«Бизнестегі коммуникациялар» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



бет7/8
Дата14.10.2019
өлшемі1,47 Mb.
#49905
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнестегі коммуникациялар

Жоғарыда берілген 3-суреттен көріп отырғанымыздай, бәсекеге қабілеттілік пирамидасының ең жоғарғы шыңы елдің немесе мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Оны қамтамасыз ету үшін сол елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет. Ал экономиканың бәсекеге қабілеттілігі халық шаруашылық салаларының бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болады. Саланың бәсекеге қабілетті-лігі ондағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігімен қатар, олардың өзара әрекеттестігі жүйесімен сипатталады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің міндетті шарты - бәсекеге қабілетті өнімдер (қызметтер, жұмыстар) өндіру және өткізу, өндірістік-шаруашылық қызмет бойынша бәсекелік артықшылықтарға жету. Яғни, кәсіпорында өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпорын құру арқылы іске асатындықтан кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне кеңінен тоқталайық.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес әлемдік экономикада да кеңінен зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл кәсіпорындардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің өнімдерімен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын өнімдер өндіру мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі. Тағы бір анықтамада, оның нарықтағы үлесі, өндіру, өткізу және даму, сондай-ақ басшылықтың алға қойған мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігі сияқты сипаттамалар жиынтығымен көрсетіледі.

Кәсіпорынның нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ әсер ететін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор - бұл экономикалық, өндірістік қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш. Басқаша айтқанда, өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелік артықшылыққа ие болу және олар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығына байланысты болады.

Кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:

- кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;

- өндірілетін өнімдердің түрлері;

- нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);

- нарыққа кіру жеңілдігі;

- осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары;

- саланың бәсекеге қабілеттілігі;

- аймақтың және елдің бәсекеге қабілеттілігі;

Ресейлік ғалымдардың бір тобы (Фатхутдинов Р., Слезнев А., Ермолов М.) негізгі факторларға келесілерді жатқызады:

- кәсіпорынның қаржылық жағдайы;

- кәсіпорынның өзінің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірмелеріне арналған базаның дамуы және оларға жүмсалатын шығындар деңгейі;

- өткізу тораптарының болуы;

- техникалық қызмет көрсету жағдайы;

- өткізуді ынталандыру құралдары мен жарнаманың ықпалдылығы;

- негізгі сатып алушылардың төлем қабілеттілігі, ақпаратпен қамтамасыз етілуі.

Тағы бір ғалым (В. Петров) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай негізгі үш фактордан қалыптасады деп есептейді:

- ресурстық, яғни дайын өнім бірлігіне жұмсалған ресурс-тар шығындары. Кәсіпорын бәсекеге қабілеттілік өсімін қамтамасыз ету үшін ресурстық факторды бақылауға мүмкіншілігі бар. Яғни, өндіріс тиімділігін, капитал қайтымдылығын, еңбек өнімділігін арттыру өте маңызды. (қаржы, материал, еңбек);

- бағалық, яғни дайын өнімдер мен пайдаланылатын барлық ресурстарға баға деңгейі мен динамикасы. Бұл фактор кәсіпорын тарапынан аз бақыланады, өйткені елдегі баға деңгейі мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты болады;

- «орталар факторы» - бұл факторға елдегі экономикалық (салық саясаты, банктік жүйенің сенімділігі, инфляция деңгейі және т.б.) және саяси жағдайлар, нарықтық контра-генттерге мемлекеттің әсер ету дәрежесі кіреді.

М. Портер бәсекеге қабілеттілік факторларын өндіріс фактор-ларымен тікелей байланыстыра қарастырады:

- адам ресурстары - (жұмыс күштерінің саны, біліктілігі және құны);

- физикалық ресурстар – кәсіпорын орналасқан елдің географиялық және климаттық жағдайлары;

- білім ресурстары - мемлекеттік, салалық ҒЗИ, университеттер, жеке лабораториядағы нарықты зерттеулер туралы мэліметтер базасының, сондай-ақ өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ғылыми, техникалық және нарықтық ақпараттар жиынтығы;

- ақшалай ресурстар - өнеркәсіпті және жекелеген кәсіпорындарды қаржыландыруға пайдаланылатын капитал құны мен көлемі;

- инфрақұрылым - қалыптасқан инфрақұрылымның сапасы, яғни, елдің көлік, байланыс жүйелері, пошталық қызметтер және т.б.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы факторлар деп те бөлуге болады.

Ішкі факторлар - өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын мүмкіндігін анықтайтын объективті критерийлер.

Ішкі факторларға мыналарды жатқызуға болады:

- маркетингтік қызметтер әлеуеті (потенциалы);

- ғылыми-техникалық потенциал;

- өндірістік-технологиялық потенциал;

- қаржы-экономикалық потенциал;

- кадрлық потенциал (кадрлар қүрылымы, кәсіби біліктілік құрамы);

- өткізуді ынталандыру құралы мен жарнаманың тиімділігі;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі;

- өнімді сақтау, тасымалдау, қораптау жағдайы;

- сервистік және кепілдік қызмет көрсету деңгейі және т.б. Сыртқы факторлар - кәсіпорынға бағалық және бағадан тыс сипаттамалары бойынша айтарлықтай тартымды өнімдер өндіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар.

Сыртқы факторларға келесілер жатады:

- мемлекеттің экономикалық (амортизация, салық, қаржы-несие саясаты және т.с.с.) және әкімшілік (заңнамалық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру, стандартау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі, тұтынушылар мүдделерін құқықтық қорғау) әсер етуі;

- кәсіпорын қызмет ететін нарықтың негізгі сипаттамалары (оның типі мен сыйымдылығы, бәсекелестердің болуы және мүмкіншіліктері).

- коғамдык және үкшегпк емес үлымдардың қызметі;

- саяси партиялар, қозғалыстар мен блоктардың іс-әрекеті мен ұстанымдары.


Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бәсекенің рөлімен қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Бәсеке және бәсекеге қабілеттілік бойынша анықтамаларга өзіндік ой-пікіріңізді білдіріп, толықтырыңыз.

3. Бәсекенің қарастырылмаган өзге де түрлеріне тоқталып, сипаттама беріңіз.

4. Бәсекенің түрлерінің негізгі белгілерін, айырмашылықтарын анықтаңыз және әрбір түрі бойынша мысалдар келтіре отырып талқылаңыз.

5. М.Е. Портердің бәсекенің жағдайын сипаттайтын 5 бәсекелік күштің әрқайсысына қысқаша түсініктеме беріңіз.

6. Елдің, экономиканың, саланың, кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі түсініктеріне аныктама беріп, олардың өзара башанысын түсіндіріңіз.

7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін барлық факторларды жүйелеп, кесте түрінде көрсетіңіз және талқылаңыз.


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Әкімшілік мәдениет қызмет көрсету және қоғамдық қызмет көрсететін мекеме

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.
Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік.

Жоспар:


        1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні.

        2. Тәуекелді бағалау әдістері.

        3. Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері.

1.Нарық кезеңінде тәуекелділік кәсіпкерлік қызметтің негізгі кілті, себебі өзінің идеясын іске асыру кезеңінде және кәсіпорынынң бюджетінің орындалу кезеңінде кездейсоқ келеңсіз теуеклділіке алып келетін жағдайлар болуы мүмкін. Тәуекелділіктің негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық, қаржылық (несие), инвестициялық және нарықтық. Өндірістік тәуекелділік өнімді өндріумен және оны өткізумен байланысты өндірістік қызметтің түрлері.Бұл сферада кездесетін тәуекелділіктің түрлері: шаруашылық келісім-шарттың орындалмауы, нарық коньюктурасының өзгеруі, бесекелестіктің нығаюы, жоспарланбаған шығындардың пайда болуы, кәсіпорынынң мүліктерінің жоғалуы және т.б. Коммерциялық тәуекелділік кәсіпкердің тауар сатып алу кезінде де кездесуі мүмкін, кәсіпкер келісім-шарт жасау кезінде төмендегі факторларды еске алуы қажет: өндіріске қажетті материалды, құралдарды сатып алу кезінде тиімсіз бағаның өзгеруі, айналысқа түкен тауарлардың жоғалуы, өнімді сату кезеңінде бағаның түсуі, жоспардан тыс шығынның көбеюі және т.б.

Қаржылық тәуекелділік қаржылық кәсіпкерлік немесе ақша ауыстыру кезінде болуы мүмкін.Сонымен қатар қаржылық тәуекелділік те басқа да кәсіпкерлік тәуекелділігіне байланысты, мысалы екінші жақтың төлемдік қабылеттілігі, валюта-ақша операцияларына шектеу қойылуы,ж.т.б. Инвестициялық тәуекелділік, құнды қағаздың бағасының құнсыздануының нәтижесінде инвестицицялық- қаржылық портфельдің құнсыздануы. Нарықтық тәуекелділік ұлттық ақшаның бірлігінің немесе шетел валютасының нарықтық пайыздық ставкасының өзгеруіне байланысты.

2.Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділікден материалдық, қаржылық, еңбектік, уақыттың тиімсіздігінен және арнайы шығындар болуы мүмкін. Материалдық шығындар жоспарланбаған материалдардық, шикізаттық, өнімнің жоғалу шығындары. Еңбек шығындары – жұмыс уақтысының әр түрлі кездойсоқ жағдайларға байланысты жоғалуы, тиімсіз пайдалануы. Қаржылық шығын- несиеңі уақтысында төлемегені үшін айыппұл, пения төлеу арқылы ақшалай шығынның болуы. Кәсіпкерлік қызмет жобадағыдай емес жай жүретін болса уақыт шығыны болуы мүмкін (ай,күн, сағат, декада) Сонымен қатар адам өміріне және денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі моральдық, психологиялық арнайы шығындар және жататын, еңбек тәртібін бұзу, адамның іскерлік белсенділігі төмендеуі, заңды ережені орындамау, салық көлемінің тұрақты болмау сияқты саяси тәуекелділік болуы мүмкін. К Жобаны қаржыландыру жоспарында төмендегі тәуекелділіктер ескерілуі қажет: жобаның салықтық, қарыздың өтелмеуі, құрылыстың аяқталмауы, уақтысында басталмауы Жобаның кірісі, барлық күрделі шығындарды, қарыздарын, қайтарылымдығын жабатын деңгейде болу қажет. Жобаны қаржыландырудың тиімді вариантын төмендегі формула арқыолы анықтауға болады:

Зп = С+ ЕнК

где: С – жобаның шығыны немесе өзіндік құны;

К – күрделі салым;

Ен –күрделі қаржы салымының тиімділігінің нормативті коэффициенті

Салық тәуекелділігі: егерде жоба пайдаланбаса салық жеңілдіктерін сақтау гарантиясының болмауы, салық заңдарының өзгеруі ж.т.

Қарызды төлей алмайтын тәуекелділік өнімге сұраныстың азаюна ал құрылыстың бітпеуі инвесторға және құрылысшыларға байланысты. Егерде жобада жаңа техноогиялық процесс немесе ноу-хау пайдаланса, онда инвестор құрылыстың біту гарантиясын талап етуі мүмкін, себебі мұндай жобаның бағасы бұрынғыдан жоғары болуы мүмкін.



Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекелдердің пайда болуына алып келетін мынадай себептерді атап көрсетуге болады: эконмоикалық дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз) бәсекенің орын алуы және т.б.

Кәсіпкерлік тәуекелге әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға басшанаң немесе қызметкерлердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі, өзгермелі жағдайда тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды, талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының өзгеруі, салық ставкалары және кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси жағдайлар, елдегі экономикалық жаағдай және т.б.

Кәсіпкерлік тәуекелді көбінесе өндірістік, коммерциялық және қаржылық деп үшке бөліп қарастырады. Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірітсік қызмет үрдісінде туындайды. Коммерциялық тәуекел өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алумен, т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау, т.б. жатады. Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым-қатынасы кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді.
Бақылау сұрақтары:

          1. Тәуекел және кәсіпкерлік тәуекел түсініктерін сипаттаңыз

          2. Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болу себептерін атаңыз

          3. Кәсіпкерлік тәуекелге ішкі және сыртқы факторлардан басқа тағы қандай факторлар әсер етеді.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Тәуекел-менеджментте басқару объектісі мен басқару субъектілері

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.


Тақрып 9. Инновациялық кәсіпкерлік

Жоспар:

1. Кәсіпкерлк қызметтің инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері.

2. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамассыз ету.
1.Дамыған елдердің кәсіпкерлік қызметін талдау арқылы кәсіпкерліктің екі моделі бар екені анықталды: инновациялық және дәстүрлі. Кәсіпкерліктің дәстүрлі моделі фирманың ретабельділігін барынша жоғарылатын ішкі роезервті анықтауға және ресурстардың ең жоғарғы деңгейде қайтарылымдылығына бағыттылған. Кәсіпкерліктің инновациялық моделі жаңалықпен байланысты, кәсіпкердің ролі кәсіпорынға бұрын анық болмаған жаңа технологияны, жаңа өнімдерді ашып, енгізуге бағытталады. Белгілі жіктеулерге сәйкес, инновация жаңа өнімдерді, жаңа технологиялық процесстерді және өндірістің жаңа формасын, жаңа нарықты, жаңа қаржы институттарын, қаржыландырудың құралдарын, басқару процесіндегі құрылымдық ұйымдастырудың жаңа формасын қамтиды.

Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде имитациялық және инновациялық кәсіпкерлік деген ұғым пайдаланады. Инновациялық кәсіпкерлік жаңалық ашушылардың дайындаған тапқырлық ойын пайдаланып меңгеретін болса, имитаторлар жаңалық ашушылардың жаңа идеясын бәсекелестікті жеңу мақсатында өндіріске енгізуге міндеттейді.

2. Инновациялық кәсіпкерлік негізінен коммерциялық жаңа өнімдер мен қызметтерді меңгерумен және пайдалануымен байланысты. Бұл процесс бірнеше төмендегі этаптардан тұрады:


  • жаңа идеяны іздеу, оны бағалау және бизнес-жоспарын құру;

  • қажетті ресурстарды іздеу және сынақ үлгісін дайындау;

  • дайындаған үлгісін немесе идеясын сынақтан өткізу.

Кез-келген инновациялық жобаны іске асыру үшін материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Себебі жаңа өнімді немесе қызметті тұтынушыларды бірден табу мүмкін емес. Инновациялық жобаны бағалау таза дисконттық пайда, табыстың ішкі нормасы және қайтарылымдығы арқылы жүргізіледі. Жобаның әлеуметтік нәтижесін бағалау, әлеуметтік нормаға, стандартқа және адам құқығын сақтайтын жағдайларға байланысты, яғни жобада көрсетілген демалыс және еңбекті қорғау жағдайы, тамақ өнімдерімен, тұрғын жаймен және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ететін іс-шара, оның нәтижесін іске асыратын міндетті бөлігі болу қажет.

Жобаның әлеуметтік нәтижесі – бұл жаңа жұмыс орнының ашылуы, қызметкерлердің денсаулық жағдайы, тұрғындарды тамақ өнімдерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары:

Кәсіпкерлік қызметін инфрақұрылымы

Оның ерекшеліктері

Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Инновациялық кәсіпкерлік қазіргі кездегі экономикалық жағдайы

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.
Тақырып 10. Кәсіпкерлік қызметті талдау және бағалау

Жоспар:

1. Кәсіпкерлер жауапкершілгінң мәні мен түрлері.

2. Міндеттемелерді орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

3. Кәсіпкерлердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі.


1.Нарықтық экономика кезінде кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінің тиімділігін жан-жақты талдаудың нәтижесінде бағалауға болады. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесін талдау деп, бизнестің ішкі резервтерін анықтай отырып, оның тиімділігін арттыру және болашақтағы дамуы бағытын бағалауды айтамыз. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың мақсаты, оның даму перспективасын қамтамасыз ету мақсатында инвестицицямен, технологиямен және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Талдаудың негізгі міндеті:

  • кәсіпкерлік қызметтің экономикалық нәтижесін анықтау;

  • бизнеске кері әсерін тигізетін факторларды және кемшіліктерді анықтау;

  • кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін , таза кірісін жоғарылату үшін, ішкі резервтерін анықтау.

Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесін талдаудың түрлері: ағымдағы, жылдық, комплексті және тематикалық, жалпы және ішінара. Талдаудың мақсатына сәйкес әр түрлі әдістер пайдаланылады: көрсеткіштерді салыстыру, көрсеткіштердің құрамына сәйкес бөлу, экономика-математикалық, динамикалық ж.т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізі, оның қаржылық жағдайы, сондықтан талдау кезінде, оның қаржылық жағдайына әсер еткен факторларды анықтай отырып, сандық және сапалық өзгеруін, кәсіпорынынң қаржылық жағдайының белгілі бір мерзімдегі жағдайын және өзгеру бағытын анықтау қажет. Кәсіпорынынң қаржылық жағдайын талдау, оның төлемдік және несие қабылеттілігін, қаржылық жағдайы бағалау сияқты этаптардан тұрады. Кәсіпорынынң қаржылық тұрақтылығын оның төлем қабылеттілігі сипаттайды. Кәсіпорынның есеп-айырысу шотында ақша қаражаты немесе қысқа мерзімді қаржы салымы( құнды қағаз, уақытша қаржылық көмек) өзінің міндеттемесін жабуға жеткілікті болса, онда оның төлемдік қабылеттілігі болғаны.

Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы төмендегі көрсеткіштер арқылы сипатталады:


  • қаржыландыру коэффициенті;

  • меншікті айналым қорының коэффициенті

  • автономия коэффициенті.

Қаржыландыру коэффициенті меншікті капиталдың көлемін қарыз капиталдың көлеміне қатынасы арқылы анықталады, бұл коэффициенттің нормативтік көлемі ≥ 1, яғни бұл көрсеткіш кәсіпорынынң қызметінің қанша бөлігі ,өзінің айналым капиталы арқылы қаржыландыратынын көрсетеді. Меншікті айналым қорының коэффициентін анықтау үшін, меншікті айналым капиталын айналым активінің көлеміне бөлеміз, яғни бұл көрсеткіш кәсіпорынынң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін меншікті айналым қорының нақты көлемін көрсетеді. Автономия коэффициентін анықтау үшін айналым қорының көлемін баланстың итогіне (валюта баланса) бөледі, бұл көрсеткіштің нормативі ≥ 0,5, яғни кәсіпорынынң жалпы ресурсының ішіндегі, меншікті қорының көлемін көрсетеді және оның үлесі жоғары болған сайын кәсіпорынның қаржы жағдайы ешкімге байланыссыз жақсы екенін көрсетеді.

Кәсіпорынынң несие қабылеттілігі және өтімділігі абсолютті өтімділік коэффициенті және жабу немесе ағымдағы өтімділік коэффициенттері арқылы анықталады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті тезірек өтетін активтердің сомасын тез төлеу қажет міндемелеоге бөлу арқылы анықталады, нормативі ≥ 0,2-0,5, яғни ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі тезірек төленетінін көрсетеді. Жабу немесе ағымдағы өтімділік коэффициенттерін анықтау үшін барлық айналым қорының көлемін барлық міндеттеменің көлеміне бөлеміз, нормативі ≥ 2, яғни ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу мүмкіндігін көрсетеді. Кәсіполрынның экономикалық тиімділігн сипаттайтын негізгі көрсеткіш рентабельділік.

1.Кәсіпорынынң мүлкінің рентабельділігіі

=


Таза пайда *100

Активтің орташа құны (мүлкі)

2.Меншікті капиталы-ның рентабельділігі

=

Таза пайда*100

Меншікті капиталының көлемі

3.Сатылған өнімнің рентабельділігі

=

Таза пайда*100

өнімді матудан түскен түсім

Халықаралық тәжрибеде кәсіпорынынң банкроттқа ұшырау белгісін анықтау үшін төмендегі формула пайдаланылады : «Z– счет» Альтмана»:

Zсчет = (айналым капиталы /барлық активтер)*1,2 + (арнайы бағыттағы қор және резерв + бөлінбеген пайда /барлық актив)*1,4 + (сату көлемі / барлық активтер)*3,3 + (жарғылық қор /қарыз капитал)*0,6 + (сатудан түскен түсім / барлық активтер)*1,0. Егерде «z – счет» нәтижесі 1,8 ге тең немесе одан кіші болса, онда кәсіпорынынң банкротқа ұшырау мүмкіндігі жоғары, егерде

«z – счет» 1,8 ден 2,7ге дейін болса онда, өте жоғары, ал 2,8 ден 2,9 болса банкрот болуы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады. Әсіресе, қазіргі бәсекелік күрестің күшеюі мен экономикалық дамудың жаңа жағдайында тек табыс тауып қана қоймай, тиімділігін арттыру мәселесіне көңіл бөлуді қажет етеді. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін ғалым-зерттеушілер әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады. Оны көбінесе өндіріс тиімділігімен байланыстырады. Яғни, өндірістің нақты нәтижелері шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстырылады. Мұндай жағдайда тиімділіктің негізгі қағидасы ең аз шығын жұмсай отырып ең көп табыс табу болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті талдау деп оны жүзеге асыру нәтижесінде орын алған теріс (негативті) себептерді анықтай отырып, кәсіпкерлікті бағалау үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуді айтамыз. Ол кәсіпкерліктің даму болашағы мен тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты оның ұйымдастырушылық, басқарушылық, қаржы-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын қамтамасыз ету болып табылады. Талдаудың негізгі міндеттеріне нақты нәтижелерге жетуді, кемшіліктері мен әлсіз тұстарын анықтауды, оның тиімділігі мен табысын арттыру резервтерін айқындауды жатқызуға болады.

Анықталған мақсатқа байланысты талдау әр түрлі дәрежеде жасалуы мүмкін, бірақ ол барлық бағыттар бойынша жүргізілуі керек. Кәсіпкерлік қызметті талдауда оның әр алуан түрлері қолданылуы мүмкін. Олар: жедел (оперативті) талдау, жылдық талдау, кешенді талдау және т.б.

Жедел талдау едәуір қысқа мерзімге (ай, тоқсан) жасалады. Ол кәсіпкерлік қызметтің күшті және әлсіз жақтарын, болуы мүмкін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

Жылдық талдау кәсіпкерлік қызметтің нақты нәтижелерін бағалауға негізделген. Ол ресурстарды басқарудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру мен табыстарды өсіруге, жоғары өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Кешенді талдау кезінде кәсіпкерлік қызметтің барлық түстары зерттеледі. Яғни, оның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасалады.

Кәсіпорынның өндірістік кызметінің тиімділігі мынадай бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

Қор кайтарымдылығы жыл ішінде өндірілген өнім көлемінің негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні негізгі өндірістік қорлардың әрбір 1 теңгесіне қанша өнімнен келетінін немесе қанша өнім өндірілгенін көрсетеді.

Қор сыйымдылыгы қор қайтарымдылығының кері шамасы болып табылады. Ол әрбір өнім бірлігіне келетін негізгі қорлардың құнымен сипатталады және негізгі қорлардың орташа жылдық құнын өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Материал кайтарымдылыгы кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол өндірілген өнім көлемінің оны өндіруге жұмсалған шикізаттар мен материалдар шығындарына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш жұмсалған шикізаттар мен материалдардың 1 бірлігіне қанша дайын өнім бірлігі келетінін көрсетеді.

Материал сыйымдылыгы материал қайтымдылығының кері шамасы. Ол шикізаттар мен материалдар шығындарының өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірілген өнім бірлігіне қанша шикізаттар мен материалдар қажет екенін көрсетеді. Шикізаттар, материалдар мен басқа да материалдық ресурстар неғұрлым жақсы пайдаланылған сайын, материал қайтарымдылығы солғұрлым жоғары, ал материал сыйымдылығы төмен болады.

Еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігін өлшеу еңбек шығындары мен өндірілген өнім көлемі тұріндегі еңбек нәтижелерін салыстыру жолымен анықталады. Осыған байланысты екі көрсеткішті бөліп көрсетуге болады. Олар: өнімділік және еңбек сыйымдылығы.

Өнімділік сағаттық, құндік, айлық, тоқсандық, жылдық болуы мүмкін. Ол бір жұмысшыға келетін немесе жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Өнімділік өндірілген өнім көлемінің осы өнімді өндіруге жұмсалған уақыт немесе еңбек шығындарына (жұмысшылар саны) қатынасымен анықталады.

Еңбек сыйымдылыгы деп кәсіпорындағы өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барлық еңбек шығындарының жиынтығын түсінуге болады. Ол еңбек өнімділігінің кері шамасы болып табылады және еңбек шығындарының өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

Кәсіпкерліктің қаржы-экономикалық қызметін талдау үшін оның қаржылық жағдайына тоқталу қажет. Кәсіпорынның қаржылық жагдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дүрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұғымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарым-қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қаржылық тұрақтылығы, өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және рентабельділік көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өңдіру және өткізу ұрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет ұрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу (тарату) мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен қүрылымы, қарыздық капиталдарды тарту деңгейі және осы қарыздарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады. Оларға келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады:

Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэфиценті) - меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына (активтеріне, баланс валютасы) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні неғүрлым жоғары болса, солғүрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіштін шекті мәні - 0,5-0,7 болып белгіленген.

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар кұрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.

Қаржылық тәуелділік коэффициенті - бұл тәуелсіздік коэффициентінің кері көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын капиталының (баланс валютасы) меншікті капиталга қатынасына арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қаражаттардың 1 теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын көрсетеді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебінен қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 теңгенің 1 теңгесі меншікті, 0,5 теңгесі - қарыздық қаражаттар екенін көрсетеді.

Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.

Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті (төлем қабілеттілік коэффициенті). Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Яғни, қарыздық капиталдын 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

Қаржылық леверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғүрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де солғүрлым жоғары болады. Яғни меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартылғанын көрсетеді. Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартқанын көрсетеді. Оның мәні жоғарылаған сайын мұндай кәсіпорынға капитал салымын жасау тәуекелі жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда меншікті және айналым капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюънктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық стратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.

7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті - баланстың активінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға (баланс, валютасы) қатынасымен анықталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер мен займдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды критерийлерінің бірі - оның төлем қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін айтамыз. Ал, өтімділік деп кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу немесе төлеу қабілеттілігін айтамыз. Өтімділікті, кейде ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы деп те сипаттайды. Осыған байланысты кәсіпорынның өтімділігі жөнінде айтқанда активтің өтімділігі және баланстың өтімділігі түсініктерін ажыратып алу қажет.

Кәсіпорынның өтімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер де есептеледі. Оларға ағымдағы өтімділік коэффициенті, жылдам етімділік коэффициенті және абсолютті отімділік коэффициенті жатқызылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақшалай резервтер нормасы) кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының (тез өткізілетін бағалы қағаздардың) қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталады.

Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелерінің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығын көрсетеді. Мұнын мәні неғүрлым жоғары болса, қарыздарды жабу кепілдегі де солғүрлым көп болады.

Жедел өтімділік коэффициенті (аралық жабу коэффициенті) – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар), қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен ғана емес, күтіліп отырған ақшалай түсімдердің (дебиторлық берешектің) есебінен жабылатындығын көрсетеді. Оның шекті мәні 0,7 -1 шамасында болуы тиіс, бірақ, оның өзгеруіне әсер еткен факторларды (ақшалай қаражаттар элде дебиторлық берешек) ескеру керек.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (болашақ кезеңнің шығындарынан басқа) ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелерге (болашақ кезеңнің табыстары) қатынасымен анықталады. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне ағымдағы активтердің қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

Егер ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден жоғары болса, кәсіпорын жақсы жұмыс істеп отыр деп айта аламыз. Бұл көрсеткіштің мәні 2-ден көп >2 болу тиіс. Алайда бұл мэнді барлық салалар үшін бырыңғай мәні ретінде белгілеу мүмкін емес. Өйткені ол қызмет сферасына, активтердің сапасы мен қүрылымына, өндірістік циклдің ұзақтығына т.б байланысты болады.



Кәсіпорынныц іскерлік белсенділігі оның өз капиталының қаншалықты тиімді пайдаланғандығын көрсететін бірқатар айналымдылық коэффициенттерімен сипатталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық критерийлер жүйесінің көмегімен анықталады.

Сапалық критерийлерге - өткізу нарықтарының (ішкі және сыртқы) кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік репутациясы, оның бәсекеге қабілеттілігі, тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы және т.б. жатқызылады. Бұл критерийлерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің ұқсас параметрлерімен салыстыру қажет.

Іскерлік белсенділіктің сандық критерийлері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіштердің қатарына дайын өнімді (тауарды), (орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті) сату көлемін, табысын, активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал, салыстырмалы көрсеткіштер кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оларды қаржылық коэффициенттер жүйелері немесе айналымдылық көрсеткіштері түрінде көрсетуге болады.

1. Активтердің айналымдылық коэффициенті - өнімді сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық активтерінің айналым жылдамдығын, яғни талдау жасалып отырған кезең ішінде олардың жасаған айналым санын көрсетеді. Сонымен қатар бұл коэффициент активтердің 1 теңгесіне сатылған өнімнің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін экелгенін көрсетеді.

1.1. Бір айналымның ұзақтығы - есепті кезеңдегі (жыл, жарты жыл, тоқсан) құндер санының активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады. Ол барлық активтердің бір айналымының ұзақтығын сипаттайды, яғни кәсіпорын активтерінің бір айналымы қанша құнде жүзеге асырылатынын көрсетеді.

2. Айналымнан тыс активтердің (баланстың активтерінің 1 бөлімі) айналымдылық коэффициенті өнімді сатудан түскен табысты айналымнан тыс активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі. Ол талдау жасалып отырған кезең ішінде мобильді емес активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді.

2.1. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол өнімді сатудан түскен табысты қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш негізгі құралдардың 1 теңгесіне сатудан түскен табыстың канша теңгесі келетінін көрсетеді.

3. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі ағымдағы активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы (мобильді) активтердің айналым жылдамдығын немесе айналым санын көрсетеді.

3.1. Ағымдағы активтердің 1 айналымының ұзақтығы есепті кезеңдегі құндер санының ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы активтердің айналымынын ұзақтығын, яғни кәсіпорынның өндірістік циклінің ұзақтығын көрсетеді.

4. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті өнімді сатудан түскен табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәнін әр түрлі көзқарас түрғысынан қарастыруға болады. Коммерциялық көзқарас түрғысынан сатудың артықтығы немесе жеткіліксіздігін, қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық түрғыдан кәсіпорынның меншік иелері тәуекелге барып, салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.

5. Тауарлы-материалдық қорлардың (өндірістік қорлардың) айналымдылық коэффициенті - сатылған өнімнің өзіндік құнының өндірістік қорлардың (шикізаттар мен материалдардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің) орташа жылдық құнына қатынасымен аныкталады. Бұл көрсеткіш өндірістік қорлардың айналым жылдамдығын көрсетеді.

Айналымдылық көрсеткіші неғүрлым жоғары болса, өндірістік қорлар солғүрлым тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.



Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы рентабельділік болып табылады. Кәсіпорын қызметін талдау кезінде табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері (сатудан түскен табыс, жалпы табыс, негіз-гі қызметтен түскен табыс т.б.) оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанын ( жақсы немесе жаман) толық сипаттай алмайды. Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер ретінде рентабельділік көрсеткіштерін есептеу қажет. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды, яғни әр түрлі түрғыдан (позициядан) капиталдың немесе қаражаттардың шығындарға қатынасының пайыз түрінде өлшенуі немесе есептелуі. Олардың ішінде негізгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

1. Активтердің (табыстылығы) рентабельділіп - кәсіпорынның таза табысының активтерінің құнына (орташа жылдық құнына) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын активтеріне салынған 1 теңге қанша теңге таза табыс әкелетінін көрсетеді.

2. Ағымдағы активтердің рентабельділігі айналымдағы активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол кәсіпорынның таза табысының ағымдағы активтер құнына қатынасы арқылы есептеледі.

3. Меншікті капиталдың рентабельділігі меншікті капиталды пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын иелері өзінің осы қаражаттарын басқа бағалы қағаздарға (бизнеске) салудан алынуы мүмкін табыстарымен салыстыруға қол жеткізеді. Батыс елдерінде ол кәсіпорын акцияларын бағалау деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Ол таза табыстың меншікті капитал көлеміне қатынасы арқылы есептеледі. Оның мәні меншік иелерінің салған салымдарының әрбір ақшалай бірлігі қанша таза табыс тапқанын көрсетеді.

4. Негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі таза табыстың негізгі өндірістік қорлар құнына қатынасымен анықталады. Ол негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайды және негізгі қорлардың 1 теңгесіне таза табыстың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

5. Сатудың рентабельділігі. Бұл көрсеткішті жалпы табыс және таза табыс арқылы да есептеуге болады. Яғни, жалпы табыстың (таза табыстың) сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы есептеледі. Бірінші жағдайда (жалпы табыс арқылы есептеу) оның мәні кәсіпорынның баға белгілеу саясатындағы өзгерістерді, өнімді сатудың өзіндік құнын бақылау мүмкіншілігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің динамикасы (өсуі) материалдық-өндірістік қорларды пайдалануды бақылауды күшейтуді немесе бағаларын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Екінші жағдайда, яғни таза табыс арқылы есептегенде оның мәні сатылған өнімнің әрбір теңгесі таза табыстың қанша теңгесін экелгенін көрсетеді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалағанда сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар көлемін анықтау да маңызды. Ол сатылған өнімнің толық өзіндік құнының (сатылған өнімнің өзіндік құны және кезең шығындары) өнімді сатудан түскен табысқа қатынасымен анықталады.

6. Өнімнің рентабельділігін есептегенде өндірілген өнімнің және сатылған өнімнің рентабельділіктерін анықтауға болады. Өндірілген өнімнің рентабельділігі таза табыстың (ТТ) өнімнің толық өзіндік құнына (ӨТӨҚ) қатынасымен анықталса, сатылған өнімнің рентабельділігі таза табыстың сатылған өнімнің толық өзіндік құнына (сатылған өнімнің өзіндік құны және кезең шығындары) қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштердің мәні өнімді өндіру мен сату бойынша жүмсалған шығынның әрбір теңгесіне келетін (нақты) таза табыс мөлшерін көрсетеді. Өнімнің рентабельділігін негізгі қызметтен түскен табысты сатылған өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы арқылы да анықтауға болады.

7. Өндіріс рентабельділігі жалпы (таза) табыстың негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының (ңүнына) орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Яғни, негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының әрбір теңгесіне келетін жалпы (таза) табыс мөлшерін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік қызметті талдау мен тиімділігін бағалау қандай мақсатпен жасалады?

2. Кәсіпкерлік қызметті талдаудың қандай әдістерін білесіз, олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Кәсіпкерлік қызметті кешенді талдау кезінде қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

4. Активтің өтімділігі мен баланстың өтімділігінің айырмашылығын түсіндіріңіз.

5. Рентабельділік дегеніміз не және оны қандай көр-сеткіштер арқылы анықтауга болады?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдай.

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.
Тақырып 11. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі талдау мен бағалау.

Жоспар:

1. Экономикалық талдаудың мақсаттары мен міндеттері.

2. Кәспкерлік қызметтегі бәсекелестік табысты талдау.

3. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.


Нарықтық экономика кезінде баға кәсіпорынынң қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі экономикалық параметрі. Әр кәсіпкер өзінің тауарының бағасын, алдына қойған бизнестің мақсатын орындау құралы ретінде, өзі тағайындайды. Ол үшін білікті баға саясаты болу қажет. Фирманың баға саясаты – бұл басшылықтың, кәсіпорынның алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған өндірілген өнімнің бағасының қалыптасуын, өзгеруін белгілеудегі қызметі. Баға саясаты бірнеше бір-бірімен байланысты этаптардан тұрады: Бағалау саясатын қайта қарастырылған кезінде біренеше кезеңдері кіреді:

  • Бағаның қалыптасу мақсатын дайындау;

  • Бағаның қалыптасуына әсер ететін факторларды талдау( сұранысты зерттеу, ұсынысты және бәсекелестердің бағасын талдау);

  • Бағаның қалыптастыру әдісін таңдау;

  • Бағаның деңгейі туралы шешім қабылдау.

Баға саясаты көбінесе төмендегі мақсаттарды көздеу қажет:

1. Кәсіпорынның өміршеңдігі. Бәсекелес нарықта кәсіпкер өзінің тауарының запасын қалдырмау үшін бағаны төмендету саясаты.

2. Рентабельділіктің деңгейін жоғарылата отырып, барынша пайданы көтеру. Бұл саясатты тек нарықта өзінің орнын нық тапқан компаниялар ғана емес, сонымен қатар өзінің даму бағытына сенімсіз кәсіпорындар да өзінің алдына мақсат ету мүмкін.

3.Өнімді сату көлемін барынша жоғарылату. Кәсіпкер әр кезде, сату көлемін ұлғайту арқылы, өнімнің әр бір данасына жұмсалған шығынды азайтуды және табысты көбейтуді қарастыру қажет.

4 Нарықта ең жоғары баға қою арқылы «Қаймағын қалқу» саясаты. Бұл негізінен жаңа өнім шығаратын кәсіпкер үшін қолайлы саясат.

5. Нарықта лидер болу. Бұл саясатты негізінен үлкен компаниялар өзінің өніміне жоғары баға қою арқылы шығынын жабу жағын қарастырады.

Нарықта бағаның қалыптасуына әсер етеін негізгі фактор, ұсыныс пен сұраныс. Сүраныс- бұл тұтыныушының өзінің қалауынша белгілі бір уақытта, өзіне қажетті тауарды немесе қызметті сатып алу мүмкіншілігі. Тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз тауар сатылады. Ұсыныс- бұл сатушының тұтынушыға белгілі бір жерде, белгілі бір бағада нарықта ұсынатын тауардың көлемі. Кәсіпкер тауарды барынша пайда табу мақсатында өндіреді, сондықтан шығын мен табыстың ортасындағы теңдікті сақтауы қажет. Шығын кәсіпкерлік және бухгалтерлік деп бөлінеді. Кәсіпкердің шығыны бұл- өнімді сатуға және өндіруге жұмсалған шығыны, кәсіпкердің пайдасы, ҚҚС және акциздер, егерде кәсіпкер сыртқы экономикалық қызмет атқаратын болса онда,баж салығы және т.б. Сонымен қатар кәсіпкердің шығынын тұрақты және өзгермелі шығынға бөлуге болады. Кәсіпкердің баға саясаты нарық құрылымына да байланысты. Таза бәсекелес нарықта көп сатушы өздерінің біркелкі өнімдерін, бірдей бағада сатады , олар бағаны өзгерте алмайды, ал мнополистік бәсекелес нарықта бірнеше сатушы және тұтынушы қатыса отырып, біртектес тауарға сапасына, түріне байланысты әр түрлі баға қоя алады. Олигополиялық нарықта сатушының саны шектеулі болады, сондықтан олар сатушылар бірдей баға және бірдей квота енгізуге келіседі. Монопольді нарықта өндіруші біреу, сондықтан ол ең жоғары баға қоюы мүмкін, бірақ мемлекет тарапынан реттеу жүргізіледі. Бағаны қалыптастыру әдістері:


  • Шығын қосу пайда;

  • Зиян шекпеуін қамтамасыз ету;

  • Тауардың түріне қарай бағаны белгілеу;

  • Ең соңғы бағаны белгілеу және т.б.

Кәсіпкерлік қызметті талдау деп оны жүзеге асыру нәтижесінде орын алған теріс (негативті) себептерді анықтай отырып, кәсіпкерлікті бағалау үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуді айтамыз. Ол кәсіпкерліктің даму болашағы мен тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты оның ұйымдастырушылық, басқарушылық, қаржы-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын қамтамасыз ету болып табылады. Талдаудың негізгі міндеттеріне нақты нәтижелерге жетуді, кемшіліктері мен әлсіз тұстарын анықтауды, оның тиімділігі мен табысын арттыру резервтерін айқындауды жатқызуға болады.

Анықталған мақсатқа байланысты талдау әр түрлі дәрежеде жасалуы мүмкін, бірақ ол барлық бағыттар бойынша жүргізілуі керек. Кәсіпкерлік қызметті талдауда оның әр алуан түрлері қолданылуы мүмкін. Олар: жедел (оперативті) талдау, жылдық талдау, кешенді талдау және т.б.

Жедел талдау едәуір қысқа мерзімге (ай, тоқсан) жасалады. Ол кәсіпкерлік қызметтің күшті және әлсіз жақтарын, болуы мүмкін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

Жылдық талдау кәсіпкерлік қызметтің нақты нәтижелерін бағалауға негізделген. Ол ресурстарды басқарудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру мен табыстарды өсіруге, жоғары өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Кешенді талдау кезінде кәсіпкерлік қызметтің барлық түстары зерттеледі. Яғни, оның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасалады.

Кәсіпорынның өндірістік кызметінің тиімділігі мынадай бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

Қор кайтарымдылығы жыл ішінде өндірілген өнім көлемінің негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні негізгі өндірістік қорлардың әрбір 1 теңгесіне қанша өнімнен келетінін немесе қанша өнім өндірілгенін көрсетеді.

Қор сыйымдылыгы қор қайтарымдылығының кері шамасы болып табылады. Ол әрбір өнім бірлігіне келетін негізгі қорлардың құнымен сипатталады және негізгі қорлардың орташа жылдық құнын өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Материал кайтарымдылыгы кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол өндірілген өнім көлемінің оны өндіруге жұмсалған шикізаттар мен материалдар шығындарына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш жұмсалған шикізаттар мен материалдардың 1 бірлігіне қанша дайын өнім бірлігі келетінін көрсетеді.

Материал сыйымдылыгы материал қайтымдылығының кері шамасы. Ол шикізаттар мен материалдар шығындарының өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірілген өнім бірлігіне қанша шикізаттар мен материалдар қажет екенін көрсетеді. Шикізаттар, материалдар мен басқа да материалдық ресурстар неғұрлым жақсы пайдаланылған сайын, материал қайтарымдылығы солғұрлым жоғары, ал материал сыйымдылығы төмен болады.

Еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігін өлшеу еңбек шығындары мен өндірілген өнім көлемі тұріндегі еңбек нәтижелерін салыстыру жолымен анықталады. Осыған байланысты екі көрсеткішті бөліп көрсетуге болады. Олар: өнімділік және еңбек сыйымдылығы.

Өнімділік сағаттық, құндік, айлық, тоқсандық, жылдық болуы мүмкін. Ол бір жұмысшыға келетін немесе жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Өнімділік өндірілген өнім көлемінің осы өнімді өндіруге жұмсалған уақыт немесе еңбек шығындарына (жұмысшылар саны) қатынасымен анықталады.

Еңбек сыйымдылыгы деп кәсіпорындағы өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барлық еңбек шығындарының жиынтығын түсінуге болады. Ол еңбек өнімділігінің кері шамасы болып табылады және еңбек шығындарының өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

Кәсіпкерліктің қаржы-экономикалық қызметін талдау үшін оның қаржылық жағдайына тоқталу қажет. Кәсіпорынның қаржылық жагдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дүрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұғымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарым-қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қаржылық тұрақтылығы, өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және рентабельділік көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өңдіру және өткізу ұрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет ұрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу (тарату) мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен қүрылымы, қарыздық капиталдарды тарту деңгейі және осы қарыздарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады. Оларға келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады:

Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэфиценті) - меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына (активтеріне, баланс валютасы) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні неғүрлым жоғары болса, солғүрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіштін шекті мәні - 0,5-0,7 болып белгіленген.

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар кұрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.

Қаржылық тәуелділік коэффициенті - бұл тәуелсіздік коэффициентінің кері көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын капиталының (баланс валютасы) меншікті капиталга қатынасына арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қаражаттардың 1 теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын көрсетеді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебінен қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 теңгенің 1 теңгесі меншікті, 0,5 теңгесі - қарыздық қаражаттар екенін көрсетеді.

Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.

Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті (төлем қабілеттілік коэффициенті). Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Яғни, қарыздық капиталдын 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

Қаржылық леверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғүрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де солғүрлым жоғары болады. Яғни меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартылғанын көрсетеді. Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартқанын көрсетеді. Оның мәні жоғарылаған сайын мұндай кәсіпорынға капитал салымын жасау тәуекелі жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда меншікті және айналым капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюънктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық стратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.

7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті - баланстың активінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға (баланс, валютасы) қатынасымен анықталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер мен займдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды критерийлерінің бірі - оның төлем қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін айтамыз. Ал, өтімділік деп кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу немесе төлеу қабілеттілігін айтамыз. Өтімділікті, кейде ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы деп те сипаттайды. Осыған байланысты кәсіпорынның өтімділігі жөнінде айтқанда активтің өтімділігі және баланстың өтімділігі түсініктерін ажыратып алу қажет.

Кәсіпорынның өтімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер де есептеледі. Оларға ағымдағы өтімділік коэффициенті, жылдам етімділік коэффициенті және абсолютті отімділік коэффициенті жатқызылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақшалай резервтер нормасы) кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының (тез өткізілетін бағалы қағаздардың) қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталады.

Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелерінің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығын көрсетеді. Мұнын мәні неғүрлым жоғары болса, қарыздарды жабу кепілдегі де солғүрлым көп болады.

Жедел өтімділік коэффициенті (аралық жабу коэффициенті) – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар), қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен ғана емес, күтіліп отырған ақшалай түсімдердің (дебиторлық берешектің) есебінен жабылатындығын көрсетеді. Оның шекті мәні 0,7 -1 шамасында болуы тиіс, бірақ, оның өзгеруіне әсер еткен факторларды (ақшалай қаражаттар элде дебиторлық берешек) ескеру керек.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (болашақ кезеңнің шығындарынан басқа) ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелерге (болашақ кезеңнің табыстары) қатынасымен анықталады. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне ағымдағы активтердің қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

Егер ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден жоғары болса, кәсіпорын жақсы жұмыс істеп отыр деп айта аламыз. Бұл көрсеткіштің мәні 2-ден көп >2 болу тиіс. Алайда бұл мэнді барлық салалар үшін бырыңғай мәні ретінде белгілеу мүмкін емес. Өйткені ол қызмет сферасына, активтердің сапасы мен қүрылымына, өндірістік циклдің ұзақтығына т.б байланысты болады.



Кәсіпорынныц іскерлік белсенділігі оның өз капиталының қаншалықты тиімді пайдаланғандығын көрсететін бірқатар айналымдылық коэффициенттерімен сипатталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық критерийлер жүйесінің көмегімен анықталады.

Сапалық критерийлерге - өткізу нарықтарының (ішкі және сыртқы) кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік репутациясы, оның бәсекеге қабілеттілігі, тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы және т.б. жатқызылады. Бұл критерийлерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің ұқсас параметрлерімен салыстыру қажет.

Іскерлік белсенділіктің сандық критерийлері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіштердің қатарына дайын өнімді (тауарды), (орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті) сату көлемін, табысын, активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал, салыстырмалы көрсеткіштер кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оларды қаржылық коэффициенттер жүйелері немесе айналымдылық көрсеткіштері түрінде көрсетуге болады.

1. Активтердің айналымдылық коэффициенті - өнімді сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық активтерінің айналым жылдамдығын, яғни талдау жасалып отырған кезең ішінде олардың жасаған айналым санын көрсетеді. Сонымен қатар бұл коэффициент активтердің 1 теңгесіне сатылған өнімнің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін экелгенін көрсетеді.

1.1. Бір айналымның ұзақтығы - есепті кезеңдегі (жыл, жарты жыл, тоқсан) құндер санының активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады. Ол барлық активтердің бір айналымының ұзақтығын сипаттайды, яғни кәсіпорын активтерінің бір айналымы қанша құнде жүзеге асырылатынын көрсетеді.

2. Айналымнан тыс активтердің (баланстың активтерінің 1 бөлімі) айналымдылық коэффициенті өнімді сатудан түскен табысты айналымнан тыс активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі. Ол талдау жасалып отырған кезең ішінде мобильді емес активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді.

2.1. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол өнімді сатудан түскен табысты қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш негізгі құралдардың 1 теңгесіне сатудан түскен табыстың канша теңгесі келетінін көрсетеді.

3. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі ағымдағы активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы (мобильді) активтердің айналым жылдамдығын немесе айналым санын көрсетеді.

3.1. Ағымдағы активтердің 1 айналымының ұзақтығы есепті кезеңдегі құндер санының ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы активтердің айналымынын ұзақтығын, яғни кәсіпорынның өндірістік циклінің ұзақтығын көрсетеді.

4. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті өнімді сатудан түскен табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәнін әр түрлі көзқарас түрғысынан қарастыруға болады. Коммерциялық көзқарас түрғысынан сатудың артықтығы немесе жеткіліксіздігін, қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық түрғыдан кәсіпорынның меншік иелері тәуекелге барып, салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.

5. Тауарлы-материалдық қорлардың (өндірістік қорлардың) айналымдылық коэффициенті - сатылған өнімнің өзіндік құнының өндірістік қорлардың (шикізаттар мен материалдардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің) орташа жылдық құнына қатынасымен аныкталады. Бұл көрсеткіш өндірістік қорлардың айналым жылдамдығын көрсетеді.

Айналымдылық көрсеткіші неғүрлым жоғары болса, өндірістік қорлар солғүрлым тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.



Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы рентабельділік болып табылады. Кәсіпорын қызметін талдау кезінде табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері (сатудан түскен табыс, жалпы табыс, негіз-гі қызметтен түскен табыс т.б.) оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанын ( жақсы немесе жаман) толық сипаттай алмайды. Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер ретінде рентабельділік көрсеткіштерін есептеу қажет. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды, яғни әр түрлі түрғыдан (позициядан) капиталдың немесе қаражаттардың шығындарға қатынасының пайыз түрінде өлшенуі немесе есептелуі. Олардың ішінде негізгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

1. Активтердің (табыстылығы) рентабельділіп - кәсіпорынның таза табысының активтерінің құнына (орташа жылдық құнына) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын активтеріне салынған 1 теңге қанша теңге таза табыс әкелетінін көрсетеді.

2. Ағымдағы активтердің рентабельділігі айналымдағы активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол кәсіпорынның таза табысының ағымдағы активтер құнына қатынасы арқылы есептеледі.

3. Меншікті капиталдың рентабельділігі меншікті капиталды пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын иелері өзінің осы қаражаттарын басқа бағалы қағаздарға (бизнеске) салудан алынуы мүмкін табыстарымен салыстыруға қол жеткізеді. Батыс елдерінде ол кәсіпорын акцияларын бағалау деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Ол таза табыстың меншікті капитал көлеміне қатынасы арқылы есептеледі. Оның мәні меншік иелерінің салған салымдарының әрбір ақшалай бірлігі қанша таза табыс тапқанын көрсетеді.

4. Негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі таза табыстың негізгі өндірістік қорлар құнына қатынасымен анықталады. Ол негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайды және негізгі қорлардың 1 теңгесіне таза табыстың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

5. Сатудың рентабельділігі. Бұл көрсеткішті жалпы табыс және таза табыс арқылы да есептеуге болады. Яғни, жалпы табыстың (таза табыстың) сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы есептеледі. Бірінші жағдайда (жалпы табыс арқылы есептеу) оның мәні кәсіпорынның баға белгілеу саясатындағы өзгерістерді, өнімді сатудың өзіндік құнын бақылау мүмкіншілігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің динамикасы (өсуі) материалдық-өндірістік қорларды пайдалануды бақылауды күшейтуді немесе бағаларын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Екінші жағдайда, яғни таза табыс арқылы есептегенде оның мәні сатылған өнімнің әрбір теңгесі таза табыстың қанша теңгесін экелгенін көрсетеді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалағанда сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар көлемін анықтау да маңызды. Ол сатылған өнімнің толық өзіндік құнының (сатылған өнімнің өзіндік құны және кезең шығындары) өнімді сатудан түскен табысқа қатынасымен анықталады.

6. Өнімнің рентабельділігін есептегенде өндірілген өнімнің және сатылған өнімнің рентабельділіктерін анықтауға болады. Өндірілген өнімнің рентабельділігі таза табыстың (ТТ) өнімнің толық өзіндік құнына (ӨТӨҚ) қатынасымен анықталса, сатылған өнімнің рентабельділігі таза табыстың сатылған өнімнің толық өзіндік құнына (сатылған өнімнің өзіндік құны және кезең шығындары) қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштердің мәні өнімді өндіру мен сату бойынша жүмсалған шығынның әрбір теңгесіне келетін (нақты) таза табыс мөлшерін көрсетеді. Өнімнің рентабельділігін негізгі қызметтен түскен табысты сатылған өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы арқылы да анықтауға болады.

7. Өндіріс рентабельділігі жалпы (таза) табыстың негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының (ңүнына) орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Яғни, негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының әрбір теңгесіне келетін жалпы (таза) табыс мөлшерін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

Экономикалық талдаудың мақсаттары мен міндеттері

Баға саясаты көбінесе төмендегі мақсаттарды көздеуі

Нарықта бағаның қалыптасуы
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Кәспкерлік қызметтегі бәсекелестік табысты талдауы.

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.
Тақрып 12. Кәсіпкерлік қызметтің салық салу жүйесі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытудың нарықтық механизмі

Жоспар:


  1. Франчайзингтің қалыптасуы және тиімді қолданудың жолы

  2. Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері

  3. Оффшорлық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты, мәні мен принцптері

  4. Оффшорлық бизнестегі құпиялық проблемасы

  5. Лизинг-инвестициялаудағы қолайлы әдіс


1. Франчайзингтің қалыптасуы және тиімді қолданудың жолы

Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі әдістермен франчайзинг бизнесінің ерекшеліктерін қолдану арқылы айналысуға болады. Көптеген елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін өте тиімді.

Франчайзинг- франсуздың “franchize” деген сөзінен шыққан, аударғанда жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді.

Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті береді; кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік алады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін – франчайзингілік лицензия деп атайды.

Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайын ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені қолдануға оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, техникамен технологиягны қолдануға кететін шығындарын азайту арқылы шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік береді. Бұл жүйені күнделікті өмірде қолдана білу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Мысалы, франчайзингілік жүйені “Макдональдс” немесе “Дока-пицца” (Ресей) “Coca-cola”(АҚШ) және көптеген фирмалардың қол жеткізген оң нәтижелі енбектерін ауызға тиек қылып айтуға болады. Білімнің, тәжірибенің, қаржылық қорлардың және сақтандыру жүйелерінің деңгейінің төмен болуына қарамай, Қазақстанда франчайзингтің тәжірибесің қолдануға тырысатын кәсіпкерлер саны көптеп саналады. Сондықтан франчайзинг Қазақстанда тек бөлек фирмалар қолданып басқалармен өз тәжірибесін бөлісуге дайын емес. Сонымен қатар франчайзинг заңдылық базасын және лицензиялауды қажет етеді. Республикада осы жаңа дүниелерді үйрету үшін рұқсат алуға мүмкіншілік жоқ.. Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.

Үлкен фирмалар франчайзерлердің технологияның, ноу-хау-дың иелерінің өзінің әріптестеріне көмек көрсетуді ұйымдастыруда қолданған іс-қимыл- франчайзинг деп аталады. Мысалы франчайзинг сауда және қызмет көрсеті сферасында қазіргі кезде кең құлаш жайып отыр. Франчайзиді жеңілдік көмек ретінде алу үшін төмендегі талаптар шешімін табуы қажет;

1.Берілетін тауарлар мен қызметткерге мүмкін болатын зияндылықтардан қорғау үшін сақтандыру әдістері қолданылуы қажет, яғни кепілдік керек.

2.Франчайзердің сауда маркасын қолдану белгілі бір ережелер мен нормалардың талаптарына сай жүргізілуі қажет.

3.Франчайзер сауда өзінің сауда маркасын белгілі бір келісілген территорияның аумағында ғана жүргізуге рұқсат етеді.

Кәсіпкерлік бизнесте франчайзингілік іс-әрекеттер үлкен және шағын компаниялардың арасында жүргізіледі. Сонымен қатар негізгі келісім-шартпен бірге субфранчайзингілік келісімдер болуы мүмкін. Бұл келісімдер франчайзерлердің рұқсатымен франчайзингке тән талаптардың орындалу негізінде басқа тұлғаларға қайта берілуіне рұқсат етеді.

Франчайзингтің мынадай түрлері болады;

1.Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.

2.Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технологияны пайдаланып, тауардың маркалық аталуын пайдалану-өндірістік франчайзинг деп аталады.

3.Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсетуге болатын мүмкіншілікті пайдалану – іскерлік франчайзинг деп аталады.

Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары;

А) аймақтық франчайзинг;

Б) дамушы франчайзинг.

Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы-франчайзинг келісім шарттың ұзақтығымен, қарым-қатнастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзердің көмек сұрайды.

Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдастыру барысында франчайзерлерден болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісім шартта көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектелген қарым-қатынаста болады. Мысалы «Дока-пицца» фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе TV сервистік қызмет көрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады.

Авторлық құқы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келісімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингкеқатысатын субьектілерге бөлініп беріледі. Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысушылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатнастары келісім-шарт негізінде құрылуы қажет.

Бизнесті ұйымдастыру кезінде жарнама өте үлкне рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісім шарт кезінде кететін шығынның көп бөлігінфранчайзи жарнама жұмысты атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетингтік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден дасқаруға қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді, бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады.

Франчайзингілік бизнестің негізгі ерекшеліктеріне моральдық талаптар жатады. Франчайзердің жетістікке жетуі ілтипаттылығымен анықталады. Тек қана ақшаға сатылатын франчайза көпшілік жағдайда қажетті нәтижеге жеткізе бермейді. Арамдыққа негізделген франчайзингілік іс-қимыл екінші адамның қолынан келмеуі мүмкін.

В.Довгань “Бизнес жолын кеңейтуші-франчайзинг” деп аталатын өз шығармасында; фирмалардың жартысы франчайзингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр болады, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып саналады. АҚШ-та статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептермен жабылғандар.

Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтатуға, т.б.

Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді. Жапониядағы франчайзингтің қалыптасу және даму үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.


2-кесте Соғыстан кейінгі жылдар


Жылдар































өткізу көлемі%






























Жапонияда франчайзингтің тез дамуы халықаралық нарықтарды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Франчайзингілік белсенділіктің құрылықтар мен аймақтарда әр түрлі деңгейде таралғандығымен анықталады. Даму қарқындарының өзгешеліктері елдегі іскерлік климатын, азаматтардың ұлттық психологиялық ерекшелігін, ақшаны табу, жұмсай білу қабілетін және мемлекеттің құқықтық саяси жағдайын көрсетеді.

Сонымен қатар франчайзингілік бизнес басқа аймақтардан қосымша адамдарды фирмаға жалдау мүмкіншілігімен анықталмайды. Бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес. Көп қаражат қажет етпейтін және авторлар франчайзердің көмегін керек ететін белгілі талаптардың негізінде тәртіпті жүзеге асатын үрдіс. Бұл талаптар франчайзингілік басты компанияның франчизаны сатқанда басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, және бақылау) мәселелерінде, кадрларды оқытуда, жарнама шығындарын азайтуда және көптеген жеңілдіктерді беру кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан франчайзингілік бизнестің оң ерекшеліктерін қолдана отырып, коммерциялық табысқа жету үшін мүмкіндіктер іздеу керек.

Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері:

“Дока-хлеб”, “Дока-пицца” фирмалары ретінде Қазақстанда “Макдональдс” және “Пицца-хат”ресторандары Ресейде6 ал Пекинде “Кентукки Франд Чикен” және “Холидейс-Иннс” фирмаларының филиалдары ретінде франчайзинг пайда болады. Бизнестің басқа компаниямен әріптестік қатынаста бола отырып, табыс табу жолы қиындайды. Белсенділігімен, өзінділігімен, шынайлығымен көзге көрінетін кәсіпкерлер үшін бұл үрдіс ауыр тиеді. Сондықтан франчайзенгтегі өзара келісімді қалыптастыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлер Шығыстың рухында тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіресе, елдің қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы республика кәсіпкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді. Өйткені франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпарациялық және ассоциациялық мазмұны қажет етеді.

Франчайзингілік жұмыс жасау үшін төмендегідей қадамдарды жасаған дұрыс:

-белгілі нарықтық кеңестіктегі бәсекенің деңгейін анықтап талдау;

-тауардың ерекшелегін табу;

-сұраныс пен ұсынысты анықтау;

-нарықтық сыйымдылығын нақты белгілеу;

-инвесторлар түрінде франчайзерлердің тарту мүмкіншілігі.

Осыларға жауап тапқан кезде ғана франчайзер де, сол сияқты франчизада келісім шартқа отыруға болады. Франчайзинг жаңа техниканы пайдалануға, бұхгалтерлік қызметтерді көрсетуге, жүкті тасмалдауда және тағы сол сияқты жұмыстарда өте ыңғайлы болып табылады. АҚШ-та франчайзинг, әсіресе, сауданы, көпшілікті тамақтандыруда, ұйымдастыру мәселерінде тиімді болып есептеледі.

3-кестеде франчайзинг қатынастарының құрылуының ең көп динамикасы жапондық фирмалар франчайзингтерінде кездесетіндігін байқауға болады.
Әлемдік кеңестіктегі франчайзингті қолдану масштабтары

(салқын сусындар мен автомобильдік бизнестен басқа)




Мемлекет атаулары

Мәліметтер түскен жылдар

Басты фирмалардың саны (франчайзерлер)

Операторлар кәсіпорындардың саны (франчайзи)

өткізу көлемі (млн$ АҚШ)

Австрия

1988

320

1360

-

Австралия

1989

230

1033

-

Бельгия

1987

77

4045

2,0

Канада

1993

1000

45000

38,4

Дания

1989

60

500

3,31

Франция

1990

675

29698

10,0

ФРГ

1994

180

9000

3,38

Италия

1994

197

11560

2,10

Жапония

1995

812

122450

32,7

Голландия

1988

244

8252

3,6

Норвегия

1989

120

850

0,3

Испания

1990

215

20000

-

Швеция

1993

60

1000

1,5

Ұлыбритания

1994

385

1980

5,5

Егер де франчайзер тауардың жабдықтаушысы болса, онда франчайзи ұсынатын негізгі жеңілдіктер:

-күшті жарнама; -қоғамдық мойындау; -бастапқы кезеңде үйрету, көмектесу;-орталықтандырылған сауда;-франчайзингілік кәсіпорынды дайындау және орналасу жерін таңдау; -бухгалтерлік есепшот ұйымдастырудағы көмек.

Бұл тізімнің қатары өзара келісім-шартта толықтырылуы мүмкін. Көптеген жағдайда франчайзи жаңа жабдықты немесе оны қолдануды сатып алса, техникалық көмек пен қызмет көрсетуді талап етуге мүмкіншілігі болады. Франчайзи бірнеше жылдан кейін бұл бизнес туралы франчайзерлермен тең дәрежеде меңгеріп, қарым-қатынастарда қайшылықтар мен келіспеушілікпен қатар, бәсекелестік пайда болуы мүмкін.

Франчайзингті қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, экономикалық, мәдени, этикалық негіздер қажет.

Қазақстанның жағдайында тұтынушылық нарық:

-кез келген тауарды нақты ақшаға сатып алып және сол жерде қайта сатуға тырысады;

-әкономикалық саясаттың тұрақсыздығы, заңдылықтың жиі өзгеруі инфляция жағдайында, тұрақтылықтың қамтамасыз етілмеу франчай-зингілік бизнесті қалыптастыруды және дамытуды қиындатады.

Бірақ экономикадағы кәсіпкерлік арифметикалық іс-қимыл емес- өнер. Тұрақсыздық жағдайларда тәуекелге көбірек барып, табысқа жету мүмкіндіктері де арта түседі.

Егер мемлекет басымдық салалардың кәсіпорындарын басқара білсе, реттесе, ол да жақсы, беделді франчайзер мүмкіншілігі болады. Ол үшін заң шығару жүйесін арнайы заңдармен толықтырып, оның дұрыс іске асуын қадағалап және сот органдарында пайда болған қайшылықтарды шешуді жүзеге асыру қажет.

Осыған байланысты, республикада франчайзинг мәселелерін жақсы меңгеретін заңгерлерді дайындау керек. Франчайзингтік қатынастың қалыптасуы мен дамуына қажетті заңдарды өзгертулер енгізілуі қажет. Несиелердің жалпы көлемінде 90%, мерзімі 6 айлық несиелер орын алады.

Бұл жағдайда коммерйиялық тәуекелдің жоғары деңгейімен, экономикалық дамудың тұрақсыздығымен, дағдарыстық көрініспенен, инфляциямен түсіндіруге болады. Бірақ бұл жағдайда франчайзингтің дамуы мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан нарықтық инфрақұрылымды дамыту негізінде банкілер арасында бәсеке болуы несие ставкаларының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қазіргі кезде ірі кәсіпорындардың дилерлік қызмет түрінде дамуы мүмкін немесе бірлескен кәсіпорындардың франчиза негізіндегі әлемдік нарыққа шығуына болады. Әлемдік нарыққа қазақстан “Қызылмай”, “Витафлор” немесе “Витабол” және тағы басқа ұлттық өнімдермен шығуға мүмкіншілігі бар. Франчайзинг шартында өз бизнесін интернационалдандыруда келесі талаптарды қолдануы арқылы мүмкін: шетелде орналасқан фирмаға франчайзингілік келісімді құруға құқық беру.

Ол үшін арнайы елшіліктер франчайзер және оның тауары туралы қажетті мәліметтерді білуі керек.

1.Франчайзимен келісім жасау мүмкіндігі бар басқа елде тәуелді фирма ашуы керек.

2.Бірнеше елде франчайзимен тікелей келісімге отырып, басқа мемлекетте франчайзимен келісім жасау керек.

3.Бірлескен кәсіпорын құру, оның бөлімшесі шет елдердің біреуінде франчайзинг принципі негізінде жұмыс істеу керек.

Халықаралық франчайзингілік келісімдер құру кезінде көптеген мәселелерді ескеруі қажет, сондықтан шетелдік юристік фирмалар және Қазақстан республикасының Сыртқы істер министірлігі коммерциялық негізде франчайзи келісімін құруға құқығы міндетті түрде тіркелуі қажет. Қажетті заңды негізде құрғанда халықаралық тәжірибені, франчайзингтің.

Халықарылық ассоциациясының этикалық кодексін ескеру керек және оның негізгі принцптері төмендегідей:

-франчайзер өз жұмысын білікті, нақты және әділ түрде жүргізуі қажет;-франчайзер мемлекеттік органдар, тұтынушылармен; -франчайзер барлық іскерлік операциялар кезінде өз жұмысын белгілі бір заңдарға және тәртіптерге сәйкес жасау керек; -франчайзер франчайзинг жүргізгенде ұлттық ерекшеліктерге қарамай, әйелдермен мүгедектерге-барлығына тең жағдайлар ұсынуы керек.

Франчайзингтің халықаралық ассоциациясының этикалық кодексі алпыс бес мемлекет территориясында міндетті болып саналады және моральдық нормаларды қатал орындауды талап етеді. Сонымен қатар франчайзинг принцптері негізінде әрекет ететін фирмалардың ерекше біржарғысы болады.

Республика ішінде франчайзингілік операциялар мына тұлғалардың арасында жүзеге асырылады.:

-көтерме сауда кәсіпорындары мен индустриялық кәсіпорындар арасында; -бөлшек сауда кәсіпорындар мен өндірушілер арасында; -көтерме және бөлшек саудагерлер арасында; -бөлшек сауда кәсіпорындары арасында.

Осылай республикада әртүрлі меншіктегі фирмалардың арасында франчайзингті кең дамыту негізі пайда болады.

Сонымен Қазақстан республикасында франчайзерлер өз атымен, бөгде маркалы тауарды және қызметті пайдалана отырып дами алады. франчайзингілік бизнесте үлкен және шағын бизнестің артықшылықтарының қосылуы орын алады. Бұл елдегі кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Өз сауда маркасы атынан шығатын франчайзерлер төмендегідей артықшылықтарға ие:

-сауда есебінің экономикасының есебінен өндіріс масштабына жоғарлату мүмкіндігі

-ұсақ кәсіпорындардан келетін шығынға кеткен экономикаесебінен жеке бизнесін кеңейту үшін қаржының өсуі.

-бөгде марканы пайдаланатын франчайзерлердің негізгі компания тарапынан маман дайындау, жарнама, маркетинг, қаржы және т.б. саладағы қажетті көмек көрсету артықшылығы бар.

Әрине, бұл бизнес түрінің жайсыз жақтары да бар. Дегенмен олар өз әрекетін дербес және өзара келісім бойынша жасауда франчайзер мен франчайзи иелік жасап отырған артықшылықтарға заңды негізде қолдану мүмкіншілігіне қол жеткізе алмай отыр.

Франчайзингілік компаниялардың бірігу негізінде нарықта монополистерді пайда болдырмау үшін және франчайза қатынастары бәсекелестік туралы заңдардың және монополияға қарсы заңдылықтың талаптарына сәйкес құрылуы керек.

Республика франчайзерлердің лицензиялауын және басқа да құқықтарын қорғауға, жаңадан келе жатқан монополистерге –барлығына тең, қатал шешімдер қабылданып, олар жүзеге асырылуы керек.

Әрине, франчайзингтік келісім негізінде ерекше заңдарды қабылдамай-ақ, тиісті заңдардың талабымен өзара қарым-қатынастарды рәсімдеп, қолдануға болады.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктер франчайзингілік бизнеспен айналысатын фирмалардың Қазақстан нарығында жаңа, дәстүрлі емес кәсіпкерлік түрімен айналысып, өзінің бай тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.


Оффшорлық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты
Нарықтық экономикаға көшу және дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің интеграциялануы оффшорлық бизнесті құру мен дамыту қажеттілігімен қамтамасыз етіледі. Іс-әрекеттің белгілі бір түрі ретінде оффшорлық биснес батыс елдерінде өте көп, ал ТМД елдерінде аз таралған. Оффшорлық бизнестің сипаты мен маңызы ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан республикасының салық төлеушілеріне аз мөлшерде белгілі. Бірақ бұл бизнес және оның пайдалану үлгілерінің артықшылығы туралы керекті ақпаратты алған кезде заңды және жеке тұлғалардың оған ынталылығы өсіп отыр.

Оффшорлық фирманы құру орынды және тиісті болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметінде көптеген мүмкіншіліктер пайда болады. Шағын және орта бизнесті қоса түрлі масштабтағы корпарациялардың іс жүзінде басқарылуы, оффшорлық схемаларға кіреді. Оффшорлық бизнес туралы түсінік әрбір кәсіпкерде болуы қажет, себебі оффшорлық құрылымдарды пайдалану қазіргі таңдағы менеджметтің ажыратылмайтын элементі болып табылады.

Оффшорлық бизнесте іскерлік мүмкіншіліктерінің үлкен шеңбері бар. Халықаралық қаржы-шаруашылық операцияларының субьектісі ретінде оффшорлық аймақта тіркелген компания немесе шетелдік секретарлық бақылаудағы фирмасы болса, салықтық шығындарын елеулі төмендету мүмкіндігі беріледі. Шетелдік компания атынан бірінші қолы қойылған иеленуші және оффшорлық құрылымдарды құру күнделікті істегі бизнес үшін ыңғайлы құрал болып табылады.

Қазақстандағы салық төлеушілердің оффшорлық бизнестің мүмкіншіліктерін білмегендіктен, оны қолдану көлемі төмен болады. Сондықтан осы жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік құрылымдарға оффшорлық бизнестің көп қырлы мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы қолдану механизмі мен тәсілдерін көрсету болып табылады. Осы жұмыс оффшорлық бизнестің формалары мен схемаларын қолдану арқылы қосымша мүмкіншіліктеріне және оффшорлық бизнесті қолдану кезінде пайда болған мәселелерге автор жауап береді деп сенеді.

Оффшорлық бизнестің мәні мен принцптері:

Оффшорлық фирма-кәсіпорынның ерекше, ұйымды, заңды статусы және ол алған салықтық шығындарын максималды төмендеуін қамтамасыз етеді. Бұл статус, әдетте, берілген оффшорлық компания ресми түрде тіркелген юрисдикцияның іскерлік операцияларды жүргізу талабымен байланысты. Осындай жағдайда оффшорлық компания отандық қарауындағы салықтардың барлығынан немесе көбінен босатылады.

Оффшорлық бизнестің пайда болуы мен дамуында салықтардың рөлі үлкен,ал оның жаппай таралуы әр түрлі елдерде салықтық жеңілдіктердің ынталандыратын мүмкіншіліктеріне ие болады.

Қазіргі таңда салықтар дәстүрлі функцияларын ғана орындамай, сонымен қатар мемлекет саясатының әлеуметтік және экономикалық икемді құралы ретінде танылып, халықаралық экономикалық қарым-қатынастарда реттеуші рөл атқарады. Салықтық реттеу экономикалық және заңды позициядан салықтардың, салықтық ставкалар мен салықтық қызметтердің, сонымен бірге салық салудың тәртіп пен қағидаларын реттейтін заңдардың жинағы болып саналатын салық жүйесімен қамсыздандырылады.

Салық төлеушілерге қолайлы жағдайдың тәртібін жасайтын салықтық заңдылық,, салық салу жүйесінің құрылымы, салық төлеудің мөлшері мен оларды төлету тәртібі, сонымен бірге салықтық және акциздік жеңілдіктер әрбір мемлекеттің экономикалық даму дәрежесін анықтайды. Салық төлеушілер салықтық заңдылықты терең игеріп, салық салу кезінде қолданатын нормалар, жеңілдіктер және тағы басқа ерекшеліктерді дұрыс қолдануы тиіс.

Кейбір шетелдерде ынталандыратын мүмкіншіліктерді пайдалану үшін әр алуан салықтық жеңілдіктерді көп мөлшерде қолданады. АҚШ-та 100-ден артық салықтық жеңілдіктер бар екені белгілі, ал ұлыбританияда-80-ге жуық.. Осы жеңілдіктерден басқа жеңілдетілген салық салудың басқа түрлері қолданылады.



Мысалы, есептелмеген салықтардан шегерістер болып табылатын салық несиелер кең тараған. Кейбір елдердің салықтық жүйелерінде осындай несиелердің 20 шақты түрлері есептелінген. Түрлі компаниялардың жартылай немесе толық қосылуымен олардың жеңілдіктер тіркелген активтерді сату кезінде салықтық жеңілдіктердің сатуы жиі болады.

Іс жүзінде салық төлеушілер-жеке де, заңды да тұлғалар салықтық міндеттерін орындағанда өз елінің салық заңдылығын нашар немесе білмегеннен бірталай сомасын жоғалтады. Кейбір олар осы себептен елінде бар заңдарын бұза отырып, негізсіз өздерінің салық төлемдерін минимизациялайды және ол үшін жай айыптан қылмыстық іске дейін түрлі жазаның шарасын алады. сонымен бірге оларға салықтарды қысқарту мен салық салудан құтылудың заңды құралдарын өздерінің табысын оларға көбейту мүмкіншіліктері белгісіз.

Салық төлемдерін минимизациялауға жету үшін салық төлеушілерге нарықтық құрылымы дамыған елдерде бұрыннан қолданып жүрген салықтықтық жоспарлауды қолдану және оның схемасын құрастыру керек. Компанияның іс-әрекеті бір елде тұйықталмай, оның шекарасынан шығып, екі немесе одан көп елдерде қатыстырған жағдайда салықтық жоспарлаудың қажеттігі туады. Батыс елдерінің барлық ірі компанияларында халықаралық салықтық жоспарлаудың мәселелерімен айналысатын бірсыпыра қызметтер бар.

Салықтық міндеттерін төлейтін жалпы сомасы минималды болу үшін олар берілген компанияның шетел іс-әрекетінің осындай бағыттар мен әдестеріне зерттеу жүргізеді.Салықтық жоспарлаудың іске асатын схемалары қаражаттар өтелетін немесе тауар көшірілетін барлық ресми юрисдикциялардың халықаралық салықтық заңдар базасында құрастылады.

Салықтық жоспарлау мен оның схемаларының басты мақсаты салықтардың жоқтығы немесе минималды салық салуды қолданатын оффшорлық юрисдикцияларында салық төлемдерді заңды түрде минимизациялауға жету және табыстарды жинау болып табылады.

Ол үшін салықтық жоспарлаудың схемаларында компания иелерінің аты-жөні, олардың резиденттілікті таңдауы, мекен-жайы мен компания директорының азаматтығы, бенефициалды иелерінің статусын алу және заңда қарастырылған жолдармен шешу тәсілдері жөнінде құпиялығын қамтамасыздандыру сұрақтары қарастырылады.

Мұндай схемаларда минималды салық салуды зандастырған және салықтық жеңілдіктері бар оффшорлық елдердің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл аударады. “Салықтық аймақ” деп аталатын елдер болып Ирландия, Либерия, Панама; Гонконг, Кариб бассейінің мемлекеттері: Бағам аралы, Теркос пен Кайкос және Британо-Виржинді аралдары табылады.

“Оффшор”(off-shore)-күрделі ұғым,үлкен емес,көбінесе аралдық мемлекеттерде ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік кәсіпкерлік іс жүзінде пайда болды және сол уақыттан бері кәсіпкерлердің белсенділігі мен прогрессивті ойлаудың символы болып табылады. Оффшор жағалаудан тыс немесе теңіздің әр жағындағы деген мағынаныбереді.

Қазір бұл сөзбен жеке ел ғана емес, оның территориясының бөлігі, сонымен бірге осы территорияда орналысқан барлық компаниялар да аталуы мүмкін. Мемлекет өз мүддесіне өз территориясында оффшорлық аймақты, оффшорлық аймақты, оффшорлық компанияларды, сонымен қатар оффшорлық банкілерді құруы және осының барлығын «территориялы салықтық юрисдикция» деп жариялауы мүмкін. Соңғысы оның территориясындаболған кез-келген жеке немесе заңды тұлғаға салық салу мемлекеттің құқығы екені білдіреді.

Салық салу кезінде «территориялық юрисдикция» мемлекетке транзиттік мемлекеттің шекарасынан өту жағдайында және импорттық осы мемлекеттің территориясында шетел компаниясын тапқан жағдайда баждарды компаниялар төлегенде іске асатын белгі болады.

Сонымен қатар салықтың жеңілдіктерін негіздеуге және оның мүмкіншіліктерін мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асыруға болады. Мемлекет – салық жинау көздерін қолдана отырып, салықтарға салатын кірістерге монополиялық құққықа ие болады.

Әрине, әрбір компания жалпы салықтық төлемдерде минимизациялау жолдарын іздестіреді. Ең қызығы-салықтардың қысқаруында. Салықтық жеңілдіктерді алуда заңмен қарастырылған жолдар мен құралдарды компания қолдана алатындай әрбір мемлекет өз салықтық саясатын құрады. Осы кезде ол халық-жұмыс басшылығының дәрежесін жоғарылату, инфрақұрылымды жөнге салу, қызметтердің түрлерін кенейту және т.б. түрінде өз территориясында шетел капиталының іс-әрекетінен өзіне анықталынған пайдасын көздейді.

Мұнда салық салудың обьектісімен байланысты бір ерекше жағдайға көңіл бөлу қажет. Кейбір дамыған елдерде (Франция, Ұлыбритания, АҚШ)”сауданы” нарықтықэкономикада бөлек атап көрсетпейді, оны жалпы “сауда-өнеркәсіптік” ретінде қарастырады.

Оффшорлық бизнес өте қозғалмалы дамып жатыр, онда әр уақытта капиталдың жаңа іскерлік мүмкіндіктері және қолдану жүйесі пайда болады. Сондықтан да әрқашан қоғамдық кәсіпкерлердің назары аударылады.


Оффшорлық бизнестегі құпиялық проблемасы
Құпиялық оффшорлық бизнестіңбар екеніне негіз болатын себептердің бірі болып табылады. Бұл мүмкіндік салықтық жоспарлаудың схемаларында , біріншіден, елдің салықтық билігі оның резиденттілігін дәлелдеген мүмкіндігі болмаған жағдайда компания иелерінің аты жөні жөніндегі құпиялық қамтамасыз етілуі қажет.

Құпиялықтың қамтамасыздандыруында салық салудың жеңілдетілген тәртібі бар оффшорлық компания маңызды рөл атқарады, ол минималды салық салу бар юрисдикцияларда болады, сондықтан компания иелерінің жалпы пайдасы осы компанияда жиналады. Құпиялықты қамтамасыз етудің ең тараған тәсілі-құрылтайшылар мен акционерлердің аты-жөні үкіметке хабарламайтын түрлі юрисдикцияларда бірлестіріп жүйеленген бірнеше компаниялардың қатысумен схемаларды пайдалану болып табылады.

Нақты иелерінің аты-жөні сот билігі арнайы сұрауы бойынша соттың істі қарауы керек болған жағдайда ғана әшкерлеуге болады. Тергеу сот арқылы ғана осы мәліметтерге қол жеткізуге болады. Басқа сатыларға, оның ішіндегі, үшінші елдің салықтық органдарына үкімет арасындағы қарым –қатынастар мен осы мәліметтер қарастырылғанан басқа мәлімет әшкерленбейді құпиялықтың проблемасы-сіздің компанияда банктік шоттардың бар болуы мен бавйланысты болады. Банктегі есеп шот жөнінде банктік құпияның сақтау механизмі іске асады.

Құпиялықтың кепілдігімен шарттың нақтылығы барлық мүмкін тәуекелділерге талдау жасағанда және оларды жою тәсілдерін белгіленген нақтылы іскерлік схемаларды зерттей бастағанда оффшорлық фирмаға тапсырыс берушінің бірге талдануы мүмкін.

Қазақстандағы оффшорлық бизнес:реттеу жүйесі мен олардың даму перспективасы

Оффшорлық компаниялардың іс-әрекетіне мемлекет өзі де қызығушылық білдіруде, себебі оны кіріс алудың қосымша көздерінің бірі ретінде қарастыруға болады. өкіметтің рұқсатымен ашылған оффшорлық компаниялар шеттелде оларға ғана іс-әрекетті жүзеге асырудың қолайлы жағдайлардың анықталуын және сол уақыттағы салық төлеушілерге олардың артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік жасайтын белгілері болады.

Қазіргі тандағы сыртқы экономикалық реттелуі оффшорлық бизнестің пайда болуы мен дамуына кедергі жасамайды сонымен бірге онда белгілі шегіністер болады, олардың таңдауы оффшорлық бизнестің барлық қатыскшыларға зор ықыласы болып саналады.

Шетелдік қаржыландыру туралы заңдылықтың өзгеше үлкен мағынасы бар, себебі қазіргі кезде оффшорлық фирмалар, шынында, шетел инвесторлары болып табылады. Бұл сұрақтарға екі жақты келісімді жою туралы және қаржыландыруды өзара туралы келісімді жатқызуға болады.

Еркін экономикалық аймақ территориясында оффшорлық бизнестің принцптерін қолдануға болады. Халықаралық статусы бар оффшорлық компанияның тіркеу мүмкіншілігі құрастырылуы қажет . бұл қадам халықаралық дәрежедегі стандарттар талабына сай болған жөн. Жоғарыда айтылған қадамдар келешекте оффшорлық аймақтарды заңдық негізде құруға өз септігін тигізері хақ.

Негізгі талаптардың бірі – Қазақстан жағынан бизнесті қолдануға ендіру қажеттілігі. Компанияның меншік иесі Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары бола алады. тіркелген компанияларды салықтан (мүлік, жарнама, әлеуметтікжәне т.б салықтардан) босату және валюталық афтономиялық мүмкіндігін беру қажет. Салықтардың орнына тіркелген және жылдық жинауды төлетуді қарастыру қажет.

Оффшорлық бизнестің перспективалары Қазақстандағы тұрақты саяси жағдайымен және қаржы қызметтердің жоғары дамуына инфрақұрылымымен байланысты.

Оффшорлық компаниялар тіркелген территорияда компаниялық іс-әрекетін жүргізбейді. Олар негізінен, өз капиталдарын қорғаумен байланысты.

Олар салықтарды төлеуден босатылады немесе резидент емес тұлғанын тіркеу орны және статусы бойынша төмендетілген пайызбен не белгіленген мөлшермен төлейді.

Қазақстан Республикасында оффшорлық компаниялар заңды жек тұлғалармен өз дәрежесіде оң көзқарасқа ие болмауда. Сондықтан оффшорлық компаниялардың қолданылуы, сонымен қатар жұмыс істейтін шетел оффшорлық компаниялар женілдетілген салық салумен және оны қолдану жағдаймен байланысты сұрақтарды жете білмейтіндіктен, еліміздің бизнесмендері өз бизнестерінде пайдалана алмай отыр.

Басқа елдердің территориясында оффшорлық компанияларды құру және осындай компанияларды қолдану мүмкіншілігі республикада шетелдермен екі жақты салық салу туралы келісімдер жүйесінқолдану кеңейту қажет.

Лизинг-инвестициялаудағы қолайлы әдіс

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажеттілігі.Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктердіә сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат, құрылысты машинамен қондырғыны, көлік құралдарын және т.б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындардың тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінін беретін мүмкіндіктерімен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлер үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады.Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрлымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүние жүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерін бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.

Лизинг бизнесті қалыптастыру және дамыту, ең алдымен, өндірістік және оның рекострукциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын үшін маңызды орынға ие.

Әсіресе, моральді және физикалық жағынан ескірген негізгі қорларды пайдаланатын, сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды.

Оларды лизингтің осы мақсатта пайдалану іс-әрекетте қондырғыны модернизациялауды іске асыруға , өндірістің техникалық деңгейін көтеруге машиналар паркін және басқа да өнімді тасмалдау үшін жылжитын құралдарды лизингілік мәміленін негізінде қолдануының құралдары лизингілік операциялардың элементтерімен мазмұны ашылады.

Лизинг түрлерінің классификациясында және лизингілік үрдісті ұйымдастыру схемасында лизингілік келісім шарттың мазмұнын және лизингілік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады лизинг субьектілерінің құқықтық жағдайына сипаттама беріледі.

Негізгі қорлардың бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазлар беріледі.

Шағын жекешелендіру барысында талдау көрсеткендей халықта және жеке меншік секторда қаржының болмауы себепті аукциондарға шығарылған кәсіпорында нашар өтуде. Сондықтан екі аукционға ұсынылып, онда өтпей қалған нысандарды олардың бағасын кемітпей, құның кейін төлейтіндей етіп сатуға болар еді және мәні жағынан бұлда өтпей қалған нысандарды олардың бағасын кемітпей төлейтіндей етіп сатуға болар еді және мәні жағынан бұлда лизингтің түрі болып табылады.

Мемлекет меншік үлесін, акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін иелену құқығын мемлекеттік комиттет арқылы басқа тұлғаларға жалға беруіне болады. Мұндай жағдайда тек шетелдік қана емес, отандық кәсіпкерлік құрылымдарда мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқығын ала алады. Сонда жеке меншік сектордың қаржысы коммерциялық айналымнан өндірістік салаға ауысады. Қорытып айтқанда біздің

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық потенциалды қолдану және жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық потенциалды қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады.Қазіргі таңда ел экономикасын инновациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты экономикалық өсуді өамтамасыз етудің қажетті шарттары болып табылады.

Сол себептен,отандық өндірістідамытудағы иновациялық фактордың рөлін күшейту үшін кәсіпорындарды түбегейлі жаңартуға және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі қолданылу тиіс.

Лизинг бизнесі кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласына жатады.Лизинг шетелдерде кең тараған.Ол қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде.Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан,ресурстар мен және кадрлармен,тағы басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі экономиканы техникалық қайта жарақтандыру мен құрылымдық жағынан қайта құруда,инвестициялық үрдісті күшейтуде, лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда, сондай-ақ шағын және орташа бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда қуатты демеуші бола алады.

Лизингтік бизнестің Қазақстанның экономикасында қолданылу мүмкіндігі мынадай себептерге байланысты:

- барлық сала кәсіпорындағы моральдық және жарамдылығы жағынан ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігі және республикада машиналар мен жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы;

- мемлекеттің жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын салаға жұмсайтын қаржысының болмауы;

- кәсіпорындардың республикадан тыс жерлерден жаңа технологиялар сатып аларлық қаржысының жоқтығы;

- банк несиелері жоғары ставкамен және қысқа мерзімге берілетіндіктен ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі;

- өндірісті техникалық және технологиялық жағынан жаңартудың құралы ретінде лизингті дамыту және мемлекеттік қолдау мақсатында 1995 жылғы 29 сәуірде Министрлер кабинетінің 599 қаулысымен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет жағынан лизинг жөніндегі департамент құрылды.

Қазақстан Республмкасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы IX сессиясы қабылданған «Экономиканы тұрақтандыру мен нарықтық қатынастарға өту кезеңнің әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету және дағдарысқа қарсы жедел шаралар» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту және монополияға қарсы саясат» атты бөлімінде «құрал-жабдық лизингі жүйесін енгізу және әскери өнеркәсіптік кешеннің меншігіндегі мүліктерді қолдану» қажеттілігі туралы сөз қоззғалған.

Лизинг дегеніміз-қаржылық жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінін есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар.Ол меншік иесінің мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану құқығын шартты негізінде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады.Бұлайша түсіндіру лизинг жалдаудың бір түрі деген анықтамамен елестету білдіреді.Өйткені лизинг құқықтық,мүліктік және қаржылық қатынастарын жиынтығы,ал жалдау сол қатынастардың құрамдас бөлігі ғана.

Лизинг ұғымын құрайтын жоғарыда аталған қатынастар қазіргі қолданыстағы заңдармен толық реттелмеген.Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет. Лизигтің артықшылығы осындай операциялар қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленген дәйекті құқықтық негіз болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизин, негізінен,инвестицичяларды қаржыландыруғ арналғандықтан, заңдарды инвесторларға жеңілдіктер көзделу тиіс.

Лизингті инвестиция салудың бір жолы ретінде дамуына төлем жасау мәселелері кедергі келтіреді.Мұндай жағдайдың сақталу инвестициялық салықтың белсенділіктің арту мүмкіндігі жоққа шығарды.Инвестиция жасаудың қандай әдісі қолданылса да, капитал салуды тәуекел деңгейінің жоғары жағдайында несиемен де лизингпен де,пайданы қайыру инвестициялаумен де инвестициялық белсенділікті еселеуге болмайды. Бұл мәселені факторингмеханизмі арқылы кәсіпорынның дебиторлық қарызын фактор-фирмаларының сатып алуы арқылы шешуге болады. Ондай фирмалар рөлін инвестициялық жекешелендіру қорлары атқара алар еді.

Үкіметтің соңғы кездегі құжаттарында тұжырымдалған Қазақстанның эконмикалық дамуының параметрлерін, сондай-ақ лизингтік операциялардың артуының әлемдік сипаты мен түрлі елдердегі лизинг құрылымдарын талдап зерттеуде мынадай қорытынды жасауға болатынын көрсетеді:

- 1995-1996 жылдары мемлекет ірі банкілердің қатысуымен лизингтік компаниялардың құрылуын ірі құрылымдардың тапсырыстары бойынша қаржылық лизинг саласында жұмыс істеуі тиіс.Қаржыландырудың бұл түрінің дәрежесі мемлекет басымдық берген салаларды қаржыландыруға жұмсалатын орталықтандырылған қаржының көлеміне байланысты.Мұндай компаниялар атқаратын операциялардың көлемі жалпы лизингтік операциялардың 40-50 пайызын құрай алады;

- қазір орын алып отырғандай, халықтың төлем қабілетінің нашарлығы пайызбен операциялық лизингпен айналысатын компаниялардың пайда болуына алып келеді, Ондай компаниялар банкілердің қатысуымен немесе сыртқы несие беру көздері болғанжағдайда құрылады. Бұл бірлескен лизингтік компаниялардың құрылуына жағдай туғызады. Жалпы опреациялардағы олардың үлесі 30 пайызға жетуі мүмкін.

1995-1997 жылдары негізінен, әріптестер туралы ақпараттар беруде және отандық, сондай ақ шетелдік фирмаларға пайда боалды деп күтілді, Ондай компаниялардың жалпы лизингтік операциялардағы үлесі 20 пайыз шамасында болады. Алайда бұл секілді компаниялардың қызметі қазіргідей нашар сұраныс жағдайында жиналып қалған өнімдерді жеңілдету тұрғысынан алғанда ерекше маңызды.

Лизингтің жоғарыда аталған дәстүрлі түрлері көлік қатынасы,әсіресе ,авиация мен темір жолда, құрылыс, жол салу, тұрмыстық қызмет, агроөнеркәсіптік кешен салаларында мейлінше жылдамырақ дамиды. Қазақстанның қазіргі дамуындағы нақты экономикалық жағдай, жекешелендірудің барысы мен мемлекеттік мүлікті басқарудың үлгісі ретінде пайдалануды мүмкін етіп, соған жол ашады.

Шағын жекешелендіру барысында жасалған талдау көрсеткендей, халықта және жекеменшік секторда қаржының болмауы себепті ауциондарға шығарылған кәсіпорындар нашар өтуде. Сондықтан екі аукционға ұсынылып, онда өтпей қалған нысандарды олардың бағасын кемітпей, құнын кейін төлейтіндей етіп сатуға болар еді және мәні жағынан бұл да лизингтің түрі болып табылады.

Мемлекеттік меншік үлесін, акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін, иелену құқығын Мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде мемлекеттік комитет арқылы басқа тұлғаға жалға беруі болады. Мұндай жағдайда тек шетелдік қана емес, отандық кәсіпкерлік құрылымдар да мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқығын ала алады.

Сонда жекеменшік сектордың қаржысы коммерциялық айналымнан өндірістік салаға ауысады. Қорытып айтқанда, біздің Республика жағдайында лизингтің пайдасы зор. Егер оның дәстүрлі емес түрлері де қоса қарастырылса, болашағы тіпті кеңейе түспек.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шаруашылық етуші субъектілерге арналған практикалық ұсыныстарды оқу үрдісінде студенттер және оқытушылар әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Лизинг және лизингілік мәмілелер

Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне кетеді. Лизингілік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада IX ғ. Қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат саналатын теңіз кемелерінің якорьлары сауда кемелерінің иелеріне жалға берілген.

«Лизинг» термині алғаш рет экономикалық лексиконға «Батыс Еуропаның «Белл» телефондық компаниясның өз тұтынушыларына телефондық байланысты 1877 жылдан бастап қолданылуға енгізген. Бұл термин ағылшынның «Leasing» және «Lease» деген сөздерінен шыққан, яғни аударғанда жалға беру және жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизингтің мәні қозғалатын және қозғалмайтын мүліктердің белгілі бір түрлерін жалға алуға негізделген мәмілелердің жүзеге асырылуында айқындалады.

Лизингтік құрылымның барлық жерде пайда болуы және оның қызметін кеңейту,лизингілік қызметтердің дүниежүзілік нарықтың қалыптасуына,экспорттық және импорттық лизингтің дамуына ықпалын тигізеді,Қазіргі экономикада лизингілік бизнесті кеңейту үшін,оның рөлін жоғарылату үшін лизингілік құрылымның қызметінің координациялары және осы негізде лизингілік қызметтерді қамтуда халықаралық институттар пайда болады,Мысалы,Еуропалық лизингілік қоғамның Брюсселдегі штаб пәтермен бірлестігі 20 шақты еуропа елдерінің лизингілік ассоцияциялары мен компанияларынан құралады.

1994 ж. Қазан айында Республика Үкіметі «Азия-лизинг» атты мемлекеттік үлесі бар жабық акционерлік қоғам түріндегі ұлттық лизинг компаниясын құру туралы қаулы қабылдап, 1995 ж. Сәуір айында аталмыш компания аймақтық компанияға айналды. «Азия лизинг» компаниясы шағын өндіріске,өндіруші өнеркәсіптерге,ғылым сыйымды және капитал сыйымды өндірістерге құрал жабдық лизингі жобаларын қарастыру,заңды тұлғаларға лизингке автокөлік,компьютер және басқа да технологияларды ұсыну секілді көптеген қызметтерді көрсете бастады.1995 ж.

Желтоқсан айында Республика Үкіметінің №185 «Лизинг негізінде ауылшаруашылық өнеркәсібін машина жасау саласының өнімдерімен қамтамасыз етуді шектеу туралы» қаулысымен «Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі лизинг туралы ереже» бекітілді.Бұл құжат лизинг түсінігі, оның шараттары мен қызметі, лизинг объектісі мен субъектісі мен субъектісі, лизинг келісім шарты, оған қатысатын жақтардың құқықтары мен міндеттемелері және лизинг төлемдерінің құрылымы сияқты ұғымдарды анықтайтын ең маңызды құжаттардың бірі болып саналады.

Лизинг кезінде салықтық жеңілдіктерді қолдану елдегі лизингілік бизнестің дамуына және лизингілік бизнестің дамуына және лизингілік мәмілелер көмегінің ұлғаюына ықпалын тигізеді. Бұл лизингілік бизнестің масштабы бізде бар мүмкіншіліктермен салыстыру ескі республика жағдайында қолдану әлі жеткіліксіз.

Мұның тағы бір себебі лизингілік мәселелерде шаруашылық субъектілердің біліксіздігі, олардың лизингілік операциялар ерекшеліктері және артықшылықтары жөнінде білімдерінің және оларды жүргізуде тәжірибеніңжоқтығы болып табылады.

Оларда лизинг экономиканы жиі қаржыландыру формасы ретінде қарастыратындықтан олар оның мәнін толық түсінбейді.Белгілі шамада инвестициялық қызметте лизингілік даму үрдісінде оларды кәсіпорынның технологиясын,негізгі қорларды жедел жаңартуда нақты мүмкіншіліктерден айыра отырып, оң ықпалын тигізеді.

Сол себептен лизингті қолдану саласындағы кемшіліктерді жоюға және оны Қазақстан Республикасында дамытуға қажетті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында «1999-2001 жылдарға арналған лизингті дамыту бағдарламасы» қабылданды.

Бұл бағдарламада заңдық құқықтық шарттарды қалыптастыру,мемлекеттік қолдау жүйесін құру,лизингті дамытудың институтционалдық негізін қалау сияқты басты мақсаттар белгіленеді.Аталмыш бағдарламаны орындау барысында 2000 жылдың шілде айында ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңы қабылданып, елімізде лизингтің жан жақты дамуына қажетті негіз қаланды.

Лизинг операцияларын тездету үрдісін мемлекет тарапынан ынталандыру мақсатында мынадай бірнеше құқықтық актілер: ҚР Премьер -министрінің 07.09.2000 ж.№115р «ҚР заңдарын орындау», »Қаржылық лизинг»,»Қазақстан Республикасында лизинг мәселелері бойынша қабылданған кейбір құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы нұсқаулары және ҚР Үкіметінің 29.03.2001 ж. №405 «2001 жылы ауылшаруашылығының лизингті шектеу ережелерін бекіту» мен 03.05.2001 ж.№597 «Жылжымалы мүлік лизингі туралы келісім шарттар мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулылары қалылбанды.


5-кесте -1998-2002 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы(млн.теңге)


Лизингтік қызметтер

2007

2008

2009

2010

Жеңіл автокөлік лизингі

49.7

54.1

81.4

188.3

Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі

15.5

45.8

83.9

97.0

Кемелер лизингі

-

-

39.5

36.4

Ұшақтар лизингі

10.6

24.9

46.9

78.2

Ауылшаруашылығы машиналарымен лизингі

4.0

40.0

27.1

917.6

Құрылыс жабдықтарының лизингі

48.8

1585.6

1804.6

3112.3

Компьютер лизингі

7.2

5.5

27.9

285.5

Басқа да құрылғылармен жабдықтар лизингі

20.5

86.2

52.5

298.1

Басқа да негізгі құралдар лизингі

5.4

3.1

1.9

1.9

Барлығы

161.7

1855.2

2165.8

5015.2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет