Бұйрық 042-13 10. 05-2007 Басылым №1



бет6/9
Дата29.01.2018
өлшемі2,39 Mb.
#35974
1   2   3   4   5   6   7   8   9

КЫРҒЫЗША ЕТ

860 г қой еті, 2 түір пияз, кеспе үшін 240 г бидай ұны, тұз, ұнтақталған қызыл бұрыш татымы мен дәміне қарай. Қой етінің ірі-ір1і кесектері үстіне аздаған су қүйылып асылады. Түздалып бұрышталады. Содан соң сорпадан ет алынып, әрбір кесегінің ені 0,5 см, ұзындығы 5 см етіліп туралады.

Ашытқысыз қамыр иленіп, жұқалап жайылады, кеспе тәрізді кесіледі. Ол сорпаға салынып, асылады да, піскен кезде кепсермен сүзіп алынады. Табаққа салынған осы кеспенің үстіне манағы туралған ет аударылып, сақиналап туралып, сорпаға бұқтырылған пияз салынады. Туздалып бұрышталады.

Сорпасы дастарқанға басқа ыдысқа немесе кесеге құйылып, бөлек әкелінеді.


Дәріс 7

ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ

Орыс дастарханы әр кез өзіндік ерекшелігімен айшықталады. Ресейде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша, көшелермен слободкаларда орамжапырақтар ашытып, тауық еттерін ертеден қақтаумен айналысқан. Москваның азық-түлік дүкендерінің толығуына олар үлкен септігін тизгізген. Негізінен тамақтандыру орталықтары трактирлер болған. Кейіннен олар ресторан аталды. Орыстың дәстүрлі тағамдары ертеден келе жатыр, олар түрлі жеміс қоспалары мен тәмін келтіріп отырған. Тағамдардың көпшілігі ұн және құлпынай, саңырауқұлақ, балық тағамдарымен толықтырылып отырған. Ертеректе олар шығыстан әкелінген жемістермен және жергілікті жемістермен тағамдарын дәмдеген. Ал ет пен сүт тағамдары әр кез жиі қолданылған. Еттер пісріліп тартылса, ал сүт тағамдарынан қаймақ, сүзбе дәстүрлі түрде алынып отырған. Дастарханның негізгі тағамы болып нан саналады. Одан сан түрлі өнімдер шығарлған. Орыс дастарханының сұйық тағамдары тіптен еркшеленеді, олар солянка, ботқа балық көжесі россольник. Ал ішмдіктерден кваспен бал шырыны еркшеленген. Орыстың ұлттық дастарханының еркшелігі молдап қоюы болып табылады. Олар бірінші және екінші салқын тағам болып бөлінеді.



Сақын тағамдарына. Ашыған капуста мен сарымсақ, шалқан мен дәмделген алма.

Сұйық тағамдарға. Ашытылған капустамен саңырауқұлақ, тауық етімен рассольник, табадағы Москва солянкасы.

Екінші тағамға. Балық еті мен доңыз майына қуырылған картоп пен бұқтырылған балық.

Шырындары. Алма шырыны мен бал шырыны.
Орыстан вегатариандық сорпасы
Кастрюльге аздап май салып, оған пияз бен сәбіз, тарна, петрушка мен балдыркөкті турап қуырасыз да түйір қара бұрыш, лавр жапырағын, помидор қосып тағы қуырасыз. Ыдыстың қақпағын жауып, бұқтырып қоясыз. Ыдыстың қақпағын жауып, бұқтырып қоясыз. Біраздан соң қайнаған су құйып, тұздап, бір қайнатасыз да, тазалап жуылған тары жармасын салып пісіресіз. 5-8 минуттан соң туралған картоп салып, тағы да 15-20 минут қайнатасыз. Дайын болған соң тұздап, тарелкаларға құйып, қаймақ қосып, майда туралған аскөк пен көк жуа себелеп, дастарқанға әкеулеге болады.

Сорпаға – 300 г помидор, 2,5-3 литр су, 100-120 г тары жармасы, 1 кг картоп, 2 пияз, 1-2 сәбіз бен тарна, 1 петрушка, 1 балдыркөк, 50 г сары май, 100 г қаймақ, бұрыш, аскөк, лавр жапырағы, көк жуа мен тұз қалауыңызша.



