Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі


Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары



бет8/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары
Тілді оқытудың тәсілдері көп екені белгілі, алайда әлеуметтік-лингвистикалық тәсіл тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда қандай тіл орынды екенін түсіну маңызды (жазбаша және ауызша). Оқушылар тиісті әлеуметтік тілді, соның ішінде нақты жағдайға сәйкес келетін грамматиканы, құрылымды және лексиканы таңдай алу үшін мұғалімдер мәтіннің мақсатын және оның кімге, қандай аудиторияға арналғанын түсінуге көмектесу керек (Winch, Johnston, Holliday, Ljungdahl & March, 2001). Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылады.
Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы дағдыларды барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады (Wallace, Stariha & Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Бастапқы кезеңдерде оқушылардың осыған дейін меңгерген білімін қазіргі кезде оқып жатқан көптеген жаңа түсініктерімен байланыстыру маңызды болып табылады. Білім мен дағдыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай және нақтыдан абстрактіге қарай қалыптастырған маңызды. Алдымен мұғалім қажетті түсініктерді оқушылар бір-бірімен сөйлескен кезде пайдаланатын тілдің көмегімен енгізу керек. Сонымен қатар, материалдардың табиғатымен байланысты тілді пайдаланған орынды болмақ. Оқушылар нақты тілді пайдаланып, нақты заттар арасында байланыс орнату үшін материалдарды пайдалануға немесе әрекеттерді іске асыруға қатыстырылуы керек. Оқушылар тақырыппен танысқаннан кейін ғана түсінікпен байланысты техникалық тіл немесе терминология оқытылуы тиіс. Жаратылыстану және математика сияқты пәндерде оқушылар ұғымдарды нақты түсінгеннен кейін ғана формулаларды ұсынуға болады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән
немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет