Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі


Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу



бет16/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу
Мұғалім орта мерзімді жоспар бойынша қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

  • сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу;

  • сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

  • орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

  • мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.

Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы,
«Математика» (1-сынып) пәні бойынша «Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімшесіндегі ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:

  • сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;

  • сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;

  • оқуды бағалауды жеңілдетуге;

  • оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет