Алдын ала лапароцентезімен лапаротомия немесе ішпердеден тыс жарып ашып, қуықты ревизиялау. Толық зақымданулар әр уақытта хирургиялық әдіспен емделуге тиіс.
Несеп-жыныс мүшелерінің жарақаттарының ішінде уретра жарақаттары жиілігі жөнінен бірінші орын алады.
Жарақаттану кезінде өлімге ұшырау және оның асқынулары көп кездеседі: зардап шеккендерді ұзақ уақыт мамандандырылған емдеу керек болады,осының өзінде көптеген науқастар қайсыбір дәрежедегі мүгедектікке душар болады.Зардап шеккендердің жартысынан астамына қалпынна келтіру операцияларын жасап араласу керек болатыны да мұның ауыр жарақат екендігінің бір дәлелі болып табылады.