Ұма және оның органдарының жабық және ашық зақымданулары деп ажыратамыз. Ұма мен оның органдарының жабық жарақаттанулары соққы тиген, қатты заттарға құлаған кезде, ұма қысылып қалған жағдайда және т.б. Мұндай жарақаттанулар үшін тез дамитын кең көлемде жайылған қан құйылулар, жарақаттану кезінде пайда болған ауру көп ұзамай ауырсыну және кернеу сезімімен ұласады. Қан құйылу және тез арада ісіктің пайда болуы есебінен ұманың бір жақ жартысы не түгелдей бүкіл ұма көлемі жағынан үлкейіп қатпарлары жазылып кетеді. Қан көп аққанда гематомалар түзіледі. Ұманың зақымданулары кезінде гематома беткей орналасады.
Емдеуі
Ұманың жабық зақымданулары кезінде көбінесе консервативті ем қолданады.Шұғыл түрде операция жасап араласу қажет болатын жағдайлар жүргізіп жатқан консервативтік шараларға қарамастан гематоманың одан әрі тез ұлғаюы.Операция құйылған қанды алып тастау, гематома қуысын егжей – тегжейлі қарау, қан ағып тұрған тамырларды байлау, кейін жараны тігу және дренаждау.
Қорытынды
Жыныс мүшесінің жарақатының асқынуы адам өміріне қауіпті аурулардың бірі. Оның алдын алу әрбір дәрігердің міндеті болып табылады. Сонымен қатар әрбір азамат өз денсаулығына жауапты.
Жыныс мүшесінің жарақатында науқастың өмір болжамы қолайлы, ал сауығу жарақаттың түрі мен дәрежесін және де емдеудің нәтижелілігіне байланысты.