Сабақ Тақырыбы: Қ. Мырзалиев «Кәрі қыран»



Дата19.02.2017
өлшемі58,29 Kb.
#11048
түріСабақ
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қ. Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі

Орындаған: Қынат А.

Көктал 2015 жыл



Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, ойлау, өз ойларын еркін жеткізу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Сұлулық пен еркіндікті танытуға, адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: БББ әдісі, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайд, сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Журнал бойынша түгендеу.

  3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  4. Зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді».

1. Қасым неге күзді еске алып отыр?

2. «Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» дегені қай шығарма?

3. Алматыға келгенде жазушымен кездессем деген үміті неге үзілді?

Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Балалар, бүгін біздің сабағымыз халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, Қазақстаннің Халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтың «Кәрі қыран» атты өлеңіне арналмақ. Сабақты бастамас бұрын мына бір суретке қарап «Не білеміз?» деген сұраққа жауап беріп, БББ кестесін толтырайық.

Не білеміз? Қыранның суреті. «Қыран » сөзінің мәні, қыран туралы білімдерін байқау.

1.Қыран қандай құс?

2. Қазақстанның қай жерлерін мекендейді, немен қоректенеді?

3.Халқымыз қыран құсты не себепті қасиетті құс деп санаған?


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Қыран құстың биікте ұшатын, еркіндікті сүйетін құс екенін.

Неліктен бүркіт деп аталатындығын. Бүркіттің жасына байланысты атауларын және сол тектес құстарды.

Бүркітті қалай баулиды және оны аңға қалай салатынын, саятшылық кәсібі туралы.

Слайд арқылы бүркітке анықтама беріледі және оның жасына байланысты атаулары мен сол тектес құстар түрі таныстырылады.

Ендеше балалар бүінгі сабағымызға кірісейік.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте !



-Осы өлеңнің авторы кім ? оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс істейді.




Қ. Мырзалиев



Хронологиялық кесте бойынша оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беремін.

  • 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған;

  • 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған;

  • Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған;

  • Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды;

  • Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары жарияланған;

  • 1990 – жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы 15 томдығы шыққан;

  • Өлеңдері көптеген шет тілдеріне аударылған;

  • 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді.

  • 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;

  • Қазақстанның Халық жазушысы;

  • 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

  • Ол Овийдің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Петефидің жырларын қазақ тіліне аударған.

-Оқушыларға ақынның «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Сұрақтар қою арқылы мазмұны талданады.

  • Балалар өлең не жайлы?

  • Қыран өліміне не себепші болды?

  • Ақын мұнымен не айтқысы келді?

Оқушыларға символ туралы түсінік беріледі.

  • Символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

  • Мысалы, гүл – әдеміліктің, көгершін – бейбітшіліктің, аққу – адалдықтың, махаббаттың символы.

  • Балалар ал қыран құс ненің символы деп ойлайсыңдар?

  • Иә балалар, қыран – еркіндіктің, ерліктің, тәуелсіздіктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыран бейнесі. (слайдтан ту көрсетіледі)

Мәтінмен жұмыс.

Өлеңге поэтикалық талдау жасау. 

Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.

Аллитерация:

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп

Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.

Қырағы көз бүгінде қарауытып, 

Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт                                    

Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б.

Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр.
Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір.

Салыстыру.

жастық

қарттық

Жалын, өжеттілік, қайсарлық, сақтық,

Кәрілік, аурушаңдық, шаршаңқылық т.б

Сабақты қорытындылау:

  1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?

  2. Кәрі қыран қандай халге душар болды?

  3. Неге намыстанды?

  4. Қыранның соңғы шешіміне не әсер етті?

  5. Қыранша өмір сүргенің

Қандай бақыт!

Қандай бақыт

Қыранша өле білген! – деген жолдардағы тұспалды ойды анықтаңдар.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттау;

  • «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан...» тақырыбында эссе, өлең жазу, мазмұнына сәйкес сурет салу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет