Көмірсу алмасуы. Бүйректе глюкозаның аэробты алмасуы өтеді, бүйректегі барлық оттегінің 13-25% аэробты алмасуға жұмсалады. 60 % глюкоза СО2 және Н2О дейін ыдырайды. Қалғандары милы бөлімде лактатқа ыдырайды. Глюкоза – бүйректе ПФЖ-мен ыдырап, НАДФН2 және пентозаларды түзеді. Олар май қышқылдарының, холестериннің, НҚ синтезіне жұмсалады. Глюкоза – глюкурон қышқылы → глюкозамингликандар синтезделеді. Бұл жол нуклеотидтер синтезі үшін, дәрілік препараттарды усыздандыру үшін қажет. Бүйректің қыртысты қабатында глюконеогенез процесі жүреді (ол ПЖҚ, лимон қышқылы, лактатты, α-кетоглутаратты қолдану). Ашыққанда тәуліктік глюкозаның қажеттілігін бүйректегі глюконеогенез қамтамасыз етеді.
Майлар алмасуы ¼ құрғақ заттары майлардан тұрады. Оның 85% - і ФЛ және холестерин, 15%-і бейтарап майлар. Липолиз, липогенез, ЖМҚ және глицериннің тотығуы жүреді. ФЛ және ТАГ синтезделіп, олар тек бүйрекке ғана емес, қан айналымына түсіп, басқа мүшелердің мұқтаждығына жұмсалады. Бүйрекке келіп түскен ЖМҚ – көпшілігі липогенезге жұмсалады. Аздаған мөлшері тотығып, нәтижесінде түзілген энергия натрийдің реабсорбция, басқа да энергияға қажет реакцияларға жұмсалады. ЖМҚ-ды глюкозаның тотығуын тежеп, лактат және глицериннен глюкогенез процесін күшейтеді. Бүйректе мевалон қышқылынан холестериннің синтезі жүреді.