«Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ №
Жартытөбе ауылы 29 тамыз 2020 жыл
2020 -2021оқу жылының басталуына арналған салтанатты
іс шараны қашықтан өткізу туралы
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 28.08.2020 жылғы
№880 санды хатына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ коранавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1 қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс шара қашықтан өткізілсін.
Коранавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп сынып сағаттары қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылсын.
Коранавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер кезеңінде оқу жылын бастау, оқу үрдісінің ерекшеліктері ескеріліп, оқушылардың өз денсаулығына, сапалы білім алуға жауапкершілігіне басты назар аудару қажеттігін ескерту, сынып сағаттары барысында оқушыларға денсаулықты сақтай отыра, біліммен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң ұстауға бағытталған шараларды ата-аналармен және оқушылармен түсінік жұмыстарын жүргізу сынып жетекшілерге міндеттелінсін.
Сынып сағаттарына тақырыптық материалдарды таңдау кезінде әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеру, сынып сағаттарының ұзақтығы стрииминг режимінде 30 минуттан аспауы назарға алынсын.
Іс шараның идеологиялық мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік даталары тақырыптары бойынша ұйымдастырылсын.
1 қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс шараны қашықтан өткізу 1-11 сынып жетекшілеріне жүктслсін.
Осы бұйрықтың орындалуына бақылау, басшылық жасау мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Маманов пен М.Асылханқызына тапсырылсын.
Негізі: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 28.08.2020 жылғы
№880 санды хаты
Мектеп директоры И.Омарбеков
Достарыңызбен бөлісу: |