Бүйрек ұлпасындағы зат алмасудың кейбір ерекшеліктері Бүйрек ұлпасындағы күрделі физиологиялық процестер, метаболиттік реакциялар кезінде бөлінетін энергияның көп мөлшерін қажет етеді. Тыныштық күйде адамның жұтатын оттегінің 8-10% бүйректегі тотығу процестеріне қолданылады. Басқа мүшелермен салыстырғанда бүйрек энергияны көп қажет етеді. Бүйректің қыртысты қабатында зат алмасудың аэробты түрі, ал милы қабатында анаэробты процестер өтеді. Бүйрек ферменттерге бай: ЛДГ, АлАТ, АсАТ, ГлуДГ және тек бүйректе ғана кпеатин синтезінің бастапқы кезеңін катализдейтін глицин-амидинотрансфераза (трансамидиназа) ферменттері болады.
L-aргинин + глицин → L-орнитин + гликоциамин
Бүйрек аурулары кезінде қан сарысуындағы ферменттерді анықтаудың диагностикалық маңызы зор. Трансамидиназа қанда пайда болса, онда бүйректің зақымдалғандығын немесе ұйқы безі некрозының дамуы немесе басталуын көрсетеді. Созылмалы пиелонефрит кезінде осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. Бүйректің қыртысты қабатында ЛДФ1 және ЛДГ2 белсенділігі жоғарылайды.