Ленинград рассольнигі

Бұл рассольникті ет, балық, сондай –ақ кептірілген немесе жас саңырауқұлақ сорпасына да пісіреді.

Іріктеліп жуылған арпа жармасын кастрюльге салып, үстінен қайнаған су немесе сорпа құясыз да ыдыстың қақпағын жауып, бәсең отта бұқтырып пісіресіз. Картопты түйірлеп турайсыз. Тамырө сабақтар мен пиязды турап, майға қуярыр қоясыз. Тұздалған қиярды ұзыннан тіліктеп кесіп, тұқымын алып тастап, көлденеңінен ірірек етіп турайсыз.

Қайнап жатқан сорпаға бұқтырылған арпа жармасын салып 30-40 минуттай пісіресіз. Рассольник дайын болардан 15-20 минуттай бұрын қуырылған тамыр-сабақтар, картоп, сонан соң қияр, лавр жапырағын, бұрыш саласыз. Ең соңынан қайнатылған қияр сөлін /рассол/ құйып дәмдейсіз.

Дастарқанға қаймақ пен көктер қосып әкелесіз.

Рассольникке – 500 г картоп, 300 г тұздалған қияр, 150 г г арпа жармасы, 1-2 сәбіз , бір-бір байламнан, петрушка мен сеппе пияз, 1 түйір пияз, 50 г маргарин, 50 г қаймақ, туралған көктер, тұз бен бұрыш қалауыңызша.


Орыс салаты

Көк пиязды майдалап турап, төртбұрыштап туралған қиярмен және түрлі көктермен араластырасыз да тұздап қоясыз. Бұған пісірілген жұмыротқа, ет, майонез қосасыз, салат ыдысына салып түрлі көктермен, көк жуамен себелейсіз.

Салатқа керегі – 300 г қияр, 100 г пісірілген ет, 100 г жуа, 3 жұмыртқа, 2 ас қасықтан туралған петрушка, аскөк, 100 г майонез, тұз қалағаныңызша.
Дәріс 8

Украин ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ

Украинның дастарханының еркшелігі алдымен оларда доңыз етімен оның майын қолдануы болса, қызылша мен бидай ұны еркше қолданыста болады. Олардың барлығы жылы өңдеуден өтен соң қолданылады. Ең негізгі тағамы доңыз майын шикідей қолдануы. Ал қақталған, пісірілгендері тағам дайындау үшін қолданылады. Украин мәзірінің тағы бір еркшелігі тағамдарға жұмыртқаны мол пайдалануы. Сонымен қоса жемістер пайдаланылады. Олармен қатар күріш және қара бидай ұны қолданады. Сонымен қатар тұздық ретінде жеміс қоспаларын пайдаланады. Солардың ішінде бұршақ негізгісі болып табылады. Жемістерден негізгісі қызылша. Бұдан сұйық тағам да жаслады. Сондай-ақ сәбіз бұршақ өнімдері де еркше қолданылады. Тағам жасауға өсімдік майы қолданады.тағам дәмін кетіру үшін зәйтүн жапырағы мен сарымсақ алады. Көбіне сірке суы да қолданылады. Украин мәзірінің тағы бір еркшелігі орамалар жасалады.


Салқын тағамы. Киев салаты, тұздықталған балық, кептелген торайдың басы.

Сұйық тағамы. Украин борщы.

Екінші тағамы. Киев, полтава, тағы басқа ет қоспалары.

Тәтті тағамдары. Узвар.


Украин борщы

Ет сорпасын пісіріп. Сүзіп алу керек. Тазаланған тамыр-сабақтарды, қызылшаны жіңішкелеп турап, қызылша, май мен помидор немесе томат-пюре, сірке суын қосып бөлек бұқтырасыз, аздап сорпадан құясыз. Ал тамырөсабақтар мен пиязды майға қуырасыз, аздап ұн себелеуге де болады. Сорпадан құйып сұйылтып, біраз /5-10 минут/ қайнатасыз.

Дайын ет сорпасына ірілеп туралған картоп, капуста салып, бұқтырылған қызылша мен тұз қосып 10-15 минут қайнатасыз, жаңағы қуырылған тамыр-сабақтарды, лавр жапырағын, түір қара бұрыш қосып, картоп пен капуста жұмсағанша пісіресіз. Дайын болардан сәл бұрын борщқа үгітілген сарымсақ пен помидор салып тағы қайнатасыз да отын сөндіріп, 15-20 минут қоя тұрасыз.

Тарелкаларға құйып, каймақ қосып, майда туралған петрушка себелейсіз.

500 г етке – 400 г капуста, 300 г картоп, 250 г қызхылша, әрқайсысы жарты стаканнан томат-пюре мен қаймақ , бір-бір түйір тамырөсабақтар, 1 пияз, 1 ас қасық сары май, тұз бен көктер қалағаныңызша.
«Киев» салаты

Піскен картопты , жас қиярды майда турап, көк бұршақ қосып, майонез құйып тұздықтайсыз. Пісірілген тауқ етін ет тартқыштан өткізіп фарш жасайсыз. Ұн мен сүтті қосып, жаңағы фаршты араластырасыз. Бұған жұмыртқа ағын қосып әбден көпіргенше араластырасыз да кнели массасын жасайсыз. Сонан соң алынған кнели массасын бөліп-бөліп бұршағы ет жасап, оларды пісіріп аласыз.

Салат ыдысына бұрын дайындалған көкөністерді үйіп салып, үстіне жаңағы бұршағы еттерді қоясыз да көктермен, жұмыртқа кесінділерімен әсемдейсіз.

Салатқа керегі: 500 г картоп, і-ң түйір жас қияр, 3 жұмыртқа, майонез, көк бұршақ, көктер мен тұз қалағаныңызша. Кнели жасау үшін- 200 г құс етінің жұмсағы, 1 ас қасық ұн, жарты стакан сүт, 1-2 жұмыртқа, тұз қалағаныңызша.


Картоп драниктері

Шикі картопты үккішпен үгесіз, бидай ұнын, тұз бен ас содасын салып араластырасыз да уақыт өткізбей дереу құймақ сияқты қуырасыз. Бұл драниктерді дастарқанға май немесе қаймақ құйып әкеледі.

Бұған керегі- 1 кг картоп, 40 г ұн, 60 г өсімдік майы, 120 г қаймақ ас содасы мен тұз қалағаныңызша.
Бұршақ варениктері

Бұршақ ұны мен бидай ұнын араластырып, жұмыртқа шағып, тұзды су құйып қамыр илейсіз. Жұқалап жайып, кішкене төртбұрыштап кесіп, алдын ала жасаған фарштан салып вареник жасайсыз да тұзды суға пісіресіз. Фаршты еттен немесе өкпебауырдан жасауға болады. Фаршты еттен немесе өкпебауырдан жасауға болады. Дайын болған варениетерге майға қуырылған пияз қосып / майымен қоса/ дастарқанға экелесіз

Бұған керегі- 1 стакан бұршақ ұны, 1 стакан бидай ұны, 1 жұмыртқа, 1 кг ет немесе өкпе – бауыр, 1-2 пияз, 50 г мал майы, тұз татымына қарай.
Дәріс 9

Беларусь ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ

Олардың орыс пен украиннан еркшелігі жемістер көп қолданыста болады. Мәселен оларды қуырып, қақтап, немесе бұқтырып та жасайды. Мәселен саңырауқұлақты пісіріп немесе бұқтырады. Оларда қуыру деген болмайды. Саңырауқұлақ сонымен қатар ұнтақ ретінде де қолданады. Ал балықты қабығымен құтырып, немесе кептіреді. Сүт тағамдары беларуссь мәзірінде болмайды. Қаймақ тағы басқа сүт өнімдері қосынды ретінде алынады. Доңызды немесе қой етін толықтай қақтайды. Қаз еті де осылай жасалады. Сондай-ақ ұсақталған етттерден тағамдар жасалады. Сонымен қатар қара құмық пен сұлы, ұннан құймақ құйылады.

Салаттар. Минск салаты.

Сұйық тағамы. Сорпа , картоп ұн қосылған және сұлы ботқасы.

Екінші тағамы. Балық, шұжық, тартылған ет тағамдары.

Сұйықтық. Беларуссь кеселі.



Минск салаты

Картопты пісіріп, майдалап турап, тұздалған капуста, пісірілген саңырауқұлақ, пияз қосып араластырасыз да сірке су, өсімдік майын құйып, дәмдейсіз, қант себелейсіз.

Салатқа керегі- 500 г картопа, 300 г шампиньон, 2-3 түйір пияз, 200 г тұздалған капуста, 30 г өсімдік майы, қант пен сірке су қалағаныңызша.
Үрмебұршақ қосылған щи
Жуылған үрмебұршақты және майлылау етті үстінен жылы су құйып отқа қоясыз. Ет пісіп, дайын болардан 30-40 минут бұрын алдын ала бұқтырылып пісірілген ашытылған капустаны және томат-пюре қосып қуырған көкөністерді салып, біраз қайнаған соң арпа жармасын салып щи дайын болғанша пісіресіз. Етті турап әрбір тарелкаға салып, щиден құясыз да майда туралған көктермен себелейсіз.

400 г етке – 500 г ашытылған капуста, 150 г үрмебұршақ , 1-2 түйір пияз, 2 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық асханалық маргарин немесе басқа май, 50 г арпа жармасы, көктер қалғаныңызша.


Беларусь борщы
Ет пен сүйектен сорпа пісіресіз. Жіңшкелеп туралған сәбіз бен петрушканы, пиязды майға қуырасыз. Қайнап жатқан сорпаға төртбұрыштап туралған картоп, алдына ала пісіріп турап қойған қызылшаны, жаңағы қуырылған тамыр сабақтарды жатқан сорпаға қосып қоюланғанша пісіресіз. Сорпа дайын боларда жұмыртқаның шикі сарысын қаймақпен араластырып қосасыз.

Сорпаға – 600 г ет, 500 г помидор, 1 пияз, 1 сәбіз, 1 ас қасық ұн, 200 г қаймақ, 2 жұмыртқаның шикі сары уызы, петрушка тамыры, тұз қалауыңызша.



Дәріс 10

Молдаван ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ
Молдавия ежелден табиғи байлығы мол өлке,жүзім мен жемістің мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған өлке. Міне осы табиғи байлықтар Молдавндардың дастархан берекесі болып табылады.мұның арасында Гректің кейбір дәстүрлері сақталған. Молдаван дастарханында оңтүстікевропа мен жерорта теңізі жағалауының дәстүрі сақталған. Сонымен қатар молдаван дастарханы турциямен үш мың жылдық араласқанымен оның ұқсастығы бар. Бұған дәлел ашыған жеміс, капуста бәліші, молдаван күлшесі дәлел. өзіндік ерекшелгі бар славяндық жеміс ашыту, балкандық «чорба» түріктің тәтті халбасы, гректің «плэнчинты» Француздың тұздығы дәлел бола алады.адам ағзасына пайдалысы жеміс қосылған ет тағамы болып табылады.Молдаван тағамындағы еркшелік жүгері дақылының көптеп кезігіуі. Бұл дақыл ұлттық тағамдардың барлығында кезігеді. Сонымен қатар бұрыш, баклажан, қызанақ, бұршақ өнімдері мейлінше көп болады. Ал сүт тағамдарынан көбінесе ірмшік жиі қолданылады.молдавандар ұлттық тағамдарында қой еті қосылған және доңыз еті қосылған тағамдарды қөп қолданады. Негізінен жемістерді соның ішінде, жүзім негізгі тағам болып табылады.

Салқын тағамы. Молдаван салаты.

Сұйық тағамы. «Чорба»

ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Костица, тартылған бұрыш, Яхния.

ТӘТТІ ТАҒАМЫ. Алма, күріш қосылған жүзім, ірімшік.

Молдован салаты

Шалғамды /редиска / жапырақ сабақтарынан тазалап жуасыз, дөңгелектеп турайсыз. Жас қиярды да жуып, осылай дөңгелектеп турайсыз. Десерттік тарелкаға жуылған салат жапырақтарын бүтін күйінде саласыз, ортасына жаңағы туралған шалғам мен қияр дөңгелектерін үйіп салып, майда туралған қөк пияз, тәтті бұрыш қосасыз да тұздап, қаймақ құясыз.

Салатқа керегі – 500 г қияр, 2 бума шалғам, 1 бума салат, 50 г көк пияз, 1 түйір тәтті бұрыш, жарты стакан қаймақ, дәміне қарай тұз.
Молдован сорпасы /чорба/

Сиыр етінен сорпа пісіресіз де, оған үрмебұршақ қыншаларын бөліп-бөліп саласыз, 5 минуттан соң жіңішкелеп тураған капустаны, тағы 5 минуттан соң төртбұрыштап тураған картопты салып пісіресіз. Пияз бен сәбізді турап, майға қуырған соң майда туралған петрушка мен помидор қосып сорпаға саласыз. Сорпа дайын болардан 5 минут бұрын алдын ала қайнатылған квас құясыз, қызыл бұрыш қосасыз. Отын сөндіріп 15-20 минуттай қоя тұрасыз. Дастарқанға әкелерде сорпаны тарелкаларға құйып, әрқайсысына лимон кесіндісін салып, тұралған аскөк себелейсіз.

Сорпаға – 2,5 литрдей ет сорпасы, 20 түйір жас үрмебұршақ қыншалары , 2 помидор, 250 г капуста, 2 картоп, 0,5-0,8 литрдей квас, пияз, сәбіз, петрушка, аскөк пен қызыл бұрыш, тұз қалағаңызша.
Молдован борщы

Қой етінен сорпа пісіріледі. Қайнап жатқан осы сорпаға капуста салынады, туралған картоп, алдын ала қуырып бұқтырған сәбіз, петрушка, балдыркөк пен пияз салып, 10 минуттай пісіресіз. Біраздан соң томат пен сірке суын қосып бұқтырылған қызылша қосасыз да біраз пісіріп, қайнатылған квас, үгітілген сарымсақ, бұрыш, тұз, лавр жапырағын салып тағы бір қайнатып, отын сөндіріп қоясыз. Борщка қаймақ қосып, майдаланған тәтті және ащы қызыл бұрыш, аскөк, петрушка турап салып араластырып, 20 минуттай қоя тұрасыз.

Тарелкаларға құйып , үстіне үгітілген сарымсақ пен туралған көктер салып дастарқанға әкелесіз.

Сорпаға – 400 г қой еті, 300-500 г капуста, 5-6 түйір картоп, 1 түйірден сәбіз бен петрушка, 1 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық сірке су, 1 түйір қызылшаның жартысы, 4 ас қасық май, 4 ас қасық қаймақ, бір-бір түйір ащы және тәтті қызыл бұрыш, жарты стакан квас, тұз бен көктер қалағаныңызша.


Молдован жаркобы

Сиыр етін ірі етіп турап, аздап ет шабатын ағаш балташамен соққылып жұмсартып, майға қуырып аласыз. Алдын ала пияз, сәбіз, петрушка қосып қуырылған картопты осы еттің үстіне салып араластырасыз да томат қосқан қызыл тұздық қосып, тұз салып, 30-40 минуттай бәсең отта бұқтырасыз. Дастарқанға әкелерде туралған аскөк немесе петрушка себелейсіз.

Бұған керегі – 800 г картоп, 500 г ет, 2-3 сәбіз , 1-2 пияз, 1-2 тал петрушка, 60 г қызыл тұздық, 1-2 бадана сарымсақ, аскөк пен петрушка көгі, бұрыш пен тұз қалауыңызша.

Молдованның кәді қосып пісірген баклажаны

Баклажан мен кәділерді жуып, тазалап , дөңгелектеп турайсыз да тұз бен бұрыш сеуіп, ұнға аунатып алып қыздырылған майға екі жағын да қуырасыз. Шұңғылдау ыдысқа қатарластыра салып, үстінен пияз тұздығын құйып қайнатасыз да тұз бен бұрыш қосып, туралған петрушка мен аскөк үшітілген сарымсақ себелеп, ыдыстың қақпағын жауып біраз қоя тұрасыз.

Дайын болған баклажандар мен кәділерді қуырылған картоппен , жас помидормен дастарқанға қоясыз.

Бұған керегі – 4-5 баклажан, 4-5 кәді, 2 стакан пияз тұздығы, 1 стакан өсімдік майы, 4-5 помидор, 10-15 картоп, сарымсақ пен аскөк , петрушка, бұрыш пен тұз қалағаныңызша.


Молдованның сүт пен күріш қосқан асқабағы
Күрішті жуып, өте аз суда пісіресіз де қайнап жатқан сүтке салып тағы да 10-15 минут пісіресіз. Біраздан соң төртбұрыштап туралған асқабақ салып, дайын болғанша пісіресіз. Дайын болар кезде қант қосасыз.

Бұған керегі – 400 г асқабақ, 1 стакан күріш, 1 л сүт, қант қалауыңызша.



Молдованның қаймақ тұздығындағы картоп пен кәдісі

Осының алдындағы тағамдай етіп дайындалған картоп пен кәділерді қаймақ тұздығын қосып 5-8 минуттай қайнатасыз да отын бәсеңдетіп, татымына қарай тұз, ьұрыш қосасыз. Дайын болғанда қызыл помидор турап қосып дастарқанға әкелесіз.

Бұған керегі – 2 кәді, 10-15 картоп, 1 стакан қаймақ тұздығы, жарты стакан өсімдік майы, 4 помидор, көктер, бұрыш пен тұз қалауңызша.

Молдовандықтар әдісімен дайындалған жас үрмебұршақ
Қыздырылған зәйтүн майына немесе өсімдік майына туралған пияз бен қөқ бұрышты қуырасыз. Бұған майда туралған помидор, балдыркөк пен петрушка және тұз, қара бұрыш, қант қосып тұздық пісіресіз 20 минут.

Кастрюльге жарты литр су құйып, тұз салып қайнатасыз. Тазаланып туралған үрмебұршақты осы қайнап жатқан суға салып жартылай жұмсарғанша пісіресіз де дайындап қойған тұздықты құясыз. Тағы жарты сағаттай пісіресіз.

Бұған керегі – 1 стакан май, 1 пияз, 1 тәтті бұрыш, 1 тал балдыркөк, 1 бума петрушка, 1 кг жас үрмебұршақ, бұрыш, қант пен тұз қалағаныңызша.
Молдованның жаңғақ тұздығындағы үрмебұршақ
Ұрмебұршақты жуып,5-6 сағат суға жібітіп қоясыз да сәбіз, петрушка, пияз қосып пісіріп аласыз. Сүзіп, суын сорғытып қоясыз. Үрмебұршақты бөлек ыдысқа салып, тұз қосып сарымсақ үгітілген жаңғақ тұздығын құйып дәмдейсіз.

Тұздыққа грек жаңғағын тазалап, үгітесіз де сүтке жібітілген ақ нан қосып ет тартқыштан өткеізесіз. Осы массаны тарелкаға салып, қасықпен араластырып, үгітілген сарымсақ қосып, өсімдік майын құя отырып әбден араластырасыз. Тұздықты жақсылап араластырасыз да тұз бен лимон шырынын қосасыз.

Бұған керегі – 3 стакан үрмебұршақ, 1 сәбіз жарты петрушка тамыры, 2 пияз. Тұздыққа – 20 түйір грек жаңғағы, 3 бадана сарымсақ, жарты стакан өсімдік майы, 100 г ақ нан, 1 ас қасық лимон шырыны, бұрыш пен көктер, тұз қалағаныңызша.

Молдованның ет қосқан түсті капуста запенкасы
Түсті капустаны суық суға жуып, гүл шоғыларына бөліп, 5-7 минут ыстық суға пісіріп алып сүзесіз де суын сорғытып қоясыз. Шұнғылдау ыдысқа май жағып, кепкен нан себелеп, оған жаңағы пісірген капустаны саласыз. Етті жуып, ет тартқыштан өткізесіз, бұған пияз бен сәбіз, шикі картоп қосып өткізесіз, бұған пияз бен сәбіз, шикі картоп қосып өткізесіз, бұған пияз бен бұрыш қосып аздап майға қуырасыз. Капустаның үстіне осы құырылған фаршты, тағы да капуста қабатын саласыз, одан соң тағы ет фаршын, сосын капуста қабатын саласыз, қаймақ құйып, кепкен нан ұнтағын себелеп, май бүркіп духовкаға қойып пісіресіз.

Дайын болған запеканаканы духовкадан алып, тарелкаларға бөліп салып, қаймақ құйып, майда туралған аскөк пен петрушка себелеп дастарқанға әкелесіз.

Бұған керегі – 2 шоқ түсті капуста, 400 г ет, 4 пияз, 1 сәбіз, 4 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа, жарты стакан қаймақ, 1 ас қасық нан ұнтағы, бұрыш пен көктер, тұз қалағаныңызша.
Молдованның қаймаққа пісірілген кәдісі
Кәділерді жуып, қабығын аршып, ұзыннан екіге бөлесіз де тұқымын алып тастап, мұздай сүға жуып, жіңішке кеспелеп турайсыз. Осылай туралған кәділерді тұздап, сөлі шыққанша 20 минуттай қоя тұрасыз. Сонан соң сөлін сығып , қызған майға салып, қуырыдған пияз, туралған аскөк қосып 5 минуттай қуырасыз. Қуырылып жатқанда жарты стакандай су құйыңыз. Қайнаған соң қаймақ тұздығын құясыз да отын өте төмендетіп басып қоясыз. Үгітілген сарымсақ, бұрыш пен тұз қосып дәмдейсіз. Дастарқанға әкелерде майда туралған аскөк себелейсіз.

Бұған керегі – 4-6 кәді, 1 стакан қаймақ, 1-2 ас қасық ұң, 3-4 ас қасық сары май, 3 пияз, сарымсақ қалағаныңызша.



Дәріс 11

Грузия халқының тағамдары

Грузин халқында ет негізгі тағам болып табылады. Оның ішінде сыйыр еті мен үй құстарына еркше мән беріледі. Баршаға белгілі «Мужужжи» доңыз етінен жасалса, «Чанахи» қой етінен, «Харчо» сиыр етінен балық грузин дсатарханында аса көп кездеспейді. Жеміс жидектен Грузин дастарханы бос болмайды. Негізгі жеміс ол бұршақ, бұрыш, қызанақ, қызылша, капуста болып табылады.бау-бақша жемістерінен басқа табиғи өсімдіктерде көп қолданылады. Түрлі хош иісті өсімдіктер көп болады. Табиғи өсімдіктерден Грек жаңғағы жиі қолданыста болады. Жаңғақ грузин дастарханының негізгі компоненті болады. Бұл тағамдардың барлық түрлеріне қосылады. Ал Грузин ірімшігі ол Европадағы теңдесі жоқ тағам. Ірімшік Грузин дастарханында сүтке пісіріліп, қуырылып, содан соң қамырға оралады. Ал Грузин тұздығы жасалу технологиясынан Европа елдерінен әлде қайда озық тұрады. Ол тіпті халқаралық деңгейде өзіндік орын алып отыр. Олардың ішінде жаңғақ тұздығы тіптен еркше. Грузин тұздығын дайындаудың негізгі екі жолы бар, жеміс шырыны мен жаңғақ қосып, оған усарымсақ қосылады. Және әр тағамға әр түрлі тұздық өзіндік еркшелігімен дайындалады.

САЛҚЫН ТАҒАМЫ. Мхали

СҰЙЫҚ ТАҒАМЫ. Харчо.

ТҰЗДЫҒЫ. Ткемали.

ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Бастурма кәуәбі. Сациви, табақтағы тауық еті, хинкали.


Грузиндердің баклажан икрасы

Баклажанды әбден жұмсарғанша духовкада пісірген соң 30-40 минуттай ащы сөлі шыққанша ауыр салмақпен бастырып қоясыз. Грек жаңғағының дәні мен сарымсақ баданаларын қосып үгіп жаныштап жаңағы баклажанмен қосып, паста сияқты масса болғанша езгілеп араластырасыз да тұздап, бұрыштайсыз, сірке суын құясыз. Піскен картоппен қоса дастарқанға қоюға болады.



Грузиннің картоп салаты

Картопты пісіріп, қабығынан аршып, дөңгелектеп кесесіз де салат ыдысына салып тұздаған соң қызыл бұрыш себесіз, сақиналап туралған пияз қосып, 2-3 қасық анар шырынын құясыз. Сөйтіп осының бәрін араластырып, үстіне себеленген петрушка, аскөкпен сәндейсіз.

Салатқа керегі- 500 г картоп, 1 түйір пияз, 3 ас қасық анар шырыны, петрушка, аскөк, бұрыш пен тұз қалауынызша.
Грузиннің сорпа харчосы

Семіз қойдың төстігін қабырғаларынан бөліп алып, көлдеңінен бірнеше шауып бөлесіз де, қызған табаға салып, туралған пияз бен сәбізді, петрушка тамырын қосып майға қуырасыз. Бұдан соң мұның бәрін кастрюльге аударып , үстінен суық су құйып, тұздап, бәсең отта қайнатасыз. Біраз қайнаған соң ет тартқыштан өткізген помидор, тәтті бұрыш пен күріш саласыз да барлығы әбден піскенше қайнатасыз. Сорпа дайын боларда лавр жапырағын, түйір қара бұрыш және үгілген сарымсақ қосасыз. Ащы қызыл бұрыш та салұға болады.




Дәріс 12

Армян халқының тағамдары

Армиян дастарханы ежелден дәстүрі бар мыңдаған жылдық тарихы бар бай дастархан саналады. Бұл кавказ елдерінде ежелден белгілі. Көптеген тағамдары Европа дәстүрінде жасалады. өзіндік еркше тағамдары, жасыл қызанақ пен баклажан дайындау. Мұнда сүт өнімдеріне еркше мән беріледі. Негізінен өсімдік майларын өңдеуге қолдануға көңіл бөлінеді.

ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Құтыдағы ет тағамы, жүзім жапырағынан жасалған ереван толмасы, мантапур, кәуәп, Ераван бозбашы.

ТӘТТІ ҰН ТАҒАМДАРЫ. Жаңғақ қосылған баруик.


Армянның саумалдық салаты

Саумалдықты жуып, ірірек етіп турайсыз да қайнап тұрған тұзды суға дайын болғанша пісіресіз. Сүзіп алып, суытасыз, салат ыдысына салып, тұздайсыз, бұрыштайсыз, сірке суын құясыз. Дастарқанға үгітілген сарымсақпен қоса алып келесіз.

Салатқа керегі- 250 г саумалдық, 2-3 ас қасық сірке суы, 2 бадана сарымсақ, тұз, бұрыш қалауыңызша.

Армянның үрмебұршақ салаты

Өте жас үрмебұршақ қыншаларын жіпшелерінен тазартып, жіңішкелеп кесіп, тұзды суға пісіріп алған соң елеуіш үстіне сүзіп, суын сорғытасыз да салат ыдысына салып тұздап, бұрыштайсыз, сірке суын құясыз. Үгітілген сарымсақты бөлек ыдыста дастарқанға қоясыз.


Армянның қияр мен помидор салаты
Помидор мен қиярды жуып, жұқалап дөңгелектеп тураған соң салат ыдысына саласыз. Тұздап, бұрыштайсыз да өсімдік майы араластырылған сірке су құйып, петрушка көгін себелейсіз.

Салатқа керегі- 500 г помидор, 500 г қияр, 75 г сірке су, 25 г өсімдік майы, петрушка көгі, тұз бен бұрыш татымына қарай.


Армянның сары май қосқан асқабағы

Қабығы аршылған асқабақты түйірлеп турап, тұзды суға пісіріп алып сүзіп, суын сорғытып қоясыз да қант себесіз. Майда туралған пиязды сары майға қуырасыз. Дайын болған асқабаққа қуырылған пияз салып, тағы да ерітілген сары май құйып дастарқанға қоясыз.

Бұған керегі – 400 г асқабақ, 1 пияз, 50 г сары май, 20 г қант, тұз татымына қарай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет