Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



бет5/8
Дата15.09.2017
өлшемі461,3 Kb.
#33447
1   2   3   4   5   6   7   8

Мықан ағашы: қандай

Мықан ағашының, яғни, Шоқтеректің уақыт пен кеңістіктің арасындағы өмір талсымы екені туралы жүйелі пікір айтқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан. Ол Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының тарихи уақытын саралай келе: «Жырда үзілмей айтылатын киелі сарын «Шоктерек». Ол Қозы Көрпеш – Баян сұлудың қызын көріп, ғашықтық өмірін қосқан, екеуінің махаббат туын тігіп, екі жүректің біріккен жері «Қозы Көрпеш» әфсанасында қазақтар бұл Шоқтеректі сондай сәулет етіп, шалқыта айтып берген («Қозы Көрпеш – Баян сұлу». Астана. 2002. 566 бет) - деп пайымдайды. Шоқтерек мәңгілік майданы. Жылдың 15 нұсқасында да Шоқтерек бар. Шоқтеректің түбінде Қозы Қодардың қолынан қаза табады. Шоқтеректің түбінде Қозы ғайыптан тіріледі . Себебі, мәңгәлік өмірдің аясында ажалға орын жоқ. Кез-келген жылдың кейіпкері Мықан ағашының бауырында фәни мен бақидың, яғни, уақыт пен кеңістіктің арасында өлі мен тірінің телағысындағы меңіреу тылсымға түсіп, ғайып құсының түйсін кешеді. Екі дүниенің есігі ол үшін ашық. Мысалы, Ертөстік жер астына түсіп кеткен кезде қозағы Бикеш сұлу оны күтіп жүреді. Қартаяды. О дүниеден оралған соң сегіз ағасы да, Бикеш де баяғыдай жасарып, өмірді қайта бастайды. Бикештің беліндегі белбеу – уақыт белбеуі. Ол өмір босағасын берік ұстап тұр. Боталаған інген тірліктің белгісі. Ертөстік келгенде тоқтап, қалған өмір қайтадан жанданып, тіршілік шығыры айналысқа түседі. Сол сияқты Шоқтеректің түбінде Қозы Көрпеш өліп тірілгенше бір заман ауысып үлгереді. Алайда қайта тірілген соң өмір баяғы күйіне қайта түседі. Ғалым И.Нұрахметтің тосын пікірінше, Ш.Уалиханов жазып алған жыр нұсқасының өзі:

Мықан іздеп жігіттер кел кетелі, ортасында Көктөбе белгі етелі, - деп, мәңгілік ағаш пен жер ортасы – Көктөбені іздеуден басталады. Яғни, жырдың негізгі идеясының өзі – арманда кеткен қос ғашықтың қосылуына сентігі тиетін киелі нысан іздеу. Ол нысанның майданы – Шоқтерек. Оқиғаның шиенелісуі қақтығысуы, шешімі осы Шоқтеректің түбінде өтеді. Өйткені ол жер мен көкті жалғастырып тұратын жаһан кіндігі әлемдік бәйтерек (дерево мировое). И.Нұрахмет мұны: жырда Қозы Баян мен Шоқтеректің түбінде кездеседі. Қозы Шоқтеректің түбінде жау қолынан қаза табады. Шоқтеректің түбінде қайта тіріледі, өзін күзетіп, Алладан тілек тілеп отырған Баянды көреді. Өйткені Шоқтерек (Мықан ағашы) жер мен көкті, жақсылық пен жамандықты жалғастырушы ағаш. Қозының Шоқтеректің түбінде тірілуінде Шоқтеректің «ағаш ананың» мифтік қабығынан тазарып, идеял тұрғысынан ажырап, арман ағашы бола бастағанын белгісі жатыр. Сондықтан да жыршы «Мықан іздеп жігіттер кел кетелі» дегенде Қозының мұратын тапқан жерін іздейік деген ойды да, махабаттың мұратын іздейік дегенді де меңзеген секілді - деп пайымдайды («Ұлыстың әдебиеттен – ұлттық әдебиетке». Астана.2005ж.144бет). Әрине, мұндағы басты мақсат - өлмес өмірдің ұйығы – Жиделі байсында іздеу. Мұндай уақыт пен кеңістіктің арасындағы мерзім өлшемі Қорқыт туралы әфсананалардың сарынынан да аңғарылады. Онда да мәңгілік өмірді іздейді. Таппайды. Тек дарияға жолығады. Дария, су өмір - өзенінің тұспалы. Өйткені адамның өмірі де су сияты ағып өтеді. Оның жолында тоқтау Мықан ағашы жоқ. Сондықтан да байыз таппай өлімнен қашумен болады. Қабыз – қу ағаштан жасалған. Ал қураған ағаш - өлімнің белгісі. Демек, жырдың өзі әу баста ажалдың жібіне желі боп тартылған. Үнемі күңіреніп, сарнап тұратын жел өлімнің демі, ал дыбыс жоқтау сарыны. Ал «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы желі өмірдің әуеніне құрылған. Ондағы нышан – бозторғай. Ол бозторғай Баян мен Қозының арасында хабар тасып, өзінің жырын жырлайды. Осы бармақтай ғана құс Шоқтерек пен Баянның ауылы қонған Аякөз өзенінің арасында шырыл қағып ұшып жүреді. Бозторғай боп шырылдап жүрген Қозының жаны. Қодар ұстап алып: Өзге жүнін жұлғанда үндемей төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деп өліп қалады.

Бозторғайы Баянның «шоқ» деп өлсе, Шоқтеректің түбінде жатқан-дағы-деп іздеп барып, ұйықтап жатқан Қозыны қапыда қазаға ұшыратады («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Астана, 2002.56-бет). Дене Шоқтеректің түбінде қалғандықтан да кейінен ғайып күшімен тіріледі.

Жырдың таңбамалы сегіз нұсқасында да дәл солай. Мен мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі жырлаған әйсаналарда қажыдан қайтып келе жатқан қожа - молдалар Алладан тілеу тілеп тірілтіп алады. Алайда көне түркілік мифтің нышаны мен сарыны үзілмейді. Баян Шоқтеректің саясында өңі бұзылмай жатқан Қозының басын оңға бұрып әулие ағаштың саясына түнеп, күніне белгілі бір «үш-ақ уақытта жылайды нала болып». Себебі: «Баянның да барады дәурені өтіп». Яғни, Баянның пешенесіне жазылған уақытта бітіп барады. Сол сәтте Бабан түкті шашты Әзиз жетіп келіп, Қозының «тізесінен басына қан жүгіртеді». Тірілтеді үш күн ойнап-күлгеннен кейін: Шоқтеректің түбінде жаны бітіп, Қозы Көрпеш со жерде өледі (сонда, 65-бет).

Бұл - тіршілік уақытының тәмәмдалғаны. Енді Қозыға тірілу жоқ. Қозы мен Қодардың тәні:

Екі жерден бәйтерек болып бітіп,

Басы барып аспаннан шатысыпты.

Осы сияқты жолдан Мықан ағашының да бейнесі ашылады. Оның бұтақтары аспанмен астасып кеткен екен. Қос ғашықтың өмір сәні өшпейді. Өйткені,

Өтірік рас екенін кім біледі,

Шырылдап бозторғай басында тұрады.

(Сонда, 368-бет).



Бұл көне мифтік сарынның сарқыты болса керек. Өлген адамның қабіріне шыққан қос бәйтеректің саясында өлген бозторғай сайрап тұрады. Бұл бәйтерек, әрине, Мықан ағашы емес. Соның кеңістіктегі елесі ғана. Өйткені Қозы мен Баянға білінген нақты уақыт аяқталды. Енді жыршының өзіне де би мәлім. Кеңістіктегі «көшпелі дүние» елесі басталады. Ал көшпелі дүниеге адамдар мен құбылыстар сағым бейнелер. Оларды тіршіліктің нышаны жоқ. «Көшпелі дүние» қонысы да судың басына, өмір - өзенге көлдің жағасындағы сағымның арасымен кетеді су, бұлақ, көл -өтпелі өмір. Өмір ағып жатқан су сияқты. Ал ондағы бейнелер – көлдің, судың бетіне түскен сағым өмір, яғни, өмірдің теріс түскен сәулесі (анти мир). Адамның айнадағы өзіне қарап тұрған суреті сияқты. Бұл дүние Сізге бетін бұрып тұр деген сөз. Ал сыртын берсе, мәңгілікке ғайып болып, дүние сізге де сырт береді. Жақсылық қайтып қонбайды. Өйткені Сіз «көшпелі өмірді, көшпелі дүниені» көрдіңіз. Ол сағым өмір. Сіз сол сағымның ішінде жүрсеңіз ғана өмір сүргендей боласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет