Ашық және жабық жарақаттауы мүмкін. Несепағар сирек зақымдалады, себебі париетальды құрсақ қуысына және ірі қантамырларға, омыртқаға жақын орналасуына байланысты.
Клиникалық көрінісінде: гематурия, бел аймағының ісінуі, дене температурасының жоғарылауы, құрсақ қуысы клетчаткасының зәр инфильтрациясы.
Оперативтік ем. Тек қана несепағардың кішігірім толық емес жыртылысында немесе тесілгенде несепағар катетерін немесе стент орналастырумен шектелуге болады.
Қуықтың зақымданулары біршама сирек болатынына қарамастан, бұл жарақатты білу хирург пен уролог үшін өте маңызды, өйткені мұндай зақымданулардың көпшілігі ауыр болады, мұндай науқастың тағдыры дер кезінде диагностика жасалып, оңтайлы ем қолдануына едәуір дәрежеде байланысты болады.