Тақырып 3. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру.
Жоспар:
Кәсіпорынның қаржылық ортасы
Кәсіпкерлік келісімдерді несиелеу және лизингтік операциялар.
Кез келген меншік объектісінің құқын бағалау нақты нарықтағы белгілі бір уақытта алынатын потенциалды және нақты табысты ескере отырып объектінің ақшалай құқын анықтаудың реттелген және мақсатты процесі болып табылады.
Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағалаушы субъект болады. Бағалау субъектісі ретінде арнайы білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген кәсіби бағалаушыларды танимыз. Ал бағалау объектісі бұл иесін түрлі құқықтармен қамтамасыз ететін кез-келген меншік объектісі болып табылады. Бағалау объектісі ретінде бизнес компаниялар, кәсіпорындар, фирма, банк, активтердің жеке түрлері (материалдық және материалдық емес) танылады.
Бағалау бірнеше нарықтық факторларды ескереді: уақыт факторы, тәуекел факторы, нарық конъюнктурасы, бәсекелестік деңгейі және моделі, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктері, оның нарықтық сипаттамалары, сондай-ақ макро және микро ортасы.
Бизнес, кәсіпорын және фирма тауардың барлық белгілеріне ие «сондықтан сату-сатып алудың объектісі бола алады.
Біріншіден, бұл инвестициялық тауар, яғни оған салынатын салым келешекте пайда алу мақсатымен орындалады. Мұнда күтілетін пайданың мөлшері белгісіз, ол ықтималдылық сипатқа ие, сондықтан мнвестор мүмкін болатын сәтсіздік тәуекелін ескеруі тиіс. Екіншіден, бизнес жүйелі болып табылады, бірақ ол толық жүйе ретінде жеке ішкі жүйе немесе оның элементтері түрінде сатылуы мүмкін. Мұнда бизнестің өзі емес оның жеке құрамалары тауар болады.
Үшіншіден, тауарға деген қажеттілік тауардың өз ішіндегі және сыртқы ортада болып жатқан процестерге байланысты. Мұнда бизнестің тауар ретіндегі ерекшелігі байқалады – сату-сатып алуды реттеу қажеттілігі.
Төртінщіден, қоғамдағы тұрақтылық үшін бизнестің тұрақтылығының аса маңыздылығын ескере отырып мемлекеттің сату-сатып алу механизмін реттеуге және бизнестің нарықтық бағасының қалыптасуы мен оның бағалануына қатысуы қажет.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын өзінің қызметіне арналған барлық мүлікті қамтиды: жер учаскелері, ғимараттар мен құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, шикізат пен өнім, материалдық емес активтер, мүліктік міндеттемелер. Кәсіпорынды бағалау ақшалай түрдегі құнды анықтауды білдіреді, ол ең ықтималды сатылым бағасы болып есептеледі және тауар ретіндегі кәсіпорынның екі қасиетін (оның пайдалылығы мен шығындар) көрсетуі тиіс.
Бағалау құнын анықтайтын негізгі факторлар мыналар:
Сұраныс;
Бағаланатын бизнестің қазіргі және келешектегі пайдасы;
Осы тектес кәсіпорынды құруға кеткен шығындар;
Осы тектес объектілерге сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы;
Табысты алу тәуекелі;
Бизнесті бақылау дәрежесі және активтердің өтімділік дәрежесін бақылау.
Қаржылық талдаудың мазмұны субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметті зерттеумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады. Қаржы есептілігінің мәліметтері бойынша қаржылық талдауды талдаудың классикалық тәсілі деп аталады. Оның басты мақсаты – субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін терең, жан-жақты және кешенді зерттеу, сондай-ақ оның негізінде оның тиімділігі, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нақтыландыру және сауықтырудың маңызды жолдары мен оның іскерлік белсенділігін арттыруға қатысты сұрақтарға жауап алу.
Кез келген ғылымның негізін оның заты мен тәсілі құрайды. Қаржылық талдаудың тәсілі – бұл қаржылық талдаудың заты, яғни субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін зерттейтін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Тәсілдің негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады: Көрсеткіштер жүйесін қолдану, олардың арасындағы байланысты және оның Өзгеруін анықтау.
Қаржылық талдау ішкі және сыртқы деп бӨлінеді. Ішкі қаржылық талдау шаруашылық субъектісінің Өзінде жүргізіледі. Бұл талдауда субъектінің ішіндегі кез келген ақпарат көзін қолдана алады, мысалы, Өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат, нормативті және жоспарлы ақпарат, басқару есебінің мәліметтері. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін, шаруашылық субъектісінің активтерін қолдану тиміділігін, кӨлем, Өзіндік құн және табыс көрсеткіштерінің Өзара байланысын толық зерттейді.
Сыртқы қаржылық талдау жарияланған қаржы есептілігінің мәліметтері негізінде жүргізіледі және негізінен шарушылық субъектілерден тыс мүдделі контрагенттермен, меншік иелерімен немесе мемлекеттік органдармен орындалады. Бұл талдауды орындауға шаруашылық субъектісіне қатысы жоқ талдаушы-мамандар қатыстырылады. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері: талдау субъектісінің көптігі, шаруашылық субъектісінің қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың көптігі, салдау субъектісінің мақсаттары мен мүдделерінің әртүрлілігі, талдаудың типтік әдістемелерінің есеп пен есептіліктің стандартатрының болуы; талдаудың тек жариялыққа, шаруашылық субъектілерінің сыртқы есептілігіне бағытталуы; талдаудың шектеулі міндеттері; талдау нәтижелерінің шаруашылық субъектісінің қызметі туралы ақпаратты қолданушылар үшін ашықтығы.
Қаржылық есептілікті талдаудың практикада таңдалған негізгі тәсілдері: көлденең, тік, трендтік, қаржылық коэффициенттер тәсілі, салыстырмалы факторлы.
Көлденең талдау – мәліметтерді базисті жылға қатысты индекстер түрінде ұсыну немесе талданатын кезеңге баптар бойынша %-дық Өзгерістер және алынған мәліметтерді салыстыру.
Тігінен талдау – есептіліктің әрқайсысының тұтас нәтижеге әсерін анықтай отырып қорытынды қаржы көрсеткіштерінің құрылымын анықтау.
Трендтік – бірқатар алдыңғы кезеңдерді есептіліктің әрбір позициясын салыстыру және трендті анықтау. Трендтің көмегімен келешектегі көрсеткіштердің мүмкін мәндері құрылады, сәйкесінше перспективті талдау жүргізіледі.
Арақатынастық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) талдау – есептің жеке позициялары немесе түрлі формадағы есептіліктің позициялары арасындағы арақатынастық есептеу, көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау.
Салыстырмалы – бұл бӨлімшенің цехтардың, еншілес фирмалардың және т.б. құрама көрсеткіштерін ішкі шаруашылық талдау, сондай-ақ бәсекелестердің мәліметтерімен, орташа салалық немесе орташа жалпы экономикалық мәліметтермен салыстыра отырып кәсіпорынды шаруашылық аралық талдау.
Факторлы – жеке факторлардың (себептердің) нәтижелік көрсеткішке әсерін зерттеудің детерминациялық және стохастикалық тәсілдерінің көмегімен талдау.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда капитал икемді құрылымының болуымен қатар қаржы ресурстарының қозғалысын табыс шығындардан үнемі артық болатындай етіп ұйымдастыру. Бұл әрекет төлем қабілеттілікті және өзіндік ұдайы өндірістің сақталуы үшін жағдай жасайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл ең алдымен кәсіпорынның қызмет ету және даму қабілеті, өзгермелі ішкі және сыртқы ортадағы өздерінің активтері мен пассивтерінің тепе-теңдігін сақтау қабілеті. Ол тәуекелдің мүмкін деңгейі шегінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілетін және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның орнықтылығы мен тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерінің нәтижелеріне тікелей тәуелді. Егер өндірістік және қаржы жоспарлары табысты орындалатын болса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше, өндіріс және өнміді өткізу бойынша жоспар толығымен орындалмаған жағдайда өнімнің өзіндік құны жоғарылайды, табыс және пайда сомасы азаяды нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеті төмендейді. Сонымен, кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін тікелей анықтайтын факторлардың барлық кешенін дұрыс және тиімді басқарудың қорытындысы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін бастама болатын ақпарат көзі – бұл есептік бухгалтерлік баланс, пайда және шығын туралы есеп беру, капиталдың қозғалысытуралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және есептіліктің басқа да формалары, сондай-ақ баланстың жеке баптарын ұғындыратын алғашқы және аналитикалық бухгалтерлік есептің мәліметтері.
Қарастырылатын көрсеткіштер кәсіпорынмен экономикалық қатынастармен байланысты тұлғалар кәсіпорынның серіктес ретінде қаншалықты сенімді екеніне және онымен ары қарай қызмет жүргізуге болатындығы туралы сұраққа жауап беретіндей болуы керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінен салыстырмалы көрсеткіштерге негізделеді, өйткені баланстың абсолюттік көрсеткіштерінің инфляция кезінде салыстырмалы түрге келуі қиын. Салыстырмалы көрсеткіштерді келесілермен салыстыруға болады:
Тәуекел дәрежесін бағалау және банкроттық мүмкіндігін болжамдау үшін жалпы қабылданған «нормалармен»;
Басқа кәсіпорынның осы тектес мәліметтерімен. Нәтижесінде кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтары мен мүмкіндіктері анықталады;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлау немесе жақсару тенденсияцын зерттеу үшін алдыңғы жылдардағы осы тектес мәліметтермен.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның негізіндегі қаржыларға олардың қайда салынғанына байланысты болады. Қолданылатын капитал қатыстылығына қарай жеке және заимдық деп бӨлінеді. Қолдану ұзақтылығына қарай ұзақ мерзімді тұрақты капитал және қысқа мерзімді деп бӨлінеді. Жеке капиталға деген қажеттілік кәсіпорынның өзіндік қаржыландыру талаптарымен туындайды. Ол кәсіпорынның дербестігі мен тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорын қызметін жеке қаржылар есебінен ғана қаржыландыру кәсіпорын үшін тиімді емес, әсіресе өндіріс мерзімдік сипатта болса. Сонда жеке мерзімдерде банк шотттарында көп қаражаттар жинақталатын болады, ол басқа мерзімдерде жеткіліксіз болады. Қаржы ресурстарының бағасы жоғары емес, ал кәсіпорын несие ресурстарына төлегенше салынған капиталдың қайтарымының жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Кәсіпорын займдық қаржыларды жұмылдыра отырып жеке капиталдың рентабельділігін арттыра алады. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылары негізінен қысқа мерзімді міндеттемелердің есебінен құрылған болса, онда оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болады, өйткені олардың уақытылы қайтарылуына бақылау жасауға және айналымға ұзақ мерзімге басқа капиталдарды тартуға бағытталған тұрақты оперативтік жұмыс үнемі жүргізіліп отыруы тиіс. Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы көп жағдайда жеке және заимдық капиталдың тиімді үйлесіміне байланысты. Дұрыс қаржы стратегиясын дайындау кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Осыған орай, кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер мыналар:
Қаржылық автономия (тәуелсіздік) коэффициенті немесе капиталдың жалпы сомасындағы жеке капиталдың үлес салмағы;
Қаржылық тәуелділік коэффициенті (займдық капиталдың үлесі);
Қаржы рчагының иіні немесе қаржылық тәуекел коэффициенті (займдық капиталдың жеке капиталға қатынасы).
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызды рольге ие. Бұл кәсіпорынның дербестігімен немесе өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі үшін меншік иелері, жұмысшылар, коммерциалық серіктестіктер және басқа да контрегенттер алдындағы толық жуапкершілігімен байланысты.
Қаржылық жағдай – бұл белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрінісі, сондай-ақ оның шаруашылық қызметті орындау үшін және өзінің борыштық міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуінің көрінісі. Қаржылық тұрақтылық деп кәсіпорынның төлем қабілеті мен ұдайы өндірістік шығындарды өзіндік қаржыландыру қамтамасыз етілетін қаржы ресурстарының жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін көрсеткіштердің толық жүйесі қолданылады. Олар төмендегілердің өзгерістерін сипаттайды:
Кәсіпорын капиталының оны орналастыру және құрылу көздері бойынша құрылымы;
Оны қолданудың тиімділгі және қарқындылығы;
Төлем қабілеті мен несие қабілеті;
Оның қаржылық тұрақтылығының қоры.
Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін және оның іскерлік серіктесудегі потенциалын анықтайды, қаржылық және басқа да қатнастар бойынша субъектінің өзінің және оның серіктестерінің экономикалық мүдделеріне қаншалықты кепілдік берілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық талдауы келесідей талдауларды қамтиды:
Қаржылық жағдайды талдау;
Табыстылықты талдау;
Іскерлік белсенділікті және кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде есептік бухгалтерлік талдау, пайда мен шығын туралы есеп беру және т.б. алынады. Актив пен пассив баптары арасында тығыз байланыс бар екені белгілі. Баланас активінің әрбір бабында қаржыландырудың өз көздері болады. Ұзақ мерзімді активтерді қаржыландырудың көзі болып, әдетте жеке капитал және ұзақ мерзімді займдық қаржылар табылады. Негізінен ағымдағы активтер жеке капиталдың есебінен және қысқа мерзімді заимдық қаржылар есебінен құрылады. Олар жартылай жеке капитал есебінен, жартылай заимдық капитал есебінен құрылған болса тиімді болады. Сонд асыртқы қарызды төлеудің кепілдігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау.
Жеке каптиалды бӨлістіру құрылымы емептеледі, дәлірек айтқанда жалпы сомадағы жеке негізгі капиталдың үлесі және жеке айналым капиталының үлесі. Жеке айналым капиталының оның жалпы сомасына қатынасы арқылы капиталдың ептілік коэффициенті алынады. Ол коэффициент жеке капиталдың қандай бөлігі айналымда екеінін көрсетеді. Кәсіпорынның жеке қаржыларын қолдануда икемділікті қамтамасыз ету үшін коэффициент жоғар ыболуы тиіс. Шығындар (материалдық айналым қорлары) мен қорларды қалыптастыру үшін қаржы көзедірінң артықшылығы немесе жеткіліксіздігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың критерилерінің бірі болып табылады.
Шеремет А.Д. және Ковалев В.В. қаржылық тұрақтылықтың төрт түрін бөліп көрсетеді.
Қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы. Егер қорлар мен шығындар (3) жеке айналым капиталының (Скоб) сомасынан және тауарлы-материалдық құндылықтарға берілетін банк несиелері (КРМТЦ) сомасынан төмен болса, ол қорлар мен шығындардың, қаржы көздерімен қамсыздандыру коэффициенті (Коз) бірден көп болған жағдайда қаржылық жағдай асолютті тұрақты болады.
3<Скоб +Крмтц Коз= (Скоб +Крмтц):3>1
Қалыпты тұрақтылық. Қалыпты тұрақтылық кезінде кәсіпорынның төлем қабілеті қамтамасыз етіледі.
3=Скоб=Крмтц Коз= (Скоб +Крмтц):3=1
Тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) қаржылық жағдай. Мұндай кезде төлем балансы бұзылады, бірақ төлем міндеттемелері мен төлем құралдарының тепе-теңдігін қалпына келтіру мүмкіндігі сақталады. Бұл кәсіпорынның айналымына (резервтік қорға, тұтыну және жинақтау қорына) уақытша бос қаражат көздерін (Ивр) тарту есебінен, сондай-ақ айналым қаржыларын уақытша толықтыруға алынатын банк несиелері және қалыпты кредиторлық қарыздарды дебиторлық қарыздан арттыру есебінен жүзеге асырылады.
3=Скоб+Крмтц+ Ивр Коз= (Скоб +Крмтц+ Ивр):3=1
Мұнда төмендегідей шарттар сақталған жағдайда қаржылық тұрақтылық орнайды:
Өндірістік қорлар плюс дайын өнім қорларды құруға қатысатын заимдық қаржылар мен қысқа мерзімді несиелердің сомасынан артық болады немесе тең болады.
Аяқталмаған өндіріс плюс келешек кезеңдердің шығындары жеке айналым кпиталының сомасына тең немесе кем.
Егер бұл шартар орындалмаса, онда қаржылық жағдай нашарлайды.
Жағдарысты қаржылық жағдай (кәсіпорын банкротқа ұшырау алдында) кезінде
3>Скоб+Крмтц+ Ивр Коз= (Скоб +Крмтц+ Ивр):3<1
Бұл жағдайда төлем балансының тепе-теңдігі еңбекақы, банк ссудалары жабдықтаушылар, бюджет және т.б. бойынша уақыты өткен төлемдер есебінен қамтамасыз етіледі. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы ағымдағы активтердегі капиталдың айналымын жеделдету жолымен қалпына келтірілуі мүмкін, нәтижесінде оның тауар айналымының теңгесіне қысқаруы болады.
Қаржылық құжаттарының тігінен немесе көлденең талдауы кәсіпорының қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың бір бөлігі болып табылады және крмпания капиталының құрылымындағы, қаржыландыру көзіндегі, табыстылығы және т.б. болып жатқан өзгерістерді динамика түрінде көруге көмектеседі.
Егер 1-кестені бірнеше Өткен жылдардың мәліметтерімен толықтырсақ, онда актив пен пассив құрылымындағы және қаржылық нәтижелердегі болған Өзгерістер динамикасы туралы қорытынды жасауға болады.
Кезеңнің басы мен соңындағы есептіліктің мәліметтері бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: активтердің басым бөлігін негізгі құралдар құрайды (80%-дан аса), бұл кәсіпорындағы Өндірістік циклдың ерекшеліктерімен байланысты; айналым активтерінің үлесі біршама ұлғайды (16,8%-дан 18,7%-ға дейін), олардың ауқымды мөлшері қорларда шоғырланған; неғұрлым Өтімді активтердің үлесі төмен.
Кезеңнің соңындағы жеке айналым қаржыларының мөлшері (ұзақ мерзімді борыштарды есептегендегі жеке қаржылар минус негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер) келесідей болды:
(450467662+11068897)-458158881=3377678 немесе ағымдағы (айналым) активтер минус ағымдағы міндеттемелер:
106320390-102542399=3377991
Кәсіпорында жеке айналым қаржыларын басқару үнемі жүргізіледі және оған кәсіпорынның барлық қызметінің нәтижелері тәуелді.
Кесте 1. Бағалау процесіндегі бухгалтерлік есептілік мәліметтерін салыстырмалы түрде ұсыну.
Көрсеткіштер
|
Жыл басына
|
Жыл соңына
|
мың тг
|
%
|
мың тг
|
%
|
Баланс.
Айналымнан тыс активтер-барлығы
соның ішінде негізгі құралдар
Айналым активтері-барлығы
Соның ішінде:
Қорлар
Дебиторлық қарыз
Ақшалай қаражаттар
Капитал және резервтер
Ұзақ мерзімді пассивтер
Қысқа мерзімді пассивтер
Өткізуден түскен түсім (нетто)
Тауарды Өткізудің Өзіндік құны.
Өткізуден түскен пайда
Салықты төлегеннен кейінгі пайда.
|
|
|
|
|
Баланс құрылымындағы негізгі және айналым активтерінің арасындағы қатынас кәсіпорынның салалық қатыстығына байланысты өзгереді.
өтімділік көрсеткіштері өтімділік коэффициенттері кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілетін бағалау үшін қолданылады. өтеу кэффициенті ағымдағы міндеттемелрдің 1 теңгесіне кәсіпорынның ағымдағы активтерінің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Көрсеткіштің төмен мәні – 2.
Өтеу коэффициенті = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер
Коэффициенттің мәнін 1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша есептейміз.
106320390/102942399=1,03
Бұл көрсеткіште айналым капиталындағы жеке бөліктердің өтімділік дәрежесі ескерілмейді, сондықтан жедел және абсолюттік өтімділік коэффициенттерін есептеу қажет.
Жедел Өтімділік коэффициенті егер ағымдағы міндеттемелердің барлығын немесе бір бөлігін Өтеу мерзімі сол мезетте келген жағдайда қандай қаржылар қолданылатынын көрсетеді. Бұл коэффициентті есептеу кезінде тауарлы-материалдық қорлар ескерілмейді, Өйткені олардың ақшалай қаражаттарға ауысуы әдетте басқа айналым қаржыларына қарағанда баяу жүргізіледі. Алымдағы ақшалай қаражаттар мен дебиторлық қарыздарға өтімділігі жеңіл құнды қағаздарды қосуға болады. Коэффициенттің төмен мәні – 1.
Жедел өтімділік коэффициенті = (Ақшалай қаражаттар + дебиторлық борыштар)/ағымдағы міндеттемелер
1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша:
(106320390-59104565)/102942399=0.46
Абсолютті өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тез арада Өтелетінін көрсетеді. Коэффициенттің төмен мәні – 0,2.
Абсолютті өтімділік коэффициенті = (Ақшалай қаражаттар + жеңіл өткізілетін құнды қағаздар)/ағымдағы міндеттемелер
1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша:
451583/102942399=0,004
Есептелген өтімділік көрсеткіштерінің барлық мәндері нормативтіден төмен, сондықтан бұл жағдайдың себептерін талдау қажет.
Рентабельділік көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің бұл тобы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы түсінік береді. Рентабельділікті сипаттайтын көрсеткіштер тобын 2 топқа бөліп көрсетуге болады:
Сатылым;
Активтердің немесе жиынтық активтердің бөлігі
Сатылым рентабельділігі – бұл пайданың өткізуден түскен нетто түсімге қатынасы. Бағалаудың мақсатына және салыстырылатын компаниялар бойынша мәліметтерге сәйкес өзгермелі айырмасы бар сатылым рентабельділігін есептеуге болады.
Өнім рентабельділігі айналымның әрбір теңгесіндегі пайыз бен салықтарды төлегенге дейінгі пайданың үлес салмағын көрсетеді.
Өнім рентабельділігі =Пайыз бен салықтарды төлегенге дейінгі пайда (өткізуден түскен пайда) / өткізуден түскен нетто-түсім.
Бұл коэффициент шаруашылық қызметтің тиімділігімен қатар баға қалыптастырудың да тиімділігін көрсетеді.
1-кестенің мәсілемметі бойынша:
36919360/61923037=0,6
Коммерциялық маржа = Салықтар төленгеннен кейінгі пайда (таза пайда) / өткізуден түскен нетто түсім.
1-кестенің мәліметтері бойынша:
5387304/61923037=0,087
Активтердің рентабельділігі капиталдың айнымалымен және іскерлік белсенділікпен тікелей пропорционалды байланысты. Егер кәсіпорын несиені қолданбаса, онда активтердің рентабельділігі жеке қаржылардың рентабельділігімен сәйкес келеді.
Инвестициялық көрсеткіштер.
Бұл талдаудың бағалау процесіндегі мақсаты – акцияның нарықтық бағасы туралы номиналдымен салыстырылатын ақпаратты ұсыну, төленетін дивидендтердің мөлшері туралы және басқа да ақпараттарды ұсыну.
Акцияның пайдасы = (Таза пайда – Атаулы акциялар бойынша дивидендтер)/ қарапайым акциялардың жалпы саны.
1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтерді қолдана отырып айналымға тек 1000000 дана көлемінде қарапайым акциялар шығарылды деп тұжырымдайық. Бұл жағдайда кция пайдасы келесідей болады:
5387304:1000000 =5,387 мың теңге.
Нарықтық акцияның акция пайдасына қатынасы инвесторлардың табыс, бірлігі үшін төлеуге дайын бағаны көрсетеді.
Табыс бірлігінің бағасы = Қарапайым акцияның нарықтық бағасы/бір қарапайым акцияның пайдасы.
Акцияның баланстық құны бір қарапайым акцияның ұстаушысы компанияның ликвидациясы кезінде қанша алатынын көрсетеді.
Акцияның баланстық құны = Жеке қаржылар/шығарылған қарапайым акциялардың саны.
1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша акцияның баланстық құны 450,5 мың тг болады (450467662/1000000).
Кесте -2 Инвестиция талдауы 3 негізгі компонентті қамтиды.
Жек айналым қаржылары
|
Капиталды салым
|
Қаржыландыруға деген қажеттілік
|
Жеке айналым қаржыларының талдауы мыналарды қамтиды
|
Төмендегілер үшін қажетті инвестицияларды қамтиды:
|
Қамтитыны: ұзақ мерзімді несиелерді алу және төлеу
|
Бастапқы жеке айналым капиталының сомасын анықтау
|
Қызмет етіп тұрған активтерді тозуына қарай ауыстыру
|
Акция шығару
|
Кәсіпорынның келешек өсуін қаржыландыру үшін қажетті қосымша мөлшерлерді анықтау
|
Келешекте өндірістік қуаттылықты арттыру үшін активтерді сатып алу немесе құру
|
|
Жүзеге асырылады.
Жеке айналым қаржыларының жеке бөлшектерін болжамдау негізінде
|
Активтердің қызмет етуінің қалған бағаланған мерзімі негізінде
|
Қарызды өтеу графигі мен борыштар деңгейін қаржыландыруға деген қажеттілік негізінде
|
Сату көлемін өзгертуден пайызбен
|
Алмастыру немесе ұлғаю үшін жаңа құрал-жабдық негізінде
|
|
Кәсіпорынның қаржылық есеп берулерінің қаржылық коэффициенттерін талдаужың көмегімен мыналарды анықтауға болады:
Бизнестің әлсіз және күшті жақтарын;
Капитал құрылымындағы диспропорцияны;
Бизнесті инвестициялау кезіндегі тәуекел деңгейін;
Аналог-компаниялармен салыстыру үшін базаны
Қаржылық коэффициент – бұл бір бухгалтерлік көрсеткіштің басқасына қатынасы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауды қаржы есептілігіндегі активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын зерттеуден бастау керек. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүлкінің немесе оның бір бөлігінің абсолютті және салыстырмалы өсімін немесе азаюын анықтауға болады. Активтің өсімі (азаюы) кәсіпорын қызметінің ұлғаюын (тарылуы) білдіреді.
Қаржы есептілігінің маңызды элементі болып есептелетін активтерді талдау кезінде олардың саны, құрамы, құрылымы және онда болып жатқан өзгерістер зерттеледі. Активтердің толықтай немесе оның жеке топтарының құрылымын талдау арқылы олардың тиімді орналастырылуы жайлы тұжырым жасай аламыз. Активтердің артуы кәсіпорынның жұмысына оң ықпал етеді, өйткені оның ары қарай дамуына өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі оның төлеу қабілеті болып табылады, яғни Өзінің төлем міндеттемелерін ақшалай ресурстармен уақытылы төлеу мүмкіндігі. Төлеу қабілетін талдау кәсіпорынға өзінің қаржылық қызметін болжамдау және бағалау үшінқажет, сондай-ақ бұл талдау сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де қажет. Банк несиені бермес бұрын заим алушының несиені төлеу қабілетіне көз жеткізуі тиіс. Дәл осындай әрекетті бір-бірімен экономикалық қатынасқа түскісі келетін кәсіпорында да орындауы керек. Әсіресе коммерциялық несие ұсынылатын болса немесе төлемді кейінге қалдыру туралы сұрақ туындаған жағдайда серіктестің қаржылық мүмкіндіктері жайлы білген жөн.
Кәсіпорынның төлеу қабілетін бағалау ағымдағы активтердің өтімділік сипаттамасы, яғни нақты ақшаға айналдыру үшін қажетті уақыт негізінде жүргізіледі. Төлеу қабілеті баланстық өтімділік дәрежесіне тәуелді, сонымен қатар өтімділік есептеулердің ағымдағы жағдайы мен перспективаны сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына инфляция жағдайында айналым қаржыларыныңбір бөлігін алу айтарлықтай әсер етеді. Есепті кезеңнің соңындағы бухгалтерлік есепте өнімді (қызметті) өткізуден түскен түсім сол өнімнің нақты бағасына сәйкес көрсетіледі, ал шикізаттар мен материалдарға кеткен шығындар нақты дайындау бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өндірістік циклы ұзақ болса, онда өткізуден түскен түсім мен өнім өндірісіне кеткен шығындар жыл соңында инфляция нәтижесінде салыстыруға келмейтін болады. Сондықтан жыл соңында анықталған пайда нақты шығындар арасындағы айырма сомасына артады. Бухгалтерлік есепті жүргізуді және салық салудың қазіргі тіртібіне сәйкес пайданың бұл сомасы салық салуға жатады, сондықтан ол кәсіпорыннан алынады. Нәтижесінде кәсіпорынның айналым құралдарының массасы азаяды. Көтерме бағаның көтерілуі салдарынан тауарлы-материалдық құндылықтар қорының өсуі баяулайды. Кәсіпорыннан айналым қаржыларын себепсіз алуды болдырмау үшін тоқсан сайын Өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірісті қайта бағалап отыру керек. Бұл әрекет салық салынатын базаны қысқартады және пайдаға салынатын салықтың бір бөлігі түрінде айналым қаржыларын алуға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздеріне жасаңыз
2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың басқа да көздеріне сипаттама беріңіз
3. «Даму» кәсіпкерлік дамыту қорының қызметіне толыққанды тадау жасаңыз
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.
Бюджеттен бөлінетін қаражаттар мен бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебі.
Реферат түрінде дайындау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006
Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.
Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.
Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.
Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.
Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті кадрлік қамтамасыз ету
Жоспар:
1 Кадрлық қамтамасыз ету мәні
2 Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау
Кәсіпорынның еңбек ресурстары әр кәсіпорынның негізгі ресурстарының бірі болып табылады, себебі кадрды іріктеу сапасы мен пайдалану тиімділігі, өндірістік іс-әрекеттің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Бір кәсіпорын деңгейінде " еңбек ресурстары" терминінің орнына көп жағдайда "кадр" және "персонал" терминдері қолданылады.
Кәсіпорын кадры- деп негізгі жұмысшылар (штаттық) құрамын айтады. Атқаратын қызметіне байланысты кәсіпорын кадрлары төмендегі категорияларға жіктеледі: негізгі және көмекші жұмысшылар; басқарушылар; мамандар; қызметшілер. Атап өтілген жұмысшылар (өндірістік кәсіпорындарда) кәсіпорынның өндірістік персоналын құрайды.
Кадрды тіркеу және жоспарлау нәтижесінде нақты, тізімдік және орташа тізімдік құралымын ажыратады. Нақты құрамы- бұл белгіленген мерзімде арнайы міндеттерді атқару үшін әркүн саиын жұмысқа келуі қажет, ең төменгі жұмысшылар саны.
Тізімдік құрамы-бұл кәсіпорын тіркеуіндегі тұрақты және уақытша жұмысшылар, сондай-ақ бұл құрамға демалыстағы, іс сапардағы және т.б жұмысшылар да кіреді. Орташа тізімдік құрамы- демалыс және мейрам күндерін қоса есептей отырып, кезеңнің барлық күнтізбелік күндеріндегі жұмысшылардың тізімдік құрамын қосып, жиынтық қосындыны күнтізбелінің толық күн санына бөлу арқылы анықталады.
Кәсіпорын кадры тұрақты деңгейде болмайды, себебі, бір жұмысшы жұмысқа қабылданып жатса, екіншісі жұмыстан шығарылып жатады. Осыған байланысты кадр ағымының индексін (Ік) анықталады:
, мұндағы: Жтс- белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстан шығарылған жұмысшылар саны, адам;
Жтс -сол кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны , адам;
Әдетте, кадр ағымының индексі бір жылға есептеледі, ал кейбір жағдайда маусымдық ауытқуларды ескере отырып, кварталдық индексте есептелінеді. Кадр тұрақтылығы- кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінің (атқаруының) кепілі, және
Еліміздің қазіргі кезеңдегі экономикалық және саяси өмірінде персоналды басқару немесе адам ресурстарын басқару маңызды рөл атқарады. Кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурстары болып табылады. Бәсекелік күрес жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру мен тиімділігін арттыруға персоналдар тікелей әсер етеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Оны кәсіпорынның даму болашағын анықтайтын стратегиялық фактор ретінде қарастыруға болады. Өйткені, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі карай дамуына мүмкіншілік береді. Сондықтан кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, басқару және дамытуда персоналды басқару жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы жоғары.
Персоналды басқару - бұл персоналға әсер етуге мақсатты бағытталған қағидалар, әдістер мен қүралдар жиынтығы. Ол кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дүрыс орналастыру және ынталандыру мәселесін қарастырады. Персоналды басқарудың негізгі мақсаты жалпы кәсіпорынның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып әрекет ететін еңбекке қабілетті үжымды қалыптастыру болып табылады.
Персоналды басқарудың негізгі функцияларына келесілерді жаткызуға болады:
- персоналдарды жоспарлау;
- персоналдарды іздеу және іріктеу;
- персоналдар санын реттеу;
- жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу;
- персоналдардың кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілігін бағалау;
- оқыту мен дамытуды ұйымдастыру;
- еңбек нәтижелерін бағалау;
- еңбекақы төлеу жүйесін қалыптастыру;
- қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қолдау және т.б.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде орындалатын жұмыс көлеміне қарай қажетті еңбек ұжымы қалыптастырылады. Оны кәсіпорынның персоналды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Яғни, анықталған мақсатқа жету үшін қажетті персоналдарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету персоналды жоспарлаудың маңызды міндеттерінің бірі. Жоспарлау қысқа және ұзақ мерзімді болашақта персоналдарға деген қажеттілікті анықтауға бағытталған. Жоспарлау нәтижесінде анықталған мамандарға қажеттілік (жеткіліксіз болса) сұранысты қанағаттандыру не болмаса жұмыстан босату (артық болса) арқылы қамтамасыз етіледі. Еңбек ұжымын қалыптастыру мен мамандарға қажеттілікті анықтауда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттері ескерілуі керек. Себебі, мамандардың жеткіліксіздігі анықталған мақсаттар мен белгіленген міндеттерді шешуге кері әсерін тигізсе, ал олардың артық болуы қосымша шығындардың ұлғаюы нәтижесінде кәсіпорынның қызмет тиімділігі мен бәсекелік ұстанымға айтарлықтай ықпал етеді.
Кәсіпорында еңбек ұжымын қалыптастыру кезінде анықталған қажеттіліктерге сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үшін оларға іріктеу жүргізіледі. Сондықтан персоналдарды іріктеу (таңдау), жалдау, міндеттерді бөлу мен белгілі бір өкілеттіліктер беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Кәсіпорында персоналды іріктеу кезінде ең алдымен барлық мамандықтар, кәсіптер және лауазымдар бойынша бос жұмыс орнына кандидаттар резерві жасақталады. Содан кейін белгіленген талаптарға сай келетін, өзара ортақ мүддесі үйлесетін қызметкерлер таңдалынып алынады. Кадрлар ағымы жоғары қазіргі жағдайда персоналдарды басқару мәселесі баса назар аударуды қажет етеді. Сол себеііті әрбір кәсіпорында еңбек ұжымын қалыптастыру мен персоналдарды басқарудың өзіндік тәсілдері мен әдістері әзірленуі тиіс. Жал-пы алғанда, кәсіпорын персоналдарын басқарудың мынадай үш әдісін бөліп көрсетуге болады:
1) ұйымдастырушылық-әкімшілік;
2) экономикалық;
3) әлеуметтік-психологиялық.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму болашағы оның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету шамасымен тығыз байланысты. Кәсіпорындағы еңбек ресурстары деп кәсіпорынды материалды-техникалық қамтамасыз ету, өнім өндіру, сату және өндірістік техникалық қызмет көрсету салаларында тұрақты жұмыс істейтін, кәсіби дайындығы мен іс-тәжірибесі бар жұмыс-керлерді айтамыз. Кәсіпорынның барлық еңбек ресурстарын кәсібі, мамандығы және біліктілік деңгейі бойынша бөлуге болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды 2 топқа бөлуге болады:
1) өнеркәсіптік-өндірістік персонал;
2) өнеркәсіптік-өндірістік емес персонал.
Барлық өнеркәсіптік-өндірістік персонал (орындайтын функциясының) атқаратын қызметінің сипатына қарай келесідей категорияларға бөлінеді:
а) әкімшілік-басқарушылық персонал; оған кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басқарушылары, ірі бөлімдердің, басқармалардың бастықтары жатады.
3) инженерлік-техникалық жұмыскерлер; мұндай жұмыскерлерге кәсіпорын бөлімшелерінің қызметіне техникалық, өндірістік, экономикалық басшылық жасайтын жұмысшылар жатады.
б) қызметкерлер категориясына есеп-қисап, әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын жұмыскерлер жатқызылады (бухгалтерлер, экономистер, т.б.).
в) жұмысшыларға өнім өндірумен және өндірістік үрдіске қызмет көрсетумен айналысатын персоналдар жатады.
г) кіші қызмет көрсетуші персоналға өндірістік және қызметтік үй-жайларға қарау функциясын орындайтын, әкімшілік-басқарушылық персоналға, қызметкерлерге, инженерлік-техникалық жұмыскерлерге, жұмысшыларға қызмет көрсетумен айна-лысатындар жатады.
Өнеркәсіптік-өндірістік емес персоналдар деп кәсіпорынға тиесілі өнеркәсіптік емес инфрақұрылым бөлімшелеріне (тұрғын үй, бала бақша, қосалқы шаруашылық, т.б.) қызмет көрсетумен айналысатын персоналдарды айтамыз.
Кәсіпорынның әр түрлі категориядағы жұмыскерлерінің олардың жалпы санына қатынасы немесе үлесі оның персоналдарының құрылымын көрсетеді.
Кәсіпорындағы еңбек нәтижелілігіне еңбекті үтымды ұйымдастыру тікелей әсер етеді. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру қолайлы еңбек жағдайын жасауға және кәсіпорын табысын арттыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:
• еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу және енгізу;
• мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
• жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;
• еңбекті нормалау;
• еңбекақы төлеуді ұйымдастыру;
• еңбек жағдайын жақсарту.
Еңбекті ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі еңбекті нормалау болып табылады. Еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттарының бірі - қажетті еңбек шығындары мен нәтижелерін аныктау. Шығындар мен нәтижелер өндіріс пен басқарудың, еңбекті ұйымдастырудың айтарлықтай тиімді нүсқаларымен сәйкес келуі керек.
Кәсіпорында еңбекті нормалау өнімнің жоспарлы еңбек сыйымдылығын анықтауға, қажетті жұмыскерлер санын есептеуге, еңбек нәтижелерін бағалауға, материалдық ынталандыру мен жалақы қорын белгілеуге және т.с.с. мүмкіндік береді.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тэуелді элементтермен анықталады. Олар: тарифтік жүйе, еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу нысаны.
Тарифтік жүйе әр түрлі топтар мен категориялардағы қызметкерлердің еңбегінің күрделілігін, мәні мен жағдайын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу мөлшерін саралау үшін пайдаланылады. Яғни, еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, мұнда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады. Ол тарифтік мөлшерлеме (ставка), тарифтік кесте (тор) және тарифтік разряд сияқты маңызды элементтерді қамтиды.
Тарифтік мөлшерлеме - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері. Ол сағаттық, күндік, айлық және жылдық болуы мүмкін.
Тарифтік кесте (тор) дегеніміз орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қызметкерлердің біліктілік сипаттамалары бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы. Ал, тарифтік разряд еңбектің күрделілігін және жұмыскердің біліктілігін көрсететін көрсеткіш.
Тарифтік жүйе бойынша еңбекақы төлеу кезінде бірыңғай тарифтік кестеге (торға) сүйенеді. Бірыңғай тарифтік кестеде қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттері көрсетіледі. Ол бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталады.
Бірыңғай тарифтік торда 21 разряд бар. Бұл разрядтар меншік, шаруашылық жүргізу нысанына және бюджеттік ұйымдарға жатқызылуына қарамастан барлық кәсіпорындар үшін арналған. Ол келесі түрде бөлінген:
• 1 -8 разрядтар бойынша - жұмысшыларга төлемдер;
• 6-15 разрядтар бойынша - қатардағы қызметкерлер;
• 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
• 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;
• 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметкердің басшылары;
• 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер. Жалпы алғанда еңбекақы төлеуге арналған бірыңғай тарифтік
торды келесі кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте):
Достарыңызбен бөлісу: |