерінің шығындарымен салыстыруы қажет. Сонымен қатар, түрлі қаржы коэффициенттері де қолданылады (пайда көрсеткіші, тұрақты, айнымалы, жалпы шығындар көрсеткіштері және т.б.). Бастапқы бағада, талғамдардың өзгеру қоймадағы қосалқы тауарлардың жинақталып қалу ықтималдылығынан, бағалардың төмендеп кету мүмкіндігін ескерген жөн.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен даму эфолюциясын толықтырып кесте түрінде көрсетіңіз

2. Й.Шумпеттердің кәсіпкерлікті іске асыруға қатысты ұсынған негізгі мәселелерінің әрқайсысына қысқаша сипаттама берңіз

3. Кәсіпкер және кәсіпкерлік түсінігіне, негізгі қағидалары мен белгілеріне өзіңіздің ой-пікірлеріңізді білдіріп толықтырыңыз

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

1. Кәсіпкерлік мен саясат арасындағы өзара байланыс. Политикалық императивтер.

2. Экономикадағы кәсіпкерліктің ролі туралы түсініктердің эволюциясы

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.

Тақырып 2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау.

Жоспар:

1.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі.

2.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.

3.Бизнес-жоспар-кәсіпкерлі жобаларды жүзеге асыру жоспарлары.

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың құрамдас және негізгі бөлігі болып табылады. Нарықтық экономиканы кәсіпкерліксіз, кәсіпкерлікті нарықтық экономикасыз елестету мүмкін емес. Дәл осы текті өзара байланыс кәсіпкерлікпен бәсеке арасында да болады, деп тұжырымдаған жөн. Себебі кәсіпкерлік пен бәсекені біртұтас деп қарастырады және олардың жеке дара дамуы мүмкін емес.

Кәсіпкерлік іс-әрекет деп – тұлғалардың пайда табуға немесе жеке табысына бағытталған және өзінің атынан мүліктік жауапкершілігіне немесе заңды тұлғалардың (кәсіпорынның) мүліктік жауапкершілігіне тәуекел негізінде жүзеге асырылатын, іс-әрекетін айтамыз. Кәсіпкерлік іс-әрекет бағытында мыналарды бөліп көрсетуге болады: жеке ісінің (табыстылығы), шығын мен баға арасындағы нақты қатынасты қамтамасыз ету; бәсекелестік күрес негізінде пайда табу; және бір уақытта түскен пайдаға ең төменгі тәуелділікке ұмтылу.

Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты ең жоғары пайда табу болғанымен, бастаған ісін сақтап қалу, яғни кәсіпорынның өміршеңдік циклын неғұрлым ұзақ мерзімге ұзарту, нарықта тұрақтап қалу маңыздылығы, болып табылады.

Кәсіпкерліктің мәнін, оның негізгі белгілері неғұрлым нақтырақ көрсетеді:

Бірінші белгісі – шаруашылық субъектісінің тәуелсіздігі және олардың экономикалық еркіндігі. Не, Қалай және кім үшін өндіру қажет, деген мәселелерге қатысты өндірістік еркіндік, экономикалық тиімділікпен нарықтық жағдайға байланысты шешіледі. Коммерциялық еркіндік өз өнімін сату әдісі мен жолын, серіктестіктерін таңдау еркіндігіне негізделген.

Екінші белгісі – жеке экономикалық мүдде. Кәсіпкер максималды пайда табуға ұмтылады. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектісі бір уақытта, өз мүддесін көздей отырып, "көрінбейтін қол арқылы" қоғамдық мүддеге бағытталады, яғни қоғамдық мүддеге сәйкес жұмыс атқарады. Осылайша, жеке және қоғамдық мүдде өзара үйлеседі.

Кәсіпкерліктің үшінші белгісі – кәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесіне жеке жауап-кершілікте болуы. Қаржылық және экономикалық жауапкершілік жоғарғы органдарға емес, нақты кәсіпкерге жүктеледі. Сондықтан шығындар мен өндіріс нәтижелерінің арасындағы өзара тығыз байланыс туындайды. Себебі, нарық жағдайында артық шығын шығару тоқырауға әкеп соғатындықтан, өндіріс нәтижесі барлық шығын түрлерінің жиынтығынан көп болуы қажет.

Төртінші белгісі – жаңашылдық және ғылыми қатынас. Кәсіпкерлік іс-әрекет шаруашылық субъектісінің әлеуетті мүмкіндігін ашумен үздіксіз байланысты.

Кәсіпкер ретінде кез-келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қоғам құрып, ұйымға бірлескен (серіктестікке) бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Кәсіпорын мүлкіне иелік жүргізуді, оның шаруашылық қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды немесе басқаруды жүзеге асырушы-бұл кәсіпкер.

Кәсіпкерлік субъектісі резиденттермен қатар, резиденттер емес, шетел азаматтары да бола алады. Ал, мемлекеттік басқару және билік ұйымдарында, прокуратурада, сотта қызмет ететін лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысуға тыйым салынған. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің төмендегідей нысандарын атап өтуге болады: жеке кәсіпкерлік, жеке меншік негізінде жүзеге асырылады; ұжымдық меншік негізінде жүзеге асырылатын ұжымдық кәсіпкерлік; ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру құқықтық нысандарына: акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, сондай-ақ жалға берілген, бірлескен, кооперативтік кәсіпорындар жатады. Кәсіпкерлік заңды тұлға болып құрылу немесе құрылмау арқылы, жалдамалы еңбек күшін пайдалану немесе пайдаланбау арқылы да жүзеге асырыла береді.

Кәсіпкер статусы заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу арқылы беріледі. Ал заңды тұлға құрылмаған жағдайда, кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу олардың мекен жайы бойынша аудандық, қалалық салық комитеттері арқылы жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынаста кәсіпкерлік, біріншіден экономика, саясат, техника, заң, психология, этика негізінде, екіншіден осы құрамдас бөліктердің өзара тәуелділік жүйесінде жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынас жүйесінде орталық орынды негізгі тұлға кәсіпкер алып отырғандықтан, ол міндетті түрде мыналарды білуі қажет: кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтық негізін, негізгі заңдар мен өзінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін; шаруашылық заңдылықтар шегінен аспайтын, мемлекет тарапынан кепілдік берілген кәсіпкерлік еркіндігін; кәсіпкерлік іс-әрекет жағдайларына және қабылдаған шешімдердің нәтижесіне болжам жасай білуі және ортада қалыптасқан жағдайды бағалай білу қажет; нарықта кәсіпкерлік іс-әрекетті мақсатты ұйымдастыра және бақылау жүргізе алу үшін тиімді даму стратегиясын және ағымдағы іс-әрекетті жүргізу тактикасын құра білу қажет;

Кәсіпкер құқықтары оның міндеттері мен жауапкершіліктерімен сабақтасады. Ең алдымен кәсіпкер, отырған келісім шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті. Себебі, нарықтың қадағалануы тиіс негізгі шарттарының бірі – «келісімдер, орындалуы тиіс» принципі.

Кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі төмендегідей жағдайда туындайды: заңдылықтар бұзылған жағдайда; келісімшарттарды орындамаған жағдайда; басқа субъектінің құқығын бұзған жағдайда; қоршаған ортаны ластаған жағдайда; тауар сапасына, пайдалану әдісіне қатысты тұтынушыларды алдаған жағдайда немесе жалған ақпарат ұсынған жағдайда; бәсекелестері туралы жалған ақпарат таратқан жағдайда; басқа тауар өндірушілердің логотиптерін, яғни тауар белгісін немесе өндірістік маркасын рұқсатсыз өз өнімі үшін пайдаланған жағдайда; бәсекелестіктің коммерциялық құпиясын заңсыз жолмен анықтау немесе оны жариялау жағдайында; міндеттемелерін атқара алмайтындығын біле тұра, келісімшарттарға отырған жағдайда және т.с.с.

Жеке өз ісін ұйымдастыру барысы төрт кезеңнен тұрады: кәсіпкерлік аясын таңдау, нарықты анықтау, кәсіпкерлік құрылымының қызмет етуі және қаржыландырылуы. Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру төмендегі бес қағидаға келіп тіреледі:

Ең алдымен өз ісін бастау кәсіпкерлікті дамыту және жалғастыру үшін капиталқажет. Кәсіпкерлік тиімді әрі пайдалы болуы үшін, онымен кәсіби түрде айналысу қажет. Яғни, кәсіпкер не, қалай өндіру қажет, сондай-ақ өңделген өнімді қалайша пайдалы әрі жылдам өткізуге болатындығын білуі қажет.

Бәсекелестік заңы – кәсіпкердің ең жоғарғы қағидасы. Себебі, ол арқылы сұранысты қанағаттандыру бойынша нарықтық қатынастар механизмі қамтамасыз етіледі.

Кәсіпкер ұдайы-тұтынушы (сатып алушы): адам, ұйым, басқа кәсіпорын немесе корпорация екендігін әрдайым есте ұстануы қажет. Нарық – бұл кәсіпкерліктің даму және қызмет ету ортасы. Нарықтық қатынастар тұрақтылығы; біріншіден, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен екіншіден, тұтынушы мүддесіне және кәсіпкерліктің нарықтық бәсеке
қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған бағаны, несиені, салықты мемлекеттік реттеу нәтижесімен анықталады.

Болашақ кәсіпкер кәсіпкерлік іс-әрекет аясын таңдау барысында төмендегі сауалдарға жауап беруі қажет:

- кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар ма?

  • кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет?

  • қайсысы тиімдірек - жаңа фирма ашу ма, әлде істегі кәсіпорынды сатып
    алу ма?

Нақты мәселе бойынша шешім қабылдау барысында үш маңызды факторды ескергені жөн:

-жеке әлеует пен тәжірибе. Бұл жағдайда кәсіпкердің білімі, жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі.

- тұтынушының бүгінгі таңдағы және болашақтағы қажеттіліктері.

Тұтынушылар басқа экономикалық жағдайда да, ұзақ уақыт ағымында, сіздің өніміңізді тұтынуды жалғастыра бере ме, әлде басқа өнімді таңдайдыма, сол себепті анықтап тұтынушының масштабын бағалауыңыз қажет.

- Бәсекелестік деңгейі. Оны анықтау бәсекелес кәсіпорындардың өнім және қызмет көрсету саласын объективті түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалаулар нәтижесі, сізге болашақтағы бәсеке жағдайына болжамдар жасауыңызға ықпалын тигізеді.

Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.

Бағаны анықтау үшін келесі факторларды ескеру шарт: шығын деңгейі, сұраныс көлемі, бәсекелестер саны, тауардың бағасы. Өнім бағасын тым көтермеу (немесе төмендетпеу) үшін, кәсіпорын шығындарын бәсекелестерінің шығындарымен салыстыруы қажет. Сонымен қатар, түрлі қаржы коэффициенттері де қолданылады (пайда көрсеткіші, тұрақты, айнымалы, жалпы шығындар көрсеткіштері және т.б.). Бастапқы бағада, талғамдардың өзгеру қоймадағы қосалқы тауарлардың жинақталып қалу ықтималдылығынан, бағалардың төмендеп кету мүмкіндігін ескерген жөн.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік іс-әрекетін қысқаша сипаттама беріңіз

2. Кәсіпкерліктің мәнін және оның нарықтағы негізгі белгілерін атап шығыңыз

3. Кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет пе?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Кәсіпкерліктің даму эволюциясын және ҚР қандай ролін атқарады.

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

  3. Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

  4. Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

  5. Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет