Бжб-1 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата29.12.2022
өлшемі18,55 Kb.
#164834
Байланысты:
9 сынып әдебиет БЖБ 1 2 токсан

БЖБ-1 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқылатын шығарма

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»,
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»

Оқу мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. «Кенесары-Наурызбай» дастанындағы үзінділердің қай кейіпкерге қатысы бар екенін анықтап, идеясы мен құндылығын ашып жазыңыз [6]

Үзінділер

Қай кейіпкерге қатысты?

Идеясы, құндылығы неде?

Дүрі жауһар данасы,
Әркімнің алла панасы.
Жан біткенге несібе –
Дарияның аққан саласы.
Үйсіздерге үй болған,
Би — отанның ханасы.







Дулат, Қарағаштай ел келген.
Мәмбеттің ұлы Байұзақ,
Балқожа, Медеу ер келген.
«Жауың қайда? Мен — жолдас»,-
Хан Кенеге дем берген.







Бұғыбай басшы ер еді.
Әдіре қалғыр Алатау,
Асуға қиын жер еді.
Қамалын барып бұзайын,
Кенеке, жауап бер, — дейді,
Отыз жігіт сайланып,
Қасыма менің ер, — дейді,









2-тапсырма. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен алынған үзіндідегі ақынның басты мақсаты мен арманын аша отырып, 5-6 сөйлеммен талдап жазыңыз [3]
Еділдің бойы ен тоғай.
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге.
Мал толтырсам деп едім...


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

1

1-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

2-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

3-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

2

Үзіндідегі ақын мақсатын ашады

2

5-6 сөйлеммен талдап жазады

2

Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет