Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті бірқалыпта ұстап тұрудағы бүйректің рөлі Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Қышқыл заттар несеппен бірге бөлініп, бикарбонаттардың қоры күшейеді. Адицидоз немесе алкалоз кезінде тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін бүйректің қатысуымен 10-20 сағат қажет, натрий қайта сіңіріледі, оның орнына K+,Н+,NН4+ шығарылады. К+ ионының шығуы Na-ң тасымалдануына ғана емес, Н+ тасымалдaнуына тәуелді. Несеппен NaH2PO4, NН4Cl тұздары бөлінеді, сондықтан, несеп әлсіз қышқылдық орта көрсетеді.
Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікке әжептәуір әсер етеді. Бірақ, өкпе мен қанға қарағанда буферлі жүйелердің әсер етуі көп уақыт алады. Қанның буферлі жүйесінің әсер етуі 30 сек., өкпеге 1-3 минут уақыт алса, бүйректегі бұзылған қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін 10-12 сағат уақытты қажет етеді. Ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын тұрақтандырудың негізгі механизмі – сутегі ионының секрециясы мен натрийдің қайта сіңірілу (реабсорбция) процесі болып табылады. Бұл механизм бірнеше химиялық процестердің көмегімен жүзеге асырылады.
1. Натриийдің қайта сіңірілуі.
NaHPO4-2 + Na+ → Na2 HPO4-
2. Натрийдің сіңірілуіндегі НСO3- – анионының атқаратын рөлі. Бүйрек каналдарында карбоангидраза ферменті НСO3- – ионын қалпына келтіреді.
СO2 + H2O ↔ H2СO3 ↔ H+ + НСO3-
Na+ + НСO3- ↔ NaНСO3
HСO3- – ионы Na – ионын байланыстырып, қайтадан қанға сіңірілуін қамтамасыз етсе, ал натрий ионының орнына К+ және Н+ – иондары шығарылып отырады.
Бүйректегі аммиактың түзілуі ағзадағы Na+ -ионын сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл процестердің көзі глутаминнің дезаминделуі, АҚ-ң тотығып дезаминделуі болып табылады.
NH3 + H+ → NH4+ + Cl- → NH4Cl
Глутаминаза ферменті адам ағзасының мүшелері мен ұлпаларынада болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. NН4Cl – несеппен бірге шығарылып, pH-ты реттелуін және қышқылды-сілтілік қорын сақтап отырады. Қан мен несептегі Н+ - ионы концентрациясының өзара қатынасы 800:1. Бүйректің ағзадан сутегі ионының шыңарып отыратын қабілетінің күшті екендігін көрсетеді.